[ 24 ]
Бірінші тарау
Қазір Шерлок Холмс туралы хикаялардың толық
жинағы бөлек кітап болып шыққан. Үйімдегі кітап
сөремде тұр.
СУҒА КЕТКЕН ТАЛ ҚАРМАЙДЫ
Мектепте оқу үлгерімің үздік болса, сыныптаста-
рыңның есеп шығарып беруді сұрап мазаңды қа-
шыратыны бар. Оқушы болсаң да бос уақытың бола
бермейді. Есесіне,
алдымен өзіңнің жағдайыңды
ойлайсың, бақылау жұмыстарында төмен баға алғың
келмейді. Оларға «жоқ» десең, ренжитіні бар. Қай жас-
та болмасын адам ренжігіш келеді ғой. Мен бұл мә-
селенің шешімін тауып, бартер негізінде жәрдем-
дестім.
Бастауыш сыныптарда есебін шешіп беруді сұрап
келгендер менің «оққағарым» болуға көнсе («ер
шекіспей бекіспейді» деген бар,
бала болған соң
төбелесіп қаласың, бірақ оның барлығына уақыт пен
денсаулық керек), жоғары сыныптарда оқығанымда:
«Есеп шығарып бергенім үшін кітап әкеліп беріп
отырыңдар», – дейтін болдым. Сөйтіп бірнеше мәрте
айтқан кітаптарды әкеліп бергендері бар. Олардың
кітаптарды мектеп кітапханасынан ұрлағандарын
кейін білдім. «Суға кеткен тал қармайды» дейді ғой,
бақылау жұмысынан төмен баға алып қалмау үшін
ұрлыққа
баратынын білгенімде, кітап емес, түскі
асымды алып беріңдер деп сұраймын ғой. Кітаптар-
дың ұрланған екенін білген бойы кітапханашы апай-
ға қайтып апарып бердім. Бұл да бір қызық, есте
қалатын оқиға.
Оқырманның қалыптасуы
[ 25 ]
БІР НӘРСЕГЕ ҒАНА ӨКІНЕМ
Бастауыш сыныпта жетекші ұстазымыз: «Келесі
күні 20 килограмм макулатура алып келіңдер», –
деп міндет қойды.
Бұл тапсырма, шамасы, сол кез-
де жоғары жақтан келген болар. Бұл екінші не үшінші
сыныпта болған әңгіме. Кеңес заманында қалыптас-
қан әдеттер мен тәртіптен әлі арыла қоймаған ке-
зең ғой. Мен, негізінде, кез келген тапсырмаға үлкен
жауапкершілікпен қараймын. Бірақ осы жолы мұ-
ғалімнің тапсырмасына
салғырт қарағаным әлде-
қайда дұрыс болған болар еді.
Үйге келіп, атам мен әжеме осы туралы айттым.
Бала болған соң көңілімді қиғысы келмегендіктен бо-
лар, үйдің кітапханасының бір бөлігін құрбан етіп,
20 килограмм кітапты буып-түйіп берді. Таразыға са-
лып өлшегеніміз есімде. Содан атам туысқанымыз ба,
әлде көршіміз бе, қазір есімде жоқ, бір кісіге көмекте-
суді өтініп, ертесіне сол кісі әлгі кітаптарды жеткізіп
берді. Мектепке дейін жаяу жүрсең, жарты сағаттық
жол. Сыныпта 30 шақты бала болса, апайдың тапсыр-
масын бұлжытпай орындаған тек мен болдым. Бір сы-
ныптасым екі-үш кітап алып келіпті. Болды. Апарған
кітаптарымды әлі күнге дейін макулатура деп айтуға
тілім бармайды. Еске алсам, ішім күйеді.
Балалық
қой. Қазір апарғаныма қатты өкінемін, ішінде қандай
құнды кітаптар болғанын бір Құдай біледі. Бүгін қалай
екенін білмеймін, бірақ сол жылдары мектепте жасыңа
қарамай этикаға жат міндеттер жүктей беретін.
Кеңес заманында макулатура өткізгендерге сирек
кітапты алуға мүмкіндік беретін талон сыйлайды
екен. Ал тапсырманы орындаған екеумізге бір мақтау