мақалалар жазады», – деп шағымданыпты. Бұл шағымы
15-маусымда Орталық Комитет жанындағы баспа бөліміне
түсіпті. Мені әлгі шағым бойынша онда отырған татарлар
тиесінше тезден өткізді.
Мәскеу коммунистері «қазақтар – ұлтшылдар» деп
жалпыға жар салып, айқайлап жүр. Мен олардан: – Айтып
жүргендерің не? – деп сұрасам, олар: – Өздерің өздеріңе
шағым жасап жүрсіңдер, яғни оны жазған өз қазақтарың,
– деп айтады».
36
Ерекше назар аударатын жайт: бұл «дөңгелек арыз-
ды» қатардағы «шала белсенді», коммунист болуды аңсаған
пысықай немесе, А. Байтұрсынұлының сөзімен айтсақ – елдегі
партия басшылығында отырған «нағыз 96 пробалы» қазақ
коммунисі емес, Мәскеуде КСРО Орталық атқару комитеті
төралқасының мүшесі болып жүрген Сейітқали Меңдешұлы
37
(Меңдешев) жазған.
Ащы болса да мойындау керек: отаршыл патша билігіне
қарсы тұрған жылдары да, қылышынан қан сорғалаған со-
вет өкіметі үстемдік еткен кезеңде де Алаш қайраткерлері,
Ә. Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Ақбайұлы
және басқалары, жәбірді жауынан емес-ау, қазағынан көрді
емес пе! Қазақ дегенде болыстыққа таласып пәле-жала қуған
надан, бірақ мансапқор қазағынан емес, жоғары білімді заңгер,
Мемлекеттік Думаның депутаты болған Бақытжан Қаратаев,
Көлбай Тоғысұлы, Әліби Жангелдин (Степнов), Сейітқали
36 Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы – Избранное. – Алматы: Қазақ энци-
клопедиясы, 1995 ж. 397 бет.
37 Меңдешұлы Сейітқали (1882–1937) – қазақ, Батыс Қазақстан облы-
сында туған. Қазақтың советтік мемлекет және қоғам қайраткері. 1920 ж. Қазақ
АССР Орталық атқару комитетінің (ОАК) тұңғыш төрағасы, 1924–1925 жж.
– СССР ОАК төралқасының мүшесі, Коминтерннің (Коммунистік интерна-
ционал) 5-інші конгресінің делегаты; 1926–1930 жж. – РСФСР экономикалық
кеңесінің мүшесі (ЭКОСО РСФСР); 1928–1929 жж. – конституциялық
комиссияның және ұлттық республикалардағы жер пайдалану мәселесі бо-
йынша КСРО ОАК комиссиясының мүшесі, 1930–1937 жж. – ҚазАССР ағарту
халық комиссары, ғылым жөніндегі комитеттің төрағасы және т. т. Ұлттық эн-
циклопедия, 3-том.
28
Меңдешұлы [№ 22-сурет] сынды көзі ашық, көкірегі ояу
қандастарынан көрді. Осындай нақақ шағыммен 1907, 1909,
1914, 1929 жылдары түрмеде отырған А. Байтұрсынұлының
бірде:
Ешнәрсе емес абақтыға жапқаны,
Қиын емес дарға асқаны, атқаны.
Маған қиын осылардың бәрінен
Өз ауылыңның иттері үріп жатқаны, –
деп жазғаны бар еді. Ахаң жазғандай-ақ, Алаш көсемі туған
өлкесінен қуылып, Самар губернесінде саяси айдауда жүрген
кезінде де ұлт-азаттық күресінің «жолбикелері» қыр соңынан
қалмай, арыз-шағымдарын судай ағытқан. Мысалға, 1917 жылы
«Қазақ» баспаханасы» айдарлы мақаласында М. Дулатұлы
журналистік тергеу жүргізіп анықтап, «Қазақ» баспахана-
сы» мақаласында әшкерелеп жазғандай, 1914–1916 жылдары
«Қазақ» газетін жаптырмақ болып, тұңғыш ұлттық басылымға
ақшалай 1500–3000 сомдық айыппұл салдырып, оның бас
шығарушысы А. Байтұрсынұлын абақтыға отырғызған,
1916 жылы М. Дулатұлының Орынбордағы пәтеріне тінту
жүргіздірген, ол аздай Орал генерал-губернаторы арқылы Са-
мар жандармериясы бастығына Ә. Бөкейхан туралы телеграм
бергізіп, Самардан «Бөкейхановты сыртынан бақылап жүрміз»
деген хабар алған Бақытжан Қаратаевтың өзі мен жақындары
болыпты.
38
М. Дулатұлының өз сөзімен айтсақ: құдай қарғаған
«бауырларының» нақақ арыз-шағымдары Қыр баласы –
елағасының қыр соңынан совет тұсында да бір қалмады. Бұл
жолы Ә. Бөкейхан «шала белсенді» қазақ коммунистерінің
алдында «Еңбекші қазақ» газетіне мақала жазғаны үшін «ай-
ыпты» болды. А. Байтұрсынұлы 1925 жылдың 1 маусымын-
да Әлиханға жазған хатында «біздің коммунистер Мәскеу
38 Мір Яғқұб. «Қазақ» баспаханасы. //«Қазақ» газ., № 239, 11.08.1917 ж.
Орынбор.
29
коммунистері секілді жартыкеш емес, «нағыз 96 пробалы»
39
– деп жазса, оған 23 маусымда жазған жауабында елағасы Ле-
нинге еліктеген С. Меңдешұлы, С. Сейфуллин сынды қазақ
коммунистерін Юпитер болуды аңсаған бұқаға теңейді.
40
Міне
сол «бұқалардың» жазған арыз-шағымдарының нәтижесінде
«Еңбекші қазақ» газеті беттерінен 1925 жылдан кейін Қыр
баласы, Ғ. Б. немесе тіпті V деп қол қойылған бірлі-жарым
мақала-материалды ұшырату өте қиын. С. Меңдешұлының
шағымы Кремльге 1925 жылдың мамырында түскен болса, Қыр
баласының «Еңбекші қазақ» газетінен әзірше табылған соңғы
мақаласы – 1925 жылғы 14 мамыр санында шықса,
41
V деп қол
қойылған «Әдебиет дүниесінде» атты мақала – 1926 жылдың 7
қазанында басылды.
42
Ол аздай, 1925 жылдың 29 мамырда И. Сталиннің РК(б)П
Қазақ өлкелік комитетіне жолдаған «Қазақ баспасөзі тура-
лы» хатында Ташкентте шығып келген «Ақ жол» газеті мен
«ақгвардияшыл эмигрант» М. Шоқай арасында идеялық
бірліктің байқалатындығын нұсқап, партияда жоқ зиялылар-
ды коммунистік басылымға жолатпауды (!) талап етуінен
43
соң,
Ә. Бөкейханның негізінен Қыр баласы, Ғ. Б. деген бүркеніш
есімдерімен белсенді жарияланып келген бұл басылымның
күні де құрдымға тақады.
РК(б)П Орталық комитетіне С. Меңдешұлының әлгі арызы
түскен 1925 жылдан бастап Ә. Бөкейханның Қыр баласы және
V деп қол қойған мақала, жаңа шыққан кітаптарға жазған сыни
пікірлері, көркем-әдеби және т. б. аудармалары негізінен «Жаңа
мектеп» журналында, 1926 жылдан «Әйел теңдігі» журналын-
да қарама-қатар көптеп жариялана береді. Қыр баласының
39 Әлихан Бөкейхан. Таңдамалы – Избранное. – Алматы: Қазақ энци-
клопедиясы, 1995 ж. 398 бет.
40 Сонда: 397 бет.
41 Қыр баласы. Кітап сыны: Томский, М. Ресейде кәсіпшілер қозғалысы
(ауд. Ешмағамбетұлы). Рецензия. //«Еңбекші қазақ» газ., № 329, 14 мамыр,
1925 ж. 4 бет. Орынбор-Қызылорда.
42 V. Әдебиет дүниесінде. //«Еңбекші қазақ» газ., 7 қазан 1926 жыл.
Орынбор-Қызылорда.
43 Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ж.
30
мақалаларын сирек болса да Қазақстанның «Қосшы», «Теңдік»,
«Кедей теңдігі» сынды өлкелік-облыстық газеттерінен де
ұшыратуға болады.
44
Алаш көсемінің 1925–1928 жылдар аралығындағы
еңбектерінен Л. Толстойдың, ежелгі грек әдебиетінің өкілі
Эзоп пен үнді мысалдарын қазақшалап басып шығарған
«Жетпіс жеті мысал» жинағын, тағы да Л. Толстойдың «Кав-
каз тұтқыны», «Жетіқарақшы» және «Жұмыртқадай би-
дай», Д. Мамин-Сибиряктың «Баймақан», В. Короленконың
«Жұмбақ қыз», «Түндегі от» және «Өзі» әңгімелерінің жеке-
жеке жинақтарын, ауыз әдебиетінің А. Байтұрсынұлы жазып
алған үлгілерін өңдеп, алғысөзін жазып шығарған «Жиырма
үш жоқтау»
45
кітабын, орта мектептерге арналған «Дүниенің
құрылысы» және «Жердің қысқаша тарихы»
46
оқулықтарын
атап өтуге болады. Орыс тіліндегі «Казаки Адаевского уезда»
және «Сельское хозяйство Кара-Калпакской области» сынды
төл ғылыми зерттеулерінің орны бөлек және олардың өзгеше
тарихы бар.
Совет өкіметі Ә. Бөкейханды қазақ ұлтының шынайы көсемі,
Алашорда ұлттық-территориялық автономиясының төрағасы,
Азамат соғысы жылдарында қызыл әскерге қарсы қарулы
күресті басқарған «буржуазияшыл ұлтшыл», бітіспес саяси
жауы көрумен қатар, ғалым әрі Қазақстанды бес саусағындай
білетін теңдессіз сарапшы ретінде мойындамасқа амалы
қалмаса керек. Оған 1920 жылы Қазақстан төңкеріс комитетінің
төрағасы (Киргизский революционный комитет немесе Кир-
ревком), 1920–1923 жылдары Қазақ АССР халық комиссарлары
кеңесінің (ХКК) төрағасы болған В. Радус-Зеньковичтің
47
1921
44 Қыр баласы. Өсімдік. Өсімдік өмірі. Жаңа кітап. Рецензия. //«Теңдік»
газ., № 7, 1925 ж., 4-бет. Қызылорда; Қыр баласы. Жаңа кітап (Кітап сыны).
//«Теңдік» газ., № ?, мамыр-шілде, 1925 ж., 4-бет. Қызылорда; Қыр баласы.
Қызды малға сату. //«Кедей теңдігі» газ. [?], № 18, 1925 ж., 3-бет. Қызылорда.
45 Қыр баласы. Байтұрсынұлы, Ахмет. Жиырма үш жоқтау. //СССР
халықтарының Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1926 ж. Мәскеу.
46 Тутковский Т. Жердің қысқаша тарихы (ауд. Қыр баласы). //СССР
халықтарының Кіндік баспасы [ЦИН СССР], 1926 ж. Мәскеу.
47 Радус-Зенькович В. А. (1877–1967) – советтік партия және мемлекет
қайраткері. 1920 жылдың тамызынан Қазақ-Қырғыз төңкеріс комитетінің,
31
жылы 13 маусымда Кремльде айтқан « Бөкейханов – өлкенің
Достарыңызбен бөлісу: |