Тіл мәдениеті, стилистика бойынша қүрастырылған бүл жинаңта сөйлеу мөдениетіне ңойылатын талаптар, топ ал-дында сөйлеуге әзірлік жүмыстары туралы айтылып, тіл да-мыту жолдары



бет22/48
Дата08.12.2023
өлшемі0,92 Mb.
#135285
түріОқулық
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48
Байланысты:
b175

3-тақырып: Шешендік өнердің өрісі

Мақсаты: Студенттердің белгілі дәрежеде тіл байлықтарын игеру әрекетін жетілдіру. Шешендік сөз өнері туралы мәлімет беру.




Тіл дамыту дегеніміз - адамдардың белгілі дәрежеде тіл байлықтарын игеру әрекеті, әдетте оның нәтижелері әр алуан болады. Өйткені әркімнің тіл байлықтарын қабылдау қабілеттері мен оған деген ықылас, талап-талпынулары түрліше болса, соған керекті жағдайдың кезінде жасала қоюы екіталай.
Сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін, сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, жұрт алдында сөйлей білу, сөздердің орфоэпиялық нормаларын сақтап дұрыс оқу - қазақ тілі пәнін оқушылардың бәріне ортақ, бәріне тиісті талаптар. Осы орайда тіл дамыту жұмыстары тікелей оқушының тіл мәдениетін арттыра түсуіне қатысты, олар өзара тығыз байланысты екенін естен шығармау керек.
Сөйлеу мәдениетінің жоғары формасы - шешендік. Бұл бірен-саран әуесқойларға емес, қазақ, орыс тілді оқушылардың бәріне, әсіресе студенттерге қойылатын талап.
Шешендік - ой-пікірді тыңдаушыларға айқын, анық, әсерлі етіп айту (жазу) шеберлігі. Сөйлесудің сөйлеудің әдеттегі қарапайым қызметі пікір алысу, өзгелерге сөйлеушінің ой-пікірін білдіру болса, шешендік трибунасына шыққандар нәрлі, тартымды сөздер арқылы тыңдаушылардың сана-сезіміне әсер етуді көздейді.


Талдау бөлімі:
Тілдің қарым-қатынас жасау құралы болу тарихында ерекше қоғамдық күш алатын кездері болады: ол тілді жұмсаушылардың жазуы, пәлендей басқа да әсерлі құралы жоқ не тапшы кезінде, аталы сөздің күші ерекше болды. Қайғы-қасіретке душар болғанды сөзбен жұбатуға, дау-жанжалды сөзбен бітіруге, жауды найзаның ұшымен де, сөздің күшімен де жеңуге болатынын білген адам сөзді қадір тұтпай, оған тәжім етпей тұра ала ма? Таяқ еттен өтетін болғанда, сөз, тіпті сүйектен өтеді деп түсінген елге қарсы дау айтуға бола ма? Сөз өнерінің сондай табиғи күшін сезіп білген халық оны «өнер алды - қызыл тіл» деп түсінген.
Сондай өнер қазақ халқы өмірінде аса зор қызмет атқарды. Сондықтан оны былай белгілейді:
Қас жүйріктің белгісі
Құйрығынан алдырмас,
Қас шешеннің белгісі
Топтан тұяқ шалдырмас
Қазақ өмірінде сөз қадірін білудің тетігі - халықтың парасатты ойшыл екендігі, сөздің бёйбітшілікке, әділеттікке қызмет еткендігі.
Ертеде жұртты аузына каратқан ел басқарушылар, ру, тайпа ақсақалдары әділеттігі, даналығымен ел-жұрт қамын жеп, білектің күшімен ғана емес, сөзінің күшімен беделі артып, жұртқа өктемдігін жүргізді. Ел арасында дау - жанжал, талан - тараж, ұрыс - төбелес, басқыншылық күшейген кезде, сөз алыптары - билер мен ру басы ақсақалдар тарих сахнасында ерекше қызмет аткаратын болған. Солардың сөз өнері - шешендік деп танылады. Ертеде тіл, фольклор, музыка, ойын-сауық бәрі қазақ өмірінің де ұласа тұтасқан өнері болған. Олардың әрқайсысының өнер қызметінде дербес өмір сүруін тек өзара байланыс орайында ғана тануға болады.
Шешендік - ұзын сонарлы дәстүрлік құбылыс болғандықтан, сөз шеберлерінің соңғылары бұрынғыларынан үйреніп қана қоймаған, олардың терең ойлы сөздерінің мирасқоры болған.
Әдеби тіл жасалмаған кезде шешендік сездер қаншама ұтымды. тартымды болғанмен, жазба әдеби тілдің кызметін атқара алмайды. Олар тілдің алтын қоры ретінде кемелдене келіп, әдеби тіл пайда болғанда, сөйлеудің ауызекі тіл стилінің негізін құрайды. Ал әдеби тіл пайда болғанда, соның ерекшеліктерін де бойына сіңіреді.
Тілдің майын тамызып, сөздің балын ағызатын қас шешен болу оңай да емес. Өйткені шешендік дарындылықты керек етеді. Оған сондай талап қойылатындықтан да халық «жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем болады» дейді. Шешендік отбасы, ошақ қасында сыналмайды, жиын, топ алдында, сөз қадірін білетін, «көкірегі сезімді, тілі орамды» көпшілік алдында сыналады.
Шешендік-шеберлік сөйлеу өнері. Ол - тіл мәдениетінін бір саласы.
Шешендік - сөйлеу тілінің орамды формасы. Оның қоғамдық қызметі әрбір тарихи кезеңде әр түрлі болып құбылуы қызметінің өзгеруімен байланысты. Сол орайда казіргі шешендер және шешендік бұрынғыларға мүлде ұқсамайды. Қазіргі шешендік саясатпен, өнер-біліммен, экономикамен байланыста дамитындықтан, жұрт алдында айтылған сөз дәл, мүлтіксіз болуды керек етеді. Сол үшін хатқа қарап, жазғанды оқып сөйлеу ерекше күш алды.
Шешендік көркем әдебиет тілінің эмоция, экспрессияға негізделген көріктеу тәсілінің бірі болуға тиіс.
Бидің де биі бар, шешеннің шешені де бар. Сондай билердің биі, шешеннің шешені аталып, қазақ даласына даңқы шыққан. Мысалы, Төле биді, Қаздауысты Қазыбекті, Қаражігіт Әйтеке шешенді, «көмей әулиесі» атанған Бұқар жырауды мақтаныш етпеске болмайды. Олар сөз қадірін білетін, шешендік өнерінің көрнекті уәкілдері ретінде сөз өнері төрінен ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет