ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
182
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
Бұл оқулықта біз зерттеп жатқан бағытта «Мектеп – білім ордасы», «Кітап
– білім бұлағы», «Ана тілі» пәні, «Қазақ тілі – мемлекеттік тіл», «Менің елім –
Қазақстан», «Әдептілік – әдемілік», «Мәдени және қоғамдық орындар», «Табиғат
– алтын бесік» атты тақырыптар көрсетілген.
Аталған тақырыптарды меңгерту мақсатымен түрлі жаттығулар орна-
ластырылған. Соларды орындау үшін мынадай сөздерді қолдануы көзделеді:
атамекен, елорда, мемлекеттік тіл, ауыл, Отан – ұран, Отан – туым, кең дала,
туған өлке, Алакөл, Сырдария, Алатау, Марқакөл, Каспий, Есіл, Астана, Алматы,
Қызылорда, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Атырау, Тараз, Қостанай, Қарағанды,
Өскемен, Жезқазған, Екібастұз, Қарағанды, Балқаш, Ақтау, Байқоңыр, Семей,
Талдықорған, Жетісай, Үштөбе, Кентау, Тарбағатай, «Медеу» мұзайдыны, ай-
налайын, Абай Құнанбайұлы, Жамбыл Жабаев, Шоқан Уалиханов, Райымбек
батыр, Наурызбай батыр, Әбілхан Қастеев, төр, ас, киіз үй, «Қозы Көрпеш –
Баян Сұлу» фильмі, төрт түлік мал.
Мысалы үшін, «Менің елім – Қазақстан» тақырыбын таратып көрсетейік.
80-бетте әдемі, түрлі-түсті қазақтың таулы даласы жайнаған, жайқалған шөп-
гүлімен, көк зеңгір аспанымен берілген. Суреттің аты «Атамекен». Сурет те
сәнді, мазмұнды, қойылған аты да кез келген қазақ азаматына қымбат, құнды.
Осыдан кейін 1-жаттығуда сурет бойынша сұрақтарға жауап бер деген тапсырма
бар.
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Еліміздің елордасы қай қала?
3. Елімізде мемлекеттік тіл қай тіл?
2-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Менің елім – Қазақстан
Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы. Ол – үлкен әрі бай өлке. Онда
тоғай, өзен, көл, ауыл, қала көп. Қазақстанда көп халық тұрады. Олар тату. Біз
атамекенімізді сүйеміз, ардақтаймыз.
Сұрақтарға жауап бер.
1. Біздің Отанымыз қандай?
2. Онда нелер көп?
3. Қазақстанның халқы қандай?
Сөздік
Атамекен – отчизна, земля отцов
Өлке – край
Тоғай – роща
Сүйеміз – любим
Ф.Р. ахМЕтЖаНова, Ж.С. ЖолаУШиНова
183
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
Ардақтаймыз – ценим.
Оқулықтың 80-95 беттері аралығында берілген әртүлі мәтіндер мен түрлі
жаттығулар өзге ұлт оқушыларына Қазақ елін таныстыру мақсатында сәтті
берілген.
1-жаттығу.
туған өлке
Мынау – менің туған өлкем. Қазақстанның жері үлкен. Оның табиғаты
бай. Мұнда түрлі аңдар, құстар, өсімдіктер бар. Өзендері мен көлдерінің суы
мөп-мөлдір.
4-жаттығу. Түсініп оқы, жаттап ал.
Отан – жерім, Отан – суым,
Отан – қуат, нәр береді.
Отан – ұран, Отан – туым,
Отан мәңгі гүлденеді.
(М. Хакімжанова)
1-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.
Менің елім – Қазақстан
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Қазақстан Республикасында көп ұлт өкіл-
дері тұрады. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, ұлттық тағамдары бар.
Қазақстан – көп елдерге танымал. Бұл – үлкен, бай мемлекет. Елімізде
мұнай, көмір өндіріледі.
Қазақстанның табиғаты да бай. Мұнда түрлі өсімдіктер өседі және жануар-
лар, құстар тіршілік етеді.
Оқулықта көрсетілген түрлі мәтін, жаттығу, тапсырманың ішінен мына-
дай да лексиканы кездестіруге болады: ұялы телефон, экран, гимн, музейде,
кинофильм, көрермендер, жасөспірімдер театры, режиссёр, актёр, компози-
тор, оператор, мархабат, көп жаса, саябақ, ғимарат, қойылым, «Целинный»
кинотеатры, мультфильм, ырыс, жемшашар, үйшік, телемұнара, бағдаршам,
аялдама. Қаншалықты осы мысалдар үшінші сынып баласына әрі екінші тіл
ретінде қазақ тілін меңгеріп, әрі келтірілген сөзқолданыс арқылы ол өз санасына
еліміздің құндылықтарын құяды?
Сол 2010 жылы үшінші сыныпқа арналған, бірақ басқа баспадан жарық
көрген тағы да бір оқулық таратылды [4]. Бұл оқулықта «Қазақ тілі» пәнінен
игерілетін барлық тақырыптар 18 (он сегіз) модуль ретінде берілген. Алдындағы
оқулықтағы сияқты мына жерде де таныс тақырыптар бар, бірақ олар «модуль»
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
184
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
деп аталады: отбасы; менің үйім; киімдер; ауылда; азық-түлік; бау-бақшада және
базарда.
Біз ұлттық құндылықтарды жүйелеп оқыту үрдісіне енгізу арқылы ғана
ұлттың тұнып тұрған асыл мұраларымен, рухани байлығымен ұрпақтарды су-
сындатып, отбасында да, мектепте де ұлтжандылық пен отаншылдыққа бау-
лып, өз халқын, өз мемлекетін көздің қарашығындай сақтайтын тұлғаларды
тәрбиелеп шығарамыз. Ұлтымыздың ұлы өкілі М. Әуезов: «Қытайлықтар ұлы
қытай қорғанын, итальяндықтар сазды әуенімен таң қалдырса, қазақ халқы
ұлттық құндылықтары мен бай тілін мақтан етеді», – деген екен [5].
Жақында әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында депутат-
тар Қазақстанда шығарылатын мектеп оқулықтарын парақтап, жүйедегі бар
былықтың бетін ашты [6]. «Оқулықтардың сапасы сын көтермейді» деген
шешімге келді. Олай болса, аталған бағытта олқылықтар мен кемшіліктерді жою
барысында саналы түрде жүйелі жұмыс жоспарлануда.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Таганова А.М. Оқулық жазу шарттары және оның тәрбиелік негіздері.// ҚазҰУ
хабаршысы. Филология сериясы. – 2012. – №2 (136). – 134-б.
2. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі: учебник для 2 класса 11-летней общеобразователь-
ной школы с русским языком обучения / Т.Н. Ермекова [и др.]. – Алматы: Алматыкітап,
2009. – 128 с., илл.
3. Ермекова Т.Н. Қазақ тілі: учеб. для 3 класса 11-летней общеобразовательной
шк. с русс. яз. обуч. / Т.Н. Ермекова [и др.].– Алматы: Алматыкітап, 2010. – 200 с., илл.
4. Қайырбекова А. Қазақ тілі: учеб. для 3 кл. общеобразоват. шк. с рус. яз. обуче-
ния. 2-е изд. дополн. и перераб. / А. Қайырбекова. – Алматы: Атамұра, 2010. – 240 с.
5. Ахметжанова Ф.Р. Аударматанудың кейбір мәселелері – Некоторые вопросы
переводоведения. – Өскемен: КМК «Шығыс Ақпарат», 2009. – C. 66, 156.
6. http://tv7.kz/kz/news/show/8196, 11.03.2014.
REFERENCES
1. Taganova A.M. Okulyk zhazu sharttary zane onyn tarbielіk negіzderі. KazYU
habarshysy. Filologija seriijasy, №2,136. 2012 (in Kaz).
2. Ermekova T.N., Satbekova A.A., Sisembina A.U., Tazhibaeva G.B., Kazak tіlі
Uchebnik dlja 2 klassa 11-letnej obshheobrazovatel’noj shkoly s russkim jazykom obuchenija.
Almaty. Almatykіtap, 2009, 128 (in Russ).
3. Ermekova T.N., Satbekova A.A., Sisembina A.U., Tazhibaeva G.B., Kazak tіlі Ucheb.
dlja 3 klassa 11-letnej obshheobrazovatel’noj shk. s russ. jaz. obuch. Almaty. Almatykіtap,
2010, 200 (in Russ).
4. Kajyrbekova A., Kazak tіlі. Ucheb. dlja 3 kl. obshheobrazovat. shk. s rus. jaz. obu-
chenija. 2-e izd. dopoln. i pererab. Almaty. Atamura, 2010, 240 (in Russ).
5. Ahmetzhanova F.R., Audarmatanudyn kejbіr maselelerі. Nekotorye voprosy per-
evodovedenija. Oskemen KMK Shygys Akparat, 2009, 156 (in Russ).
6. http://tv7.kz/kz/news/show/8196, 11.03.2014.
Ф.Р. ахМЕтЖаНова, Ж.С. ЖолаУШиНова
185
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
ӘОЖ 811.512.122.37
а.Ә. ӘлІМхаН, а.а. БЕРКУтОва
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
САТИРА ЖАНРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Қандай ақын-жыраулардың шығармалары болмасын, олар сатираның белгілі бір
жанрында жазылған. Мақалада сатира жанрларының түрлерін көрсете отырып, нақтылы
мысалдармен дәйектелген.
түйін сөздер: сатира жанрлары, семантика, фельетон, мысал, пародия, шарж.
ФОРМИРОВАНИЕ САТИРИЧЕСКИХ ЖАНРОВ
Произведения любых акынов-жырау написаны в разных сатирических жанрах. В
статье описаны сатирические жанры и приведены к ним примеры.
Ключевые слова: сатирические жанры, семантика, фельетон, басни, пародия,
шарж.
THE FoRMATIoN oF SATIRIC GENRE
The product of any zhyrau-akyns are written in different satirical genres. This article
describes the satirical genres and examples gives some examples to them.
Keywords: satirical genres, semantics, satire, fable, parody, caricature.
Өткен ғасырларда сатираның дамуы үшін қиын болды. Өйткені мінеп-сынап
жазған ақындардың өлеңдері көп жарық көрмеді, ал кейде авторлары қудаланып
жатты. Әйтсе де, осы уақытта сатираның көптеген жанрлары дамып баий түсті.
Мысалы: мысал, эпиграмма, памфлет, фельетон, пародия, сатира жанрындағы
пьесалар.
Қандай ақын-жыраулардың шығармалары болмасын, олар сатираның
белгілі бір жанрында жазылған. Әдебиетте сатираның фельетон, карикатура,
мысал, пародия, эпиграмма, памфлет, анекдот, шарж сияқты жанрлары бар [4;
5].
Әдебиетіміздің өнімді де өркенді бір саласы – сатираның да өз объектісі, өз
міндеті, атқарар рөлі, соны жүзеге асыруда қолданар құралдары бар. Осыдан ке-
ліп оның әрқилы жанрлары туындайды. Сатиралық жанрлардың бәрі – юморлық
сезім мен тапқырлықтың сезімі [5; 7].
Алайда ақындар пайдаланатын шығармаларында әр жанрдың таза қалпында
кездесе бермеуі мүмкін. Бір туындыда бірнеше жанрлар араласып, тоғысып
жатады.
Темірбек Қожакеев «Сатира жанры» еңбегінде сатиралық жанрларды екі
салаға топтастырады:
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
186
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
1. Сатираның поэзиялық жанрлары (мысал, эпиграмма, пародия, сықақ
өлең, шарж, карикатура).
2. Сатираның прозалық жанрлары (фельетон, памфалет, сатиралық әңгіме,
юморлық әңгіме, сатиралық повесть, сатиралық роман).
Темірбек Қожекеев бұл жанрларды жіктеуде шарттылық бар дейді. Ал енді
сатираның кейбір жанрларына тоқталып, мысалдармен келтіріп көрейік.
Мысалы, қоғамдағы немесе жеке адамның басындағы кейбір жағымсыз
жайттар мен кемшіліктерді, ұнамсыз мінез-құлықты ашық, тура сынамай,
астарлап сынап-мінейді.
Телғожа Жанұзақовтың «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» автор
мынандай түсініктеме береді. Мысалы: 1) бір нәрсенің анық-қанығын түсіндіру
үшін сөз аралығында келтіретін дәлел; 2) тәрбиелік мәні бар, астарды сықақ
өлең, әңгіме [3].
Яғни мысал өмірдегі жағымсыз құбылыстарды көбінесе адамның емес,
басқа бір хайуанаттың, құстың немесе бір заттың басында болған оқиға етіп
суреттейді. Өзінің айтар идея, ой-пікірін жасырып, жұмбақтап айтады. Әңгіме
бір жәндік, бір зат туралы болғанымен, оның ар жағында адам бейнесі, адам ісі,
адам характері тұрады.
Кейде мысал бір адамның басында болған хикая деп те жазыла береді [5].
Мысал арқылы мысалшы адамның теріс, жат қылықтарын әшкерелеп,
қоғамға тән жөн-жосықсыздықты астарлы айтып, сынап-мінейді.
Асқар Тоқмағамбетовтың «Дейді екендер» дейді екен» атты кітабынан бір-
екі мысал алып талдайық.
Күншілдің күңкілі
Қарға тыңдап бұлбұлды,
Қатты қынжылды,
Қабағы түйілді,
Бұлбұлға бұлай бұйырды.
Немене сонша шырылдап,
–
Көрінгеннен жыр ұрлап.
Жылаудан басқа білмейсің,
Өмірі бір күлмейсің,
Еңірейсің, сырнайсың,
Ылғи ғана зарлайсың,
Неге бір қаттырақ,
Тыңдауға жақсырақ,
«Қақ» дейтін дауыс таппайсың,
Мұнымен жанға жақпайсың,
Айда жөнел, кет! – деді.
а.Ә. ӘлІМхаН, а.а. БЕРКУтова
187
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
Басқа айтуға ақыл жетпеді.
Күншілдің сол ғой күңкілі,
Бүкпесіз, бірақ шын сыры,
Бұлбұлды сөйтіп қарғаған
Сақтасын құдай қарғадан [7].
Мұнда аллегория бар, әдемі сырнайтын бұлбұлды көре алмайтын қарға -
ның айтқан ақылы арқылы, автор көреалмаушылық, көкіректік сынды қасиеттер-
ді астарлы жеткізіп отыр.
Мысал – сатираның ең ежелгі, көне уақытта пайда болған жанрларының
бірі. Мысал ежелгі грек әдебиетінде болған. Ежелгі грек әдебиетінің мысалшы-
ның атақтысы Эзоп болған. Ел ішінде «Эзоп – мысал атасы» деп сақталған.
Оның мысалдары қысқа, ықшам да ойлы, астарлы түрінде келген. Эзоп
мысалдарының негізгі кейіпкерлері – жан-жануар мен заттар. Ол өз мысалдарына
сюжетті өмірден алып, жануарларды сөйлету арқылы астарлы жеткізеді. Оның
мысалдарының ерекшелігі – қарапайымдылық.
Оны мына мысалдан оқып көруге болады: «Ит пен аспазшы».
Бір күні бай адам той жасап, ол тойға достарын және туған-туыстарын
түгелдей шақырды. Осындай мүмкіндікті жіберіп алмаймын деген иті, өзінің де
досын шақырып алады. «Ей достым, бүгін менің ием той жасайды, ол жерде
көп тамақ қалдыратынына кәміл сенімдімін. Кешқұрым келіп, менімен бірге
кешкі ас ішіп кетсеңші». Ит уәделескен уақытта шақырылған үйге келеді, тойға
керемет дайындықты көріп, қуаныштан төбесі көкке жетеді: «Мен осы жерге
келгеніме аса қуаныштымын! Осындай керемет жерлерге жиі шақырту ала
бермейтінім өкінішті-ақ. Бүгін әрі ертең аш болмайтындай, қазір тойып алғаным
жөн болар».
Құйрығын бұлғаңдатып, досын мақтап, рақметін жаудырып жатқанда, оны
аспазшы ыдыс-аяқтың арасында жүргенін көріп, желкесі мен екі аяғынан ұстап
терезеден лақтырып жібереді. Ол бар салмағымен «күмп» етіп жерге құлап,
ақсаңдап ол жерден табанын жалтырады. Оның ыңырсығаны тез арада сырттың
бұралқы иттерінің көңілін өзіне аудартады. Иттер оған келіп кешкі астан қандай
рақат алғанын қызыға сұрайды. Ит былай деп тіл қатады: «Шынымды айтсам,
көп шарап ішкеннен есімде ештеңе де қалмапты. Мен үйден қалай шыққанымды
да аңғармай қалғаным-ау». Мақтаншақ бар ақылын мақтанyмен сарқыпты. Осы
мысал арқылы Эзоп мақтаншақты мінейді.
Мысал жанры халық ауыз әдебиетінде де кездескен. Ұлы ғалым Ахмет
Байтұрсынов қазақ фольклорын сұрыптаған кезде, мысал жанрын да тыс
қалдырмай анықтама беріп кеткен.
Сонымен қатар ғалымның біз үшін маңызды ескертуі де бар: мысалдар
көбінесе хайуандар шыққан ертегілерден алынады. Ондай ертегілерде хайуан-
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
188
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
дарға адамша тіл бітіріп, адамша мінездеп, іс еткізіп, түрлі өнеге боларлық
сипаттанған. Одан әрі ғалым пікірі келесідей: «Мысалда аңдар, құстар,
хайуанаттар, өсімдіктер іс-әрекеті, мінезі арқылы адам бойындағы мінді,
кемшілікті тұспалдап, әжуә күлкі етеді... Осындай шағын көлемді, оқиғалы,
адамға сабақ болатын тағылымдық шығарманы мысал дейді» [6], – деп түйіндей
түседі.
Орыс классиктерінің мысалдарын Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбай -
ұлы, Ахмет Байтұрсынов сынды ағаларымыз аударып, қазақ халқына таныс-
тырды.
Абай Крыловтың «Бақа мен Өгіз» мысалын былайша аударды:
«Бақа мен Өгіз,
Қарасаң, дым-ақ көп,
Көреалмас, іші тар.
Несі артық бізден деп,
Салыспақ жұртта бар.
Су ішкелі бір өгіз
Барып еді бұлаққа,
Бақалар қорқып, тарбақтап,
Қашып шықты әр жаққа».
Пародия – гректің para (против – қарсы), edo (песня – өлең) деген сөздердің
біріккен, кіріккен түрі, яғни қарсы өлең, өлеңге қарсы деген сөз [5].
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде пародия – жазушының туындысының,
алған әдеби бағытының стилін, жанрын сынау, соған ұқсатып жазылған әдеби
көркем жанр деп береді [3].
Ал Мұстапа Бұралқыұлы пародиға келесідей түсініктеме береді. Пародия –
заттың, ажуа, сықақ ретінде өнердің бір түріндегі шығарманың сыртқы пішінін
сақтап еліктеу. Тұлғасы ұқсас болғанымен мазмұны сәйкес келмеу [2].
Пародия сатираның мысалдан кейінгі көне жанрларының бірі болып
саналады. Пародияның қызметі – әдебиеттің мазмұнын байытып, сөз өнерін
биікке көтеру. Шығарманың сынап-мінеген дүниесінің бәрі пародия болып
санала бермейді.
«Пародия – негізінен әдебиеттік жанр, – дейді Темірбек Қожекеев. – Ол
көбінесе әдебиеттегі кемшіліктерге негізделіп жазылады. Бүкіл бір әдеби
ағымның концепциясы, принципі, бағыты, тақырыбы, мазмұны жөнінде, жеке
өкілдерінің стилі, тілі, сөз қоры, сөз саптауы, буын-бунағы, сюжет құру тәсілі
туралы, жалпы творчестволық аяқ алысы жайлы сөз қозғай береді. Солардың
кемшілік атаулысын сынап, жойып отырады» [2].
Темірбек Қожекеев пародияны әдеби сынның түп-көрінісі болып табылады
дейді. Пародияның әдеби сыннан айырмашылығы – ақын-жазушыларымыздың
а.Ә. ӘлІМхаН, а.а. БЕРКУтова
189
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
кемшілігін көркем туынды арқылы, яғни әдеби шығарманың өзімен сынауы.
Пародия сын нысанына, мақсатына қарай екі түрлі болады: юморлық
және сатиралық. Юморлық пародиялар өз ақын-жазушыларымыздың
творчествосындағы ағат пікір, әлсіз жайларды аңғарту, солардың творчестволық
еркшелігін ашып, стилін қалыптастыру мақсатымен, игі ниетпен жазылады [2].
Яғни юморлық пародияның әзілі жеңіл болады, ал сатиралық пародияның сыны,
үкімі қатал болады.
Пародия нышандарын театрдағы қойылымдардан, кинофильмдерден,
әндер мен ақын айтыстарынан байқаймыз. Қай жерде де пародияны айтса да
ол пародияланып отырған дүниені танытуды көздейді. Қазақ эстрадасында
«Тамаша», Бауыржан шоу», «Нысана», «Алдараспан», «Шаншар» т.б. әзіл
театрларында пародияны жиі пайдаланады. Осындай әзіл театрының әртістері
пародия өнерін биік шыныңа шығаруда.
Эпиграмма – біреудің кемшілігін сықақтаған шағын өлең [3].
Эпиграмма – заттың қысқа етіп жасалған мысқыл өлеңі [2]. Эпиграмма
грекше «қолтаңба – надпись» деген сөзді білдіреді.
Антикалық дәуірде гректер атақты адамдардың ескерткіштеріне, салтанат-
ты сарайына пайдаланған тарихи мүлік – заттарына, ыдыс-аяқ, ер-тұрман, қару-
жарағына жазылған ескерткіш жазуды эпиграмма деп атапты [5].
Темірбек Қожекеев өзінің «Сатира негіздері» еңбегінде эпигармманы
– белгілі бір адамды, затты болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын
немесе күлкі, келемеж ететін, қажет болса, ашық әшкерелеп тастайтын сатиралық
поэзияның 2-8 жолдық шағын жанры, өз кезінен көкейкесті мәселелеріне тез үн
қоса қоюдың тиімі де шапшаң түрі деп береді [4].
Эпиграмма пародия сияқты – ежелден келе жатқан жанрдың бірі. Оны әр
заманда, әр дәуірде өз шығармаларында сынап, бетке басу ретінде қолданып
отырған.
Эпиграмма – пародия сынды әдеби жанр. Пародияда еліктеу, көшіріп алу
тән болса, эпиграммада ондай болмайды. Эпиграммада пікір тура, өз сөзімен,
өз түрімен айтылады. Эпиграммалар ақын-жазушылардың, айтыс ақындарының
шығармаларында жиі кездеседі.
А. Тоқмағамбетов, Ш. Смаханұлы, Ә. Тәжібаев, Ж. Әбдірашев, К. Әмірбеков
сынды сатирик жазушылардың өлеңдерінде де эпиграмманы аңғаруға болады:
эпиграммалар арналған нысанасына қарай: адамға және болмыс-құбылыс,
заттарға болып бөлінеді. Эпиграммалар сықақ нысанасын сынап-мінеу
дәрежесіне, суреттеу әдістері мен құралдарының сипатына қарай: сатиралық,
юморлық және жағымды эпиграммалар болып үшке бөлінеді.
Сатиралық эпиграмма – тұтастай жағымсыз, мансұқ етпеуге, әшкерелемеу-
ге болмайтын нәрсеге діттеліп жазылады [4].
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
190
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
Мінезің бар одағай дүңк ететін,
Өз пайдаңның таппассың бір төтесін...
Опыр-топыр ұр да жық, мінезінен,
Бір күні әлі-ақ шойырылып дүрс етесің [1].
Бұл – сатиралық эпиграмма. Мұнда автор – көкіректік, жат қылығын
әшкерлеген.
«Эпиграмма диалогпен, монологпен де жазыла береді. Эпиграммаға қояр
басты талап – насананы дәл тауып, кімді, нені, не үшін сынау керек екенін, қалай
сынау керек екені түсіну», – деп жазады өзінің «Сатира теориясы» еңбегінде
Темірбек Қожекеев [4].
Шарж – французша әсірелеу деген ұғымды білдіреді. Шарж – адамның
жан дүниесін, мінез-құлқын ашу мақсатында әсірелеу. Ол екі нәрседен тұрады:
сурет және текст. Шарж суреті орындау жағынан карикатураға жақын. Өйткені
ол салынуы, құрылысы жағынан карикатураға ұқсайды [1].
Шаржда эпиграммада сияқты әсірелеу, гиперболизациялау стилі болады.
Шарж бен карикатура сырт жағынан ұқсас болғанымен, шарж суреттелетін
кейіпкердің жат қылықтарын, шат мінездерін суреттемейді. Шарж суреттері
мазақтап күлу үшін емес, күлімдеу үшін беріледі.
Сатиралық шарж көбінесе жағымсыз типтерді нысана етіп, фактілерге
негізделіп, шартты түрде жазылады. Арнайы адамға жазылған шарждың
нәтижесін суреттен-ақ айқын аңғарып түсінуге болады. Сондықтан шаржда
түсіндірме текстер, комментарийлер жоқ. Сатиралық шарждар қозғайтын
прблемаларды суретпен-ақ түсінікті етіп айқындап береді.
Пародия мен эпиграммаға қарағанда, шарждың әрекет ету ауқымы кең. Ол
барлық мәселе, барлық тақырып туралы жазылып, әр қилы фактілерді сөз ете
береді [4].
Карикатураны өзінің уыт, дертке, сатиралық тұрғыдан әшкереленетін
нәрсеге бағыттаса, шарж көбіне өміріміздегі жағымды, жайсаң адамдарға,
солардың игі де ізгі қасиеттерін паш етуге арналған деп Т. Қожекеев түсіндіреді
[4], ал қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде карикатура – біреудің күлкі, мазақ,
әжуалай салған суреті деп беріледі [3].
Ал М. Бұралқыұлының қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде карикатура –
заттың сықақ етіп салған суреті деп беріп отыр [7].
Қазіргі сатиралық сурет – карикатураның ұлттық топырағымызда ежелден
пайда болғаны дәлелденіп отыр. Бұған мысал ретінде Жамбыл облысы Жуалы
ауданында табылған қоладан құйылған табақшаның бетінен арыстанның бейнесі
көрінген. Қос қанатты екі ұшы жағымпаз адамның, ал құйрығы улы жыланның
басы етіліп шығарылған. Бұл жердегі арыстанның бейнесі – сол кездегі бір
мықтымсып, кісімсіп жүретін билеп-төсеушінің бейнесі. Қос қанат – өктемдік,
а.Ә. ӘлІМхаН, а.а. БЕРКУтова
191
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
күштілік, ұлылықтың белгісі.
Мұнда бұлай бейнелеуінің жоғарыдағылардың алдында жағымпазданып,
жалтақ жан екенін көрсетсе керек, ал құйрығының жылан етілуі өзінен
төменгілерге уын шашып тұрған адам екенін аңғартуға болады [3]. Осылайша
біздің заманымыздың екінші ғасырындағы өмір сүрген адам, осы бейне арқылы
өз тұсындағы билеп-төстеушіні өзінше осылай сипаттаған.
Фельетон – әдебиеттің көркем әдебиет тәсілдерін, көбіне сықақ әдістерін
пайдалана отырып, өмірдегі кейбір жағымсыз құбылыстарды және адамдардың
оғаш мінездерін шенеп мінейтін газет мақаласының бір түрі [3].
Фельетон – заттың күнделікті өмірде кездесетін сүреңсіз оқиға туралы
әдеби бейнелеу тілімен сықақ етіп жазылған газет мақаласы [7].
Яғни фельетон – публицистикалық әдеби шығарма. ХіХ ғасырдан бастап
әдеби термин ретінде қолдана бастады. Францияның «Журнал де деба» атты
журналының қосымша бетін фельетон деп атаған екен. Бұл бетте негізінен сыни
мақалалар ғана жазылған. Сонымен қатар онда роман, повестер, мақалалар
жарияланып отырған.
Осы мағынада фельетон Германияға, Ресейге ауысқан. Орыс, неміс баспа-
сөзінде белгілі бір орынды «фельетон» деп атаған. Онда қоғамдық-саяси, әдеби
мақалалар, тарихи очерктер жариялана бастаған.
Қазақ топырағында да «Фельетон» әр кезде әртүрлі мағынада пайдаланған.
Алғаш «Айқап» журналы өзінің бетіндегі негізгі бір орынды «фельетон» деп
атаған. Онда қазақтың тұрмыс-тіршілігі жөніндегі әр қилы публицистикалық
мақалалар, көркем әңгімелер, очерктер, аудармалар, тарихи деректер жарияланып
жүрген. Журнал 1912 жылғы 3-ші нөмірінен бастап етек жағын «фельетон» деп
атап, онда сын-сықақтық материалдар жариялай бастаған [5]. Бір фельетонды
мысал ретінде алайық:
Достарыңызбен бөлісу: |