"Тілді меңгерту онтогенезі" пәнінен дәріс тезистері 1-дәріс. Тілді меңгерту онтогенезі: зерттеу обьектісі, зерттел тарихы


-дәріс.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі



бет12/13
Дата12.05.2023
өлшемі74,93 Kb.
#92165
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дәрістер тезисі

13-дәріс.Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі

Сөйлем мүшелерінің қазақ тілінде өз грамматикалық сипатына қарай орналасу тәртібі бар. Ол орын тәртібі төмендегідей болып келеді. Сөйлем қаңқасын құрайтын негізгі мүшелер бастауыш пен баяндауыш болса, бастауыш ілгергі позицияда тұрады да, баяндауыш бұдан кейін орналасады. Дала көгерді. Тұрлаусыз мүшелер қатысына қарай бастауыш пен баяндауштың алдынан орналасады. Кең жазық дала биыл ерте көгерді. Бастауыш пен баяндауыштың аталғандай тәртіппен орналасуы ойлау жұмысының ретіне пікірдің құрылысына ыңғайланып қалыптасқан. Пікірдің құрылысы былай болды: субъект – предикат. Пікірдің бұл құрылысы ой жұмысының ретіне дәл келеді. Алдымен ойға, пікірге негіз болатын субъекті (дала) келтіріледі. Содан кейін оған қатысты, оны анықтайын предикат мүше (көгерді) келтіріледі. Сөйлемнің негізгі мүшелерінің орын тәртібі пікірдің осы құрылысына сай қалыптасқан. Аталған тәртіп сөйлемді статикалық (идеалдық) қалыпта алғанда байқалады. Бірақ ол сөйлеушінің сөйлеу үстінде алдына қоятын мақсатына сай өзгере береді. Сөйлем мүшелерінің орын тәртібінің, өзгеруі сөйлемнің ой екпінін түсіру (актуализация) мақсатына байланысты. Актуализация сөйлем үстінде көп скерілетін талап болғандықтан, оны жүзеге асырудың тұрақты тілдік амалдары қалыптасқан. Солардың бір амалы – сөйлемнің белгілі позициясы. Актуализация тұрғысынан көзге түсетін екі позиция бар: бірі ой екпінін түсіретін актуалды позиция, екіншісі – елеусіз мүшені қоятын қалтарыс позиция. Қазақ тілінің сөйлем мүшесінде баяндауыштың алдыңғы түбі актуалды позиция болып танылады. Ой екпіні түсіру қажет болған мүшелер осы позицияға жылжытылады. Ордабайдың өз інілері мен мырзалар болмаса, былайғы жұрт бұл үйге батып кіре бермейтін. Қонақтардың қасында бүгін де солар ғана бар екен (Ғ.М.). Қальарыс позиция ретінде баяндауыштан кейінгі позиция танылады.


Қалтарыс позицияның мәнін мына сөйлемнен көруге болады: Әзімхан бір әңгіме айтшы басыңды көтеріп (С.С.). Бұл сөйлемдерге пысықтауыштық топ (басыңды көтеріп) қалыпты орнынан ауысып, баяндауыштан соң орналасып тұр. Осы арқылы сөйлеуші олардың актуалдық дәрежесін төмен көрсетіп отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет