«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015 тіл және қОҒам №4 (42) / 2015 альманах



Pdf көрінісі
бет9/13
Дата16.02.2017
өлшемі2,59 Mb.
#4204
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

ОНОМАСТИКА
73
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
терминдері постлаутта келіп, өзгеріп шыға келетін еді («өз тайпасының 
мекен,  тұрағы»)  [5,  32  б.].  Осы  келтірілген  жайттарға  байланысты 
аталмыш екі нұсқадағы атаудың ортақ мағынасы болуы әбден мүмкін: 
«оғ/уз/гуз тайпасының мекен, тұрағы».
Еліміздің  топонимдік  жүйесінде,  сонымен  қатар,  ертеректе 
түркітілдес  жұрттың  тіліне  еніп  кеткендігі  соншалықты,  академик 
В.Бартольдтың  пікірінше,  суармалы  егін  шаруашылығына  қатысты 
кәріз,  жүйек  т.б.  сынды  соғдылық  лексемалар  өзге  тілден  енгендігі 
білінбей,  төлтума  сөздер  ретінде  қабылданып,  қалыптасып  кеткен 
топонимдер  мен  ГТ  кездеседі.  В.  Бартольд  Абу  Абдаллах  Хорезмге 
сүйене  отырып,  Саманидтер  дәуірі  (Х  ғ.)  суармалы  егіншілік 
терминологиясына жататын қазақ тіліндегі «арық», «жүйек» сөзімен 
бара  бар  парсытілді 
джуй,  джуйбар  «канал»,  «проток»  мағынасында 
қолданылатын сөздерді атайды [4, 93 б.]. 
Түркістан  өңірінде 
Жүйнек//Жөйнек  топонимі  кездеседі, 
жергілікті өзбек диаспорасының тілінде 
Иөйнак. Бұл жер – түркіден 
шыққан  философ,  ақын  Ахмед  Йгүнекидің  отаны.  Жергілікті 
диалектідегі 
жүйек  (парсы  тілді  жүй  +  ек  қазақ  тілі  аффиксінің 
бірігуі арқылы жасалған
) термині «геометриялық ретпен орналасқан 
өте ұзын, бірақ терең емес арықтар, суару арналары» мақта, жүгері 
және  бақша  өнімдерін  суаратын  шаруашылықтарда  қолданылады. 
Яғни генетикалық тұрғыдан 
Жөйнек//Йгүнеки// Иөйнак және қазақ 
тіліндегі 
жүйе//жүйек  парсы  тіліндегі  джуй  лексемасымен  жақын 
деуге болады.
Жоғарыда аталған топонимдер мен ГТ өзге топонимдік жүйемізде 
кездесетін  басқа  да  тарихи  географиялық  атауларды  келтіруге 
болады,  мысалы,  ортағасырлық  жазба  деректерде  жиі  кездесетін 
Шауғар  (Шавгар)  таудың  атауы  -  қазақ  (түркі)  тіліндегі  туралай 
калькасы 
Қаратау,  ал  әдебиеттердегі  алғашқы  парсытұлғалы  Пуроб 
тарихи атауының араб тілі ықпалымен соңырақ 
Фараб - қа «суы мол 
өзен» айналуын айтуға болады, екеуінің мағынасы – «суы мол өзен». 
Сырдария өзені атауындағы түркітілді Сыр компоненті мен иран тілді 
дария «өзен», «теңіз» терминдерінен жасалған композита атау деуге 
болады.
Ирантілді 
Дарбаза,  Дарбұт,  Шардара  т.б.  сынды  топонимдер 
құрамындағы  дар//дара  компоненттерін  тәжік  тіліндегі 
дар,  парсы 
тіліндегі 
дер  «есік»,  «кіре  беріс»,  «тау  асуы»,  ал  ауған  тіліндегі 
дара  термині  «шатқал»  дегенді  білдіреді  екен»  [6,  171  б.].  Мәселен, 
А.Әбдірахмановтың пайымдауынша, 
Шардара атауындағы шар «төрт» 

дара «каньон, шатқал» дегенге саяды [7, 192 б.].
Көкмардан,  Күйікмардан  сынды  қазақ  тіліндегі  археонимдері 
(тарихи  көне  қала  мәдениеті  орнындағы  үйінді  төбе  атаулары) 
құрамындағы 
мардан  лексемасының  мар  компоненті  мордва  тілінде 
«куча»,  «бугор»  немесе  Жайық  өзенінің  ресейлік  Поволжьесінде 
«холм», «одинокая горка», «бугор», «курган» дегенді білдіреді [8, 361 

ОНОМАСТИКА
74
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
б.]. Бұл лексемадағы 
мар түбірінің қазақ тіліндегі Сайрам төңірегінде 
орналасқан 
Мәртөбе  археонимі  құрамында  болуы  да  кездейсоқтық 
емес деп есептейміз. Ал Саңлақ типтес шатқал атауындағы 
сан иран, 
әзірбайжан-парсы тілдеріндегі 
санг «тас» мағынасымен байланысады 
да,  қазақ  тілінің  –
лақ  аффиксімен  бірігіп,  «тасты»  дегенді  білдіріп, 
«тастақ»  атауының  мағыналық  баламасы  болады.  Э.М.Мурзаевтың 
пайымдауынша,  өз  кезегінде  парсы,  иран-әзірбайжан  тілдеріндегі 
санг  компоненті  қазақ  тіліндегі 
сеңгір  «биік  құз»,  «терең  шатқал» 
т.б.  мағыналарымен  ұштасып  жатыр  [8,  495  б.].
  Бұл  атауды  қазақ 
тіліндегі 
саңлау сөзінен номинацияланған атау деп «жеңілдеу» жолын 
қарастыруға да болар еді. 
Ойымызды  қысқаша  қорытар  болсақ,  қазақ  топонимиялық 
жүйесінде  иран  (парсы)  тектес  элементтердің  ерте  кезден  орын 
алғандығын,  бірақ  бірден  байқала  бермейтін,  дегенмен,  өзіндік  із 
қалдырған,  жеке  қабат  құрайтындығын  және  өте  көне  субстратты 
төменгі қабатына жататындығын айту керек.
Ортағасырлық  топонимиядағы  араб-түркі  қостілділік  үдерісі. 
Араб халифатының VІІІ-ІХ ғғ. Орта Азия мен ерте кездегі Қазақстан 
жерінде  жүргізген  экспансиялық  саясатының  нәтижесінде  бүкіл 
жергілікті идеологияның, мәдениеттің, жазу мен тілдің әрі қарай даму 
барысына  орасан  зор  ықпал  етуі  жаңа  мемлекеттік  дін  –  исламның 
орнығуымен  байланысты  болды.  «Вытеснялась  древнетюркская 
письменность, а в тюркскую лексику входили арабские слова» [9], араб 
графикасына  негізделген  жаңа  түркі  жазуы  қалыптаса  бастады.  Бұл 
факторлар міндетті түрде жергілікті ономастиконға да зор ықпал етті: 
антропонимиялық жүйеде сан жағынан аса ауқымды арабтектес қабат 
пайда  болып,  есімдер  репертуары  айтарлықтай  өзгеріске  ұшырады, 
топонимиялық  қолданысқа  арабтілді  географиялық  терминология 
көптеп еніп, түркітектес атаулар жаппай араб тіліне қарай калькалана 
бастады. 
Бұндай исламдану үдерісі қазақ тілінде және оның ономастикалық 
жүйесінде  кейінгі  тарихи  дәуірлерде  күшейе  түспесе,  өз  қарқынын 
бір сәтке бәсеңдеткен емес.
Алайда  Орта  Азиядағы  араб  тілінен  енген  топонимдерге  қатысты 
зерттеуші А.И.Хромов «араб қабаты», «араб элементі бар топонимдік 
қабат» деп айту жаңсақтық деп есептейді. Яғни құрамында арабтілді 
элементтер  бар  иран,  түркі  атауларын  арабтекті  топонимдік  қабат- 
қа  жатқызу  топонимдік  деңгей  мен  апеллятивтік  деңгейлерді 
аралыстырып, шатастыру деп есептейді [10, 191-198 бб.]. 
Бірақ  байқауымызша,  тіліміздің  және  өзге  түркі  тілдерінің 
лексикалық қорында араб тілді лексиканың салмақ үлесі айтарлықтай 
деуге  болады,  ал  ол  өз  кезегінде  міндетті  түрде  топонимиялық  сала, 
географиялық  номенклатурада  көрініс  тауып  отырады.  Сондықтан 
зерттеуші қандай да бір топонимдік атаудың араб тіліне жататындығын 
дәйектегенде  ізденіс  барысында  сырттан  долбарлай  салмай, 

ОНОМАСТИКА
75
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қателеспеуге  тырысуы  керек.  Сөйтіп  апеллятив  этимологиясынан 
гөрі онимдену процесі қай тілдің негізінде өткендігі маңызды болып, 
есепке алынуы керек. 
Орта  ғасыр  кезеңінде  және  қазір  де  Қазақстанның  өзге 
аймақтарымен  салыстырғанда  пайыздық  тұрғыдан  алғанда  оның 
оңтүстік  өңірлері  топонимиялық  жүйесінде  арабтілді  атаулар  мен 
топонимдік элементтер басым келетіндігі белгілі.
Араб-түркі немесе түркі-араб, түркі-соғды қостілділік жағдайындағы 
орта  ғасырдағы  Қазақстанның  топонимдік  жүйесінің  ерекшелігі 
–  олардың  түрлі  жазба  көздерінде  екі-үш  нұсқада  қолданылуы. 
Көптеген жағдайда тікелей калькалау тәсілі немесе тұтас топонимнің 
аударылып  алынуы  немесе  оның  бір  бөлшегінің  калькалануы  және 
атаулардың қатар екі тілде де қолданылуы тән еді.
Сол  кез  топонимиясындағы  түркі-араб  варианттарының  қатар 
қолданылуын 
Отырар – Фараб, Сайрам – Испиджаб сынды мысал- 
дардан  байқауға  болады.  М.  Қашғаридің  сөздігінде  Сайрам  өзенінің 
жергілікті  атауы  ретінде  көрсетіліп,  семантикасы  «суы  таяз,  табаны 
тасты өзен немесе өзен сағасы» деп берілген. Зерттеуші В.Махпиров 
Казакевичтің  ізімен  «сайр,  сарьем  в  тюрко-монгольских  языках 
означает «сухое русло водного потока, иногда мелкое место в реке», 
-  дейді  [11,  101  б.].  Испиджаб  араб  тілінде  «сухое  и  каменистое 
пространство  между  двух  рек»,  калька  с  тюркского 
Сайрам.  Кроме 
того  арабская  калька с тюрко-иранского 
Орунгкент «белый город» - 
Мадинат-ул-Байза, где мадина «город», байза «белый» [4, 35-46 бб.].
Сонымен қатар арабтектес жер-су атауларына түркі-қазақ тіліндегі 
Артықата археонимінің тарихи атауының Аркук көнетүркі нұсқасын, 
ал  қазіргі  қазақ  тіліндегі 
Бұзықтөбе  атауының  тарихи  көздердегі 
өзге бірнеше атауын келтіруге болады: 
Оксус – екінші түркі атауын, 
Весидж  –  араб  атауын,  Зернух  –  иран  атауын  жатқызуға  болады. 
Осы  мысалдар  қатарына  жататын  араб  тіліндегі  рабат  «қала  маңы», 
«пригород»  сәулет  термині  жеке  де  көптеген  топоним,  ойконимдер 
құрамында  да  күні  бүгінге  дейін  еліміздің  топонимдік  жүйесінде 
ішінара кездеседі.
Сырдария  өзенінің  араб  тіліндегі  нұсқасы 
Сейхун  ортағасырлық 
көздерде  Солтүстік  Мысыр  еліндегі 
Сейхана  өзен  атауымен  үндес 
аталған деуге болады [11, 101]. Сондай-ақ 
Күйік Хасар археонимінің 
құрамындағы 
хасар  лексемасы  «бекініс»  сөзі  де  араб  тілінен 
енгендігінің куәсі.
Ерекше көңіл аударатын жайт, ол қандай да бір нысананың бірнеше 
атауын  тіркеген,  қатар  қолданыста  болған  атаулардың  тарихи 
дереккөздер бойынша қай атау бұрынырақ пайда болғандығы туралы 
хронологиялық тұрғыдан нақты шектеудің, кесімді пікір айтудың өзі 
қиын. 
Себебі  көп  жағдайда  топонимнің  пайда  болу,  тіркелу,  оның  қол- 
данысқа,  айналымға  ену  уақыты  сәйкес  келе  бермейтіндігін  еске- 

ОНОМАСТИКА
76
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ру  қажет.
  Бірақ  қалай  болғанда  да,  біздің  ойымызша,  топонимнің 
жергілікті  түркітілді  нұсқасы  алдымен  пайда  болса  керек,  өйткені 
Араб  халифатының  жаугершілік  саясатында  ең  алдымен,  жергілікті 
жер-су атауларын өзгерту керек деген ұстаным болған. Нәтижесінде 
түркітілді жергілікті топонимдік элементтер «жеңіп шыққан» дегіміз 
келеді.  Себебі  түбінде  жергілікті  сан  жағынан  басым  (массовый) 
автохтонды (байырғы жергілікті) этнотілдік ая тұрақталып отырған, 
біріншіден,  арабтекті  этнокомпоненттер  Қазақстан  аймағында 
ұзақ  уақыт,  тіптен  тұрақтамаған  деуге  болады,  екіншіден,  Араб 
халифатының ықпалы негізінен, дін, мәдениет, ғылым, жазу арқылы 
көрініс тауып отырған.
Сондықтан жазба көздерде сақталған көптеген тарихи топонимдер 
мен араб- текті элементтері бар атаулардан өзге араб тілінің жергілікті 
топонимдік  жүйенің  бет-бейнесін  айтарлықтай  өзгертіп  жіберді 
деуге  келмейді.  Негізі  топонимдік  жүйе  қалың  да  пәрменді  түркі, 
қазақ  тілді  қабатта  көрініс  тапқан.  Кейінгі  орта  ғасыр  мен  қазіргі 
кезеңдегі Қазақстанның топонимдік кеңістігінде негізінен түркітілді, 
қазақ тілді қабат сан жағынан салыстыруға келмейтін әлеуетті қабат 
құрайтындығы, нұсқалардың ішінен түркі, қазақ тілдері тұрақталғаны 
сөзсіз,  ал  сол  кездегі  топонимиядағы  араб-парсы  элементтері, 
қостілділік  жағдайындағы  қолданыстар  кітаби  тіл  нұсқасы  ретінде 
ресми,  іскери  құжаттарда  сақталған  нұсқасы  ретінде  орта  ғасыр 
құзырында «қалып» қойды деуге болады. 
Қорытынды орнына айтарымыз, түркі ру, тайпалары мен ұлыстары, 
оның  ішінде  қазақтар  тарихтың  түрлі  сынынан  өтіп,  күрделі 
де  драмалық  жағдаяттарды,  қиын-қыстау  замандарды  басынан 
кешкеніне қарамастан, ғасырлар бойы өз мәдениетінің, тілінің, салт-
дәстүрлерінің қайталанбас этникалық болмыс-өрнегін, рухын сақтап, 
этникалық бірегейлігін жоғалтпай, күні бүгінге жеткізіп отыр. Өздерін, 
аса  құнды  рухани  мұраларын  шексіз  Еуразия  кеңістігінде  шашып-
жоғалтпай, тұтастығын берік ұстап, жер-су атауларында вербалданған 
артефакті, ментефакті түріндегі бай ақпараттар мен құндылықтарды 
біздерге, келер ұрпаққа жеткізе білген. 
Әдебиеттер
1. Назарбаев Н.Ә. Тарих тағылымы.– Алматы: Атамұра. 2006. – 256 б.
2. Аязбекова С.Ш. Картина мира этноса: Коркут-Ата и философия 
музыки. казахов. – Алматы, 1999. – 285 с.
3. Мусаев К. Лексикология тюркских языков. – М., 1984. – 288 с.
4.  Бартольд  В.В.  Сочинения.  –  МV.:  Изд.–во  «Вост.  лит-ры»,  
1963. – Т.3.; Чехович О.Д. Бухарские документы ХІV в. – Ташкент, 
1965.
5.  Кашгари  М.  Девону  лугот  ит-турк  /Под  ред.  канд.  филол.  наук 
С.М. Муталибова. – Ташкент: Изд.–во УзССР, 1960. Т.1, Т.2. 

ОНОМАСТИКА_77_«Тіл_және_қоғам»'>ОНОМАСТИКА
77
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
6.  Хасанов  Х.  Ценный  источник  по  топонимике  Средней  и 
Центральной Азии //Топонимика. – М., 1962. – С. 125–131.
7. Әбдірахманов А. Топонимика және этимология. Алматы: Ғылым, 
1975. – 167 б.
8. Мурзаев Э.М. Словарь народной географической терминологии. 
– М.: Мысль, 1984.
 – 653 с.
9. История Казахской ССР (с древнейших времен до наших дней). В 
пяти томах. – Алма-Ата: Наука, 1977. – Т.1. – С. 479.
10.  Хромов  А.Л.  Об  арабской  топонимии  на  территории  Средней 
Азии // Ономастика Средней Азии. – Фрунзе, 1980. – С. 191–198.
11. Махпиров В.У. Имена далеких предков. – Алматы, 1997. – 302 с.

ОНОМАСТИКА
78
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қазақ  ономатикасы  өзінің  даму  тарихында  жаңа  бір  кезеңнің 
алдында тұр. Өткеніне көз жүгіртсек, әуелде атау беру мәселесі тарихи 
әрі  табиғи  жолмен  шешілді.  Физика-географиялық  нысандар  адам 
атымен,  жер  бедерінің  сипатына  қарай  қалыптасқан  терминдермен, 
қалалар  жергілікті  жердің  тарихи  атауымен  немесе  сонда  тұратын 
халықтың,  сирек  жағдайда  жекелеген  адамдардың  атымен  т.б. 
аталды. Жалпы алғанда атаудың негізгі қызметіне сәйкес өрбіді, яғни 
нысанның  белгілі  бір  ерекшелігін  сипаттауға  құрылды.  Осы  дәстүр 
кеңестік идеологияның тәртібі бойынша өзгерістерге түсті. Тәуелсіздік 
алған  алғашқы  жылдарда  төл  құндылығымыздан  алшақтап  қалған 
сана  кеңестік  жүйенің  ықпалынан  шыға  алмай,  екі  арада  біршама 
кемшіліктерді  жіберіп  алғанымыз  да  жасырын  емес.  «Менікі»  деп 
жүргеніміздің  барлығы  өзгенікі  болып  шықты.  Енді  ел  есін  жиған 
қазіргі таңда, «қазақ ономастикасының алдағы даму бағыттары қандай 
болмақ?» – дейтін сұрақтың туындауы заңды.
Қазақстан ономастикалық 
кеңістігі жаңа құқықтық-
нормативтік құжаттарды 
талап етеді
Бекжан ӘБДУӘЛИҰЛЫ
ҚР Мемлекеттік ономастика 
комиссиясының мүшесі

ОНОМАСТИКА
79
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Халықаралық кеңістікке ықпалдасу туралы алдымызға стратегиялық 
мақсаттар  қойып  отырмыз.  Көршілермен  арада  сапырылысқан  сан 
ғасырылық  тарихымыз  бар.  Тіршілік-тарихымыз  ғана  емес,  ұғым-
түсініктеріміз де мидай араласты. Кей тұстарда «мынау сенікі, мынау 
менікі еді» деуге келмейтін құндылықтар қалыптасты. Іргемізді аулақ 
салайық  десек  те,  маңдайымызға  жазылған  бөлінбейтін  еншілеріміз 
бар екен. Дегенмен, «бір кем дүние» кімде жоқ. «Бөлінбейтін еншінің» 
мәселесін уақытқа аманаттап, осы бір талмауыр тұстан өгізді өлтірмей, 
арбаны сындырмай, өзгені ренжітпей, өзімізді тоқыратпай аман-есен 
өту міндеті тұр алдымызда.
Қылдай  қиянат  болмасын!  дейді  –  Тәуелсіздік  талаптары.  Жас 
та  болса  мемлекеттік  басқару  жүйеміздің  басынан  мәселені  ауызша 
бұйрықпен  шешетін  заман  өтіп  кеткелі  қашан.  Уақыт  былқыл- 
дақтықты  көтермейді  –  алдымызға  қойылған  міндеттерге  жаңаша 
шешімдер  керек.  Өйткені,  ел  экономикасының  дамуы  мен  халық- 
аралық  кеңістіктегі  қатынастарымыздың  ауқымы  кеңейіп,  өзіндік 
орнымыз  нығайған  сайын,  қазақ  ономастикасының  мәселелері  де 
күрделеніп  келеді  (оған  ішкі  дамуға  байланысты  ашылып  жатқан 
сан  түрлі  мекемелер  атауын  қосыңыз).  Енді  айнала  жұрттың  ғана 
емес,  алыс  жатқан  елдердің  де  баршасына  ортақ  ережені  меңгеру 
мен  игеру  міндеттері  шықпақ  алдымыздан.  Өркениетті  елдердің 
тәжірибесіне  қарасақ,  ономасткасы  өзіне  де,  өзгеге  де  лайықталып 
бекітіліп  қойыпты,  нақтырақ  айтсақ  өз  дәстүрін  ережелеп,  өзгеге 
біздің  талабымыз  осындай  деп  ұсынып  отыр.  Үлкен  қалалардан 
бастап, көшелер мен кішкене аяқжолға дейін атау иелену тәртібі бар. 
Жазылған, хатталып бекітілген. Оның сыртына ешкім шыға алмайды, 
шығармайды да – құжаттың құдіреті. 
Құдай  берген  құт-берекенің  арқысында  әлем  елдерінің  алдында 
үзеңгі  бауымыз  алты  қабат.  Сол  ырыстың  қазынасы  –  жеріміздің 
атаулары  халықаралық  карталарда  қандай  ережелер  бойынша 
өмір  сүріп  жатқанынан  әлі  хабарымыз  жоқ.  Ішкі  жағдай  да  ала-
құла.  Қалаларымыздағы  шетелік  компаниялардан  бастап,  олар 
басқарып  отырған  мекемелер  қымсынбастан  өз  әуенін  салып  тұр. 
Ал  ономастикамыздың  құқықтық  тағдыры  ҚР  «Тіл  туралы»  заңға 
міңгескен бірнеше жолға байлаулы...
Енді  не  істейміз?–  дейтін  сұрақ  туындайды.  Жауабы  –  бізге 
де  құдіретті  құжат  керек.  Қазір  елімізде  әуелгі  жағдай  өзгерген  – 
«өзім  білемнің»  жолы  жіңішке.  Саналы  қоғам  қалыптастырған  осы 
ұстаным енді заңдастырылуы тиіс. Атау атаулының басын қосып, бір 
орталықтан жүйелеп отыратын құқықтық-нормативтік құжат керек 
–  жұртшылықтың  көңілінен  шығатын,  жұмыс  істеуге  қауқарлы. 
Құжаттың құдіреті ең бірінші – қоғам талаптарының үдесінен шыға 
алуында, екіншіден – қайшылықсыз болуында. Мамырдың соңын ала 
сонау  Орал  қаласында  өткен  «Ономастка  саласындағы  нормативтік-
құқықтық  актілерді  реттеу»  атты  республикалық  дөңгелек  үстел 

ОНОМАСТИКА
80
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
осындай  мақсатпен  ұйымдастырылған  болатын.  Негізгі  мақсат 
–  нысандарға  атаулар  беру  мен  қайта  атаудың  нақты  шарттарын 
анықтау. 
Осы жиынға арнайы дайындықпен келген ҚР Мәдениет және спорт 
министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің 
қызметкерлері  мен  сала  мамандарынан  құрылған  жұмысшы  топ 
мүшелері артық ауыс бос сөзге бармай нақты мәселелерге тоқталды. 
Үш  топ  жеке  салалар  бойынша  зерттеулер  жүргізген. 
Бірінші  топ: 
әуежайлар,  порттар,  темiржол  вокзалдары,  темiржол  стансалары, 
метрополитен стансалары, автовокзалдар, автостансалар; 
екінші топ: 
физикалық-географиялық  объектілер,  денсаулық  сақтау,  мәдениет, 
спорт  мекемелері; 
үшінші  топ:  білім  мекемелері,  жоғары  оқу 
орындары,  орта  арнаулы  оқу  орындары,  мемлекет  қатысатын  басқа 
да  заңды  тұлғалар,  әкімшілік-аумақтық  бірліктер  (елді  мекендер), 
олардың  құрамдас  бөліктері  (көше,  даңғыл,  көпір,  алаң,  саябақ  т.б) 
бойынша атау беру және қайта атау мәселелеріне тоқталды. Дамыған 
елдердегідей  аяқжлоға  дейін  ереже  дайындап  шығу  тағы  да  біраз 
дайындықты  қажет  етеді,  дегенмен  қазіргі  өз  ішіміздегі  жағдайды 
зерделей отырып, жалпы атау берудің жүйесі қалай болуы тиіс деген 
сұрақ аясында біршама ұсыныстар айтылып, бір тоқтамға келгендей 
болды. Бірнеше қағидаттар ұсынылды: 
Әлемдік  тәжірибелереге  сүйене  отырып,  өзіміздің  ішкі  жағдайды 
зерделеген 
бірінші  топтың  ізденістері  мен  ұсыныстары  негізінен 
Қазақстан Республикасы аумағындағы 
әуежайлар, порттар, темiржол 
вокзалдары,  темiржол  стансалары,  метрополитен  стансалары, 
автовокзалдар,  автостансалар  тек  жергілікті  жердің  атымен  аталуы 
керек деген тоқтамның айналасынан алыстамады. Оның өзіндік себебі 
бар – бұл нысандар бағыттық қызмет атқарады. Атаулар жолаушының 
немесе  жіберіліп  жатқан  хат-хабар,  жүк  тасымалының  қайда  бара 
жатқаны  туралы  ақпарат  беріп  тұруы  тиіс.  Осыған  байланысты:  1. 
Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайлар өзі орналасқан 
елді  мекеннің,  қаланың  (облыстың)  атауымен  аталады;  2.  Бір  елді 
мекен және қала аумағында бірнеше әуежай кездескен жағдайда сол 
елді  мекеннің,  қаланың  атауымен  (облыстың)  атап,  реттік  санымен 
белгіленеді  (Астана-1,  Астана-2).  Дөңгелек  үстелге  жиналғандар  бұл 
ұсынысты дұрыс деп қабылдады.
Екінші  топтың 
физикалық-географиялық  объектілер,  денсаулық 
сақтау, мәдениет, спорт мекемелері атауларының берілу принциптері 
туралы  ұсыныстары  былайша  өрбіді:  біріншіден,  нысандарға 
атау  беруде  халқымыз  ертеден  ұстанып  келеген  дәстүрлі  тарихи 
принциптерді  басшылыққа  алу.  Қазіргі  кезде  лингвистеріміз  бен 
географтарымыз  оны  екіге  бөліп  қарастырып  жүр.  Нысандардың 
тарихи  атауын  қалпына  келтіру  және  географиялық  принциптерді 
басшылыққа  алу.  Айналып  келгенде  бұл  екеуінің  де  негізі  бір. 
Қолданысымызда  ертеден  сақталып  келе  жатқан  жануарларға 

ОНОМАСТИКА
81
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қатысты: Маралсай, Арқарлы, Текелі, Бұғылы, Құланды, Қоянды т.б.; 
Өсімдіктерге  байланысты:  Миялы,  Жосалы,  Қайыңды,  Қарағайлы, 
Доланалы,  Аршалы  т.б.;  Жер  қыртысына  байланысты:  Ақсай, 
Көксай, Ақшоқы, Қарашоқы, Азаншоқы, Ақжал, Қаражал, Сарыжал, 
Саумалтау, Шымылдықтау, Алатау, Ақтау, Қаратау, Ақжар т.б. Түсінікті 
болу үшін айта кету керек «географиялық принцип» дегеніміз атауы 
ұмытылған географиялық нысандарға атау беру кезінде сол аймақтың 
жер қыртысын немесе ерекше сипатына қарай атау: сулы жер болса, 
Мыңбұлақ,  Саумалкөл,  Жалтыркөл  т.б.  Қырға  орналасса  Алтынқыр, 
Ақбиік;  ойпатқа  орналасса,  Ойпаң,  Ойыл,  Ойлыауыл  т.б.  тарихи 
атаулармен  сабақтастыру.  Елді-мекендер  мен  түрлі  географиялық 
нысандарды атау немесе қайта атау кезінде осындай атауларды беру 
туралы  ұсыныстарды  дөңгелек  үстелге  жиналғандар  бірауыздан 
қолдады. 
Тарихи принцип атау беру мен қайта атауда, физика-географиялық 
нысандарға  ғана  емес,  ономастикасының  барша  салалары  бойынша 
басшылыққа  алынуы  тиіс.  Бұл  ғасылар  бойы  қалыптасқан  дәстүрді 
қайта  жаңғыртудың  құқықты-нормативтік  жүйесі  болып  табылады. 
Мәдениет және спорт мекемелері қашан да жарнаманы қажет етеді. 
Оның  атауында  осы  жағы  үнемі  көрініп  тұруы  тиіс.  Ел  болашағы 
үшін  маңызды  бұл  саланың  осы  ерекшелігі  ескеріле  отырып,  атау 
берудің  мынандай  принциптері  ұсынылды:  1.  Атау  мазмұнында, 
нысан  орналасқан  елді-мекеннің  немесе  қаланың  атауы  және 
атқаратын  қызметі  туралы  ақпарат  қамтылады:  Доланалы  футбол 
алаңы, Қоғалы спорт мектебі, Зеренді мәдениет орталығы. 2. Мәдениет 
және  спорт  мекемелерінің  атқаратын  қызметі  мен  ішкі  мазмұнына 
қарай  жаранамалық  сипаттағы  қазақша  түрлі  көркем  ұғым-түсінік 
атаулары  беріледі.  Мысалы:  спорттық  бассейндерге  суға  қатысты 
Толқын,  Тұңғиық,  Мөлдір,  Айдын  т.б.;  күрес,  ауыр  атлетикаға  күш-
қуат  бейнелі  Алып,  Таусоғар,  Сомбілек  т.б.;  би  орталықтарына 
нәзіктік, сұлулыққа қатысты Сымбат, Талшыбық, Нәзік, Ағерке т.б.; 
3.  Мұражайлар,  театрлар,  саябақтар  атқаратын  қызметі  мен  ішкі 
мазмұны  бойынша  аталады:  Президенттік  мәдениет  орталығы,  ҚР 
Ұлттық  мұражай,  Жазу  тарихы  музейі,  Алматы  хайуанаттар  паркі, 
т.б.  3.  Кісі  есімдерін  беру,  бектіліген  тізім  бойынша,  мемлекеттік 
ономастикалық  комиссия  тарапынан  ұсынылады. 
Денсаулық  сақтау 
мекемелерінің атаулары: 1.Қазақстан Республикасының аумағындағы 
денсаулық  сақтау  мекемелер  атауының  құрамында,  өзі  орналасқан 
елді-мекеннің  немесе  қаланың  атауы,  атқаратын  қызметі  туралы 
ақпарат  қамтылуы  тиіс.  Мысалы:  Алматы  қалалық  жедел  және 
шұғыл  көмек  көрсету  ауруханасы,  Алматы  қалалық  адам  ұрпағын 
өрбіту  орталығы,  Қарағанды  мемлекеттік  медицина  академиясы, 
Астана  медицина  университеті.  2.  Атаудың  құрамында  денсаулық 
cақтау  мекемелерінің  түрлері  көрсетілуі  тиіс  (
дәріхана,  аурухана, 
емхана, емдеу орталығы т.б.). 3. Белгілі бір нысанға атау беру туралы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет