Тіл біліміне кіріспе пәні бойынша емтихан тапсырмалары


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз



бет14/18
Дата08.05.2023
өлшемі54,64 Kb.
#91083
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
ТБН емт (1)

І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Алғашқы бес дауыссыз дыбысқа акустика –артикуляциялық қасиетіне қарай сипаттама беріңіз.
2) Дыбыс үн, салдыр деген ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіріп, оларға қандай дыбыстар жататынын, қандай сөйлеу мүшелері арқылы жасалатынын көрсетіңіз.
3) Алғашқы сөйлемдегі бес дауысты дыбыстың акустика –артикуляциялық қасиетіне сипаттама беріңіз.
4) Дауыссыз дыбыстардың редукциясына үзіндіден мысал келтіріңіз.

Жиырма бесінші сөз (Абай)


Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқытса болады. Аның үшін бұл жер Дар әл-Харб (қауіпті бүлінген, ислам діні қонбаған жер), мұнда әуел мал табу керек, онан соң ғараб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңіліне ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап ішуге малдың тапшылығы да, ағайынның араздығына уа әр түрлі бәлеге, ұрлық зорлық, қулық, сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатұғын нәрсе. Мал тапса, қарын тояды. Онан соң білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін, не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі.


Орысша оқу керек, хикмет те (керемет, ғажайып), мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек керек. Аның үшін олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі соныменен бірдейлік дағуасына (теңдікке үндеу хақысына ие болады) кіреді, аса арсыздана жалынбайды. Дінге де жақсы –білгендік (44-45-бет).


І. Берілген үзіндіге төмендегідей лингвистикалық талдау жасаңыз:
1) Үзіндіден сөз ішіндегі, сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды тауып, дыбыстық өзгерісіне сипаттама беріңіз.
2) Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз, түсінік беріңіз.
3) Сингармонизм заңына сәйкес ерін үндестігі арқылы айтылатын сөздерді көшіріп жазыңыз.
4) Дауысты дыбыстардың редукциясына екі - үш мысал тауып, түсіндіріңіз.

Жиырма алтыншы сөз (Абай)


Біздің қазақтың қосқан аты алдында келсе, күреске түсірген балуаны жықса, салған құсы алса, қосқан иті өзгеден озып барып ұстаса, есі шығып бір қуанады. Білмеймін, содан артық қуанышы бар ма екен? Әй, жоқ та шығар!


Осы қуаныш бәрі де қазақ қарындастың ортасында, бір хайуанның өнерінің артылғанына, я бір бөтен адамның жыққанына мақтанарлық не орын бар? Ол озған, алған, жыққан өзі емес, яки баласы емес. Мұның бәрі – қазақтың қазақтан басқа жауы жоқ, биттей нәрсені бір үлкен іс қылған кісідей қуанған болып, ана өзгелерді ызыландырсам екен демек.
Біреуді ызаландырмақ –шариғатта харам, шаруаға залал, ақылға теріс. Әншейін біреуді ыза қылмақтың несін дәулет біліп, қуанады екен? Жә, болмаса, ана ыза болушы соншалық неге жер болып қалады екен? (47-бет).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет