"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс. «Түсіну» – тілді меңгерту онтогенезінің басты шарты



бет11/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәрістер тезисі

11-дәріс. «Түсіну» – тілді меңгерту онтогенезінің басты шарты


Тіл - қарым - қатынас тәсілі, адамдар бір - бірімен қатынасу үшін қолданатын өзара коммуникация жүйесі.
Тіл — белгілі бір ұғымды немесе затты, түсінікті белгілейтін және дыбыстауы бар ортақ қабылданған таңбалар жүйесі.
Сөз (речь) – ауызша, жазбаша, іштей сөйлеу (ойлау кезіндегі), қимыл, дактикалық (саусақпен).
Тіл – адамдар арасында қарым-қатынас, ойлау қызметін атқаратын таңбалар жүйесі.
Сөйлеу тілі туа біткен қасиет емес, ол онтогенез барысында біраз қабілет және дағдылармен қатар дамиды да, баланың жалпы дамуының көрсеткіші болып саналады. Баланың ана тілін меңгеруі белгілі бір тұрақты заңдылықтарға негізделе отыра жүзеге асады.
Қазақ тілі білімінде сөйлеу әрекеті онтогенезі, бала тілінің шығуы мен дамуы теориялық жағынан да, бақылау тәжірибе жағынан да арнайы ғылыми зерттеу объектісі ретінде алғаш рет ғалым Т.Т. Аяпованың еңбегінде қарастырылды. Ғалым сөйлеу онтогенезін синтаксистік семантика тұрғысынан, яғни бір сөзді сөйлемнен бастап, екі сөзді, үш сөзді сөйлемдер деңгейінде қарастырған. Бұл мәселе жалпы тіл білімі, психолингвистика, жалпы педагогика мен психология
т.б. салалардың тоғысынан шығады.
12-дәріс. Лексикалық және грамматикалық минимумдарды сараптау
амалдары

Оқушыларға қазақ халқының рухани мәдениетін танытуда, сөздік қор мен сөздік құрамды оқыту маңызды. Лексиканы оқытуда қазақ лексикологиясын зерттеген ғалымдар К.Аханов, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, Ш.Сарыбев, А.Айғабыловтың еңбектері негізге алынады.


Оқушылардың тіл мәдениетін жетілдіруде лексика саласын оқытудың алатын орны зор. Сөз мағынасындағы түрлі мағыналық реңктерді меңгерген оқушының сөйлеу мәдениеті де жоғары болады. Демек, лексиканы оқытудағы негізгі мақсаттардың бірі оқушының дұрыс сөйлеуін қалыптастыру, ойын анық әрі айқын жеткізуге дағдыландыру. Оқушы сөздік қор мен сөздік құрамды толық меңгермей, тілдік қатынасты игере алмайды. Тілдік қатынас жасау оқушының сөз мағынасын орынды қолданған кезде ғана жүзеге асады. Ф.Оразбаева: «Тілдік қатынас – тіл арқылы байланыс, сөйлеу тілі арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы; қоғамдық, ұлттық тіл арқылы ұғынысу, түсінісу» дейді. Лексика арқылы дұрыс сөйлеуге үйретуде Ф.Оразбаеваның тілдік коммуникация теориясына қатысты тұжырымдары басшылыққа алынады.
Кез келген екiншi тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз ойыңды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүкiн емес. Грамматиканың қатысынсыз бейтарап сөздер жай ғана бытыраңқы жеке-жеке ұғымдарды бiлдiретiнi сөзсiз. Демек, грамматиканы толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы деп қарастыруға болады. Бiрақ үйренетiн тiлдiң ауқымындағы грамматикалық жүйе туралы бiлiм, ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер сол тiлдi меңгергендiктiң көрсеткiшi бола алмайды. Үйренiп отырған тiлде шынайы коммуникациялық тiлдесiмге түскенде ғана сол тiлде сөйлеу сауаттылығына жетуге болады. «Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен байланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсініксіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік коммуникация да іске аспайды».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет