СӨЗ ТӨРКІНІ
55
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
іліміздегі барлық сөздің, жалқы есімнің өз тарихы, өз
этномәдени мазмұны бар. Күнделікті өмірде біз сөзді, жалқы
есімді қолданғанда, кәдімгі тілдік таңба ретінде қабылдаймыз да,
оның тарихын, этимологиясын елеп-ескере бермейміз. Көптеген
ғалымдардың жалқы есімді «жай ғана таңба» деп бағалауы,
кумулятивтік қабілетіне назар аудармауы, осы ажыратушы, бағыт-
бағдар беруші қызметіне қарап айтылған пікірлер болып табылады.
Жаратылысынан уәжденбеген сөз немесе атау болмайды. Тек
кейбір атаулардың уәжі(мотиві), аталу себебі (этиологиясы) уақыт
өту барысында көмескіленіп, өшіп кетеді. Ал ол мағына уәжге, уәж
атау берілген нысанның ерекше бір белгісін анықтауға алып келеді.
Ендеше сөздің этимологиясын іздеу, сайып келгенде, дүниедегі зат
пен құбылысты зерттеу болып шығады. Бұл жағынан келгенде, тіл
біліміндегі «Сөздер мен заттар» мектебінің ұстанған бағыттары дұрыс
екенін мойындамасқа болмайды.
Жекелеген бір атау археологиялық қазбадан табылған сирек
экспонат, артефакт болып есептелетіндіктен, жер-су аттары аялап
Кейбір
макротопонимдердің
этимологиялары
Бердібек БИЯРОВ
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ
қауымдастырылған профессоры,
филология ғылымдарының кандидаты
СӨЗ ТӨРКІНІ
56
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
сақтауды қажет етеді. Топонимдерді реттеу барысында, атауларды
ауыстыру кезінде тарихи топонимдерге ерекше мән беру керектігі
осыдан келіп шығады. Байырғы атаулардың құндылығы да сонда,
оларды қандай атақты адамның атына, қандай әдемі сөзге де
айырбастауға болмайды.
Мақаламызда
әртүрлі
пікірлер
туғызып
жүрген
кейбір
макротопонимдердің этимологияларына қысқаша шолу жасауды
мақсат еттік.
АЛТАЙ - таулы қырат, Шығыс Қазақстан облысы. Түркілердің
атамекені болған көне Алтай қазір Орыс Алтайы, Моңғол Алтайы,
Қазақ Алтайы деп бөлініп кеткен. Алтайдың үштен бірі ғана
Қазақстанның үлесінде. Қазақ Алтайы өз ішінде Өр Алтай, Кенді
Алтай болып Ертіс өзені арқылы екіге бөлінеді. Оларды Қалба
жотасы жалғастырып тұр. Алтай оронимі (тау аты) туралы көптеген
пікір бар. Мәселен, В.В.Радлов
ал (биік)+тайга (орманды тау)
деген сөздерден шығарса, Э.М.Мурзаев, В.А.Никоновтар «ала тау»
мағынасымен байланыстырады. М.Рясянен
ал+той «алып тау» десе,
Е.Жанпейісов
ал сөзі «үздіксіз, тізбектелген» мағынасын береді дейді.
Ғалымдардың көпшілігі бұл атаудың негізінде
алтын сөзінің жатқанын
мойындайды (Б.Я.Владимирцов, Э.В.Севортян, Г.Дерфер, Г.Рамстедт,
Г.Вамбери, А.Щербак, А.Әбдірахманов, Ғ.Қоңқашпаев, Т.Жанұзақов,
т.б.). Оның ішінде Ғ.Қоңқашпаевтың келтірген дерегі дұрыс деп
есептейміз. Моңғ.
алт (алтын)+тай (туынды сын есім жұрнағы), сонда
Алттай>Алтай «алтынды» болып шығады. Біздің қосарымыз академик
В.В.Бартольдтың «Алтай оронимі кейін шыққан тәрізді» деген пікіріне
сүйеніп, Алтай атауының көне түркі тілінен монғол тіліне аударылған
атау екенін ескерту. Өйткені, Орхон жазбаларында Алтын йыш
(732-735жж.), Қытайдың «Таншу» жылнамасында Алтынтағ (647ж),
Моңғолдың «Құпия шежіресінде» Алтынтау (XIII ғасырдан бері)
түрінде көрсетіледі де, Алтай атауы кездеспейді. Түркілік атауды
монғолдар жаулап алғаннан кейін, өз тілдеріне аударып атаған тәрізді.
Ал мағынасы сақталып қалған. Жаулап, отарлап алған елдердің тілі
келмегендіктен, немесе әдейі саясатпен жер-су аттарын өзгертуі
тарихта бар оқиға.
АРЫС – Оңтүстік Қазақстандағы өзен.
Арыс гидронимін
С.П.Толстов, А.Н.Бернштам көне
арси этнонимімен салыстырады.
В.Н. Попова атаудың бірінші сыңары үндіевропа тіліндегі
ар «су»,
«өзен» мағынасын беретін сөз дейді де, екінші сыңары
ас «су», «өзен»
мәніндегі кең тараған гидроформант дейді [1; 66]. Ә. Байбатша
арыс
сақ тайпаларының бірінің аты екенін айтады [2; 42]. Б.А. Байтанаев
ортағасырда осы өзен бойында салынған
Арсубаникет қаласының
атындағы
ас сыңары түрк. су болып калькаланатынын айтады (ар+су).
Сонымен бірге XIV-XVI ғасырларда Арсубаникет
Қарасман (Қараспан)
аталғанын және А.М.Щербактың
Арас, Арсу, Һарас>Карас нұсқалары
болған деген пікірін келтіреді [1; 66].
СӨЗ ТӨРКІНІ
57
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Зерттеушілердің барлығы
Арыс гидронимінің екі сыңары да
«су», «өзен» мағынасын беретінін мойындайды, бірақ екі сыңары да
бірдей мәнде тұратын топонимдер күдік тудырады. Біздің ойымызша,
атаудың бірінші сыңары
ар көне түркі тіліндегі «таза», «мөлдір»
мағынасында тұр «ару, аршу сөздері секілді) [3; 171]. Ал екінші сыңары
ыс/іс/с фин-угор, түркі тілдерінде «су» мағынасын беретіні дәлелді.
Сонда
Арыс «таза, мөлдір су» мәнді гидроним болғаны. Кейінгі атауы
Қарасман<Қарас та бұл пікірді нығайта түседі, өйткені қаз. қара «таза,
мөлдір»+
ас «су» екені белгілі. Қарасу аталған өзендердің барлығы
дерлік мөлдір сулы болып келетіні біздің алдыңғы зерттеулерімізде
дәлелденген еді [4; 94]. Арыстың басқы ағысы, тіпті болмағанда
Ақсу өзені құятын жерге дейін, таза болуға тиіс, өйткені Ақсу атты
өзендердің көбінесе лайлы болып келетіні тағы рас.
БЕРЕЛ - өзен; е.м. ШҚО, Катонқарағай ауд. Күні бүгінге дейін
Берел топонимі туралы «бергі ел» мағынасында-мыс деген халық-
тық этимологиядан басқа ғылыми болжам не нақты пікір айтылмай
келеді.
Мағынасын ашу қиынға соғатын
Берел гидрониміне біз профессор
Г.Шухардттың «заттан сөзге қарай» деген принципіне сүйеніп,
географиялық нысаннан (өзеннің өзінен) бастап бардық. Берел өзені
басын Мұзтаудан алып, Бұқтырма өзеніне құятын шағын тау өзені.
Оның көзге бірден түсетін басты ерекшелігі – суының, әсіресе жазда,
сүттей ақ болып ағуы. Суға ақ түс беретін Мұзтаудың ақ балшығы
екені анықталған. Түсіне қарап жергілікті тұрғындар
Ақбұлқақ деп
атайды: Ақбұлқақ < Ақбұлғақ «Бұқтырманың мөлдір суын ақ түске
айналдырып, бұлғайтын, лайлайтын өзен» мағынасында қолданады.
Саяхатшы-ғалымдар Белая Берель түрінде картаға түсірген.
Атау беруші (қай тілде болса да) өзеннің бұл ерекшелігін байқамауы
мүмкін емес. Осы ойдан келгенде, Мұзтау атауын берген сақтар не
ғұндар, не түріктер
бор (боз) «ақ, сұр» анықтауышын пайдаланған да,
Борел (мұндағы ел, ыл, іл өте көне дәуірде «өзен», «су» гидротермині
болған: Елек, Іле, Ойыл, Қиыл т.б.) атауын жасаған секілді.
Борел түркі
тілдеріне тән үндестік заңына байланысты кейінді ықпалға ұшырап,
Борел>Бөрел>Берел тұлғасын қабылдайды. Сонымен
Берел «ақ, сұр
түсті су, өзен» мағынасында тұр деуге негіз бар. Ал түркілердің ұрпағы
қазақтар көне атау Берелдің мәнін ұқпаған соң, кейін атаудың уәжін
сақтай отырып, Ақбұлқақ деп қайыра ат берген сыңайлы.
ЕРТІС - өзен. ШҚО, Павлодар обл. Ертіс гидронимі туралы ертелі-
кеш айтылған пікірлердің ұзын-ырғасы мынадай:
1. М.Қашқари (XI ғ.): «Ертішті – бәсекелесіп өтісті; бәстесіп өтісті
... Ертішүр – ертүшмек – Бәске өтісер – бәске өтіспек» деген
мағынасын келтіреді. Ғалымдар бұл пікірді халықтық этимология деп
тапты.
2. П.П.Семенов-Тянь-Шанский: «Иртыш – қырғыз (қазақ) тілінде
ир – «жер» + тыш (тіс) – «қазу» түріндегі сөздерден біріктіреді.
СӨЗ ТӨРКІНІ
58
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
3. В.В.Бартольд: «
Артуш (эртюш) «адам (ер), төмен түс» мағынасын
Гардизидің пікіріне сүйеніп барып айтады.
4. А.П.Дульзон: «Кет.
ир+сес «өзен+өзен» > Ирчис сөзінен
өзгерген», - дейді.
5. Э.М. Мурзаев: «Көне түркі.
ир.; қаз. иірім, түрік. ирмок «өзен»,
өзб.
ирмок «өзеннің сағасы» + кет. сес, шеш «өзен» сөздерінен
жасалған болуы керек дейді.
6. Р.Рамстедт: «
Ертіс – «қатал, ашулы, тасқынды», - мәнінде тұр
деген көзқарасты келтіреді.
7. А.Әбдірахманов «Түрік.
ир > ер «иір»+кет.сес//шеш//тес//
тыш «өзен,су» > Ертіс, яғни «иір өзен», - деп шешеді.
8. А.К.Матвеев, В.И.Попова т.б.: «
Ар//ер «су, өзен» +тыш // тіс,
сес, ас, ес «су, өзен» тұлғаларынан біріккен дейді.
9. Т.Жанұзақ: «
jer «жер» + тіс < іс «өзен», яғни Ертіс «жер суы»,
«жерден шыққан өзен» маынасын беріп, Қарасу атауына сәйкес
келеді», деп шешеді.
Келтірілген болжам-пікірлердің бәрін де құптай отырып, олардағы
негізгі мәселе Ертіс атауының құрамындағы «т» дыбысында тұрғанын
байқау қиын емес. Барлық келтірілген анықтамаларда «т» екінші
сыңарға таңылып отырады: тыш//тіс. Ал көне түркі, бірқатар
үндіевропа елдерінде «өзен, су» мәнін беретін көне тұлға ас/ес, ыс/іс,
с болса керек еді. Тағы бір қателік мынада: ғалымдар өзеннің орысша
аты
Иртыш-тан бастап талдайды да, ең басынан қателеседі. Өзен
ежелгі заманнан Ертіс деп аталатынын естен шығарады.
Біздің болжам-пікіріміз бойынша, Ертіс атауы өте көне гидроним
болғандықтан (профессор Т.Жанұзақтың айтуынша, Ертіс атауына
кем дегенде екі мың жылдан асады), бір буынды үш сөзден тұрады.
Атап айтқанда, Ер + іт +іс >Ертіс. Мүндағы
ер түбірі көне түркі.
ериш/еріс Э.В.Севортян сөздігінде «основа ткани», «горизонтальные
жерди, вставляемые между вертикальными стойками при плетенки
стен амбара» сөзінде кездеседі. С.Аманжоловтың монографиясында:
«
Еріс (иіріс): арқау (основа в ткани). Ильм., 58» түрінде түсінік беріледі
[5;478]. Бұл сілтемелерден көріп отырғанымыздай
ер синкретті
түбірінің тағы бір мағынасы «көлденең» семасын береді екен.
Ал
іт/ыт/өт/үт «өтетін», «ағатын» етістігін құрайтыны белгілі
және
ыс/іс «су, өзен» сөзі екені де баршаға мәлім. Сонда Ертіс < Ер
«көлденең» +
іт «өтетін, ағатын» + іс «өзен, су» болып шығады, яғни,
жинақтап айтқанда, Ертіс «көлденең ағатын өзен» деген мәнде тұруы
мүмкін.
Атауға негізгі уәж болған оның Алтайға баратын, Алтайдан
шығатын құрлықты көлденең кесіп өтуі. Көне түркілер «Алтын тауын
асып, Ертіс өзенін кешуге» мәжбүр болады. М.Қашқари сөздігінде
келтірілген мысалда:
«Ысытатын аптап қапсырды
Үміт артқан адам жауықты.
СӨЗ ТӨРКІНІ
59
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Ертіс суын кешпекші,
Содан халық сескенді», - деп Ертістен өтуге үлкен мән беріледі [6;
186]. Ұзындығы 4,5 мың километрге жуық, ені 100-120м өзенді кешіп
өте алмаған керуендер өзенді бойлап, оның басын (Моңғол Алтайын)
айналып өтуге тура келген [7;71].
ҚАЛБА – тау жотасы (1606 м). ШҚО. Қалба оронимінің
этимологиясы туралы мынадай үш түрлі пікір келтіруге болады:
1. Қалба – түркі.
қалбағай «жалпақ»; эвенк. калбин «кең», мәнжүр.
кальфан «жалпақ»; моңғ. халбағар «кең», «жалпақ», халбага «қасық»
сөздерімен ұялас келіп, «жалпақ тасты, аласа тау» мағынасын береді.
Таудың өзі де текшеленген, қатталған жалпақ тастардан тұрады.
2. Сонымен бірге, тұңғыс-мәнжүр.
колбо/холбо «жалғасу»,
«қосылу»; моңғ.
холбо «жалғастыру», «байлау»; түркі. қосу
(В.И.Цинциус //Алтайские этимологии,1984,92-93) сөзінен
Қолба >
Қалба «Өр Алтай мен Батыс (Кенді) Алтайды жалғастырушы, қосатын
тау жотасы» мағынасына да келеді.
3. Қалба «Allium ursinum, род дикого лука, черемша (Даль, 2,77;
Фасмер, 2, 165; Радлов 2,270)» мәнінде орыс тіліне енген түркизм
түрінде көрсетіледі [8;154]. Шығыс Түркі тілдерінде
қалба «жабайы
сарымсақ» сөзі қолданылады.
Қытай жазбаларында ғұндар мекендейтін солтүстіктегі, батыстағы
бірнеше тау
Цунлин «луковый хребет» деп аталатыны және ғұндарды
«жабайы тау сарымсағын жейтіндер» деп атағаны кездеседі [9; 204-
205]. Сол сарымсақты тау осы Қалба тауы болуы мүмкін.
Бір ғажабы бұл үш этимология да Қалба тау жотасының негізгі үш
түрлі ерекшелігін дәл басып көрсетіп тұр. Бірақ қайсысы атау болып
бізге жеткенін анықтау қиын, өйткені Қалба тауының жалпақ тасты
болып келетіні, оның Өр Алтай мен Батыс Алтайды жалғап жатқаны,
тауда жабайы сарымсақ пен рауағаштың қалың өсетіні де ақиқат-
шындық.
Топонимжасам тарихында осындай жұмбақ жағдайлар да кездесіп
тұрады.
МАҢҒЫСТАУ – түбек. Каспий теңізі. Маңғыстау топонимі туралы
бүгінге дейінгі айтылып келген пікірлер мыналар:
1. М.Қашқари сөздігінде
Маңқышлақ тұлғасында берілген, бірақ
мәні түсіндірілмеген [2;147]. Түркімен тіліндегі
қышлақ қазақша
қыстақ=қыстау болып өзгеретіні белгілі.
2. А.Вамбери: ман «мың» + қыстақ, яғни Мыңқыстақ деген мағына
шығарады [2;147].
3. Ғ.Мұсабаев: ман «қой» + қыстақ, яғни Қой қыстауы деген
сөздерден жасалған деді.
4. А.Әбдірахманов: маңғыш/маңғыс «жыртқыш жануар аты» + лақ
«көне жұрнақ» деп тұжырым жасады.
5. А.А.Семенов: минк «этноним» + кишлак, яғни Минктер қышлағы
деген пікір ұсынды.
СӨЗ ТӨРКІНІ
60
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
6. С.Атаниязов: маң «бекініс» + қышлақ «тұрақ», яғни Бекіністі
тұрақ деп қорытынды жасады.
7. Ә.Нұрмағамбетов: маңғыс «көкқасқа шегіртке» + тау, яғни
Шегірткетау болуы мүмкін деді.
8. Т.Жанұзақ: ман иран тілінде «тұрақ, аялдама жер» + қыстақ,
яғни Тұрғынқыстақ деуге келеді дейді [2;148].
Біздің ойымызша, атаудың екіші сыңары түсінікті: қышлақ>қыстақ>
қыстау. Ал бірінші сыңары
ман қазақтың маң «маңай» сөзі екені көзге
де, көңілге де ұрып тұр. Ендеше Маңғышлақ>Маңқыстау >Маңғыстау
атауының этимологиясы «теңіздің маңындағы қыстау» деген қарапайым
мағына береді. Ертедегі адамдар атау жасауға қарапайым сөздерді
қолданған, ал, біз, оны өзіміз күрделендіріп алып, дәл мағынасынан
қиыс кетіп жатамыз. Келесі атау да бұл сөзімізге дәлел бола алады.
МАРҚАКӨЛ - көл, ШҚО. Халық аузындағы бір аңыз көл орнындағы
бір аңғарға қап-қара марқа қозы түсіп кетіп, соны шығарып алғаннан
кейін, орнында аяқ астынан үлкен көл пайда болыпты-мыс деседі.
Сондай-ақ көл атының осылай аталуын жалайыр тайпасының марқа
руымен байланыстыру да бар (Е.Қойшыбаев, Т.Жанұзақ). Бұның
бәрі шындыққа жанаспайтын жорамалдар. Ғылыми этимология
бойынша Алтай тауында қар суынан жиналатын көптеген көлдердің
«үлкені, марқасы» деген мағына береді. Салыстырыңыз: марқа қозы.
Марқакөл - «үлкен көл» деген атау екені дау туғызбаса керек. Алматы
облысындағы Марқатау да осы жолмен жасалып тұрғаны анық.
МҰҒАЛЖАР - тау. Ақтөбе облысы. География ғылымы табиғи
нысанды сипаттап, зерттеп беру арқылы, сөз жоқ, тілші-ғалымдарға
тілдің аясынан тыс, бірақ аса қажетті мәліметтер береді. Мәселен,
тілші
Мұғалжар оронимінің мағынасын анықтау үшін, ол тауды барып
көруі керек, болмаса географиялық сипаттамасына сүйенуі керек.
Топонимика кешенді ғылым болғандықтан, тек тілдік тұрғыдан ғана
қарастырып, сыртынан тон пішу ғылыми әдіске жатпайды. Сонымен,
Мұғалжар тауының географиялық сипаты мынадай: «Мұғалжар Орал
тауының оңтүстігінде, Қазақстан жеріндегі табиғи жалғасы болып
табылады. Мұғалжар тауының Орал тауынан айырмасы – оның
шығыс беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік болып келеді... Мұғалжар
оңтүстікте төбелері тегіс аласа қырқаларға және жеке дара тұрған
Шошқакөл таулы бұйратына жалғасады. Сарыарқа сияқты Мұғалжар
да шөгінді және магмалық жыныстардан түзілген ежелгі таулы өлке
(астын сызған – біз)» [10; 63].
Тілдік тұрғыдан келгенде, атаудың бірінші сыңары «
мұқ/моқ>моқал-
комалый (тұқыл, мұқыл)» [3; 238] туынды түбірі «мұқалған, мүжілген»,
«аласа» мағыналарын береді. Ал екінші сыңары кәдімгі
жар (жарқабақ)
сөзі
тау орографиялық терминін ауыстырып тұр, өйткені таудың шығыс
беткейі көлбеу де, батыс беткейі тік (жарлы) болып келеді.
Сонымен,
Мұғалжар<Мұқалжар (Моқолжар) оронимі «аласа,
мұқыл, мұқыр жар(тау)» деген ұғым тудырады демекпіз. Атауға уәж
СӨЗ ТӨРКІНІ
61
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
болып тұрған екі белгі бар: бірі – оның мүжілген, ескі тау екені,
екіншісі – таудан гөрі жарға ұқсауы.
ОРАЛ – е.м.(қала). БҚО.
Орал оронимі туралы көптеген көзқарас-
тардың ішінен екеуін екшеп атауға болады: 1) Ғ.Қоңқашпаев пен
А.Әбдірахманов келтірген
Орал қаз. «белдік тәрізді орап, оралып
жатқан тау» мағынасы. Таудың оңтүстіктен солтүстікке қарай белбеу
(белдік) секілді созылып жатуы бұл пікірге негіз болған. 2) Белгілі
топономист-ғалым А.К.Матвеевтің «таудың әуел бастағы аты –
Арал,
оны башқұрттар өзгертіп, өз тіліне бейімдеп айтады» деген тұжырымы
[2;156]. Бұл тұжырымның Қазақстандағы Арал теңізіне қатысы жоқ,
Орал тауы басқа тау жүйелеріне жалғаспайтын, Шығыс Европа жазығы
мен Батыс Сібір жазығын бөліп жатқан, арал тәрізді жеке тау болған
соң, түркілер
Аралтау атап кетуі мүмкін (арал сөзі тек суға қатысты
айтылмайтыны мәлім. М.: Аралтоғай). Аралтауды башқұрттар
Оралтау/
Оралтав түрінде бұрмалап атайды, өйткені башқұрт тілінде а дыбысын
о түрінде айту құбылысы бар. Осы, соңғы пікір, шындыққа жанасады.
СОЗАҚ – е.м. ОҚО, Созақ ауд. Созақ көне қалалар қатарына жа-
тады. Оның нақты этимологиясы ашылған жоқ. Көптеген ғалымдар «су
сақтары» дегенге икемдеп, этнотопоним ретінде таниды. Алайда бұл
жерде айта қаларлықтай үлкен су жоқ болғандықтан, ол пікір теріске
шығады.
Т.Жанұзақ оғыздардың парсыларға қойған аты болуы мүмкін
екенін келтіреді:
сұғақ > созақ [2;174].
Созақ топонимі туралы тағы екі түрлі болжам айтуға болады: 1)
В.В.Радловтың сөздігінде кездесетін «түрк. (шағат.)
сусак – «ағаш
шөміш, ожау» сөзінен жасалуы мүмкін.
Сусак > Созақ атауы «ойпаң
жерлерге» беріледі. Мысалы, ұйғ.
Чугучак > Шәуешек «ожау, шөміш»
ойконимі мәнді сөз болуы да мүмкін. 2)
Созақ < Соз-ақ «созылған,
шалғай орналасқан» мәнінде тұруы да ғажап емес, өйткені Созақ Сыр
бойындағы басқа көне қалалардан шеткері орналасқан.
СЫРДАРИЯ - өзен. ОҚО.
Сырдария өзенінің көне атауларының бірі
Інжу гидронимі екені тарихтан белгілі. С.Г.Кляшторныйдың айтуынша,
бұл өзен көне түркі жазба ескерткіштерінде
Йенчу үгүз «маржанды
(жемчужная) өзен» деп аталса, қытай жазбаларында
Чжень чжу-
хэ «река истинного жемчуга» деп аталған көрінеді. И.Маркварт осы
түрік, қытай тілдеріндегі мағынаны парсылар өзгертпей,
Яқсарт
«истинный жемчуг» түріне аударып алғанын дәлелдеп шыққан
[11;189]. Ал О.О.Сүлейменов славян тілдеріне енген түркі сөздерінің
қатарына
жемчуг сөзін де жатқызады. «Өйткені, - дейді ол, - қытай
тіліндегі
йенчу сөзінің нақты этимологиясы болмағандықтан, оның өзі
түркі тілінен қабылданған сөз болуы мүмкін»[12;9].
Біздің ойымызша, ертеде негізінен көшпелілер мекендеген Орта
Азия мен Қазақстан далаларында қала аз салынғандықтан және
көшпелілер қарым-қатынас жасайтын қалалардың дені
Яқсарт
(Сырдария) бойында моншақша тізіліп орналасқандықтан, ол өзенді
СӨЗ ТӨРКІНІ
62
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
түркілер
Інжу “моншақ, маржан” деп атаған. Сонда Інжу гидронимі
жай ғана таңба емес, семантикасы бар толыққанды сөз болып шықпай
ма?! Топонимнің сөзге жуық болатыны да содан – оны шартты таңба
сияқты шексіз ауыстыра беруге келмейді. Сол заттың белгілерімен
ғана шектеледі. Мәселен,
Сырдария гидронимі кейін ол өзеннің сырға,
бояуға ұқсас сары түсті суына орай берілді деп жүрміз, алайда осы
сыр
сөзінің өзі көне иран тілінде «інжу», «моншақ, маржан», деген мағына
береді деген пікір де жоқ емес (А.Әбдірахманов, Қ.Өмірәлиев).
Қорыта келгенде, топонимика ғылымын құрайтын үштағанның (тіл,
тарих, география) біреуіне, көбінесе тіл біліміне, артықшылық беріліп
жүргенімен, қалған екеуін төмендетуге болмайды. Топонимиканың
көптеген мәселелері таза тіл білімі тұрғысынан шешіле бермейді,
үнемі экстралингвистикалық зерттеулерге жүгінуге тура келеді.
Бұл, өз кезегінде, топонимикамен айналысатын адамның тарихты
да, географияны да, олардың құрамдас бөліктеріне дейін жақсы
меңгеруін талап етеді. Бір ғана топонимнің этимологиясын ашып
көрсету барысында үш сала жарыса араласып отырады.
Әдебиеттер
1 Байтанаев Б.А. К этимологии гидронима «Арысь» // Шестая
конференция по ономастике. Волгоград, 1989. С. 65-66.
2 Жанұзақ Т. Қазақ ономастикасы. Атаулар сыры 3. – Алматы:
Дайк-Пресс, 2007. – 524 б.
3 Кайдар А.Т. Структура односложных корней и основ в казахском
языке. – Алматы: Арыс, 2005. – 304 стр.
4 Бияров Б.Н. Өр Алтайдың жер-су аттары. Монография. Алматы:
Жания-полиграф, 2002. – 180 бет.
5 Аманжолов.С Вопросы диалектологии и истории казахского
языка. Учебное пособие. 2-издание, дополненное. – Алматы: «Санат»,
1997. – 608 стр.
6 Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі (Диуани лұғат-ит-түрк): 3томдық
шығармалар жинағы/ауд. А.Егеубай. Алматы: ХАНТ, 1997. – 1353 бет.
7 Қазақстанның физикалық географиясы. Хрестоматия. Құрас-
тырған: Ә. Бірмағамбетов. – Алматы: Атамұра, 2001. – 144 бет.
8 Шипова Е.Н. Словарь тюркизмов в русском языке. Алма-Ата:
Наука, 1976. – 444 бет.
9 Малявкин А.Г. Историческая география Центральной Азии
(материалы и исследования). – Новосибирск: Наука, 1981. – 235 стр.
10 Бейсенова Ә., Карпеков Қ. Қазақстанның физикалық
географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған
оқулық. Алматы: Атамұра, 2004. – 256 бет.
11 Кляшторный С.Г. Древнетюркские рунические памятники как
источник по истории Средней Азии. М.: Наука, 1974. – 365 с.
12 Сулейменов О.О. Тюрки в доистории. – Алматы: Атамұра, 2002.
– 320 с.
ӘДІСТЕМЕ ӘЛЕМІНДЕ
63
«Тіл және қоғам» №4 (42)/ 2015
Т
іл үйретудегі қатысымдық (коммуникативтік) бағытты ұстанған
әдіскерлер Е.И.Пассов, А.А.Леонтьев, В.Г.Костомаров, А.Н.Щукин,
М.Н.Вятютнев, Г.В.Рогова, Г.А.Китайгородская, И.Зимняя, В.А.Скалкин,
Б.А.Лапидус, Н.И.Гез, Э.П.Шубин, И.Л.Бим т.б. бұл әдістің соңғы
мақсатты нәтиже – қатысымдық құзыреттілікке жетуде ғылыми-
теориялық және әдістемелік тұрғыдан ең тиімді екендігін дәлелдеді.
Шет тілді меңгертудегі негізгі әрекет - қарым-қатынас үдерісі, сөйлеу
қатынасы екендігі белгілі. Сондықтан қазақ тілін үйретуде дүние
жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген
қатысымдық бағдарды ұстану - бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің
бірі.
Қатысымдық бағдарлы оқытуда қолданылатын «қатысымдық әдіс
дегеніміз – оқушы мен оқытушының тікелей қарым-қатынасы арқылы
жүзеге асатын; белгілі бір тілде сөйлеу мәнерін қалыптастыратын,
тілдік қатынас пен әдістемелік категорияларына тән басты белгілер
мен қағидалардың жүйесінен тұратын; тіл үйретудің тиімді жолдарын
Коммуникативтік бағдарлы
оқытуда тіл үйренушінің
оқу-танымдық уәждемесін
арттырудың маңызы
Достарыңызбен бөлісу: |