ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
12
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
категория, ал әлеуметтік жедел жаңару, сайып келгенде, әлеуметтік
фактор, ал, қандай да тіл болмасын, ол саяси өмірімізді ырықтандыру
барысында, әлеуметтік фактордың ықпалымен дамиды. Айта кету
керек, экономикалық фактордың да ықпалы өзінше мықты болады,
бірақ ол кейбір дамыған елдің өзінде кез келген тілге игілікті ықпал ете
бермейді (мысалы, экономикасы дамыған Канада, Америка Құрама
Штаттарында т.б. көптеген елдерде тілдік жағдаяттың үнемі күрделі
болып келуі осыны байқатады).
Білім беру бағдарламасы бойынша үш тілді білетін тұлғаны
тәрбиелеу стратегиясы белгіленді және оны жүзеге асыру үшін тиісті
дәрежеде қаржы қарастырылған.
Қазақстан білімді ел болса, оның негізгі білім алу (мамандық игеру)
тілі, әлбетте, қазақ тілі болуы тиіс, ағылшын, орыс тілдерінде де білім
алу дұрыс болады. Бірақ министрліктің қазіргі бұл тілдер жөнінде
ұстанған бағыты бұлыңғыр, ғылыми тұрғыдан күмәнді. Министрлікке
мәселені социолингвистикалық, психолингвистикалық тұрғыдан ғана
шешуге болатынын айтқан абзал.
Халықтық этномәденилингвистикалық ерекшелікті сақтау –
ғұмырлық іргелі проблема, оны шешу үшін этнос тілдің толыққанды
(бағалы) қолданысын қамтамасыз етуі тиіс. Ол үшін Қазақстанда
тілдердің білім саласында қоғамдық қызмет атқаруын күнілгері
жоспарлау керек. Бұл екі бағытта жүруі тиіс:
оқыту құралы – оқыту тілі;
оқу пәні (оқытылатын тіл).
Әңгіме мынада: қай тіл білім беру тілі болып белгіленсе, сол тілде
адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени және ой мен бой дамуы іске
аспақ, кәсіби біліктілігінің жоғары деңгейіне қол жеткізуді мақсат
ететін үздіксіз тәрбиелеу мен оқыту үдерісі жүреді. Мынаны да
ескеру керек: Елбасы қазақтың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-
жігерді жұмсау керектігін атап айтты, бұл аз болса, оның «Қазақстан
болашағы – қазақ тілінде» дегені және бар.
Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы алға тартқан
міндеттің сапында «білім беру процесін оқу-әдістемелік және ғылыми
қамтамасыз етуді жетілдіру» аталғаны баршаға белгілі. Осы орайда
бағдарлама бойынша, «мемлекеттік тілді басым дамыту» керек,
мемлекеттік тіл білім саласында да басым қолданылуы тиіс, ал бұл
қазақ тілін оқу-әдістемелік және ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді
және оны жетілдіруді талап етеді. Сондықтан да білім беру жүйесінде
қазақ тілін оқыту ерекше орын алады. Алайда кейінгі кезде білім
саласында ағылшын тілін оқыту мәселесі тәжірибе-сынақ түрінде
ерекше қойылған. Әлбетте, Конституциямыздың 19-бабына сәйкес,
«біздің елде әркімнің өз балаларын тиімді деп тапқан жерлерде оқытуға
құқығы бар».
Мемлекеттік білім бағдарламасында «№ 2 сыныптан бастап шет ел
тілдерін, информатиканы оқытуды көздеу» белгіленген еді. Енді, міне,
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
13
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ағылшын тілі балабақшада мұқият үйретіле бастады. Балабақшада
шет тілі түгілі, орыс тілін үйретуді керек дегеннің өзінде оны үйретудің
өзіндік ерекшелігі болады, оны ескеру шарт.
Қазақстанда ағылшын тілін тым ерте, 2-сыныптан бастап оқыту
көрініс беруде. Елімізде 32 мектепте ағылшын тілі эксперимент ретінде
оқытылады, оның үстіне 103 мектепте де ағылшын тілі сабағы шет
елдік оқулық бойынша жүргізіледі. Бұл не деген сөз? Бұл – оқулықта
Қазақстан тақырыбында ешқандай материал болмайды деген сөз.
Бұл мектептерде сабақ шет елдік бағдарлама бойынша жүргізіледі.
Бұл не деген сөз? Бұл – ағылшын тілі пәні бойынша меңгерілуге
тиісті білімнің, шеберлік пен дағдылардың мазмұны мен көлемін
айқындайтын құжаттың өзі ағылшын тілінде деген сөз. Оқу тілі, екі
бастан, шет ел тілі – ағылшын тілі.
Оқыту әдісі де мүлде өзгеше, шет елдікі. Әдістеме деген – оқытуды
жүргізу, қарапайымдылық, сабақтастық, көрнекілік ұстанымдарын
белгілеу ғылымы мен практикасы, олай болса, шет елдік әдістеме
мен отандық әдістеменің сабақтастығы болмайтыны, ал мұның қате
екендігін жасыра алмаймыз. Сабақ таза ағылшын тілінде жүрген
мектептерде бұл жалғанда қазақ халқы бар екендігі туралы бір сөз
болмастан өтуі мүмкін. Кейбір мектепте ағылшын тілі маманын да
шет елден шақыруға құлшыныс болады екен. Маманның тіл білгені
аз, әдіскер болуы шарт. Бір жолы (осы жолғы 16 наурыз күні) Білім
және ғылым министрлігі өкілі радиодан сөйлегенде, «бала ағылшын
тілінде қазақ тілінің әсерімен қате жіберсе, ол түзетіледі, сол арқылы
ағылшынша сөйлеу керектігін түсіндіреміз. Міне, осы арқылы ана
тіліне көмектесеміз» деген сияқты сөзін өз құлағымызбен естіп, таң
қалдық. Ағылшын тілі сабағы арқылы ана тіліне көмек береміз деген не
сөз? Міне, мұны мемлекеттік тілді назарға алмаудың, мойындамаудың
белгісі демеске амал жоқ.
Әңгіменің қысқасы: ағылшын тілі – біз үшін шет тілі, әлемде шет ел
тілі – өзге халықтармен байланыс тілі. Әсіресе, ағылшын тілі сияқты
«Ғаламдану тілі» болып есептелетін тілді қолдануда өте сақ болған жөн.
Тұлғаның негізі бала кезінде қаланады. Тілдік тәрбие негізі жас
ұрпақпен тұңғыш кәсіби педагогикалық жұмыс жүргізетін қоғамдық-
мемлекеттік формасы – мектепке дейінгі тәрбие мен жанұяда
басталады. Бұл екеуі басқа тәрбие түрлерімен қатар тілге де баулиды:
біріншіден, балдырған еліктейтін тілдік ортамен қамтамасыз етіледі,
оның еліктеп, әрекет жасауына, ана тіліне қызығуына, бейімделуіне
жағдай туғызылады. Екіншіден, кішкене балалар мектепке ауысқан
тұста оның санасына, тілдік санасына болашақ оқу тілі болатын тілге
деген құштарлығы қалыптасуы тиіс. Өкінішке орай, орыс тілімен
күрделенген қазақ балаларының тілдік ортасы кейбір жерлерде
ағылшын тілімен онан сайын күрделенуде.
Ана тілін білу дағдарысы жалпы білім жүйесіндегі тілге деген
келеңсіз көзқарастан, жанұяның бала тәрбиесінде әлеуметтік
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
14
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
мәртебесінің төмен болуынан (кей жағдайда оны бала тәрбиесінен,
тілдік тәрбиеден басын аулақ салуынан) туындайды.
Әлемдік тілдердің көлеңкесінде қалдырмас үшін, шет ел тілдерін
оқыту тілі – қазақ тілі болуы шарт.
Бұлай дейтін себебім сол – 2008 жылы 12 жылдыққа
көшу эксперименті 6 класты қамтиды. Бұл қанша бала? Қазақ тілінен
ада, таза ағылшынша оқытылатын бала аз болмайды, мұның үсті-
не қазір 19 мың азаматымыз шет елде оқитынын, бұдан былай жыл
сайын шет елдің жоғары оқу орындарына 3 мың азаматымызды оқу-
ға жіберу жоспарланған. 4551 баланы шетел асырап алды. Бұдан
басқа да қазақ баласының қазақ тілінен қақас қалатын жағдайлары
баршылық.
Қазіргі кезде күллі қазақ баласы арасындағы қазақша оқитын
қазақ баласының үлес салмағы қанша? Білім беру бағдарламасы
бойынша, «мемлекеттік тілде оқытатын мектептердегі оқушылардың
контингенті ұлғайып келеді. Егер 2000 жылы оқушылардың 52,1 %
-ы мемлекеттік тілде оқыған болса, ал бүгінгі таңда 54,8 %-ы оқиды».
Демек, бұл мәлімет рас болса, дәл қазір қазақ баласының 45,2 %-ы
ана тілінде оқымайды деген сөз. Бұған иланбасқа амал жоқ (біраз
бұрын күллі қазақ баласы арасында қазақ тілінде оқымайтындар 38
%-ды құрайтынын жазған болатынбыз). Міне, осы жәйттер жалғаса
берсе Жолдауда аталған қазақтың ана тілін оқуына, қазақ тілінің
мемлекеттік тіл ретінде Қазақстан халқының басын біріктіруші
фактор бола ма, бұған лингвистикалық, педагогтік мекемелер ерекше
назар аударуы тиіс болса керек.
Ендеше, министрліктің «қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқыту,
дамыту стратегиясын» жасауы шарт.
Тілді оқыту стратегиясы мазмұны тек лингвистикаға негізделмеуі
тиіс, жас ұрпақты заманға лайықты, ұлттық қасиетімізді сақтай
отырып тәрбиелеуге, бәсекеге қабілеттілікке баулу және азаматтық
болмысын сомдауға негізделуі керек. Бұл іске психолингвист,
социолингвист кеңінен тартылуы тиіс.
Егер министрлік тапсырма берсе, біздің институт ғалымдары
шағын уақытша жұмыс тобын құрып, сол стратегия негізін жасауға
атсалысар еді.
Елбасы атап айтты: «Бәрі де мектептен басталады. Сондықтан
біз 2008 жылдан бастап 12 жылдық жалпы орта білім беруге
көшіп, педагогтардың кәсіптік деңгейін, оқулықтар мен білім беру
бағдарламаларының сапасын арттыруға тиіспіз».
Елбасының күш-жігері, Жолдауда көрсетілгендей, «білім беруді,
кәсіптік даярлық пен әлеуметтік саланы XXI ғасырдың деңгейіне
көтеруге» бағытталған. Жолдауда «XXI ғасырда білімін дамыта
алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біз болашақтың жоғары
технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар
қорын жасақтауға тиіспіз. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
15
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
алысты барлап, кең ауқымда, жаңаша ойлай білетін осы заманғы
басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.
Барлық деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға
бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» деп атап көрсетілді.
Әлбетте, білімін дамыта алмаған ел болуымыз керек, бірақ әңгіме
білімді қай тілде дамытуда. Білімді өз мемлекеттік тілімізде дамыту
бір басқа, өзге елдің мемлекеттік тілінде дамыту – мүлдем басқа.
Кадрлар мен басқарушылардың (менеджерлердің) шетел тілін білгені
жақсы, бірақ мемлекеттік тілді жұмыс бабында (мысалы, қабылдауда,
өндірісте, іс жүргізуде) қолдана алатындай болуы шарт.
Жолдауға іле-шала Білім беру мониторингі жарияланды. Өзімнің
байқағандарым жөнінде жуырда Шымкентте іссапармен болғанда
педагогика ғылымының докторы Амангелді Жапбаров, сондай-ақ
Сандыбай, Амангелді, қарағандылық Мархабат, Жандос сынды
доценттермен, Айсұлу, Жанат сынды ұстаздармен пікір алыстым. Сол
пікір алысуда оқулыққа, қазақ тілін оқытуға байланысты мынадай
жәйттер атап айтылды. Олар:
1. Көптеген оқулықтар тілінің тартымсыздығы, әсіресе этно-
педагогикалық тұрғыдан баяндау тілінің нәрсіз болып келе беретіні;
1) Оқулық мазмұны мен тілінің этнопедагогика ғылымына сай келе
бермеуі;
2) Оқулық тілінің сөздерді жиілік сөздік ұстанымына құрылмауы;
Мұндай жағдайда сирек кездесетін сөз қолданылады да, ұғым
игерілмейді, сөз түсініксіз болып қала береді.
3) Күні бүгінге дейін I-XI сынып оқушыларының сөздік қоры
мөлшерінің белгісіздігі. Әр кластың сөздік қоры нақтылануы қажет.
2. Мектеп оқушысына арналған, оқушының деңгейіне лайықты
көптеген пән бойынша терминологиялық сөздіктің бола бермейтіндігі.
Айта кеткеннің артықтығы болмас, осы мәселелер Қазақ мемлекет-
тік қыздар педагогика институтының Тіл теориясы мен оқыту
әдістемесі және Қазақстан тілдері кафедрасының зерттеу нысаны
болып отыр.
Айталық, лексикаға оқыту деген – қазақ тіліне оқыту үдерісінің
құрамдас бөлігі. Бұл қазақ тілін, әдебиет және басқа пәндерді оқыту
сабақтарының барлық деңгейінде жүзеге асады. Лексикаға оқыту,
яғни оқушы, оны анықтау, активтендіру, оқушылардың негізгі
лексикологиялық ұғымдарды меңгеру, сөздіктерді пайдалана білу
дағдысының қалыптасуы үстінде жүзеге асады.
Әріптестердің тағы бір айтқаны сол – аудандық, облыстық,
қалалық білім беру бөлімдері штатында инспектор деген бар, олардың
әдістемемен шаруасы жоқ екен. Инспекторлардың көбі әдістеме
маманы болғандықтан, әдістемелік нұсқаулықтар (Ы.Алтынсарин
академиясында дайындалған, басқа оқу орнында дайындалғандар)
мектепке жетпейді екен. Әдістемелік көмек үшін қаржы бөлінбеген.
Озат тәжірибе насихатталмайды, пайдаланылмайды.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
16
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Білімнің негізгі бір міндеті – практикалық қызметке дайындау.
Алайда білім практикалық жұмыс тәжірибесін бере алмайды, себебі
оқыту деген практикалық қызмет емес. Практикалық қызмет
тәжірибесін беру үшін білім технологияларды таңдайды, сақтайды,
соларға үйретеді, практика саласына жол ашады.
Оқу гомилетикасы (педагогтік шеберлік) – мұғалімнің дидактика
мен әдістемені пайдалана отырып, сабақ берудегі дара шеберлігі,
түсінікті, қысқа сөйлей алу ептілігі, пән бойынша сөйлесе алатын,
білім мен ептілікті бағалай алатыны, білім мен қабілетті сыйлауда жеке
үлгі көрсете алатындығы.
Бұл жәйттер білім беру мониторингінің жыл сайынғы нәтижелері
қорытындылайтын құжат – Республиканың білім беру жүйесінің
жай-күйін бағалайтын ұлттық баяндама рәсімделер тұста ескерілуі
тиіс-ау деп ойлаймын. Бұл мониторинг осы сияқты фактілерді
айқындау, ұйғарымдарды ескеріп, біз айтқан ұстанымарды ескерсе
керек.
«Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыруды жалғастыра беру де
стратегиялық бағыт – Елбасының атаулы тапсырысы. Бұл бағдарлама
қазақ тілін дамытуға тікелей жағдай туғызушы фактор. Қазіргі заман
мәдениетін жан-жақты дамыту бөгде тілде емес, мәдени мұра тілінде
болуы шарт.
Қазақстанның мәдениеті жергілікті халықтар тілі арқылы жетіледі,
білім саласындағы мемлекеттік саясат пен оның ұстанымдары сол
тілдерде жүзеге асады, білім беру саласындағы қоғамдық қатынастар
да сол тілдер арқылы реттеледі. Мемлекеттік тіл болса да, ол мәдениет
саласында үш жақты, яғни ауызша, жазбаша және электронды
формада да қызмет етуі тиіс.
Елбасы жүзеге асқан бастамаларды баяндай келе, «еркін ұлт
жасақтау жолында алға жылжуымызға қажетті берік негіз қаладық»
деді. Әлбетте, еркін ұлт болу үшін оның белгілі дәрежеде тілдік сана-
сезімі болуы шарт, ол үшін ұлт төл тілінде дамыту аса ана тілінен
безген, өзге ұлт тіліне телмірген ұлт еш уақытта еркін бола алмайды.
Сонымен қатар Жолдау бойынша: «біз ұлтына қарамастан, әрбір
қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін
еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз». Ерікті қоғам
өзге қоғамның тіліне тәуелді болмауы тиіс.
Еркін қоғамның еркін ұлты ана тілі уызына жарыған адамдардан
құралмағы керек. Жапон ғалымдары оқулық ұлтты қалыптастырады
деп есептейді. Ендеше, біздің төл оқулықтар еркін ұлт дайындауға
жарай ма? «Жарайды» деу үшін көптеген оқулықты жақсарта түспек
керек. Ендеше, әлемдік деңгейдегі оқулықтармен иық түйістіретін
оқулық жазу да стратегиялық бағыт.
Мемлекеттік тілді барша қазақстандықтарды біріктіруші факторға
айналдыру өзге ұлт тілінің есебінен болмайды, өзге ұлт біткен өз
тілімен қатар мемлекеттік тілді меңгеріп, ұлттық қазақ-қостілділігін
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
17
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ауқымдандыруы тиіс. Мемлекеттік тілмен бірге қостілділік болу
– әлеуметтік сұраныс. Мемлекеттік тіл – бұқаралық сипат алған
қостілділіктің қатарында емес, біріншіде тұруы шарт.
Ғаламдандыру жағдайында мемлекеттік тіл, орыс, ағылшын
тілдерінен тұратын үштілділікті дамытудың қажеттілігі айдан анық.
Бірақ қазақстандықтар өз елінде ғаламдандыру тілін тежеу үшін
үштілділікті мемлекеттік тіл негізінде дамытуы шарт.
Жолдау тұрғысынан алғанда, мынаны ескеру керек, кез келген
тәуелсіз мектептің іргетасы (фундаменті) – еліміздің мемлекеттік тілі.
Осы XXI ғасырдың басында тіл білімінің беделді маманы саналатын
Дэвид Кристал дегеннің «Англиский язык как глобальный» деген
кітабы орыс тіліне (2001) аударылып шықты. Сол кітап осылай аталады
да, былай аяқталады: «...англиский в той или иной его форме может
навсегда стать языком международного общения для мирового
сообщества» (235-бет).
Менің екі ұсынысым бар: 1-ұсынысым: ағылшын тілін оқыту керек,
бірақ баланың жасына қарай оқыту деген педагогика қағидасына сай,
әлемдік психолингвистика ғылымы жетістіктеріне арқа сүйей отырып
оқыту шарт. 2-ұсынысым – қазақ тіліне деген сұраныстың бар
екендігін, бірақ ол сұраныстың орыс тілінде өтеліп келе жатқанын барша
жұрт білуі тиіс. Сұраныс қазақ тіліне болғандықтан да Президентіміз
«Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының
бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан
әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деп отырғанын
және бұл қазақ қана емес, күллі елдің сұранысы екенін ұмытпаған
мақұл.
Тәуелсіздік туы желбіреген Қазақстанның тілдік өркендеуі –
мәртебелі міндет. Жедел жаңару жолындағы жаңа ғасырдың алғашқы
5 жылдығында адамзаттың білім-тәрбие сияқты әлеуметтік ауқымы
кең мәселелерін көтеру, оны шешу орайында ой бөліскен жөн болса
керек. Қазақ қауымының (аз қазақты қақ жармайық, «жаңа қазағы»
және бар) бүгінгі жас ұрпақ тәрбиесі, жігерлі де білікті жастарды
тәрбиелеу әр пәнмен ұштастырылуы тиіс.
Бала тәрбиесі босаңсымауы тиіс. Оның бойына тектілік, даралық,
қасиеттілікті дарыту, сіңіру, жетілдіру керек деген сөз – дұрыс сөз.
Біздің елімізде бәсеке тіл саласында да кеңінен көрініс беруде. Тілдік
бәсеке – орыс, қазақ тілдерінің бәсекесі тұрмыс пен жанұядан бастап
мемлекеттік аппаратқа дейін дендеген. Қай деңгейде болмасын, қазақ
ұлты өзінің әлеуметтік қарым-қатынастық кеңістігінде өз тілінің
өрісін кеңітері күмәнсіз. «Шешінген судан тайынбайды» демекші, тілі
үшін күрестен тайынбайды. Қазақ есесін ешкімге берген емес, ана
тілі майданында белсенді белдесуге шығады. Қазақ тілін өркендету
өзекті міндет болып тұрған заманда қазақ тіліне ден қою керек, оған
деген көзқарас түбегейлі өзгермек керек. Сонда ғана қазақтілділер
өркөкірек орыстілділердің өрекпіген тегеурініне төтеп беріп,
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
18
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
қасқайып қарсы тұра алады. Айта кеткен абзал, Тіл Заңының 5-бабын
ғалым С.Әбдіманапов дұрыс түсінген: «Қазақ тілі орыс тілімен тең
қолданылады» деп тұрған жоқ. Заңда, мен куәмін, орыс тілі «ресми
тіл» болып, мемлекеттік тілдей ашық айтылмайды, Қазақстандағы
күллі тіл ішінде мемлекеттік тілден басқа бір ғана өмір саласында –
мемлекеттік мекеме саласында ресми қолдануға болатын бір ғана тіл
ретінде көрсетілді. Ғалым дұрыс айтады: «Бір белең алып отырған
құбылыс – қиындықтан қашып, сылтау айтуға дайындалу, мәселені
шешудің сындарлы жолынан күрделісіне қарай ойысу. Осы түсінік-
таным қазақ тілін аударма тұтқынында ұстап отыр».
Қазақ үшін нарықтың нөпір мәселесін шешудің әзірге жалғыз аяқ
жолы – заң көшін пайдалану болып тұр, тоқсан жолдың торабына
шығар даңғыл жолы қайсы? Ол – заң жолы.
Қазақ тілін білуді талап етпесек, оны кәсіби талап деп өзгені
ұғындырмасақ, не өзіміз ұқпасақ, қазақ тілі елімізге ортақ тіл
болмайды, біріктіруші факторға айналмайды. А. Айталы депутат дұрыс
айтады: «Қазақ тіліне ұйытқы болу өзге ұлттың емес, тек қазақтың
ғана мойнындағы зілбатпан жүк». Біздіңше, мемлекеттік тілді
біріктіруші факторға айналдыру үшін қазақ тіліне қазақтың ұйытқы
болуы аз, қазақ тіліне күллі халық, барлық ұлт өкілдері ұйытқы болуы
шарт. Ол мемлекеттік қызметте жұмыс бабында қолданылатын негізгі
тілге айналса, бұл тілді білу кәсіби талапқа айналар еді. Тиісті құжаты
(правасы) болмаса, машина руліне отыруға ешкімге рұқсат жоқ, ал
мұны (праваны) талап ету – кәсіби талап қою, сол сияқты, өткен
ғасырдың 20-жылдары 42 мамандық бойынша қазақ тілін білу кәсіби
талап болды, бүгін неге сол талап қойылмасқа. Кәсіби талапты адам
құқығын шектеумен шатастыруға болмайды. Демек, мемлекеттік тілді
білуді талап ету – адам құқығын әсте шектеу емес, қазақ тілін білдіру
арқылы күллі ұлт ұланының кәсіби қызмет бабында өсуіне қазақпен
бірдей қолма-қол жағдай туғызу болады.
Мемлекеттік тілді жұмыс бабында қолдануды құр талап етпей,
оны жоғары мектепте жақсылап оқып-үйрету керек, бірақ бұл
да жеткіліксіз, оны (мемлекеттік тілді) оқытуды мектепте жоғары
дәрежеде қоя білу керек. Мысалы, аттестат алу үшін қазақ мектебін
бітіргендер орыс тілінен жазба жұмыс тапсыратыны сияқты, орыс
мектебін бітіргендер қазақ тілінен жазбаша емтихан тапсыруы керек.
Мектеп пен жоғары оқу орындарында қазақ тілін жаңа бағдарлама,
жаңа әдістемемен оқып шыққандар мемлекеттік қызметті қазақша
жүргізу мен депутат болу үшін мемлекеттік тілді білу талабын
қалтқысыз көңілден қабылдар еді.
Басшымыз Н.Ә.Назарбаев өзінің өткен жылғы Жолдауында
«Енді 20-25 жылдан кейін мемлекеттік басқарушылардың жаңа
ұрпағы «Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының»
қорытындысын шығарып, біздің әуел бастағы әлеуетімізді және
өзгерістердің нәтижесін елеп-екшер болса: «шынымен солай болды ма
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
19
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
екен», - деп таң-тамаша қалары анық» дейді. Илләһи, сарапшы жаңа
ұрпақ Қазақстан халқының басын біріктіріп, ортақ тілге айналған
мемлекеттік тілі жөнінде ширек ғасырдан кейін «шынымен қазақ
тілінің халі сол кездерде солай болды ма екен» деп таң-тамаша қалса
игі!
Жолдау деген не? Жолдау – барымызды бағамдап, жоғымызды
түгендеуге жігерлендіруші, ілгері ұмтылысқа бастаушы ұлағатты сөз.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» сол – Елбасы негізін
салған Қазақстанның тілдік даму стратегиясы мемлекеттік тіл
бастаған тіл керуенін дамудың даңғылы – Жібек Жолына түсірді.
Тілдік даму стратегиясын жүзеге асыру – аса күрделі мәселе, бұл
құр лингвистикалық қана білім емес, әлеуметтіклингвистикалық,
психолингвистикалық біліктілікті талап етеді. Осыны Тіл комитеті
мұқият ескерсе екен, ескере отырып, жаппай социолингвистикалық
зерттеу негізінде мемлекеттік тілді дамыту стратегиясы мен тактикасын
жасаса – керегі сол. Бұған біздің институт атсалысуға дайын.
ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫҢ
20
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қ
азақ тілі – түпкі түрін сақтаған байырғы тіл. Қазақ тілі
ғайыптан пайда болған жоқ және оқшау жаратылған тіл емес.
Оның шыққан ататегі бар. Қазақ тілі түркі тілдері деп аталатын алып
бәйтеректің аса бір ірі тармағына жатады. Бір негізден өрбіп, түркі
ата тілінен тарағандықтан, әзербайжан, балкар, башқұрт, ғағауыз,
қазақ, қарақалпақ, қарайым, қарашай, құмық, қырғыз, ноғай, өзбек,
саха (якут), татар, тофалар, туба, түрік, түрікмен, ұйғыр, чуваш,
хакас тілдері түркі тілдері деп аталады. Қазақ тілінің түркі тілдерімен
туыстас болатын себебі
ай, тәңір, көк, жер, су тәрізді есімдер, бас, тіз,
көз, қол, аяқ тәрізді дене мүше атаулары, ақ, қара, көк, сары, қызыл
тәрізді сын есімдер, ондық, жүздік, мыңдықты білдіретін сан есімдер,
бар, кел, жүр, ұш, отыр, тұр, жат тәрізді етістік, апа, қарындас, ата,
келін, қайын ата, т.б. туыстық атаулар ортақ болып келеді. Өмірлік
мәні бар мұндай атаулар, әдетте, ауыс-түйістікке жатпайды, сондай-
ақ олар түркі тілдерінің бір негізден, бір ата тілден тарағандығының
белгісі болып табылады. Грамматикалық шақ, жақ көрсеткіштері мен
негізгі септіктердің түркі тілдеріне ортақ болып келуі – олардың
бір ата тілден тарағандығын, туыстығын көрсететін ең сенімді тілдік
деректер.
Туыстығы жағынан қарақалпақ, ноғай, өзбек тілінің қыпшақ
диалектісі, сондай-ақ, татар, қырғыз тілдері қазақ тіліне ең жақын
Қазақ тілі қандай тіл?
Достарыңызбен бөлісу: |