Шынар ҚҰРМАНБАЕВА
С.Аманжолов ат. ШҚМУ профессоры,
педагогика ғылымдарының докторы
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
64
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
тоғыстыра келіп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде іс жүзіне асыратын
әдістің түрі» [1, 127 б.]. «Қатысымдық бағдарлы оқыту алғашқыда
тілді жеделдете оқытудың негізгі әдісі ретінде қалыптасты. Ол дайын
сөйлемдерді жаттатқызу, тілдік материалды саналы түрде меңгермей,
көбінесе ойланбастан қайталауға негізделгенмен, бірте-бірте оқыту
мазмұны, әдіс-тәсілдері өзгеріп, толығып отырды» [2, 13 б.].
Тілді қарым-қатынас арқылы оқыту сөйлеуге бағыттап
оқытудың тәжірибелік бағдарын айқындайды. Сабақта тіл
жайында айтпау керек, сол тілдің өзін қолданысқа түсіру қажет.
Яғни, алдымен грамматиканы оқытып, содан сөйлеуге көшу - ең
үлкен адасушылықтың белгісі. Ал біздің қазіргі дәстүрлі білім
беру саласында осы қателік жіберілуде. Шет тілде сөйлеуге тек
қана сөйлеу арқылы, тыңдауға тыңдай отырып, оқуға оқи отырып
үйренуге болады. Бәрінен бұрын жаттығулар шынайы қарым-
қатынас тудыруға бағытталуы тиіс. Нағыз қарым-қатынас сипаттау,
мазмұндау, бір жақты монолог түріндегі айтылымда емес, топ
мүшелері түгелдей қатысқан интерактивті полилогқа құрылған
тілдесім кезінде жүзеге асады.
Сөйлесім әрекетінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық
жағы болады. Бұл үшеуі сөйлеу үдерісінде өзара тығыз байланысты.
Бұдан шығатын қорытынды - сөзді өзінің қолданылу формасынан
бөлек игеруге болмайды, сөздер де, сол тәрізді грамматикалық
формалар да сөйлесім әрекеті үстінде меңгеріледі. Дәстүрлі аударма-
грамматикалық әдісте лингвистикалық негіз бірінші кезекке шығып,
тіл үйрету тілді жүйелі және құрылымдық негізіне сүйене отырып
оқыту арқылы жүзеге асырылатын болса, қатысымдық бағдарлы
оқытуда тіл бірліктері функционалды негізде белгілі бір сөйлеу
мақсатында қолданылуына қарай іріктеледі. Яғни, «үйренетін тілдің
лексикасын функционалдық тұрғыдан оқытуда ауызша және жазбаша
коммуникация процесінде не қызмет етсе, соны және қалай қызмет
етсе солай меңгеру жүзеге асады» [3, 3б.].
Қатысымдық бағдарлы оқытуда қазақ тілінде тілдік қатынасқа
түсу – оқыту үдерісінің үзінді бір көрінісі немесе жай оқу
жоспарының әдістемелік кезеңі ғана емес, ол оқу - танымдық үдерісті
құрастырудың негізі, алмаспайтын идеясы болуы тиіс. Себебі қазақ
тілін қатысымдық деңгейде меңгерту оқыту барысында үздіксіз
қарым-қатынас жасау негізінде ғана жүзеге асады. Тіл үйренушінің
іскерлік, белсенділік, өзіндік шығармашылығының негізгі факторы
– оның мықты оқу уәждемесі, өзіндік терең пайымдауы мен
дәлелі. Оқытушы ұйымдастыратын сөйлесім әрекетінің түрлері тіл
үйренушінің қатысымдық қажеттілігіне қарай уәждеме туғызуға
бағытталуы тиіс.
Тіл – рухани әлем, ал оны меңгеру оған толығымен бойлау арқылы
жүзеге асады. Қазақ халқының бай рухани әлемін қолмен ұстау
мүмкін емес, суреттеу, мазмұндау жеткіліксіз, оны ұғынып, саналы
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
65
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
сезіну керек. Яғни, үйренетін тілді әркім өзі санасы мен жүрегінен
өткізуі, жеке басына қатысты етуі керек. Құбылысты жеке басынан
өткеру - сенімді күшейтеді. Тіл үйренушінің сабақ кезінде берілген
тілдік материалды саналы меңгеруі оның негізгі мәнін, мағынасын
ұғуға әсер етеді, жағдаятқа сай қолдана білу дағдысы қалыптасады.
Алғашқы сабақтардан бастап тіл үйренуші жаңа тілдік ортаға өз
еркімен, саналы түрде кіре бастаса, оның өз мүмкіндігіне деген сенімі
де арта бастайды.
Қазақ тілін үйренудiң қажеттiлiгiн, тиімділігін саналы түрде сезініп,
тіл үйренуге бел байлап, шешім қабылдағантіл үйренушінің сенімінен
шығатындай, ойларындағы күдіктерін сейілтіп, нақты мақсат болса,
қысқа мерзімде де нәтиже шығару мүмкін екендігіне көздерін
жеткізетіндей оқыту үдерісін жоғары дидактикалық талаптарға сай
деңгейде ұйымдастыра алатын әдістемелік жүйе құруды бүгінгі заман
талап етеді.
Мектеп, жоғары оқу орны, мекемелерде тіл үйрету курстарында
қазақ тілін үйретуде өзара сабақтасты байланыс, жүйелі оқыту
болмағандықтан, бір сатыда меңгерген білімдер мен дағдыларды келесі
сатыларда қайталау, соған байланысты адам ресурстары мен уақыт
үнемсіздігі, таптаурындық факторлары тіл үйренушілерге кері ықпал
етіп келеді.Аударма-грамматикалық бағыттағы оқулықтармен жыл
сайын сол бір әліпби мен септіктерден аса алмай, ежіктеп отырған тіл
үйренушіде алға қарай жылжу, жоғары деңгейлерге қарай ұмтылуға
деген ниет те болмайды.
Балалармен салыстырғанда, ересектердің бойында кез келген
құбылысқа, жаңалыққа сенімсіздік білдіру, күдік тудыру қабілеті
жоғары дамыған. Ол мұғалімге сенбеу, әдіске сенбеу, өз күшіне сенбеу,
нәтижеге сенбеу түрінде көрініс табады. Психологтардың айтуынша,
дәстүрлі сабақтарда тілді меңгере алмаймын деген қорқыныш, үрей
сезімдерінен топ мүшелерінің 20 пайызына жуығы курстың соңына
дейін арыла алмайды.
Ал коммуникативтік бағдарлы оқыту кезіндегі жағымды эмоциялық
атмосфера, өзара ізгілікті қарым-қатынас, интерактивті әдіс түрлері,
ақпараттық-коммуникациялық технология осы сенімсіздікті болдыр-
мауға көп әсерін тигізеді.
Адамның өзiнiң тiл үйренуге деген жоғары уәждемесі мен саналы
шешiмi болмаса, керемет оқулық та, асқан бiлiктi оқытушы ешқандай
нәтижеге жеткiзе алмайтыны белгілі. Бұл жағдай, бiрiншiден, тiл
үйренудiң себебiн, қажетiн саналы түрде түсiнумен байланысты
болса, екiншiден, тiлдi үйренудiң нәтижесiне байланысты. Басқаша
айтқанда, адамға тiлдi үйренудiң қажеттiлiгiн түсiну аз, оның тiлдi
үйренуiне сенiм туғызу керек. Ол сенiм қазақ тiлiн оқу кезiнде күн
сайын өсiп, дамып, нығайып отыруы керек. Тiл үйренушiде ондай
сенiм тууы үшiн ол тiлдi үйренуінің нәтижесiн көрiп отыруы қажет.
Күн өткен сайын сөздiк қоры молайып, оларды еркiн қолданып,
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
66
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
сонымен бiрге оқытушының таза қазақ тiлiнде сөйлеген сөздерiн
бiршама толық түсiнген сайын, үйренушiнiң қызығушылығы да,
нәтижеге деген сенімі де арта түседi. Тiлдi оқудың әр сатысында
белгiлi нәтижелерге жеткенiн көрiп, бiлiп отырса, үйренушi барған
сайын тiлдi оқуға, үйренуге ынталана түседi де, қазақ тiлiн меңгере
аламын деген сенiм туады. Бұл – қазақ тiлiн үйрену, оқу уәждемесiн
күшейтетiн құбылыс.
Адам әрекетін дұрыс басқару тек уәждемелерді басқару арқылы
мүмкін болады. Психолог ғалымдар оқу iсiн әрекет тұрғысынан зерттеп
қарайды да, оның жоғары деңгейде ұйымдастырылуы, мақсатқа жетуі,
нәтижелі болуында оқу мотивтерiнiң шешуші роль атқаратынын сөз
етеді [4, 10 б.].
Қазақ тілін оқыту нәтижесінде қатысымдық құзыреттілікке қол
жеткізу үшін үйренушінің ерікті, саналы шешімі, жоғары дәрежедегі
қызығушылығы мен уәждемесі болуы шарт. «Уәждеме дегеніміз
– іс-әрекетке итермелейтін себеп, ал мақсат дегеніміз – адамның
белгілі бір істі орындауға талпынуы. Мақсатты іс-әрекеттің мотиві
болуы маңызды. Сол кезде адам алдына қойған міндеттерді мүмкін
болғанынша жақсы орындауға талпынады. Бұл оның мұқтажына
айналады» [5, 32 б.].
«Уәждеме – адамның саналы мінез-құлық, іс-әрекетінің негізі» [6,
70 б.]. Яғни, адам бір іске саналы түрде, өз ерігімен бел байлаған болса,
демек, солай етуге бұлтартпас, нақты уәждемелері бар деген сөз.
Кейде «адамда мықты уәждемелер мен қажеттіліктер болған жағдайда
оның еркі мен қалауы маңызды болмай қалады» [6, 81 б.]. Ал адамның
міндеті мен қажеттілігі немесе қызығушылығы мен ынтасы, яғни
бұлтартпайтын уәжі болмаса, ісінен ешқандай нәтиже шықпайды.
Демек, оқу уәждемесі болмаған жерде, қандай керемет әдіс-тәсілдерді,
ең озық технологияларды қолданса да, оған тілді үйрету ешқашан
мүмкін емес.
Мемлекеттік тілді оқытуда табыстарға жету еліміздегі әлеуметтік
жағдайлар мен тіл үйренушілердің жеке мақсат-мүдделерімен
тығыз байланысты. Сондықтан да олардың тіл үйрену уәждемесін
анықтап алу, тіл саясатын соған байланысты жүргізу мемлекеттік
тіл мәселесінің дұрыс шешілуіне көп ықпалын тигізеді. Бүгінгі күнде
тіл үйренушілердің басым көпшілігінің қазақ тілін оқу уәждемелері
қоғамдық-әлеуметтік сипатта болып отыр. Яғни, мемлекеттік тілді
меңгеру - заңның, қоғамның талабы, басшылықтың талабы деген
оймен шектелушілік басым.
Осы сыртқы – қоғамдық-әлеуметтік уәждеме ішкі – жеке бас
уәждемеге ауысқан кезде ғана шын мәнінде оқудың нәтижесі -
қатысымдық құзыреттілікке қол жететінін ғалымдар дәлелдеп отыр.
Яғни, әрбір тіл үйренуші: «Жаңа тіл арқылы жаңа әлемді танысам,
қазақ тілін қарым-қатынаста қолдана алсам, қазақ тілін білу арқылы
экономикалық жағдайымды жақсартып, қызмет баспалдағында
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
67
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
өссем», - деген уәждемелердің жетегінде тіл үйренуге ұмтылған кезде,
нағыз нәтижеге қол жеткізуге болады.
«Оқы», «тап», «астын сыз», «аудар», «жатта» деген тапсырмалармен
шектеліп
келген
аударма-грамматикалық
әдіске
негізделген
дәстүрлі оқытуда жылдар бойы тілдің теориялық жағын үйретіп,
анықтамаларды жаттатып, тілді шынайы өмірлік жағдаятта қолдану
мүмкіндігі шектеліп келгені белгілі.
Білімнен құзыреттілікке қағидасына негізделген оқу үдерісінің
соңғы мақсатты нәтижесі - тіл үйренушінің қазақ тілінде оқып, жазып,
сөйлей алуы. Бүгінгі білім беру парадигмасының ауысуы жағдайында
тіл үйретудің сапасы мен нәтижелілігін арттыру үлкен маңызға ие
болып отыр.
Тіл үйретуде қатысымдық құзыреттілікке қол жеткізу үшін
алдымен оқытушының өзінің жоғары деңгейдегі кәсіби құзыретті-
лігі талап етіледі. Кәсіби құзыретті оқытушы қазақ тілінің әрбір
сабағында белсендіруден, әдістің тиімділігіне иландырудан, өз күшіне,
нәтиженің алыс еместігіне сендіруден, жігерлендіруден, мақтаудан,
жарысқа шақырудан т.б. тұратын уәждеме тудыру тактикасын
шеберлікпен қолданып, сабағын коммуникативтік бағдарлы жүргізуі
керек.
Тіл үйренушілердің өз мүмкіндіктеріне, оқу-таным әрекетінің түпкі
нәтижесіне, оқытушы қолданып отырған әдістің тиімділігіне деген
сенiмін нығайтуға әсер ететін факторлар:
- заманауи ғылыми-техникалық базамен жабдықталған оқу орта-
лықтары;
- мемлекеттік тұжырымдама, стандарт пен типтік бағдарламаға
негізделген мықты оқу-әдістемелік кешен;
- андрагог, акмеолог, аксиолог, кәсіби құзыретті оқытушы тұлғасы.
Тіл үйренуші оқулықпен ғана шектеліп қалмай, қосымша
мәліметтерді өзі іздеп жүріп оқитындай деңгейге жеткен кезде өзін-өзі
дамыту, өздігінен оқу жүзеге асады. Сондықтан өз бетімен білім алуға
ыңғайлы қашықтықтан оқу сайттарын, электронды білім ресурстарын
көбейтуқажет.
Сонымен қатар кәсіби құзыретті оқытушыларды даярлау мақ-
сатында әдістемелік семинарлар ұйымдастырса, қазақ тілін оқытудың
мониторингін жүргізіп отыру арқылы оқу-танымдық уәждемелерін
айқындап, онлайн сабақтар, т.б. түрлі басқосулар арқылы үздік
әдістемелермен алмасып, үздік тіл үйренуші, үздік оқытушыларды
марапаттап отырса, бұл іс өз жемісін берері сөзсіз.
Әдебиеттер
1. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: Теориясы және әдістемесі.
– Алматы: Ы.Алтынсарин ат.ҚБАРБК, 2000. – 208 б.
2. Ерназарова З. Тілді меңгерту деңгейлері арасындағы сабақтастық
және оқытудың негізгі принциптері (шет тілдерін оқытудың
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
68
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
халықаралық стандартынан) // Қазақ тілі: әдістеме. Республикалық
ғылыми-әдістемелік журнал. – №2-2005(2). – 10-13-б.
3. Коростелев В.С. Основы функционального обучения иноязыч-
ной лексике. – Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1990.
– 157 с.
4. Рожкова Г.И. К лингвистическим основам методики преподавания
русского языка иностранным. – М.: Русский язык, 1977. – 246 с.
5. Гоноболин Ф.Н. Психология. –Москва: Просвещение, 1973.
–239 с.
6. Ильин Е.Н. Тіл табыса білу өнері // Педагогикалық ізденіс. – А.:
Рауан, 1990. – 237-287-б.
ОНОМАСТИКА
69
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
К
ез келген халықтың ономастикалық атаулар жүйесі – оның
этникалық сәйкесімділігін (идентичность) нақты объективті
түрде айқындайтын негізгі тілдік маркерлердің бірі санатындағы
дүние. Ұлттың өзін-өзі сәйкестендіруіндегі объективті факторға
этнографтар ортақ биологиялық, антропологиялық белгілермен қатар
территориялық-географиялық (мемлекеттік) факторды жатқызады.
Бұл факторлар қатарына қазақ халқының ұлттық «өздігін», ұлттық
санасын растайтын тілдік фактор, оның ішінде, сол халық ерте
кезден мекендеген тарихи территорияны және қазіргі кезеңдегі
халқымыздың географиялық-этнологиялық кеңістігінде орналасқан
географиялық атауларды, ең алдымен мемлекетіміздің атын –
Қазақстан Республикасының атауын жатқызамыз.
Философ И.Канттың түсінігіне сай – кез келген ұлт өзін және өз
болмысын нақты географиялық шекаралары бар хронологиялық
тұрғыдан өзінің үздіксіз тіршілік етіп келе жатқан географиялық
кеңістікпен сәйкестендіреді.
Ата-бабаларымыздың қаһармандық пен азаттық үшін күреске
толы жолында өткен тарихын айта келе Елбасы Н.Назарбаев: «...
Қазақтар – ұлы өркениет ұрпағы ретінде ұлттық «өздігін» барша
тарихи өткелдер мен қасіреттерден алып шыққан халық. Алып шығып
қана қоймай, оны сақтап, көбейте білген халық» [1, 23 б.].
Қазақ жер-су атаулар
жүйесіндегі ортағасырлық
кірме атаулар
Қыздархан РЫСБЕРГЕН
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі
институты Ономастика бөлімінің
меңгерушісі, филология
ғылымдарының докторы
ОНОМАСТИКА
70
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ халқының, өзге көшпелі халықтар сияқты, этникалық
бірегейлігі мен сәйкестігі дәстүрлі тарихи-әлеуметтік құрылымдарында
көрініс табады. Тарихи тұрғыдан бұндай сәйкестендірудің негізінде
әрбір көшпелі қауым өкілінің (индивид) өзін алдымен нақты бір
ру, тайпа мүшесі ретінде тануы және туу фактісінің өзін нақты бір
территориямен байланыстыруы жатыр. Қазақ үшін «туған жер»,
«Отан» ұғымдары «атамекен» (синонимдік қатары атақоныс, атажұрт)
концептісі арқылы вербалданады.
Қазіргі лингвомәдениеттануда кеңінен қолданылып жүрген
ғаламның
ұлттық бейнесі, этностың ғалам бейнесі терминдік тіркестердің
мазмұны ұлт пен этнос дефинициялары арқылы айқындалады: «...если
исходить из историко – социальных классификаций этносоциальных
общностей: племя, народность, нация, то становится очевидным, что
«национальная призма» формируется не в период этнокультурной и
политической оформленности и дальнейшего развития нации (высшей
стадии эволюции этноса), а значительно раньше» [2, с. 43]. Сондықтан,
біздің түсінігімізде, «ғаламның ұлттық бейнесі» «этностық ғалам
бейнесі» «этникалық ғалам бейнесінен» анағұрлым ауқымдырақ,
өйткені ұлттық ғалам бейнесі осы ұлттың қалыптасу кезеңдерінің
барлығын қамтиды, ал қалған екі терминдік тіркесім білдіретін ұғым
бүкіл ұлтқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Этностың ғалам бейнесін негізгі үш бағытта қарастыруға болады:
онтологиялық, гносеологиялық және аксиологиялық. «Онтологи-
ческий уровень картины мира этноса соотносится с пониманием
мира как сущего целого. Для этноса же мир очерчен границами
этногеографического, территориального пространства, в котором
веками сложившиеся определенный ландшафт и природа имеют
первостепенное значение. В связи с этим среда обитания тер-
риториально – географического пространства определяет важней-
шие параметры картины мира этноса» [2, с. 44].
Түркі халықтарының ғалам бейнесі, кейбір африкалық тайпалар мен
Гималайдың таулы аймақтарындағы өркениеттен күні кешеге дейін
оқшауланып эндогенді сипатта өмір сүріп келе жатқан тайпалардан
өзге, жер бетіндегі бар халықтардың ғалам бейнесі сияқты, мыңдаған
жылдар бойына экзогенді сипатқа ие. Яғни мыңдаған жылдар бойы
оқшауланбай, еуразиялық, одан тыс жерлердегі этнос пен халықтармен
тығыз байланыста, қарым-қатынаста дамыды. Түркі, оның ішінде
қазақ халқы этногенезінің қалыптасуына неолит дәуірінен бері ғұн,
сақ, массагет, моңғол тектес т.б. көптеген этнокомпоненттер қатысты
деуге болады. Қазақ халқы мәдениетінің экзогенді сипаты ұзақ уақыт
бойы қапталдас жатқан территория – Қытай, Ресей, Иран, Шығыстық
Араб елдері мәдениетімен тығыз байланыста дамығандығы белгілі.
Әрине, өз кезегінде бұл факторлар қазақ халқының қайталанбас,
өзіне ғана тән ерекшеліктерге ие ұлттық топонимдік ғалам бейнесінің
қалыптасуына да әсерін тигізді.
ОНОМАСТИКА
71
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Топонимдік материал негізіндегі этнотілдік бірегейлікті біз көне
түркі топонимдік жүйесін қарастырудан бастап, хронологиялық
тұрғыдан ендігі жерде ортағасырлық Қазақстан территориясындағы
топонимдік жүйенің жалпы сипаты қандай болды деген мәселеге
тоқталамыз.
Тарих ғылымында орта ғасырдың өзін ерте орта ғасыр (раннее
средневековье) (жоғарыда қарастырылған Күлтегін, Түркі қағанаты
т.б. дәуірі), нақ орта ғасыр (собственно средневековье) және
кейінгі орта ғасыр (позднее средневековье) деп үш дәуірге бөліп
қарастыру қалыптасқан. Ал ежелгі қазақ жеріндегі (орта) ортағасыр
дәуірі автохтонды түркі ортаға араб-иран мәдениеті элементтері
мен ислам дінінің ежелгі түркі мәдениеті, тілі, ғылым-білім т.б.
салаларына бастырмалата енуімен ерекшеленеді. Алайда қазақ
топонимиясындағы аймақтық зерттеулерге арналған жұмыстарда
араб-иран
элементтерінің
жер-су
атауларындағы
ықпалы
Қазақстанның әр аймағында әртүрлі дәрежеде көрініс тапқандығын
көрсетеді. Араб халифатының әскери-саяси экспансиясы VІІІ-ІХ
ғасырлар аралығында әсіресе Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік -
шығыс аймақтарында үстем сипатта өтіп жатты. Оны біз сол кезеңдегі
жазба ескерткіштерде көрініс тапқан топонимдік атаулардан да
байқауымызға болады. Жер-су атаулары жүйесіндегі ұлттық сананың
көрінісін қарастыру эволюциялық тұрғыдан алғашқы этникалық
сана нышандары этнотайпалық деңгейде тілдік маркерлер мен ортақ
топонимдік модельдерде көне түркі заманынан өз жалғасын тауып
келе жатқандығын жоғарыда көрсеттік.
Түркі, қазақ ономастикасында тілдік-классификациялық тұрғыдан
араб-парсы немесе иран тектес топонимдерді кірме атаулар деп
топтастыру дәстүрі қалыптасқан. Бұл топонимдік кірме қабат қазіргі
Қазақстанның топонимдік кеңістігінде белсенді түрде тілге, қоғамға
қызмет етіп келе жатқан дағдылы «өз» атауымызға айналған тарихи
онимдік қабатты құрайды. Алайда бұл «тарихилықтың» өзі шартты
екендігін айтқан болатынбыз. Пайда болу жағынан олар «тарихи», ал
қызмет ету жағынан «заманауи» атаулар деуге болады.
Ислам ықпалына ертерек іліккен Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-
шығыс аймақтарында өзге өңірлермен салыстырғанда араб, иран
(парсы) тектес атаулар мен оның элементтерінің қатысуымен жасалған
топонимдер шоғыры қоюырақ келеді
Орта ғасырдағы шашыраңқы түркі тайпалары мен түрлі
этнокомпоненттердің әрі қарай табиғи түрде ынтымақтасуына,
этнос, халық болып бірігуіне, этногенез процесіне кері ықпал етіп,
этникалық процестерді кешеуілдеткен осы бір күрделі тарихи кезеңде
топонимдік негізде этнобірегейлік деңгейін айқындау үшін сол кездегі
ғаламның топонимдік бейнесі қандай сипатта болды? Түркі негізді
географиялық атаулар жүйесінің орта ғасыр кезеңі қандай сипатта
дамыды? деген мәселеге тоқталамыз.
ОНОМАСТИКА
72
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ирантілді топонимдік элементтер. Байырғы қазақ жерінде ирантілді
тарихи топонимдер мен географиялық терминдік элементтердің
(әрі қарай –ГТ) болуы Соғды тарихи өлкесімен, соғдылықтардың
Сырдария сағасын жылыстай көшіп, сауда керуен жолдары арқылы
Жетісу өлкесіне тереңдей қоныстануымен және мәдени қарым-
қатынасқа түсуімен байланысты. Алайда ирантекті топонимдер мен
лексикалық бірліктердің түркі топонимдік жүйесіне одан ертерек
дәуірлерде ену мүмкіндігін де ескеру қажет. Мәселен, «Шахнамеде»
суреттелген оқиғалар кезінде, авесталық ирандықтар мен тұрандар
арасындағы қақтығыстар кезінде және одан кейінгі дәуірлерде де
енуі әбден мүмкін. Яғни Қазақстан жеріндегі парсытілді атаулар бір
нақты тарихи кезеңмен, дәуірлермен шектелмесе керек. Бұл жайында
белгілі түркітанушы К.Мұсаев әрбір тілдік қабатты мәңгіге бекітіліп
қалған қабат деп елестетпеу керек деп, В.А.Никоновтың мына
сөздеріне қатысты келтіреді: ...ираноязычные, топонимы возникали
на протяжении тысячелетий, их нельзя представлять единым пластом.
И тюркских прокатилось немало. Те и другие не раз перемежались»
[3, с. 191].
Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймақтарында ерте
орта ғасыр мен орта ғасырларда құрамында «мекен, тұрақ», «ауыл,
елді мекен» ортақ мағынадағы
-кат, -кет, -кент, -канд, -дех, -диз- ГТ-дер
мен ойконимдік атаулар көптеп кездескен.
Жазба ескерткіштерде, тарихи құжаттарда кездесетін қазақ жеріне
және шекаралас тарихи оазистерге қатысты кейбір иран-парсытектес
жер-су атауларын келтірсек, олар: а) құрамында соғды тілді кат//кет
ГТ ерекшеленіп тұрған:
Будухкет, Новакет, Арсубаникет, Субаникет,
Хамукат сынды атаулар;
б) құрамында
кент ГТ бар Шымкент, Янгикент, Манкент, Сүткент;
ә) кат/кет, кант// кент терминдерімен мағына жағынан синонимдес
дех- термині
Дехинау атауы құрамында кездеседі. Зерттеушілердің
пайымдауынша, пайда болу уақытына байланысты кант-кент
терминдері 10 ғ. дейінгі кезеңге жатады, ал осы жұптағы
-кат формасы
көнерек болып есептеледі.[4, 31 б.].
ХIV-ХVI ғғ. автохтондық тұрғындар тілдерінде түркілену тен-
денциясы күшейе түсуі топонимдік жүйеге де әсер етті. Сөйтіп
олардың көбі түркі//иран нұсқасында қатар (параллель) қолданылған
немесе толығымен және жартылай калькаланған;
Янгиқала, Янгикент,
Новакет, Дехинау. Мәселен, қазіргі ұлттық топонимдік кеңістіктерде
кент компонентімен келетін атауларды көптеп кездестіруге болады:
Шымкент, Жаркент, Манкент, Сүткент, Құмкент атаулары, ал
Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі
Қандөз жер атындағы қанд+өз
компоненттерін
«өз//уз тайпасының мекені, тұрағы» деуге болады.
Этимологиясы күңгірт
Қандөз атауын ортағасырлық Кенди Бадам
сынды ирантиптес топонимдік модель негізінде жасалуы мүмкін деген
жорамал айтуға болады. Өйткені түркі топонимдерінде
кент, кант,
|