Таңбаның екінші және негізгі түрі — шарттытаңбалар. Семиотикалық таңба делінетіндер де осылар. Бұлардың шартты деп аталатын себебі жоғары айтылғандай, таңба мен олар білдіретін мағына арасында табиғи байланыс, айрылмастық бірлік болмайды, таңбалық қызметінен айырған күнде де олар (таңбалар) бастапқы табиғи күйінде қала береді. Сондықтан таңба мен ол білдіретін мағына арасындағы қатынас шартты, емін-еркін болады. Семиотикалық таңбалардыңшарттыдеп аталуы осыдан.
Тіл таңбалар жүйесінен тұрады. Таңбаның екі түрі: тілдік таңба, шартты таңба. Олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары. Тілдік таңбаның екі негізгі қасиеті дыбыстардың көмегімен кез келген сөздік белгіні жеткізу. Тілдік таңбалар: фонема, морфема, сөз тіркесі, сөйлем.Тілдік таңбаның белгілері: 1)еріктілік, 2) шарттылық.
Еріктілік, шарттылық дегеніміз – таңба мен сол таңба арқылы белгіленген заттың немесе ұғымның арасында ешқандай табиғи байланыстың жоқтығы. Сондықтан бір зат әр түрлі тілдерде әр түрлі аталады. Тілдің таңбалық теориялары. Семиотика — хабарды сақтап басқаға жеткізе алатын әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылыми пән.
6. Ф.де Соссюрдің тілдің таңбалық сипаты туралы тұжырымдары:
Ф. де Соссюр көтерген және өз көзқарасын баяндаған проблемалар көп, солардың бастыларына төмендегілерді жатқызуға болады:
Даму дәрежесіне, өмір сүру формасына қарамастан тілдердің қай-қайсысының да сөйлеу процесіндегі көріністері тіл біліміне объект бола алады дейді. Тіл білімінің міндеті - таңбалар жүйесі болып есептелетін тілді "өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу", оның ішкі құрылымын, жүйесін айқындау дегенді айтады. Ф. де Соссюрдің "тілді өзі мен өзін және өзі үшін зерттеу” деген тұжырымы кейінгі замандағы кейбір ғалымдардың бір жақты кетуіне, тілді айналадағы дүниеден біржола бөліп алып, тек "өзі мен өзін ғана зерттеумен" әуестенулеріне себепші болды.
Тіл білімі, - дейді Ф. де Соссюр, - тілді таңбалар жүйесі ретінде зерттейтіндіктен, ол - семиотикалық ілім, қоғам өмірінде қолданылатын таңбаларды зерттейтін әлеуметтік психологияның бір саласы болмақ". Бұл саладаға Ф.де Соссюр қосқан жаңалық - лингвистиканы тілдің таңбалық жүйесін, ішкі құрылымын, грамматикалық жүйесін зерттейтін ілім деп жариялауында.
Тіл - таңбалар жүйесі. Тілде таңбалық сипаттың барлығы ежелгі грек философтарынан бері қарай айтылып келген. Бірақ тілді таңбалар жүйесі деп анықтау, тілдік таңбалардың сипатын талдап ашу Ф.де Соссюрден басталады. Ф.де Соссюр тілдік элементтердің материалдық және идеялық жағы болады, бұлардың біріншісін таңбалаушы, екіншісін таңбаланушы дейді де, осы екеуінің бірлігі таңба деп аталады дегенді айтады.
Ф. де Соссюр "Тіл - идеяны білдіретін таңбалар жүйесі" дейді, оны өмірде қолданылатын басқа әр алуан таңбалармен қатар қоюға, жазумен, мылқауларға арналған әліппемен, символикалық әдет-ғұрыптарымен, әдептілік, сыпайгершілік формалармен, әскери сигналдармен, тағы басқалармен салыстыруға болады.Таңба өзі білдіретін идеямен емін-еркін және шартты қатынаста болады. Емін-еркін болатын себебі таңбаланушы таңбалаушының мәнін ашып бере алмайды дейді.
7. Тілдің құрылымдық және жүйелілік сипаты