Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет6/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1)Алғашқы сөйлем құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстарға акустика-артикуляциялық тұрғыдан сипаттама беріңіз.
2) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалға мысал теріп жазып, ондағы дыбыстық өзгерістерге сипаттама беріңіз.
3) Үзіндіден өзара синонимдес болатын сөздерді анықтап, синонимдік қатар тізіңіз. Орыс, ағылшын, неміс, француз тілдерінен осы сөздерге синонимдес сөздерді мысалға келтіріңіз.
4) Оздық кісі, көңілдері көкте, көздері аспанда тіркестерінің мағынасына түсінік беріңіз.

Үшінші сөз (Абай)


Һәмма ғаламға белгілі данышпандар әлдеқашан байқаған: әрбір жалқау кісі – қорқақ, қайратсыз тартады, әрбір қайратсыз – қорқақ, мақтанғыш келеді: әрбір мақтаншақ – қорқақ, ақылсыз, надан келеді: әрбір ақылсыз – надан, арсыз келеді: әрбір арсыз жалқаудан сұрамсақ, өзі тойымсыз, тыйымсыз, өнерсіз, ешкімге достығы жоқ жандар шығады (7-бет).


Мұның бәрі төрт аяқты малды көбейтеміннен басқа ойының жоқтығынан; өзге егін, сауда, өнер, ғылым секілді нәрселерге салынса, бұлай болмас еді.
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:

  1. Дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалға екі мысал теріп жазаңыз..

  2. Дауыссыз дыбыстар арасындағы кейінді ықпалға екі мысал теріп жазыңыз.

  3. Дауысты дыбыстардың редукциясына мысал табыңыз.

  4. Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа фонетикалық сипаттама беріңіз.

Төртінші сөз (Абай)


Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау – құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен келмейді, қолдан жасап, сырты менен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.


Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада бұл дүниенің рақатының қайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне –бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күніңде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды (14-бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет