Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!


дан бір сөзді, мынадан бір сөзді жырмалап ескі пікірмен



Pdf көрінісі
бет15/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

дан бір сөзді, мынадан бір сөзді жырмалап ескі пікірмен 
және «қара барандатқан» жел сөзді қосып, жұрттың 
қараңғылығы мен білімсіздігін пайдаланып көзін уқалап 
«төңкеріс ақыны», «еңбекшілдер ақыны» бола қоямын 
деу – тым ұятсыздық. Мұндай адамды Еуропада «шарла-
тан» дейді. Біздің әдебиетке қатысы бар азаматтардың бір 
есінде болатын нәрсесі – шарлатандықтан сақтану! ...Соны-
мен Самат «ақын»-ның өлеңдерін тексеріп, бақайшығын 
шаққанда, не төңкеріске, не еңбекшілдерге, не әдебиетке 
пайдалы сөз көре алмадым».
35
Белгілі әдебиеттанушы марқұм Б. Кенжебаевтың жазуын-
ша, «Самат өлеңдеріне сын» мақаласы жарық көргеннен кейін, 
совет құрылысының тағы бір насихатшысы, «бұлбұлы» болуға 
үміттенген Самат Нұржанұлы поэзиядан біржола безген 
көрінеді.
Ә. Бөкейхан Мәскеуде қаннан қаперсіз жұмыс істеді, еліндегі 
қазақ басылымдарда ешбір шектеусіз жарияланып тұрды де-
ген жаңсақ пікір қалыптасуы мүмкін. Ал шындығына келген-
де олай емес-ті. «Темірқазық» журналының шығуын 3-саны-
на кейін күтпеген жерден тоқтатқаны жоғарыда айтылды. Ол 
аздай Алыс Мәскеуде жүрген елағасының үстінен Кремльге 
арыз-шағымдар да судай ағылған көрінеді. Сондай бір арыз 
туралы Әлекең бүгінгі күнге жеткен сирек хатының бірінде 
жазды. Хат 1925 жылы Мәскеуден А. Байтұрсынұлына жолда-
ныпты. Бірақ хаттың Ахаңа жеткен-жетпегені белгісіз. Олай 
дейтін себеп: хаттың орысшаға аударылған нұсқасы 1992 жылы 
Қазақстанның ол кезде әлі Мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің 
(МҚК немесе КГБ – қазіргі ҰҚК-КНБ) мұрағатынан алынған-ды. 
Хатта әлгі «дөңгелек арыз» бен оның салдарын Алаш көсемі бы-
лай суреттейді:
35 V. Самат өлеңдеріне сын. Әдеби сын. //«Жас қазақ» журн., №№ 10–13, 
1924 ж. Орынбор.


27
«Меңдешев жолдас «Бөкейханов «Еңбекші қазаққа» 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет