Тіл білімінің зерттеу нысаны


Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді



бет2/8
Дата15.12.2023
өлшемі54,14 Kb.
#139764
1   2   3   4   5   6   7   8
Тілдің пайда болуы туралы әртүрлі теориялар бар, олар тілдің қалай шыққанын, қалай пайда болғанын өзінше дәлелдейді.
1. “Еліктеу теориясы”(ономатопоэтикалық теория)-оның ішінде кең таралған «дыбысқа еліктеу қағидасы» бойынша алғашқы адамдар қоршаған ортадағы дыбыстарға, көрініс, бейнелерге еліктеп, оларды белгілеу үшін әртүрлі дыбыстар шығарудан бастайды.
Дыбысқа еліктеу теориясы (аноматопоэтикалық теория) XVIII-XIXғ. латын жазушысы Августин, неміс философы Г.Лейбниц жақтады. Бұл теория тілдің шығуын былай түсіндіреді: алғашқы адамдар табиғаттағы дыбыстардың, мысалы, өзеннің сылдырын, жануарлар мен жәндіктердің дауыстарын,құстың сайрауын т.б. естіп, соларға еліктеуден әр түрлі дыбыстарды шығарады. Бұл теория бойынша табиғаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, олар заттардың атауына айналған. Бұл теорияның қате екендігі мынада: Тіл дыбысқа еліктеуден шықты деуге болмайды. Табиғатта дыбыс шығармайтын заттар көп екені мәлім. Әрбір тілдің лексикасында еліктеуіш сөздер болғанмен, қандай тілдің болмасын лексикасының негізін олар айқындай алмайды.
Дыбысқа еліктеу теориясын ұсынған стоиктер (б. з. д. 3 ғасыр), ол кейін Г. В. Лейбниц, И. Г. Гердер еңбектерінде дамытылған. Бұл теорияның күшті жағы дыбыс пен мағынаның алғашкы байланысын және оның табиғи екенін мойындағандығында.
2. “Эмоционалды теория”XVIII-XX Ж.Руссо
Дыбысқа еліктеу теориясымен бірге тілдін шығуының эмоционалды теориясы кең таралды. Ж.Руссо "алғашқы тілдер үнді, сазды болып, кейінде қарапайым тілдерге айналды" деп жазды. Бұлай деп тұжырымдау тілдің дамуын қате түсінуден болған.
3. “Одағай теориясы”XIX-XXғ. Д.Н.Кудрявский
Бұл теория бойынша алғашқы адамдар айналадағы заттармен танысқанда, өздерінің сезімдер мен алған әсерлерін еріксіз шығарылған дыбыстар - одағайлармен білдірілген. Еріксіз шығарылған дыбыстар заттардың атауларына айналып, осыдан келіп тіл пайда болған. адамдардың өздеріндегі көңіл-күй әсері бойынша еріксіз, оқыс дауыстар шығаруы қазіргі тілге негіз болады.Бұл теорияның қате екендігі мынада:
Одағай теориясын жақтаушылар тілдің шығуы туралы мәселені тілдің экспрессивтік қызметіне апарып тірейді ді, оның негізгі қызметі - коммуникативті қызметін ескермейді. Бұл теория тілдің қоғамдық табиғатына мән бермейді. Тіл-тілдегі одағайлар әр түрлі эмоцияны білдіреді, бірақ одағайлар олардың аты болып саналмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет