І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1)Алғашқы бес сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың жасалу жолын талдаңыз.
2)Үзіндінің алғашқы сөйлемінің құрамындағы дауыссыз дыбыстарға акустика-артикуляциялық жағынан сипаттама беріңіз.
3) Елсіз –күнсізде, софылық, харакетке, өзімдікі сөздерін анық дауыстап айта отырып, сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың айтылуындағы өзіндік ерекшеліктерге түсініктеме беріңіз. Транскрипциялаңыз.
4) Кірме сөздерді анықтап, олардың қазақ тіліндегі жазылуы мен айтылуындағы айырмашылыққа сипаттама беріңіз. Кірме сөздердің қай тілден енгенін анықтаңыз.
Екінші сөз (Абай)
Мен бала күнімде естуші едім, біздің қазақ сартты көрсе, күлуші еді: «енеңді ұрайын кең қолтық, шүлдіреген тәжік, арқадан үй төбесіне саламын деп қамыс артқан, бұтадан қорыққан, көз көргенде «әке-үке» десіп, шығып кетсе, қызын боқтасқан, «сарт-сұрт» деген осы» деп.
Ноғайды көрсе, оны да боқтап күлуші еді: «түйеден қорыққан ноғай атқа мінсе, шаршап, жаяу жүрсе, демін алады, ноғай дегенше, ноқай десеңші, түкке ыңғайы келмейтұғын, солдат ноғай, қашқан ноғай, «башалшік» ноғай деп.
Орысқа да күлуші еді: «ауылды көрсе шапқан, жаман сасыр бас орыс» деп. Орыс ойына келгенін қылады деген... не айтса соған нанады, «ұзын құлақты тауып бер депті» -деп.
Сонда мен ойлаушы едім: ей, құдай-ай, бізден басқа халықтың бәрі ант ұрған, жаман келеді екен, ең тәуір халық біз екенбіз деп, әлгі айтылмыш сөздерді бір үлкен қызық көріп, қуанып күлуші едім.
Енді қарап тұрсам сарттың екпеген егіні жоқ, саудагерінің жүрмеген жері жоқ, қылмаған шеберлігі жоқ. Өзіменен өзі әуре болып, біріменен-бірі шаһари жауласпайды. Орысқа қарамай тұрғанда қазақтың өлісінің ахиреттігін, тірісінің киімін сол жеткізіп тұрды. Әке балаға қимайтұғын малыңды кірелеп, сол айдап кетіп тұрды ғой. Орысқа қараған соң да, орыстың өнерлерін бізден олар көп үйреніп кетті. Үлкен байлар да, үлкен молдалар да, ептілік, қырмызылық, сыпайылық –бәрі соларда. Ноғайға қарасам, солдаттыққа да шыдайды, кедейлікке де шыдайды, қазаға да шыдайды, молда медресе сақтап, дін күтуге де шыдайды. Еңбек қылып мал табудың да жөнін солар біледі, салтанат, әсем де соларда.
Оның бәрі бірін-бірі қуып, қор болмай, шаруа қуып, өнер тауып, мал тауып зор болғандықтың әсері (7-8-бет).
Достарыңызбен бөлісу: |