Тірі болсам, хан баласында қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын!



Pdf көрінісі
бет87/150
Дата25.01.2023
өлшемі15,39 Mb.
#62967
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150
Байланысты:
e0be8266bf1c310cf368d6fe2d998af0

31. Ит пен қасқыр
Қораның артында ит ұйықтап қалды. Аш қасқыр келіп, 
итті тауып алды, жемек болып қуанды. Ит сонда: «Қасқыр, сен 
тоқта! Мені әзір жеме, мен аруақтай арықпын. Тұрған! Бұйым 
терімен қу сүйек, біраз күн күт, – бай той қылады, мен тойда 
тамақты еркіммен жейм, семірем, сонда мені сен жесең, жақсы 
болады» деді, итке нанып қасқыр кетіп қалды.
Бірнеше күннен соң қасқыр тағы қайтып келсе, қораның 
төбесінде ит жатыр. «Қалай, той болды ма?» деп, қасқыр ит-
тен сұрады: «Қайта келгеніңде мен қорада ұйықтап жатсам, 
қасқыржан, тойға қарама» деп, ит жауап берді.
32. Маса мен арыстан
Ұшып келе арыстанға маса сөйледі: «Сен адасып менен 
күштімін деп ойлайсың! Сенде не күш бар? Сен тырнағыңмен 
жыртып, тісіңмен шайнайсың! Байымен төбелескенде қатындар 
да бетін тырнап, қолын тістеп алады. Мен сеннен мықтымын, 
төбелесуге жайың қалай?» деді. Сырнайын тартып маса ары-
станды беттен, мұрыннан, жалаңаш жерінің бәрінен шаға ба-
стады. Өзін-өзі аяғымен басқа сабалап, тырнағымен өз бет-
аузын дала-дала қылып өзі қанға боялып, шаршап шалығып 
арыстан жығылды. Өлеңдетіп қуанып маса ұшып кетті. Ұшып 
бара жатып өрмекшінің өрмегіне оралды. Сонда өрмекші со-
рып жатқан маса: «Мықты арыстанды жеңдім, бірақ ажалым 
жаман өрмекшіден болды-ау!» деді.
33. Ат пен иелері
Бір бақша бағушының аты болды. Жұмысы аттың көп, жемі 
аз. Маған өзге бай бер деп, ат құдайдан жылап тіледі. Аттың 
тілегі болды. Балшықтан құмыра істейтінге иесі атты сатты. Ат 
қуанды. Жұмыс бұрынғыдан көп болды. Атқа бұ тұрмыс тағы 
жақпады. Өзге біреуге барсам деп, ат тағы тіледі, бұ тілек тағы 
болды. Тері илейтінге құмырашы атты сатты. Қорада жылқы 
терісін көріп, ат зар жылады: «Мен сорлы бұрынғы иелерімде


225
қалсамшы! Енді мені жұмысқа деп алған жоқ, теріме алған ғой» 
деп, ойлады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   150




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет