Тіл білімінің зерттеу нысаны


Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс. Құрылым дегеніміз-



бет5/8
Дата15.12.2023
өлшемі54,14 Kb.
#139764
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ТБК ЖАУАПТАРЫ (копия) 4

Тіл - белгілі бір құрылымы, жүйесі және қызметі бар, біртұтас құбылыс.
Құрылым дегеніміз-бүтін нәрсенің элементтерінің арасындағы қатынастар схемасы. Тіл бүтіннің әр тектес элементтердің ара қатынасынан және бірлігінен тұрады. Тілдің құрылымы тілдік бірліктер дыбыс, морфема, сөз, сөз тіркесі, сөйлем. Фонема — тілдің ең кішкене дыбыстық бірлігі. Морфема – ары қарай бөлшектеуге келмейтін тілдің грамматикалық, лексикалық мағынасы бар тілдік бірлік. Сөз – болмыс құбылыстарын, заттарын , олардың қасиетерін атайтын негізгі құрылыстық-семантикалық тіл бірлігі. Сөйлем – тиянақты ойды білдіріп, бір нәрсені хабарлайтын тіл бірлігі.
Жүйе дегеніміз — өзара байланысты бір тектес элементтердің бірлігі.Тіл білімі тілдің белгілі бір дәуірдегі қалпын және оның өзгеруін зерттейді. Бұл екеуі бір нәрсе емес.Синхрония — тіл дамуындағы өзгеріссіз кезең, диахрония-тіл жүйесінің тарихи дамуын зерттейтін тіл білімінің қыры.
Сонымен, тіл, тілдік кұрылым, тілдік жүйе, уақыт озған сайын жетіліп отырады. Сондықтан да, оны зерттегенде оған тек қазіргі қалпы тұрғысынан (статикалық тұрғыдан) қарау жеткіліксіз. Бұған қоса тілге оның шығу тегі, дамуы тұрғысынан да (динамикалық тұрғыдан) қарау кажет. Демек, тілді зерттеуде ғалымдардың, біріншіден, оны кұрастырушы элементтердің байланысы тұрғысынан, екіншіден, олардың шығуы, тарихи дамуы,өзгеруі тұрғысынан қарастырғаны жөн.
8. Синхрондық және диахрондық тіл білімі
Синхронды лингвистика - белгілі бір кезеңде (әдеттегі уақытта) тілді зерттеу.Синхроникалық тіл білімі - жалпы тіл білімі курсында (1916) швейцариялық лингвист Фердинанд де Соссюрдың ұсынған тілдік зерттеудің негізгі екі өлшемінің бірі.
Диахрониялық лингвистика(тарихи, эволюциялық) (гр. dia гр. chronos - уақыт) — тілдің тарихи даму процесінде байқалатын заңдылықтарды зерттейтін тіл білімінің саласы.Диахрониялық лингвистика тілдік құбылыстарды олардың нақты тарихи дамуымен байланысты зерттеу нәтижесінде пайда болған.
9. Тіл және ойлау генезисі:
10. Дыбысқа еліктеу теориясының қалыптасуы. Дыбыстық теорияны жақтаушы ғалымдардыңтұжырымдар
11. Тіл білімінің салалары
12. Тілдердің шығуы туралы эмоционалдық теория. Ж.Ж.Руссоның тілдің шығуы туралы ғылымикөзқарастары
13. Фонетика: зерттеу нысаны және салалары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет