І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
Дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалға екі мысал теріп жазыңыз.
Үзіндіден кейінді ықпалға екі мысал тауып, дыбыстардың бір-біріне ықпалын түсіндіріңіз.
Дауысты дыбыстардың редукциясына қатысты мысалдарды тауып, теріп жазыңыз.
Протеза құбылысына байланысты мысалдарды теріп жазыңыз.
Бесінші сөз (Абай)
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпей, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: «Ә, құдай, жас баладай қайғысыз қыла көр! деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсені жоқсып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсың: «Түстік өмірің болса, күндік мал жи», «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал –адамның бауыр еті», «Малдының беті –жарық, малсыздың беті –шарық», «Ер азығы мен бөрі азығы жолда», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алаған қолым –береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз –құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраңы жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген осындай сөздері көп, есепсіз толып жатыр (15 -бет).
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалды тауып, теріп жазыңыз.
2) Дауыссыз дыбыстар арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.
3) Редукция құбылысына екі мысал тауып жазыңыз.
4) Сингармонизм заңына сай жазылған бес сөзді теріп жазып, транскрипциялаңыз.
Алтыншы сөз (Абай)
«Ырыс алды – тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұспан болады.
Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың (17 -бет).
Достарыңызбен бөлісу: |