Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет9/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Дауыссыз дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалға екі мысал келтіріңіз.
2) Дауыссыз дыбыстар арасындағы кейінді ықпалға екі мысал келтіріңіз.
3) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа сипаттама беріңіз.
4) Алғашқы бес дыбысты жасалу жолына қарай талдаңыз.

Он алтыншы сөз (Абай)


Қазақ құлшылығым құдайға лайықты болса екен деп қам жемейді. Тек жұрт қылғанды қылып, жығылып тұрса болғаны. Саудагер несиесін жия келгенде, «тапқаным осы, біттім деп, алсаң – ал әйтпесе саған бола жерден мал қазамын ба?» дейтұғыны болушы еді ғой. Құдай тағаланы дәл сол саудагердей қыламын дейді. Тілін жаттықтырып, дінін тазартып, ойланып, үйреніп әлек болмайды. «Білгенім осы, енді қартайғанда қайдан үйрене аламын» дейді.


«Оқымадың демесе болад дағы, тілімнің келмегенін қайтушы ед» дейді.
Оның тілі өзге жұрттан бөлекше жаратылып па? (32-33 б.).
І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1. Фонетика ғылымының практикалық мәніне түсінік беріңіз.
2. Жуан, жіңішке дауысты дыбыстар мен ашық, қысаң дауысты дыбыстардың жасалуында бір-бірінен қандай айырмашылығы бар.
3. Қазақ және орыс тілдеріндегі қатаң дыбыстардың саны мен сапасында, қатаң, ұяң, үнді болып бөлінуінде айырмашылық бар ма? Өз пікіріңіз қандай?
4. Қазақ тіліндегі буын түрлерін орыс, ағылшын, неміс және француз тілдеріндегі буын түрлерімен салыстырыңыз. Айырмашылықтарын анықтаңыз.
Он жетінші сөз (Абай)

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты.: Ей, ғылым, өзің білесің ғой, дүниеде еш нәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуел өзіңді білуге ерінбей, жалықпай үйрену керек, ол менің ісім, құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей, жалықпай орнына келтірмек те – менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр, мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәпсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады? –депті.


Ақыл айтыпты: Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын – мен, сенің сөзіңді ұғатұғын – мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып –үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды? –депті (33 б).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет