Тілтаным языкознание


Abstract:  This article deals with the transfer of nouns in German and Turkish,  differences and similarities. Keywords



Pdf көрінісі
бет29/51
Дата04.12.2022
өлшемі1,33 Mb.
#54680
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Abstract: 
This article deals with the transfer of nouns in German and Turkish, 
differences and similarities.
Keywords: language, linguistic, translate , comparative.
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


62
Түрік тіліндегі және неміс тіліндегі біріккен зат есімдер мәселесі жөнінде 
өркениетті қоғамның жалпы экономикалық әл-ауқаты, саяси кеңістігі, ғылыми 
көкжиегі мен мәдени тереңдігі, әдеби мұрасы барынша гүлденіп, жетіліп, абсо-
люттік шындыққа жақындау үшін тығыз қарым-қатынас екіжақты рухани, 
мәдени коммуникациялық байланыста болу адамзат қоғамының дамуындағы 
алғышарттарының бірі болып отыр. Сондықтан да тілдік қарым-қатынас маңыз-
ды рөл ойнайды[1].
Екіжақты өзара түсінісуде дәнекер болатын тілдік факторлардың, әсіресе ой-
дың, өнердің, әдеби мазмұнының құндылықтарын өзге халыққа таныстыруда 
көздейтін аударманың маңызын атап өту керек.
Бүгінгі тіл білімі мен ғылымы туыс әрі туыстығы жоқ әртүрлі тілдерді лин-
гвистикалық жақтан өзара салыстыра, салғастыра зерттеудің қажеттілігін алға 
тартады.
Ел мен ел, мемлекет пен мемлекет, халық пен халық арасындағы осындай 
ғаламдастыру кезеңі екі қауымның бірін-бірі түсінісу құралы болатын, ой мен 
ұғымның, өнердің әсемдігі мен әдемлігін, ғылым мен білімнің тереңдігін, әде-
биет мазмұнын дәлме-дәл жеткізе алатын аударманың өзектілігін алға тартады. 
Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру саласында әлемдік деңгей кеңістігіне шығуға 
бағытталған жаңа жүйе құрылымы негіз алуда. Мемлекеттерде ықпалдасып 
ынтымақтастық негізінде қарым-қатынас орнатуда, сондай-ақ, ғылым мен на-
рықтық экономика мә-селелерін шығармашылықпен халықаралық деңгейде 
шешуде, олардың арасында тиімді рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси байланыс 
орнату мәселесі қоғамдағы ең көкейкесті стратегиялық бағыт болып табылады 
[1].
Аудармашы аударылатын кітаптағы оқиға мен ойды, соны дүниені, соны өмірді, 
сол ортаны өз көзімен көріп тұрғандай ойша қабылдап, оның әрбір ұсақ бөлшегіне 
дейін бойына сіңіріп алатындай, аударылатын тілдің бар мүмкіншілгімен оқушы-
ларына айтып немесе жеткізе білуі керек. Сондықтан аудару барысында біз 
материалдың өте аз болғандығы үшін біз тек қана сөздіктерді алуды ұйғардық. 
Біз «Тurkіsch Deutsch, Deutsch Turkіsch Wőrterbuch» сөздік кітабындағы сөздерге 
тоқталдық.
Транслитерация – сөздердің айтылуы мен жазылуын айтамыз, яғни аударма 
процесінде мемлекет аттары айтылуы мен жазылуындағы ерекшеліктер.
Сөзбе-сөз аудару тәсілі
«Сөзбе-сөз» тәсілі тілдік единицаның (сөздің, сөз тіркесінің) сыртқы 
нысанын,iшкі мазмұнын нақпа-нақ; сол қалпында аудару дегенді білдіреді» 
дейді. Демек, түпнұсқа мәтіндегі бiрлік өзінің «табиғи» баламасымен ал-
мастырылады, түпнұсқа мәтіндегі бipлік ұғымдық-мазмұндық, стильдік 
қызметінде, экспрессиялық қызметінде елеулі айырмашылықтар жоқ; аударма 
тіліндегі бipрлікпен алмастырылады [2].
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2017. №3


63 
Түпнұсқа тіліндегі бірлікті аударма тіліндегі бірлікпен алмастыруда сөздіктегі 
сәйкестіктер пайдаланылады.
Жалпы сөзбе-сөз аударуда сөздердің мағынасын, құрылымын, граммактика-
лық формасын толығымен сақтап қалады, әрі бұл сәйкестік өте қарапайым 
сипатта болады да, түпнұсқа тіліндегі бipлiкті аударылатын тілдегі бірлікпен 
«автоматты» түрде алмастыруға мүмкіндік береді [3].
Түсіндірме түріндегі аударма тәсілі.
Түсіндірме түріндегі аударма тәсілі аударматанудың теориялық және прак-
тикалық мәселелері талданатын әдебиеттердің барлығында да екінші тілде мағы-
налық-ұғымдық көлемі жағынан сәйкес келмейтін сөздер тобын, яғни баламасыз 
лексиканы аудару тәсілі ретінде сипатталады және бұл аудару тәсілінің ерекшелігі – 
түпнұсқа тіліндегі бірліктің мағынасының аударма тіліне жайылмалы синтаксистік 
құрылымдар арқылы берілуінде.
Ғалым Е.Жеребцова түсіндірме түріндгі аудару тәсілінің бұдан басқа да белгі-
лерін анықтайды. Оның пікірінше, түпнұска бipлігі мен оның аударма тіліндегі 
баламасының арасында лексикалық парапарлық болмайды немесе бұл парапарлық 
едәуір төмен болып келеді, аударма тіліндегі баламаның ішіндегі синтаксистік 
байланыс әртүрлі болады, түсіндірме түрінде аударма жасау ic-әрекетінің автомат-
тылығы сөзбе-сөз аударуға қарағанда әлдеқайда төмен [4].
Tүciндipмe түріндегі аударма тәсілінде біз көрсетілген мысалдармен ғана тоқ-
талдық. Бұл салада материалдар өте аз зерттелінген және сөздікте біріккен зат 
есімдер шектеулі түрде берілген [5].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет