Тіл – ҚҰрал сөздің жүйесі мен түрлері ІІ тіл танытқыш кітеб Түзетіліб, толықтырылыб, жаңа імлә мен 6-ыншы басылыуы А. Байтурсунов Грамматика киргизского языка «Тиль-курал» Кн. ІІ. Этимология Издание 6-ое Государственное издательство К



бет11/42
Дата19.02.2023
өлшемі224,91 Kb.
#69225
түріДерексіз
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42
Байланысты:
Сөздің жүйесі мен түрлері

Ескертіу. Бұл «шылық» (шілік) жұрнағынан «егіншілік» деген сөздердегі «шылық», «шілік» жұрнақтарын айырыу тійіс, үйткені бұлардағы «шылық» екі жұрнақтан болған: «шы» жана «лық» (балықшы-лық, егінші-лік). Бұлар заттың жай ғана қалпын көрсетеді.
37) Дағдыландырыу. «шылық», «шілік» жұрнақтарын жалғарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
4) «шыл» жұрнақ зат-есіміне сол есімді затты екінші зат жарататұндығын, сүйетүндігін көрсетіу үшін жалғанады. Мәселен: «ұйқы» деген сөзге «шыл» жұрнағын жалғаб «ұйқышыл» дейміз (ұйқыны сүйетүн адамды атау үшін); «ұлт» деген сөзге «шыл» жұрнағын жалғаб, «ұлтшыл» деб, ұлтты сүйетүндігін көрсетеміз; «қазақ» деген сөзге «шыл» жұрнағын жалғаб, «қазақшыл» деб, қазақты сүйетүндігін көрсетеміз.
38) Дағдыландырыу. «шыл» жұрнағын жалғарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
5) «шық» (шік) жұрнақ зат-есіміне сол заттың кішкенелігін көрсетіу үшін, жалғанады. Мәселен: «қаб» деген сөзге «шық» жұрнағын жалғаб, «қабшық» деб, қабтың кішкенелігін көрсетеміз; «үй» деген сөзге «шік» жұрнағын жалғаб, «үйшік» деб, үйдің кішкенелігін көрсетеміз, тағысын тағылар.
39) Дағдыландырыу. «шық» (шік) жұрнағын жалғарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
6) «ша» (ше) жұрнақ зат-есіміне сол есімді заттың кішкенелігін көрсетіу үшін жалғанады; мәселен: «құман» деген сөзге «ша» жұрнағын жалғаб, «құманша» деб, құманның кішкенелігін көрсетеміз; «көрпе» деген сөзге «ше» жұрнағын жалғаб, «көрпеше» деб, көрпенің кішкенелігін көрсетеміз тағысын тағылар.
Ескертіу. Құнанша, дөненше, бұқаша, өгізше, інгенше, тайынша, басқа сондай сөздерде осы жолмен болған заттың кішкене һәм сүйкімділігін көрсетіу үшін сол заттың есіміне мынау жұрнақтар жалғанады:
«шақ», «қан», «қай». Мыйсалы: құлын – құлыншақ, бота – ботақан, бала – балақай.
40) Дағдыландырыу. «ша» (ше) жұрнақ жалғанарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
7) «қой» («көй», «гөй») жұрнақ зат-есіміне сол есімді затты күйттеушіні атау үшін жалғанады. Мәселен: «сықақ» деген сөзге «қой» жұрнағын жалғаб, «сықаққой» деб, сықақ күйттеушіні атаймыз; «әзіл» деген сөзге «көй» жұрнағын жалғаб, «әзілкөй» деб, әзіл күйттеушіні атаймыз; «бата» деген сөзге «гөй» жұрнағын жалғаб, «батагөй» деб бата күйттеушіні айтамыз.
41) Дағдыландырыу. «қой» («гөй», «көй») жұрнақ жалғанарлық сөздерді табқызыб, жалғатыу.
8) «нікі» («дікі»)2 жұрнақ зат-есіміне нәрсенің сол есімді затқа тійісті екендігін көрсетіу үшін жалғанады. Мәселен: «кісі» деген сөзге «нікі» жұрнағын жалғаб «кісінікі» деб, оның кісіге тійісті екендігін білдіреміз. «Мал» деген сөзге «дікі» жұрнағын жалғаб, «малдікі» деб нәрсенің малға тійісті екендігін білдіреміз, тағысын тағылар солай болады.
42) Дағдыландырыу. «нікі» («дікі») жұрнақ жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
9) «лы» («ды», «ты») жұрнақ зат-есіміне сол заттың екінші затта барлығын, қатта молдығын да көрсетіу үшін, жалғанады. Мәселен: «бала» деген сөзге «лы» жұрнағын жалғаб, «балалы» деб, баласы көбтігін көрсетеміз; «мал» деген сөзге «ды» жұрнағын жалғаб, «малды» деб, малының барлығын жана молдығын көрсетеміз; «ұлақ» деген сөзге «ты» жұрнағын жалғаб, «ұлақты» деб, ұлағы барлығын көрсетеміз, тағысын тағылар солай болады.
43) Дағдыландырыу. «лы» («ды», «ты») жұрнақ жалғанарлық сөздер табқызыб, жалғатыу.
§10) «сыз» жұрнақ зат-есіміне сол есімді заттың жоқтығын көрсетіу үшін, жалғанады. Мәселен, «бала» деген сөзге «сыз» жұрнағын жалғаб, «баласыз» деб, баласы жоқтығын көрсетеміз; «мал» деген сөзге «сыз» жұрнағын жалғаб, «малсыз» деб, малы жоқтығын көрсетеміз; «жан» деген сөзге «сыз» жұрнағын жалғаб, «жансыз» деб, жаны жоқтығын көрсетеміз, тағысын тағылар солай.
44) Дағдыландырыу. «сыз» жұрнағын жалғайтұн сөздер табқызыб, жалғатыу.
11) «лас» («лес», «дас», «дес», «тас», «тес») жұрнақ зат-есіміне сол есімді затқа басқалар ортақ екендігін көрсетіу үшін жалғанады; мәселен, «ата» деген сөзге «лас» жұрнағын жалғаб, «аталас» деб, атаға ортақ екендігін көрсетеміз; «жер» деген сөзге «лес» жұрнағын жалғаб, «жерлес» деб жерге ортақ екендігін көрсетеміз.
«Жол» деген сөзге «дас» жұрнағын жалғаб, «жолдас» деб, жолға ортақ екендігін көрсетеміз; «көл» деген сөзге «дес» жұрнағын жалғаб, «көлдес» деб, көлге ортақ екендігін көрсетеміз.
«Құдық» деген сөзге «тас» жұрнағын жалғаб, «құдықтас» деб, құдыққа ортақ екендігін көрсетеміз; «шек» деген сөзге «тес» жұрнағын жалғаб, «шектес» деб, шекке ортақ екендігін көрсетеміз жана басқа сондайлар.
45) Дағдыландырыу. «лас» («лес», «дас», «дес», «тас», «тес») жұрнағын жалғайтұн сөздер табқызыб, жалғатыу.
12) «еке» жұрнақ зат-есіміне сол есімді затты зор тұтыу үшін немесе көңілін аулау үшін жалғанады; «аға» деген сөзге «еке» жұрнағын жалғаб «аға-еке» десек, ағаны зор тұтқанымыз йа көңілін аулағанымыз көрінеді. «Еке» жұрнақ жалпы есімге жай жалғанады; жалқы есімге жалғанғанда ол есім қысқартылыб айтылады. Мәселен, «Ысмағыл» деген есім жұрнақ жалғанғанда, қысқартылыб «Ыс-еке» болыб айтылады; «Ыбырайым» деген есім жұрнақ жалғанғанда, қысқарылыб «Ыб-еке» болады тағысын тағы сондай.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет