Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет12/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Ескертіу. «еке» жұрнақ көбінесе үлкен адамдарға айтылады. Кей сөздерде «еке» орнына жалғыз «й» қосылады. Мәселен: аға – ағай, апа – апай, ата – атай. Кішіге сөйлегенде есіміне басқа жұрнақ немесе жұрнақ орнына бүтін сөз жалғанады, мәселен: жан, ан, ман. Сүйткенде «Тұрмұхамбет» деген есім «Тұрман» болады, «Ермұхамбет» деген есім «Ерман» болыб, «Қосмұхамбет» деген есім «Қосан» болыб, «Жұмағалый» деген есім «Жұмаш» болыб жана басқа сондай сөздер, жұрнақтар қосылыб айтылады.
46) Дағдыландырыу. Жоғарыда көрсетілген «еке», «жан», «ан», «ман», «ш» жұрнақтарын жалғарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
13) «шаң» («шең») жұрнақ зат-есіміне сол есімді зат екінші затта көрнеу екендігін көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «шапан» деген сөзге «шаң» жұрнағын жалғаб, «шапаншаң» дейміз, (кісі үстінде шапан көрнеу екендігін көрсетіу үшін); «бөрік» деген сөзге «шең» жұрнағын жалғаб, «бөрікшең» дейміз, (кісі басындағы бөріктің көрнеу екендігін көрсетіу үшін).
Ескертіу. «шаң» («шең») жұрнақ басқа мағанада да жүреді. Зат-есіміне басқа мағана тұуғызыу үшін жалғанады, мәселен, «ашыу» деген сөзге «шаң» жұрнағын жалғаб, «ашыушаң» деб, ашуы оңай пайда болғандығын көрсетеміз; «тер» деген сөзге «шең» жұрнағын жалғаб, «тершең» деб, тері тез шығатұндығын көрсетеміз; «кір» деген сөзге «шең» жұрнағын жалғаб, «кіршең» деб, кір оңай қонатұндығын көрсетеміз.
Сүйтіб, «шаң» («шең») жұрнақ зат-есіміне сол есімді заттың оңай пайда болғандығын көрсетіу үшін де жалғанатұн болыб шығады.
47) Дағдыландырыу. «шаң» («шең») жұрнақтар екі түрлі мағанасында жалғанарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
14) «а» («е») жұрнақ зат-есіміне сол затты іске айналдырыу үшін жалғанады: мәселен, «ас» деген сөзге «а» жұрнағын жалғаб, «аса» дейміз (асты іске айналдырыу үшін); «дем» деген сөзге «е» жұрнағын жалғаб, «деме» дейміз (демді іске аударыу үшін).
48) Дағдыландырыу. «а» («е») жұрнақ жалғанған сөздерді табқызыб, жалғатыу.
15) «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақ зат-есіміне істі сол есімді зат бен істеу үшін жалғанады; мәселен, «таға» деген сөзге «ла» жұрнағын жалғаб, «тағала» дейміз (істі тағамен істеу үшін); «шеге» деген сөзге «ле» жұрнағын жалғаб, «шегеле» дейміз» (істі шеге мен істеу үшін). «Көз» деген сөзге «де» жұрнағын жалғаб, «көзде дейміз (істі көз бен істеу үшін); «тайақ» деген сөзге «та» жұрнағын жалғаб, «тайақта» дейміз (істі тайақ бен істеу үшін); «тіс» деген сөзге «те» жұрнағын жалғаб, «тісте» дейміз (істі тіс бен істеу үшін).
49) Дағдыландырыу. «ла» («ле», «да», «де», «та», «те») жұрнақтар жалғанарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
16) «ғар» («қар», «кер») жұрнақ зат-есіміне басқаны сол есімді затта болдырыу үшін жалғанады; мәселен, «аң» деген сөзге «ғар» жұрнағын жалғаб, «аңғар» дейміз (аңында болдырыу үшін); «бас» деген сөзге «қар» жұрнағын жалғаб «басқар» дейміз (басында болдырыу үшін); «ес» деген сөзге «кер» жұрнағын жалғаб «ескер» дейміз, (есінде болдырыу үшін).
50) Дағдыландырыу. «ғар» («қар», «кер») жұрнақ жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
17) «сын» жұрнақ зат-есіміне сол есімді зат сыйақтаныу үшін жалғанады, мәселен, «адам» деген сөзге «сын» жұрнағын жалғаб, «адамсын» дейміз (адам сыйақтаныу үшін); «жігіт» деген сөзге «сін» жұрнағын жалғаб, «жігітсін» дейміз (жігіт сыйақтаныу үшін).
51) Дағдыландырыу. «сын» жұрнағы жалғарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
18) «шыла» («шіле») жұрнақ зат-есіміне, сол есімді зат сыйақты істеуді көрсетіу үшін жалғанады; мәселен, «қазақ» деген сөзге «шыла» жұрнақ жалғаб, «қазақшыла» дейміз (қазақ сыйақты істеу үшін); «естек» деген сөзге «шіле» жұрнағын жалғаб, «естекшіле» дейміз (естек сыйақты істеу үшін).
52) Дағдыландырыу. «шыла» («шіле») жұрнағын жалғарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
19) «ық» («ік») жұрнақ зат-есіміне сол есімді зат пайда болыуын көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «от» деген сөзге «ық» жұрнағын жалғаб «отық» дейміз (от пайда болыуын көрсетіу үшін); «жел» деген сөзге «ік» жұрнағын жалғаб «желік» дейміз (жел пайда болыуын көрсетіу үшін); бұл жұрнақтардың орнына кей сөздерде «ай» («ей») жұрнақ та айтылады, мәселен, «от» деген сөзге «ай» жұрнағын жалғаб «отай» дейміз (от пайда болыуын көрсетіу үшін); «ес» деген сөзге «ей» жұрнағын жалғаб «есей» дейміз (ес пайда болыуын көрсетіу үшін).
53) Дағдыландырыу. «қ» («к»), «ай» («ей») жұрнақтар жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
20) «гер» жұрнақ зат-есіміне сол есімді затты қолданыушыны көрсетіу үшін жалғанады, мәселен, «сауда» деген сөзге «гер» жұрнағын жалғаб, «саудагер» дейміз, (сауданы қолданыушыны көрсетіу үшін).
54) Дағдыландырыу. «гер» жұрнағы жалғанарлық сөздер табқызыб жалғатыу.
21) «дай» («дей»), «тай» («тей») жұрнақ зат-есіміне басқа затты сол затқа балағанда жалғанады; мәселен, «ай» деген сөзге «дай» жұрнағын жалғаб, «айдай» дейміз (бір нәрсені айға балағанда). «Күн» деген сөзге «дей» жұрнағын жалғаб, «күндей» дейміз (бір нәрсені күнге балағанда), «оқ» деген сөзге «тай» жұрнағын жалғаб, «оқтай» дейміз (оққа балағанда); «шөб» деген сөзге «тей» жұрнағын жалғаб, «шөбтей» дейміз, (шөбке балағанда).
55) Дағдыландырыу. дай» («дей»), «тай» («тей») жұрнақ жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
22) «дағы» («дегі») жұрнағы зат-есіміне нәрсенің болыуы сол есімді затта екендігін көрсетіу үшін жалғанады; мәселен, «тау» деген сөзге «дағы» жұрнағын жалғаб, «таудағы» дейміз, (болыуы тауда болса). «Үй» деген сөзге «дегі» жұрнағын жалғаб, «үйдегі» дейміз, (болыуы үйде болса); «жас» деген сөзге «тағы» жұрнағын жалғаб, «жастағы» дейміз, (болыуы жас кезде болса), «түс» деген сөзге «тегі» жұрнағын жалғаб, «түстегі» дейміз, (болыуы түс кезде болса).
56) Дағдыландырыу. «дағы» («дегі») жұрнағын жалғарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет