Тіл білімінің зерттеу нысаны



бет6/8
Дата15.12.2023
өлшемі54,14 Kb.
#139764
1   2   3   4   5   6   7   8
Фонетика — тіл білімінің саласының тілдідыбыстық жағынан зерттейтін бағыты. 
Тіл білімінің басқа салаларымен салыстырғанда фонетика өз нысанының тілдік қана емес, материалдық жағын да – дыбыстарды жасайтын адамның дыбыстау жүйесін, яғни айтылым базасын, дыбыстың айтылымын, естілімін қарастырады.
Осыған байланысты қазіргі Фонетиканың нысаны ретіндегі тіл дыбыстары тілдік, жасалымдық, айтылымдық, естілімдік жағынан қарастырылады.
Фонетиканың зерттеу нысандары: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуьі, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дьібыстардың бір-біріне зсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дүрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.
Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылыктарын меңгеру аркылы тілдің лексикалык және грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондыктан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.
Зерттеу мақсатына қарай фонетика төмендегідей салаларға бөлінеді: Сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы және салғастырмалы.
Сипаттамалы (синхроникалық немесе статикалық деп те аталып жүр) фонетика тілдің өмір сүріп тұрғандағы дыбыстық жүйесін қарастырады: дыбыстарды сандық және сапалық жақтан айқындау, олардың тіркесу, үндесу заңдылықтары, буын, екпін, орфоэпия мәселесі де осы саланың нысаны (объектісі) болып есептеледі.
Тарихи (диахроникалық) фонетика тілдің дыбыс жүйесін тарихи тұрғыдан зерттейді. Дыбыстардың түрлері, олардың дамуы, тарихи өзгерістер, буын, екпін мәселелері, үндестік заңдары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары бойынша талданады.
Тілдің дыбыс жүйесін қазіргі және тарихи тұрғыдан қарастырғанда туыс тілдердің фонетикасын да есепке алған жөн. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік жасайды. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен ерекшеліктерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады (Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы, А., 1981, ЩербакА.М. Сравнительная фонетика тюркских языков, Л., 1970). Салыстырмалы және тарихи фонетика бір-бірімен тығыз байланысты болып келеді.
Құрылымы басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың еншісіне тиеді.
14. Тілдердің шығуы туралы материалистік теория:
«Еңбек зары» теориясы бір қарағанда тілдіңшығу тегі туралы нағыз материалистік теория болып көрінеді. Бұл теория 19 ғасырда пайдаболды. вульгарлық материалистердің (Л.Нуарет, К.Бюхер) еңбектерінде тілдің ұжымдық еңбеккеілескен айқайдан туындайтынына дейін қайнаған. Бірақ бұл «еңбек айқайлары» тек еңбектіырғақтыру құралы ғана, олар ештеңені, тіптіэмоцияны білдірмейді, тек жұмыста сыртқы, техникалық құрал болып табылады. Бұл «еңбекзарларында» тілді сипаттайтын бірде-бірфункция табылмайды, өйткені оларкоммуникативті де, номинативті де, экспрессивтіде емес.
Бұл теория Ф.Энгельстің еңбек теориясынажақын деген қате пікірді Энгельстің «еңбекзары» туралы ештеңе айтпауы, ал тілдің пайдаболуын мүлде басқа қажеттіліктермен жәнежағдайлармен байланыстыру фактісі ғана жоққашығарады.

15. Лексика және оның салалары. Қазақ тіл білімінделексикалогияның зерттелуі


Лексика (грек. лексикос — сөздік)- тілдегісөздердің жиынтығы сөздік құрам. Лексикағатілдегі барлық сөздер кіреді. Сөздер қолданылуынақарай актив және пассив болып бөлінеді. Актив сөздерге күнделікті өмірде жиі қолданылатынсөздер жатады. Ал пассив сөздерге қолданылу өрісішектеулі көнерген сөздер, диалектілер мен кәсібисөздер, терминдер жатады. Қазақ Лексикасы шығутегі жағынан төл сөздер мен кірме сөздерден (араб-парсы, орыс, т.б.) тұрады. Сөздер стильдікқызметіне байланысты бейтарап Лексика, сөйлеутілінің Лексикасы, жазба тіл Л-сы деп бөлінеді. Бейтарап Лексикаға барлық стильде қолданылатынжалпыхалықтық сөздер жатады: дала, еңбек, көл, таза, екі, жаңа, т.б. Сөйлеу тілінің Лексикасынатұрмыстық қарапайым сөздер, варваризмдер, әдебитілде сөйлеу Лексикасы жатады. Жазба тілЛексикасына көне дәуір кітаби Лексикасы мен қазіргі кітаби Лексика жатады. Мазмұнына қарайЛ.: 1) есім және шылау сөздер; 2) абстракт сөздер; 3) синонимдер; 4) антонимдер болып бөлінеді. Сипаты мен көрінісі жағынан Лексика былайшасараланады: 1) омонимдер; 2) омографтар; 3) омофондар; 4) омоформдар. Л. атауы тілдің сөзбайлығы деген ұғыммен қатар қаламгер тілі, көркем шығарма тілі деген ұғымды да білдіреді. Мыс., Абай тілінің Лексикасы, Сұлтанмахмұттілінің Лексикасы, батырлар жырының Лексикасы, т.б. Лексика деген сөз жер жүзіндегі халықтартілінің көпшілігінде термин болып қалыптасыпкеткен. Біздің тілімізге ол орыс тілі арқылы келіпорнықты. Бұл термин – бір тілдегі барлықсөздердің жинағы деген ұғымды білдіреді.
Сөздердің мағынсын, оның жалпы лексикалық жүйедегі алатын орнын, шығу төркінін, қолдану қабілетін, күнделікті қарым қатынастағы көрінісін,и түрлі стильдік сипатын текеретін ғылымды бір сөзбен лексикология дейді. Лексикология сөздердің қазіргі даму тұрғысынан да, сонымен бірге өткен тарихымен детығыз байланыстра отырып зерттейді. Қазақ тіл білімінің лексикология саласы 1950 жылдан бастап зерттеліп , осф салада көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді.
16. Тілдердің дамуы туралы теориялар


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет