АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
37
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
арихтың адамзат баласы айналып өте алмайтын, қандай қоғам
болсын жоққа шығара алмайтын, ортақ заңдылықтары бар. Бұл
тіл проблемасына да тікелей қатысты.
XX ғасырдың сексенінші жылдары басында жарияланған ЮНЕСКО
дерегіне сүйенсек, осы беделді халықаралық ұйымның есебі бойынша
Толғауы тоқсан
қызыл тіл...
(аударма қызметі туралы толғаныс)
Кеңес ЮСУПОВ
жазушы
Айтулы аудармашы Кеңес Юсупов – қазақ термино-
логиясының дамуына қомақты үлес қосып жүрген
саусақпен санарлықтай майталман мамандардың бірі.
Біз К. Юсуповтың «Егемен Қазақстан» газеті бетінде
(12. 10. 2001 .ж.) жарияланған, аударманың қыры-
сырын ашуды мақсат еткен мазмұнды мақаласынан
үзінді жариялап отырмыз. Автордың бұл еңбегі осы
бір аса жауапты да маңызды салада еңбек етуге бел
буған талапты жастарға бағыт-бағдар беріп, жол
сілтейтіндігіне сенімдіміз.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
38
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
дүние жүзінде 2796 тіл, 8000 диалект бар. Алайда жаһанды мекендейтін
барша жұрттың үштен екісінен астамы экономикалық және саяси
қажеттіліктерге байланысты түрлі деңгейде қарым қатынастар
жасау үшін небәрі 27 тілде сөйлесетін көрінеді. Міне, аударманың
адамзатаралық қатынастарда атқаратын міндеті мен маңызын осы
деректер-ақ дәлелдеп береді. Өркениетті елдер аударманың қадірін,
маңызын ежелден байыпты бағалап келеді. Ендеше аударманың
игілігін игеріп болмай жатып біздің оған үстірт қарауымыздың реті де,
жөні де жоқ секілді.
Қалайық – қаламайық, мойындайық- мойындамайық, үш ғасырдан
аса алдымен Ресей империясының, кейіннен кеңестік жүйенің боданы
болған, көрмеген зобалаңы жоқ біздей елге аудармадан бірден аттап
кетудің қиынға түсетіні сөзсіз.
Дегенмен феодализмнен капитализмге соқпай, бірден социализмге
озған, батыры мен бағланы көп халықпыз ғой, несі бар, тағы да бір рет
тәуекелге бел байлап көрелік. Бірақ күшке салуға тіл шіркіннің көнетін
түрі жоқ.
Шығыстанушы И.Бенцинг: «Ғылыми, әдеби тілдік және тарихи
тұрғыдан қарағанда қазақ тілі- түркі тілдерінің ішіндегі өте әсем,
өте бай тілдің бірі» - деп жазады. Бүгін осы бай тіл жұмыс істемей
тұр. Міне, тілдерді дамытудың үшінші бағдарламасын қабылдадық,
дегенмен, әзірге жүрісіміздің мандитын түрі жоқ. Алайда оған аударма
кінәлі емес деп сендіре аламын.
Жазушы өзінің тілдік қорында, өресінде барды пайдаланады,
ал аудармашы сырт сөздің дәл баламасын табу үшін туған тілінің
лексикасын толығымен сүзіп шығуға мәжбүр болады дейтін қағида бар.
Ендеше аудару барысында біз тіліміздің ұшында тұрған, аузымызға
түскен сөзді ала бермей, шамамыздың жеткенінше мағынасын нақ
беретін сөздерді іздейміз. Демек, небір жақсы, маржан сөздеріміздің
қалтарыста қалып қою қатері азаяды. Міне, аударманың бірінші
пайдасы осындай тұста көрінеді. Демек, аударма тілді толық қуатымен
іске қосуға жәрдемдеседі.
Аударма әдебиеттің халықтың тілін ұстартуға, сана–сезімін
жетілдіруге, ағарту ісін ілгерілетуге, эстетикалық талғамын ұштауға
тигізетін ықпалын алдыңғы толқын ағалар да жоғары бағалап, бұл іске
хал қадірінше үлес қосқаны белгілі.
Қазақ аудармасының тарихи кезеңдеріне үңіле қарасам, «Дала
уәлаяты» газетінде көп жылдар аудармашылық қызмет атқарған
Дінмұхамед Сұлтанғазин ағамыздың «... перевод қылғанда, әсіресе,
закон, низам, хүкім турасындағы сөздер турада, бір қағиданы ұстау
тиісті » деп жазғанына қарағанда сол кездің өзінде аударманың
теориясы мен практикасының сілемі көрініс береді.
Қазақ зиялылары аударманың ұлттық мәдениетке ықпалын, оқу
білімге тигізер жәрдемін жіті аңғарып, бұл іске белесене қатысқаны
айқын аңғарылады. Тіпті осы шаруадан тыс қалған зиялы жоқ сияқты.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
39
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Мынаған назар аударыңыз, Қаныш Сәтбаев алгебра оқулығын қазақ
тілінде жатық баяндап береді (ғұламаның бұл аудармасы «Қазақстан
мұғалімі» газетінде жарияланды.) Ілияс Жансүгіров Пушкинді қазақша
сөйлетеді, орыстың ұлы ақынының мерейтойына арналған үш томдық
шығармаларын қазақ тілінде шығару ісіне басшылық жасайды.
Атақты тарихшы, этнограф Әлкей Марғұлан кезінде аударма ісіне
белесене қатысып, Ч.Диккенстің повесін, түрлі авторлардың көптеген
басқа әңгімелерін тәржімелегені мәлім. Бұл тізімді одан әрі шексіз
жалғастыра беруге болар еді.
Бүгінгі таңда біздің зерттеушілеріміз аударманы үш түрге бөліп жүр:
а) еркін немес нәзиралық аударма (вольный или свободный перевод); ә)
дәлме дәл- және жолма жол аударма (буквальный и дословный перевод);
б) теңдес, толық, сәйкес келетін аударма (адекватный , полноценный
перевод) . Бізге керегі, яки, заң, ресми-құжат тіліне керегі, халықаралық
мәтіндер тіліне керегі соңғысы. Мұны қазіргі кезде аудентикалық
(сайма –сай түп нұсқаға толық сәйкес) аударма деп атап жүр.
Жалпы алғанда бірде бір ел аударманың маңызын, оның руханиятқа
ықпалын мен әсерін жоққа шығармайды және шығарып та отырған
жоқ. Керісінше, біз бүгін білікті аудармашыларға зәруміз, әрі қазіргі
кезде бізге қажетті – үш тілдегі аудармашылар, яғни ең алдымен,
өзінің ана тіліне жетік және орыс тілі мен бір шет тілін жақсы білетін
аудармашылар. Шындығын айтқанда, бүгінгі кезеңде, тілдік ахуалдың
біздегідей жағдайында біз аудармашыдан бас тарта алмаймыз. Ал
олардың еңбегін басқаша ұйымдастыру, өзгеше бағалау керек десек,
бұл басқа әңгіме.
Колумбия жазушысы, Нобель сыйлығының лауреаты Габриель
Гарсиа Маркес: «бұл аудармашы байғұстарды қойсаңшы», дей келіп
«мұның өзі өте қиын, әрі ең бір қадірсіз және ең жаманы ақы пұлы
төмен жұмыс білем» деп мүсіркеушілік білдіреді.А.Пушкин де бұл
жұмыстың ауыртпалығын меңзеп, «аудармашылар –ағарту ісінің
кіре тартар күреңдері » деген баға береді.
Яғни, біз олардың еңбегін бүгін басқа тұрғыдан бағалауға, жұмысын
жаңаша құруға көшуіміз керек. Әңгіме олардың еңбегіне ақы төлеу
жүйесін өзгертуде ғана емес, сонымен қатар оларды іріктеуге,
біліктілігіне, еңбегінің нәтижесіне қойылатын талапты күшейте
отырып, олардың ресми құжат тілінің мәтіні үшін жауапкершілігін
арттыру жағын қарастыру, олардың құжат дайындаудың бүкіл
барысына қатыстыру қажеттілігін, аудармашылардың әлеуеті мен
мүмкіндіктерін нысаналы пайдалану, олардың еңбегін көтермелеудің
жаңа тетіктерін іздестіру қажет.
Тірегіміз –терминдер
Термин түзуде біз жүйелілікке қол жеткізе алмай келеміз. Терминнің
мақсаты мен қажеттілігін және оған қойылатын талаптардың жете
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
40
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ескерілмеуінің салдарынан ала-құлалыққа жол берілді. Мұның өзі іс-
қағаздарының тіліне салқынын тигізеді. Сондықтан да термин түзу
қағидаттары мен оған қойылатын талаптар қатаң ескерілуге тиіс.
Әлбетте әрбір термин – сөз (немесе сөздер тіркесі), алайда әр сөз
термин емес. Әуелі осының аражігін ажыратып алу керек. Термин
– белгілі бір салада тұрақты қолданылатын арнаулы бір ұғымды
білдіретін сөз (немесе сөз тіркесі).
Термин болмыстың қырларын, әлеуметтік-қоғамдық қатынастарға
қатысты белгілі бір аясының болатындығы, объективтілігі,
тұрақтылығы мен орнықтылығы, стильдік тұрғыдан бейтараптығы,
яғни боямасыздығы, демек онда экспрессия, әсірелеу, көңіл-күйі,
субъективтік түсінік-пайым көрініс бермеуге тиіс.
Заңнамалық мәтінде термин неғұрлым көп болса, ол соғұрлым дәл,
айқын әрі тұжырымды болып шығары сөзсіз. Демек терминдердің
өзінің тура, көпшілікке түсінікті көзі үйренген мағынасында
қолданылуы шарт. Термин қарапайым, әрі оқушының ұғымына
қонымды болуы керек. Яғни мағынасы бұлыңғыр, екіұшты ой
туғызатын, айқын тұжырымдалмаған терминдер болмауға тиіс.
Көнерген, әдеби тілде көп қолданылмайтын оқушыларға бейтаныс
сөздер мен сөз тіркестерін пайдаланған кезде абай болған орынды.
Мұның, әсіресе, заң тілі әлі жете қалыптаспаған, орнықпаған біздің
тілімізге қатысы зор. Жаңа түпкі мағынасын сілтеме беру арқылы ашып
көрсете кеткен жөн. Яғни баспасөз бетінде, әдеби шығармаларда жеке
авторлар қолданған, көпшілікке кеңінен таралмаған жаңа сөздерге
әуестене бермей, тілімізге әбден сіңіскен жаппай қолданылып жүрген
сөздерді пайдаланған дұрыс.
Мысалға,
дотация, субвенция, субсидия – төркіні сонау латын
тілінде жатқан түсініктер. Бұлардың алғашқысы бүгінгі ұғымында
мемлекеттік ұйымдар мен кәсіпорындарға берілетін ақшалай немесе
заттай жәрдем.
Субвенция – белгілі бір мақсат үшін бөлінетін
ақшалай көмек. Бұл дотациядай шығынын өтеу үшін емес, демеу үшін
көтермелеп жіберу үшін бөлінеді
. Субсидия – бұл да жәрдем, тек
мұның бір айырмасы, бұл жерде қолдау көрсетуге мемлекетпен бірге
жеке мекеменің де қатысуы мүмкін.
Көріп отырғанымыздай, дотация – шығынға батқан тұлғаға
жәрдемдесу, субвенция болса – нысаналы тұрғыда демеушілік жасау,
ал субсидияның мағынасы – көтермелеу, қарайласу, қолдау көрсету.
Сайып келгенде, сөздіктерге сүйенсек, үшеуі де қаржылай көмек беруге
саяды екен. Төркіндес терминдер болғанымен, өздеріне тән реңктері,
заңдар тұрғыда айырмашылықтары бар сөздер, сондықтан аражігін
ажыратып, қолдану шарт. Демек, Терминкомның ықтиярымен,
айтуына қарай, жәрдемқаржы, демеуқаржы, қолдауқаржы деп
алғанымыздың айыбы жоқ. Әрі тектес дүниелерді, айталық, «көктас»,
«сутас», «шегіртас» және т.т.деп айта беретін қазақ тілінің табиғатына
да кереғарлығы жоқ.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
41
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Тілімізді шұбарлап, шырқын кетіріп жүрген де терминдер
қолданудағы осы ала-құлалықтар. Айталық, ссуданы да, долг
сөзін де борыш деп,
убыток, затраты, расход сөздерін шығын деп,
алақолдық жасап, аузымызға іліккен сөзбен таңбалап, тарта береміз.
Әлбетте, бұлар тектес сөздер болғанмен кей ретте арасына теңдік
белгісін қоя беруге келмейтін ұғымдар. Мәселен, біз неге доходты
біресе табыс, келесіде кіріс дейміз. Әсілінде, бір сөзбен бір мағына
бермейтін сөз термин бола алмайды. Шамамыз келсе, осы екеуінің
біреуін заңдастырып алуымыз керек. Біздікі не, сөздің көптігі ме, әлде
ықыластың жоқтығы ма?
Ендеше, долг – борыш, расход – шығыс, убыток – шығын,
задолженность – берешек, выручка – кіріс, поступление – түсім,
потеря – ысырап, ущерб – залал, вред – зиян, неустойка – айып-
анжы, издержки – рәсуә (бұл сөзді шығасымен де ауыстыруға
болады) деуге болатын сияқты. Бірақ бір ұғымды бір ғана сөзге теліген
жөн. Қолданыстағы бей-берекеттен сонда ғана арылып, іс қағаздарын
қазақ тілінде жазуға қазіргідей аудармашы-тілшілерді ғана емес, кез
келген маманды отырғыза аламыз.
Ревизия және проверка, контроль және надзор – басқару
мәтіндерінде жиі ұшырасатын терминдер. Соңғы екі термин бақылау
мен қадағалау болып қалаулы орнын тауып тұр. Ал енді мәтінінде
ревизия мен тексеріс қатар түскен сәтте қиналып, тексеру және
тексеріс деп ілдәлдалайтын кездеріміз көп.
Сол сияқты іс қағаздарында жиі ұшырасатын сөздердің бір
тобы:
порядок, правила, положение, условие, дисциплина, режим.
Әрқайсысының баламасы бола тұрып, біз порядок пен дисциплинаның
екеуін де тәртіп, ал қосарласа ұшырасқан уақытта ежелгі әдетімізше
тәртіп пен тәртіптілік деп, сол сияқты
правила мен положениені, жеке
кезіксе ереже атап, бірге келгенде бірін ереже, бірін тәртіп деп алып
келдік. Әсілінде, әр сөзін саралап, салмақтап қолданатын баспасөз
орындары порядокты – реттілік, правиланы – ереже, дисциплинаны
– тәртіп, положениені – қағида деп жүйелі қолданып та жүр.
Ендеше, әр сөздің сыры мен сынына үңілейік. Жіктеп көрелік.
Порядок. По-ряду. По-рядковый номер. Реті туралы айтып тұр ғой.
Кезектілік, реттілікті білдіріп тұр ғой. Калька сияқты, бірақ ұғым,
қисын дұрыс. Демек, порядокты – реттілік дәл бейнелейді, ендеше
дисциплинаны – тәртіпке қайтаруымыз керек.
Тұжырып айтқанда, тіл мен термин турасында кеңінен ойластырып,
кемел шешімін табуды қажет ететін көкейкесті мәселелер аз емес.
Баспасөз тілі –байлық көзі
Бүгінгі нарық заманында ерекше бір назар аударатын мәселе –
баспасөзде жарияланатын хабарландырулар мен жарнаманың тілі.
Бұл өзі көңіл бөлмеуге болмайтын күрделі мәселе. Өйткені бүгінгі
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
42
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
таңда жарнаманың маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Сірә,
жарнамадан көп оқылатын дүние жоқ сияқты. Соған қарамастан,
баяғы дәстүрімізге басып, оның тілінің мүкісіне әлі күнге дейін
назар аудармайтын сияқтымыз. Көшеден бастап газеттер бетіндегі
жарнамаларға дейін күлкі, реніш туғызатын қойыртпақтар өріп
жүреді.
Айталық, кездейсоқ көзге түскен «хроникальді маскүнемдерді
емдеу» немесе «жылжымалы бөгеттер сатылады» деген сөздер
өрескел көрінеді екен. Байқасақ, әңгіме сүле маскүнемдерді емдеу,
ысырмалы қоршауыш өрешелер сатылатыны жайында екен. Жарнама
бұрынғыдай емес, бір жағы кіріс, бір жағы бүгінгі оқушы ден қойып
қадағалайтын хабарлама ғой. Мұны ескермеу әбестік.
Сондықтан да баспасөз де, электрондық хабар тарату құралдары
да өздерінде жарияланған немесе таратылған жарнамалар тіліне
сақтықпен қарап, мұндағы көздеріне түскен кемшіндерді жедел
түзетуге белсене қатысқаны дұрыс. Бұқаралық ақпарат құралдарының
өздерінің сөз алдындағы жауапкершілігін терең түсініп, тілімізді
байытуға, сөйлеу мәдениетімізді көтеруге, оны селкеуліктерден
арылтуға барынша жәрдемдесуі керек.
Медициналық сөздіктерге қарап отырып, бүгіннен бастап
медициналық оқу орындарында қазақ тілінде білім беруге мүмкіндігіміз
әбден жетеді деген ой түюге толық негіз бар. Ал сөздіктерге келсек,
олардың маңызын, керектігін әсте төмендеткіміз келіп отырған жоқ,
алдағы уақытта жаңа сөздіктер жасалған кезде еске алынса деген
оймен көзімізге түскен, бірді-екілі кемшіндерді атап кетуге тырыстық.
Мұнда да бірізділік жоқ, калькалау басым, қазақ тілінің өзінің сөздік
қоры, бұрынғы тәжірибе жете пайдаланылмаған сияқты әсер туады.
Мұнда да сол, аяқ алып жүре алмайтын кемшіліктердің көпшілігі
қазіргі кезде қазақ тілінің терминдеуіне салқынын тигізіп жүрген
кінәраттар болып табылады.
Алдымен, таза кәсіби терминдерге бармай тұрып,
болезнь, боль,
заболевание, заболеваемость, больной, больничный лист сияқты
іс қағаздарында қолданылатын атаулардың басын бір қайырып
алайықшы. Көріп отырсыз, орыс тілінде бәрі де боль түбірінен өрбіп
отыр. Енді қазақ тіліне қараңыз: науқас, дерт, сырқат, ауру. Айталық,
Н.А.Андроновтың «Русско-казахский словарь медицинской лексики»
кітабына орайластырып, заболеваемость сөзін сырқаттылық деп
алғанымыз жөн сияқты. Ары қарай, болезнь сөз жоқ, дерт, боль –
ауырсыну, больной – сырқат, больничный лист – емхана парағы
(емделгені жөніндегі құжат) деп алсақ, іс қағаздарына жазатын
сөздерімізді біраз ретке келтіріп аламыз.
Әдеби тіл –халықтың жүйеленген, түзілген өзіндік низамы бар
тіл мәдениетінің жетістігі десек, ендеше құжат тілі сол әдеби тілдің
ерекше екшелген, әдеби түзілген стилі деп танылады. Олай болса
әдеби тілдің кеңсе тіліне, ресми іс қағаздарының тіліне тікелей ықпал
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
43
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
ететін баспасөз тілінің шұбарлануына немқұрайды қарауға болмай-
ды.
Содан кейінгі жерде біздің неліктен күні бүгінге дейін
население
мен народ сөздерін бір сөзбен түйіп, халық деп жүргенімізді түсіну
қиын. Сөз таппай қиналсақ, бірсәрі, ежелден қолданылып жүрген
жұрт деген сөзіміз тұрған жоқ па?
Жұрт населениенің жұп-жұмыр баламасы ғой.
Население города,
Население республики – қала жұрты, республика жұрты. Осыдан
артық не керек? Әбубәкір Диваевтың «Тарту» кітабында «Елің бар,
жұртың бар» деген тіркес кездеседі. Ыбырай Алтынсарин «Өнер-
білім бар жұрттар» деді ғой. Жоқ, біздіңше, бұл дәлелдеуді керек
қылмайтын қисын.
Бұл тақырыпта біз қиюы келіспей жүрген, қабысуы босаң
терминдік олқымызға талдау жасауға қал-қадерімізше тоқталып,
ойымызды ортаға салдық. Тегінде бір сөзде бірнеше мағына арқалатып,
қиналатындай тілге кедей ел емеспіз. Тіліміздің мүмкіндігін пайдалана
білмей марғаулық жасап жүрміз. Қатемізді түзегіміз келмей, біріміздің
сөзімізді біріміз жөн көрмей, кежегемізден кейін тартпай іске кіріссек,
ана тіліміз әжептәуір таралып, бір ізге түсіп, ширап, шынайы кіріп
қалар еді.
Төл сөзімізді жатсынып, өз өрісімізді өзіміз тарылтпайық.
Әсілінде заң тілін, құжат тілін түзу жолында алдымызда қадау-қадау
еңбектер тұр. Бұл бағытта көп тер төгіп , қажымай –талмай еңбек ету
керек. Бір қуаныштысы сол, қолымызда мол қазына – бай тіліміз бар,
ендігі жерде барлық мәселе сол қазынаны қалай да ұқыптылықпен
халықтың кәдесіне жаратуда болып тұр.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
44
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Т
ілдің
арнаулы
салалардың
барлығындағы
қолданысын
лингвистикалық тұрғыдан қамтамасыз ету – терминдер қорын
жасау мен оны жүйеге келтірумен тығыз байланысты. Білім беру мен
білім алуды, ғылымды игеру мен оны меңгертуді, ақпарат алмасуды
ұлт тілінде жүзеге асыру үшін арнаулы лексиканың негізін құрайтын
терминдер қоры да сол тілдің мүддесін көздеп, ішкі заңдылықтарын
ақтай отырып жасалуы керек. Ал термин жасау, сөз шығармашылығы
кәсіби біліктілікті, ерекше ізденімпаздық пен талғампаздықты әрі
үлкен жауапкершілікті қажет ететін күрделі жұмыс [1. 3].
Жалпы терминологиялық қор қамсыздандыру міндетін атқаратын
функционалдық ішкі жүйелер кешенін, терминологиялық қор
элементтерінің құрамын және оның ұйымдастырылуын қамтиды.
Терминологиялық қордың жүзеге асырылуы белгілі бір дәрежеде
тілдің қолданылуының басқа да тұрпаттарының арасындағы алатын
орны және міндеті тәрізді факторлармен анықталады.
Тілдің әртүрлі қолданылу тұлғаларының пайда болуы және дамуы
тек тілдегі ғана өзгеріс болып табылмайды. Бұл жағдай сонымен қатар
Қазақ терминологиялық
қорын қалыптастырудың
лингвоәдістанымдық
негіздері
Нағима ӘШІМБАЕВА
А.Байтұрсынұы атындағы Тіл білімі
институтының аға ғылыми
қызметкері, филология
ғылымдарының кандидаты
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
45
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
жазу пайда болуымен, индустриялдық полиграфияның таралуымен
сипатталатын жалпы адамзат қоғамының елеулі даму кезеңіндегі
түбегейлі өзгерісті де көрсетеді. Сөйлеу тілімен және жазумен
қатар, айрықша белгілі бір түрдегі тілдің қолданылуы шындыққа
айналып отыр. Егер сөйлеу тілі айтушымен де, тыңдаушымен де
тікелей байланысты болса, жазбаша тіл актілеріндегі адамның
қатынасы әлсізірек болады. Тілдік туынды біртіндеп ақпаратты толық
тасымалдаушы сипатқа ие болады [2. 4].
Осылайша, қазақ тілінің терминологиялық қорын жасаудың басты
себебі - тілді нормалау тәсілдерін оның қолданылу ерекшеліктерімен
сәйкестендіру қажеттігі болып табылады.
Осыдан барып қазақ тілінің терминологиялық қорын тізбелеу
міндеті белгілі бір дәрежеде өз алдына дербес болып шығады. Қазақ
тілі терминологиялық қоры аса маңызды ішкіжүйелердің бірі болып
табылады.
Сонымен қазақ тілі терминологиялық қоры қарым-қатынас жасау
жүйелерінде терминологиялық лексиканы және оның мағынасын ашу
тәсілдерін тізбелеудің жүйесі болып табылады.
Қазақ терминологиялық қорының қолданылу ауқымын түсіну үшін
жекелеген салалық немесе тақырыптық емес, терминдерге ортақ
болып табылатын сипаттамаларды ескерген жөн. Терминологиялық
қордың біріктірілген жүйесін құру нәтижесінде пайда болатын мұндай
ерекшеліктер төмендегідей болып келеді. Қазақ терминологиялық
қоры – бұл жекелеген деректерді қолдану мүмкіндігі бар
бірыңғай қызмет. Ол күрделі, ауқымды, ұдайы өзгеріп отыратын
терминологиялық ақпарат универсумында көпаспектілі іздестіру
мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Терминологиялық қор әртүрлі салаларда
қолданылатын терминдердің өзара салғастырылуын жеңілдете
отырып, бүкіл қазақ терминологиясының бірізді сипатталуына
қызмет етеді. Ол термин туралы көптеген деректерді жинақтайды да,
сол арқылы қазақ терминологиясының біркелкі сипатталуын мақсат
етеді. Жалпы алғанда терминологиялық қызмет көрсету деңгейін
арттырады. Терминологиялық қор өзіне қазақ терминологиясының
жаңа құрылымын енгізеді. Әр түрлі принциптер бойынша құрылған
жекелеген деректердің дербес қолданылуы кезеңінде анықтала
қоймайтын, айтылымы жағынан да, мазмұны жағынан да сан алуан
салалық терминологияның кірігісуі нәтижесінде пайда болатын жаңа
құрылымдық байланыстарды айқындайды.
Мұнда сонымен қатар шешілуіне терминологиялық қор ықпал
ететін бірқатар таза ғылыми міндеттерді атап өтуге болады: а) қазақ
тілінің терминологиялық жүйесін ішкіжүйелер жүйесі ретінде үлгілеу;
б) жалпығылыми және жалпытехникалық тезаурустарды қазақ тілінің
когнитивтік үлгілері ретінде құру; в) өзге тілдер терминдерінің аясында
қазақ терминологиясын салғастырмалы, типологиялық зерттеу, оның
ішінде, қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде зерттеу.
АУДАРМА ЖӘНЕ ТЕРМИНОЛОГИЯ
46
«Тіл және қоғам» №4 (42) / 2015
Қолданыста бар анағұрлым танымал және жаңа жобаланып
отырған терминологиялық қорлар жөніндегі әдебиеттерді талдау
терминологиялық қор міндетін төмендегідей типтерге бөлуге
мүмкіндік береді:
- технологиялар және өнімдер стандарттарын әзірлеумен, ғылыми-
зерттеу жұмысы туралы есеп дайындаумен, оқу және анықтамалық
әдебиеттерді
шығарумен,
жарияланымдар
дайындаумен,
оқытушылық жұмыспен, арнайы әдебиеттерді редакциялаумен
айналысатын әр алуан білім саласындағы мамандарға, сондай-ақ шет
тілдерінің оқытушыларына, студенттерге, әдеби редакторлар мен
пайдаланушылардың кейбір басқа да санаттарына анықтамалық-
ақпараттық қызмет көрсету;
- ғылыми-техникалық әдебиетті дәстүрлі аударуды қамтамасыз ету;
- ақпараттық жүйелерді, басқару, жобалау жүйелерін лингвис-
тикалық жағынан қамтамасыз ету;
- терминологияны ретке келтіру және терминологиялық сарап-
тамалар жасау бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
- терминологиялық сөздіктер түзу және басып шығару;
- терминдер анықтамаларын біріздендіру.
Қолданыстағы терминологиялық қордың көпшілігі ғылыми-
техникалық әдебиетті аудару үшін құрылған, алайда нәтижесінде
бұған басқа да міндеттер қосылды. Қазіргі кезде ірі деректер қорында
көпфункционалдылық үрдісі байқалады [3; 4].
Міндеттің әрбір типі пайдаланушылардың нақты бір санатына
бағытталған және терминологиялық деректерге қатысты белгілі
бір элементтердің болуын талап етеді. Мысалы, анықтамалық
терминологиялық қызметтердің негізгі бөлігі терминдер мағына-
ларының шегін, олардың қолданылу дәрежесі мен сипатын анық-
таумен, сонымен қатар терминдердің қолданылуын ретке келтіретін
қолданыстағы нормативтік құжаттар мен өзге де материалдарды
іздестірумен байланысты болады. Аудармашылар үшін қолданылу
ерекшеліктері туралы ақпараты бар шеттілдік терминдердің дәл
баламасы қажет. Мәтіндерді морфологиялық, сөзжасамдық және
синтаксистік талдау және жинақтау үшін терминдер туралы
грамматикалық ақпараттың болуын талап етеді. Терминдерді
ақпараттық-іздестірудің лексикалық бірліктері ретінде пайдалану
синонимдік,
гипонимдік
(тектік-түрлік),
партитивтік
және
ассоциативтік байланыстардың, сол сияқты ақпараттық құжаттарда
терминдердің қолданылымдығы жөнінде мәліметтердің болуын қажет
етеді. Терминологиялық жұмыстар бірінші кезекте терминшілерді
қарастырылып отырған және іргелес пәндік салалардағы бір
ізге келтірілген терминдер туралы деректермен, сонымен қатар
терминдердің қолданылуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етуі
қажет. Сан салалы лексикографиялық материалдарды дайындау
және лингвистикалық, терминологиялық зерттеулерді жүргізу үшін
|