227
Аю кеткен соң, ана жолдас ағаштан түсті де: – Е, саған аю не
сыбырлады? – деп, күлді. Сонда жолда жалғыз қалған жолдас
тұрып: «Қиын жерде жолдасын қиып қашқан
жаман кісі деп
маған аю сыбырлады» деді.
41. Қасқыр мен қозы
Сүт ішіп жатқан қозыны қасқыр көрді.
Қозыны жеуге
қызығып, қасқыр көзі оттай жанды. Соқтығуға қозыға қасқыр
ыңғайланды: «Сен, қозы, суымды лайлап, маған су ішкізбедің»
деді.
«Мен сенен төмен тұрмын, ернімнің ұшымен ғана су іштім,
суды мен қалай лайлаймын?» деді.
«Жарайды, былтыр менің әкемді сен боқтадың!» деді.
«Былтыр жаз мен туғам да жоқ» деді.
«Сөзге сен болмассың. Аш қарынға сені мен жейм! – деді де,
қозыны қасқыр бас салды.
Достарыңызбен бөлісу: