Бронх демікпесінде қосымша қолданылатын дәрі топтары:
Бронх демікпесінде қосымша қолданылатын дәрі топтары:
Мес жасушаларының стабилизаторлары: Кромолин- натрий (Интал), Недокромил-натрий Кетотифен. Әсері: аллергияны өршітетін гистаминннің бөлінуіне кедергі жасайды, қабыну процесін төмендетеді. Бронхоспазманың алдын алуға қолданылады.
Өкпе ісінуі жүрек қан тамырлары жүйесі ауруларында, өкпенің химиялық заттармен зақымдануында, бауыр, бүйрек патологиясында, ми ісінуінде байқалады. Өкпе ісінуі өмірге қауіпті жағдай. Өкпеде сұйық пайда болып, ол дем алған сайын көпіршіктеніп, тыныс жолдары көбікпен бітеледі. Ауа жетпей тыныс тарылады.
Өкпе ісінуінде қолданылатын дәрі топтары:
Көбікті басуға этил спиртінің 30-90% буымен оттегін жұтқызу. Этил спирті брохтарды бітеп көп орын алып тұрған көбікті сұйыққа айналдырады.
Көбікті басауға ингаляциялық сұйық – Антифомсилан қолдануға болады.
Несеп айдаушы дәрі: Фуросемид, Этакрин қышқылы. Айналымдағы қан көлемін азайтып, гипотензивті әсер береді.
Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір) - әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер (анти-қарсы, биос-тіршілік, өмір) - әртүрлі микроорганизмдердің өмір сүру қабілетін жоюға бағытталған биологиялық заттар немесе оның синтетикалық аналогтары.
Антибиотиктер негізгі және қосымша (резервті) деп бөлінеді.