Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет18/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:

1. Алғашқы сөйлемнің құрамындағы дауысты дыбыстарды жасалу жолына қарай талдаңыз.


2. Соңғы сөйлемнің құрамындағы дауыссыз дыбыстарды акустикалық сипатына қарай (қатаң, ұяң, үнді) сипаттама беріңіз.
3. Осы сөйлемді фонетикалық транскрипцияға (қосымшада берілген анықтамалық-сызбаға сүйеніп) салып жазып шығыңыз.
4. Тіл үндестігіне, ерін үндестігіне бес мысалдан теріп жазыңыз.
Қырық бесінші сөз (Абай)

Құдай табарака уатағаланың барлығының үлкен дәлелі – неше мың жылдан бері әркім әртүрлі сөйлесе де, бәрі де бір үлкен құдай бар деп келгендігі, уа һәм неше мың түрлі діннің бәрі де ғаделет, махаббат құдайға лайықты дегендігі.


Біз жаратушы емес, жаратқан көлеңкесіне қарай білетұғын пәндеміз. Сол махаббат пен ғаделетке қарай тартпақпыз. Сол алланың хикметін біреуден біреу анығырақ сезбекпен артылады.
Инандым, сендім демек инандырамын, сендіремін деген емес.
Адамшылықтың алды – махаббат, ғаделет сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол – жаратқан тәңірінің ісі. Айғыр биеге ие болмақта да махаббат сезім бар.
Бұл ғаделет, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі – ғалым, сол – ғақил. Біз жанымыздан ғылым шығара алмаймыз, жаралып, жасалып қойған нәрселерді сезбекпіз, көзбен көріп, ақылмен біліп (118-бет).


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1. Алғашқы сөйлемдегі дауысты дыбыстарды жасалу жолына қарай талдаңыз.
2. Алғашқы сөйлемдегі дауыссыз дыбыстарға акустика-артикуляциялық жағынан сипаттама беріңіз.
3. Тіл үндестігі, ерін үндестігіне бірнеше мысал келтіріңіз.
4. Аккомодация құбылысына мысал келтіріңіз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет