«
аПаМа ЖЕЗдЕМ Сай»
Маңдайына «Клуб» деп жазылған абажадай қоңыр ала үйден ешкi шыға
келдi шұнаңдап. Шықты да керiлiп-созылып наз көрсеттi. Жолдасымның мiнезi
шәргез жiгiт едi.
Мәдениеттi жерде қайдан жүр екен сұмпайы? Шек! – деп ақырып қалды.
–
Әлгi жануар бiзге тасырая бiр қарады да, қылт-қылт басып жөнiне кеттi.
«Әншейiнде жынды едiң, ит қапқан соң не сорым» деген сияқты,
жайшылықта бармайтын жер, баспайтын тауы болмайтын жексұрынға сыртқы
есiктiң жоқтығы неткен орай болған десеңiзшi!..
Ешкi байқұсты осылай жазғырып үйге кiрсек, бiр топ бұзау тұр монтиып.
Сырттан келушiге көзi қоңыз жонындай жасыл көрiнедi екен олардың. Топыра-
ғы бiр елi еденде тайға басқан таңбадай жазу тұр. Ерiнбей-жалықпай бәкiмен
ойып көрнектi де көркем етiп жазған осы сөздi оқығанда бетiм шымыр ете
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
192
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
түстi. Бiрақ оның мазмұнын жарқ еткiзiп айта салуға ауыз бармайды, қымбатты
оқырман.
Мына бiр қасаң тағаның жатуына қарағанда, қашан екенiн кiм бiлсiн, жыл-
қы да тұрған көрiнедi. Ойлансақ, бұл үйге совхоздың «сауық құмар» түлектерi-
нен түйе ғана сыймаған сыңайы бар.
Иә, еденде қауынның шапағы жатыр жарқырап. Ол – ол ма! «Жиһаздың»
неше түрлiсi табылады. Мәселен, базардан табылмайтын иттiң сырғасы, жұқ-
палы мал ауруына қарсы қолданылатын дәрi, тағы басқалар бар. Қысқасы, оның
бiр жағы малдың емдеу-жемдеу пунктi деуге де болады. Ендi iшi-сырты қандай
дейсiз ғой. Өлшесе өзiмен кетсiн, жау шапқандай. Оған дәлел, маңдайына бiткен
24 терезенiң бiреуi ғана бүтiн. Бүтiн деймiн-ау, оған да сызат түскен.
Экранның ар жағындағы даярлық жасалатын бөлмеде қайқайған бiр арба
отын тұр. Сынған орындықтардың лекерлеуге келетiн он шақтысы залдың
ортасына қойылыпты да, қалған «жемтiгi» жаңағы екен. Ал сонда не бұл? Қойма
ма? Клуб па? Қора ма? – десек, ХХI партсьезд атындағы совхоздың клубы екен.
Қынжыла жүрiп меңгерушiнi iздедiк.
Әлден уақытта жұмысшылар комитетiнiң председателi Қ. Әрiнов жолдас:
«Апырай, жақсы келдiңiз, – дедi бiр жүктi әйелдi нұсқап. – Мiне клуб меңгерушiсi
– осы кiсi».
– Жоспарыңызбен танысуға бола ма?
– Болады.
М. Әдiлбаева жолдас әлi сиясы кеппеген бiр жапырақ қағазды ұсынды. Тегi,
әлдекiм клубқа келiп жүр дегендi естiп жаңа ғана жазса керек.
– Клубта қандай кештер өттi? Қандай игiлiктi жұмыстар iстелдi жаз бойы?
– Кино болады анда-санда.
– Жоқ сiз өз жұмысыңыз туралы.
– Е, өзiм бе, өзiм үйден бала-шағадан шыға алмай...
– Меңгерушi болғалы кешке қарай клубқа – жастар арасына барып көрдiңiз
бе?
– Жоқ.
– Неге?
– «Түнде жұмыс iстемейдi» – деген заң бар емес пе?..
Осыған келгенде шыдамады бiлем. Қ. Әрiнов жолдас килiге түстi:
– Уа, қайдағы заң, айналып қана кетейiн, Мәмен-ау, қайдағы заң! Завод-
фабрикаларда кезегi келгенде түнде де iстейдi әйелдер, – деп күйiп-пысып едi.
Мәмен жеңгей оған көзiнiң астымен өлейсiрей қарады:
– Неге? Сондай емес пе! Ана жеңiлдiк, баласы бар, несi бар адамға.
Клуб меңгерушiлерiнiң көбiне отырған жерiн дуылдатып жiберетiн
музыкант, әлекедей жаланған ұйымдастырушысы келетiнi есiме түсiп: Музыка-
мен қалайсыз? Баян ойнайсыз ба? Домбыра шертесiз бе?– дегендей сұрақтар
а.Ә. ӘлІМхаН, а.а. БЕРКУтова
193
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
берiп едiм, ол ылғи «жоқ» дей беруге ұялды ма деймiн:
– Домбыра бiлем, – дедi орнықты үнмен. Обалы қанша, iшiмiз жылып қалды.
Сөзге шорқақ болғанымен, бұл кiсi абзал ойын музыка тiлiнде жеткiзетiн болды
қалай да деген үмiт оты жылтырады көкiрегiмiзде. Есi-дертiмiз – күй тыңдау.
Домбыра табылғанша мүмкiндiктiң шетiн ұқтық. Клуб – совхоздiкi.
Алайда аудандық мәдениет үйiнiң қызметкерлерi қолдан келген көмегiн аямаған.
Биылғы көктем кезiнде халық театрының бас режиссерi М. Баймурзин арнайы
келiп, пьеса дайындатқан. Аудандық мәдениет бастығы М. Бекiшев бiрнеше рет
методикалық қатынас жолдап, концерт дайындауға баянист Б. Қамшыбаевты
жiберген. Ұлттық киiммен, музыкалық аспаптармен қамдаған. Талай жастардың
дарынын сезiп, тұрақты үйiрме ұйымдастырып кеткен.
Амал не, жастар жалыны сол кезде нажағайдай жарқ етiп бiр шықты да
артынша «тұмандай тозып, шаңдай шашырады». Айтқандайын әлгi күй қалып
барады екен ғой. Домбыра келдi. Несiн жасырамыз, Мәмен жеңгей алты
айрығынан тер ағып, ұйықтаған кептердей отырып қалды тұнжырап. Бұрын
бұндай өтiрiк айтып көрмегенi сезiлiп-ақ тұр. Бiз бұған бала Мәмендi кiнәлай
алмаймыз. Себебi – қарапайым ғана үй шаруасының адамы ол. Арнаулы бiлiмi де
жоқ. Совхоздың бас бухгалтерi – клуб меңгерушiсiне төленетiн 65 сомды өзiнiң
бала-шағасына «нәпақа болсын» деп жұбайы Мәменге жазғыза салған болу
керек.
Иә, бiр кезде аты асса облысқа, қалса ауданға әйгiленген сәулеттi сауық
үйiнiң тайдай күзелген қазiргi қалпы күйзелтпес пе екен ауыл ағасын?!
«Семей таңы». 24.09.1967.
Қазақтың мол мәдени мұрасында, сөз өнерінде сатираның орны ерекше.
Сатира – қоғамдағы дертті жазатын, не ем іздейтін жанр. Қазақ қоғамының
кемшіліктерін ашып көрсеткен ақын-жазушылар сатираның тілі арқылы қазақ
оқырмандарына жеткізіп отырды.
Сатира қашанда адамның бойындағы келеңсіз кемшіліктерді сынап,
шыншымақ қалжыңмен шындықтың бетін ашу, күштілер қаруы болып саналатын
осы бір жанр, үнемі сөз өнерінің алдыңғы қатарына тұрып, қоғам өмірінің
айнасына айналды.
Сатираның түбі – парасат, ақыл-ой тауып сөз айту. Сатира ойландырады,
оның бір ауыз сөзі ұялтып жерге қаратады. Соның арқасында Асқар
Тоқмағамбетов, Шона Смаханұлы, Оспанхан Әубәкіров, Сейт Кенжеахметұлы,
Үмбетбай Уайдин және Көпен Әмір-Бек сынды талантты тұлғалар әдебиет
әлемінде жұлдызға айналды. Бұл сықақшылар әдемі әзіл мен күлдіре отырып
ойланту, келемеждеп отырып ұялту сияқты шеберлік мектебін қалыптастырды.
Сатира болмаса өмірдің мәні жоқ. Астың дәмін тұз келтірсе, өмірдің сәнін,
мәнін сатира толтырады. Ал сатираның әрбір жанры сол өмірді жандандыра
түсуде.
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
194
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Байтұрсынов А. Ақ жол / А. Байтұрсынов. – 1991. – Б. 36, 107, 140.
2. Бұралқыұлы М. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / М. Бұралқыұлы. – Алматы:
Мектеп, 2007. – Б. 53, 240, 674, 680.
3. Жанұзақов Т. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / Т. Жанұзақов. – Алматы: Драйк-
Пресс, 2008. – Б. 197, 368, 609, 668, 877, 959, 968.
4. Қожекеев Т. Сатира негіздері / Т. Қожекеев. – Алматы: Санат, 1996. – Б. 93, 94,
105, 107, 110, 464.
5. Қожекеев Т. Сатиралық жанрлар / Т. Қожекеев. – Алматы: Мектеп, 1983. –
210 б.
6. Қожекеев Т. Шалқу сөздер мен шаншу сөздер / Т. Қожекеев. – Астана: Фолиант,
2002. – Б. 37, 472.
7. Тоқмағамбетов А. «Дейді екендер» дейді екен: сатиралық шығармалар /
А. Тоқмағамбетов. – Алматы: Ана тілі, 2005. – Б. 180, 240, 288, 608.
REFERENCES
1. Baytursynov A., Ak zhol, 1991, 36 (in Kaz).
2. Byralkyyly M., Kazak tіlіnіn tusіndіrme sozdіgі, Almaty, Mektep, 2007, 680 (in
Kaz).
3. Zhanyzakov T., Kazak tіlіnіn tusіndіrme sozdіgі, Zhalpy redaktsiyasyn baskargan.
Almaty. Drayk Press, 2008, 968 (in Kaz).
4. Kozhekeev T., Satira negіzderі, Almaty, Sanat, 1996, 464 (in Kaz).
5. Қozhekeev T., Satiralyk zhanrlar, Almaty, Mektep, 1983, 210 (in Kaz).
6. Kozhekeev T., Shalku sozder men shanshu sozder, Astana, Foliant, 2002, 472 (in
Kaz).
7. Tokmagambetov A., Deydі ekender deydі eken. Satiralyo shygarmalar, Almaty, Ana
tіlі, 2005, 288 (in Kaz).
ӘОЖ 349.6 (574)
л.К. СадУаКаСОва
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті,
Өскемен қаласы, Қазақстан
ОРМАН ЗАҢДАРЫН БҰЗҒАНЫ ҮШіН ҚҰҚЫҚТЫҚ
ЖАУАПКЕРШіЛіКТіҢ ТҮРЛЕРі ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛіКТЕРі
Бұл мақалада Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзғаны үшін құқық-
тық жауапкершіліктің түрлері және оның ерекшеліктері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан
облысы бойынша орман заңдарын бұзушылық мәселелері қарастырылған.
түйін сөздер: орман, орман қоры, орман заңдары, құқықтық жауапкершілік,
құқық бұзушылық.
л.К. СадУаКаСова
195
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
ВИДЫ И ОСОБЕННОСТИ ПРАВОВОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТИ
ЗА НАРУШЕНИЕ ЛЕСНОГО ЗАКОНОДАТЕЛЬСТВА
В данной статье рассматриваются виды и особенности правовой ответственности
за нарушение лесного законодательства Республики Казахстан, а так же нарушения лес-
ного законодательства по Восточно- Казахстанской области.
Ключевые слова: лес, лесной фонд, лесное законодательство, правовая ответ-
ственность, правонарушение.
TyPES AND FEATURES oF LEGAL RESPoNSIBILITy
FoR VIoLATIoNS oF FoREST LEGISLATIoN
In this article it is considered about types and features legal responsibility for violation
of the forest legislation of the Republic of Kazakhstan, and as violations of the forest legisla-
tion on East Kazakhstan region.
Keywords: the forest, the forest fund, the forest legislation, the legal responsibility, the
violation of law.
Республикамыздағы ормандарды орнықты дамытуға қол жеткізу,
биологиялық әртүрлілікті сақтау және орман ресурстарын ұтымды, сарқып
алмай пайдалануды қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының Қоршаған
ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық
шаруашылығы комитетінің 2013 жылғы қызметінің нәтижелері туралы ақпаратқа
сәйкес, мемлекеттік орман қорының жалпы алаңы 28787,7 мың га немесе ел
аумағының 10,6% құрайды. Орман көмкерген алқаптар 12548,6 мың га немесе
орман қоры жерлерінің жалпы алаңының 43,6% алып жатыр. Ормандылық 4,6%-
ды құрайды.
Орман қоры – күрделі табиғи кешен және орман қоры ресурстарын
пайдалану мен қорғауға бағытталған мемлекеттік шаралардың жүйесінен
құралған шаруашылық ретінде құқық бұзушылықтың объектісі.
Орман заңдарын бұзушылықты сипаттай отырып, орман заңдары кінәнің
екі формасын: абайсыздық пен қасақаналықты қарастырады. Орман заңдарын
қасақана бұзғанда, орман заңын бұзушы өзінің әрекетінің нәтижесінде орманға
зиян келетінін біле тура, сол нәтижені тілеп жасайды, бұл – тікелей қасақаналық.
Ал жанама қасақаналықта, орман заңын бұзушы сондай нәтиженің болуына
саналы түрде жол береді. Мұндай әрекеттің мақсаты да әртүрлі, мысалы, орман
қорында өз бетінше ағаш кесу, пайда табу мақсатында немесе бұзақылықтан
жасалуы мүмкін. Орман заңдары абайсыздықпен бұзылғанда және орманға зиян
келтірілгенде, орман заңын бұзушының әрекеті салақтық, өз-өзіне сенімділік
немесе немқұрайлық ретінде сипатталады. Кінәлі адам өз әрекетінің орманға
зиян келтіретінін біле тұрса да, бірақ өзіне сеніп ондай нәтижелерді
болдырмаймын деп немесе оған немқұрайлықпен қарап жасайды. Бұл жерде
айтып кететін жағдай, кінәнің формасы жасалған орман заңын бұзушылықтың
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
196
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
түріне байланысты болады. Тәжірибеде абайсыздықпен жасалатын «Ормандар-
да өрт қауіпсіздігі» Ережелерін сақтамау көптеп кездеседі. Бүгінгі күні орман
қорына келетін залалдың едәуір бөлігі, орман қорында өрт қауіпсіздігі ережелерін
сақтамаудан болып отыр. Орман қорын басқару органдарының есебі бойынша,
орман қорында болатын өрт оқиғаларының анағұрлым үлкен бөлігінің себебі,
тұрғылықты халықтың «Ормандарда өрт қауіпсіздігі» Ережесінің талаптарын
орындамауы [1].
Экологиялық құқық бұзушылық үшін заң алдындағы жауаптылықтың
түрлеріне мыналар жатады:
тәртіптік жауапкершілік, бұл – тәртіп бұзғаны үшін қызметкерге тәртіптік
–
өндіру арқылы қолданылатын санкция.
Қазақстан Республикасының 2007 жылы қабылданған Еңбек кодексіне
сәйкес, еңбек міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған үшін және сонымен
қатар тәртіп бұзғаны үшін, жұмыс беруші келесі тәртіптік өндірулер қолдануға
құқылы: ескерту, сөгіс, қатаң сөгіс, жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек
шартын бұзу [2];
әкімшілік құқық бұзушылық – бұл азаматтардың, лауазымды тұлғалар-
–
дың әкімшілік құқық бұзғаны үшін заң алдындағы жауаптылығының түрі.
Әкімшілік-экологиялық құқық бұзушылық – мемлекетте белгіленген
экологиялық құқық тәртібіне, халықтың денсаулығы мен экологиялық қауіп-
сіздігіне, қоршаған ортаға залал келтіру немесе осындай залал келтіруге нақты
қауіп төндіретін және бұл үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген заңға қайшы
қол сұғушылық, кінәлі іс-әрекет немесе әрекетсіздік.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылу –
мемлекеттің құзыретті органдарының жасалған экологиялық құқық бұзушылық
үшін әкімшілік өндіру шараларымен айқындалады. Мұндай органдарға сот және
қоршаған ортаны қорғау саласындағы арнаулы уәкілеттенген органдар жатады.
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері, құқық бұзғаны үшін әкімші-
лік жауапкершілікке тартылу тәртібі мен негіздеу «Қазақстан Республикасының
әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексімен реттеледі. Әкімшілік
жауапкершілікке, әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған кезде 16 жасқа толған
тұлғалар тартылады [3].
Экологиялық құқық бұзушылықтың түрлері «Әкімшілік құқық бұзушылық
туралы» Қазақстан Республикасы кодексінің 19-тарауында «Қоршаған ортаны
қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушы-
лық» деп берілген. Мұнда барлығы 67 құқық бұзушылықтың құрамы берілген,
оның 16-сы ормандарды қорғауға арналған. Мысалы, осы кодекстің 283-бабы
«Ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу және зақымдау» деп аталады, бұл бапта:
– ағаштар мен бұталарды, сондай-ақ орман қорына кiрмейтiн және кесуге
л.К. СадУаКаСова
197
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
тыйым салынған ағаштар мен бұталарды, қылмыстық жазалау әрекетiнiң
белгiлерi жоқ заңсыз кесу және зақымдау кезіндегі санкция – заңсыз кесiлген
ағаштар мен бұталар, көлiк құралдары мен аталған құқық бұзушылықты жасау
құралы болған өзге де заттары тәркiленiп немесе онсыз, азаматтарға айлық
есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға
– елуге дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде
айыппұл салуға әкеп соғады;
– орман питомниктерi мен плантацияларындағы орман дақылдарын,
себiндiлердi не көшеттердi, сондай-ақ көктеп шыққан табиғи өскiндердi, жас
шыбықтарды, сондай-ақ орманды қалпына келтiруге арналған алаңдардағы
өздiгiнен көктеген өскiндердi жою немесе зақымдау – азаматтарға айлық есептiк
көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға – елуге
дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға – жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл
салуға әкеп соғады.
Сондай-ақ 284-бап «Орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен санитариялық
ережелердi бұзу» деп аталады. Мұнда, орманда өрт қауiпсiздiгi талаптары мен
санитариялық ережелердi бұзу; өрттiң шығуына, адамның денсаулығына және
қоршаған ортаға зиян келтiруге әкеп соққан, қылмыстық жаза қолданылатын
әрекет белгiлерi жоқ әрекет жасағанда қандай мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп
соғатындығы белгіленген;
– азаматтық құқық жауапкершілік дүние мүлкіне, зиянды өтеуінің және т.б.
тиімсіз шараларды көрсететін құқық бұзушыға қолданылатын шаралар.
Азаматтық-құқық жауапкершілік өтемелі сипатта болады, себебі ол
несие берушінің бұзылған мүліктік құқығы мен мүддесін қайтадан жөндеуге
бағытталған. Ол құқық бұзушымен келтірілген зиянды толығымен өтеу
принципіне негізделген.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі зиянды өтеудің 2 түрлі
тәсілін қарастырған: іс жүзінде және ақшалай [4].
Зиянды өтеудің іс жүзіндегі түрі сирек қолданылады және оған кейде ұзақ
уақыт керек. Мысалы: тал шыбықтарын отырғызу арқылы орманды қалпына
келтіру.
Экологиялық құқық бұзушылықтар жасаған тұлғалар өздерi келтiрген
залалды Қазақстан Республикасының экологиялық кодексіне және өзге де
заңнамалық актiлерiне сәйкес өтеуге мiндеттi [5]. Мыналардың:
– табиғи ресурстарды жою мен бүлдiрудiң;
– табиғи ресурстарды өз бетiмен және ұтымсыз пайдаланудың;
– қоршаған ортаны өз бетiмен ластаудың, оның iшiнде авариялық,
келiсiлмеген жаппай шығарындылар мен төгiндiлердiң, өндiрiс және тұтыну
қалдықтарын орналастырудың;
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
198
№ 2 (62), 2014
Regional Bulletin of the East
– қоршаған ортаны нормативтен тыс ластаудың салдарынан қоршаған
ортаға, азаматтардың денсаулығына, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң
мүлкiне келтiрiлген залал өтелуге тиiс.
Экологиялық құқық бұзушылық жасаған тұлғалардың жеке тұлғалардың
денсаулығына келтiрген зиянды, жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiң
мүлкiне келтiрген залалды өтеуi ерiктi түрде немесе Қазақстан Республикасы-
ның заңнамасына сәйкес сот шешiмi бойынша жүргiзiледi. Зиян жәбiрленушiнiң
еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылу дәрежесi, оның емделуiне және денсаулығын
қалпына келтiруге жұмсалған шығындар, аурудың күтiмiне байланысты
шығындар, өзге де шығыстар мен жоғалтулар ескерiле отырып, толық көлемде
өтелуге тиiс.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу салдарынан
қоршаған ортаға келтiрiлген залалды өтеу ерiктi түрде немесе жүргiзiлу тәртiбi
осы кодекске сәйкес айқындалатын залалды экономикалық бағалау негiзiнде сот
шешiмi бойынша жүргiзiледi.
Қызметi қоршаған ортаға жоғары қауiптiлiкпен байланысты жеке және
заңды тұлғалар, егер зиянның еңсерiлмейтiн күш немесе жәбiрленушiнiң терiс
пиғылы салдарынан туындағанын дәлелдей алмаса, жоғары қауiп көзi келтiрген
зиянды өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын бұзу нәтижесiнде
келтiрiлген моральдық зиян Қазақстан Республикасының азаматтық заңнама-
сында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
2007 жылы 31 мамырда
«Қазақстан Республикасының орман заңнамасын
бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкалар-
ды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды [6].
Осы қаулыда:
– жеке және заңды тұлғалардың ағаштар мен бұталарды заңсыз кескені
және олардың өсуін тоқтату дәрежесіне дейін зақымдағаны, сүрек ұрлағаны
үшін төлем өндіріп алудың тәртібі;
– жеке және заңды тұлғалардың ағаш және бұта тұқымдастарын, екпелерді,
көшеттерді, орман фаунасы үшін пайдалы шөп өсімдіктерін жойғаны немесе
зақымдағаны, ормандағы санитарлық ережелерді, ағаш кесу ережелерін бұзғаны
үшін төлемдер;
– жеке және заңды тұлғалардың жердің барлық санаттарында Қазақстан
Республикасының Қызыл кітабына енгізілген өсімдіктерді заңсыз өндіргені,
дайындағаны, зақымдағаны немесе жойғаны үшін төлемдер айқындалған.
Орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге
арналған осы базалық ставкаларда көзделген жеке және заңды тұлғаларға талап-
арыздарды мемлекеттік орман иеленушілер не орман шаруашылығы саласында-
л.К. СадУаКаСова
199
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока № 2 (62), 2014
ғы уәкілетті органның аумақтық органдары есептейді және ұсынады.
Залалды өндіріп алу сомаларының толық және дұрыс есептелуіне
бақылауды орман шаруашылығын басқарушы мемлекеттік органдар мен салық
қызметі органдары жүзеге асырады. Заңсыз ағаш кесу үшін жауапкершілік
тағайындалғанда ормандардың экологиялық және экономикалық маңызы, қай
топтың ағашы екені, қорғаныш қасиеті ескеріледі. Зиян мөлшері бекітілген
таксалар бойынша анықталады. Такса бойынша анықталатын зиян көлемі,
кесілген немесе зақымданған сүректің диаметріне байланысты болады және
екінші топтың ағаштарына қарағанда, бірінші топтың ағаштары үшін төленетін
шығын мөлшері әрдайым үлкен болады.
Қылмыстық жауаптылық мемлекет тарапынан қатаң шаралар қолдану
арқылы сипатталады. Ол қылмыс жасаған кінәлі тұлғаға қылмыстық заңның
негізінде Сот тәртібімен тағайындалады. Қылмыстық жауаптылықты жүзеге
асырудың түрлеріне бас бостандығынан айыру, айыппұл салу, түзету жұмыстары
және т.б. саналады.
Орман заңдарын бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік Қазақстан
Республикасының қылмыстық кодексімен анықталады. Әрекет етіп отырған
қылмыстық заң, заңсыз ағаш және бұта кесу, ормандарды зақымдау және құрту
сияқты қауіптілігі жоғары орман заң бұзушылықтарды қылмыс деп жіктеп отыр.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 11-тарауы «Экологиялық
қылмыстар» деп аталады. «Заңсыз ағаш пен бұта кесу» үшін жауапкершілік
қылмыстық кодекстің 291-бабында бекітілген. Сүрек дайындайтын
кәсіпорындардың, ұйымдардың, есепті ағаш кесу учаскелерінен бөлек жерде
немесе артық мөлшерде сүрек кесуі, азаматтардың орман билетінсіз немесе
көрсетілген жерден бөлек жерде немесе артық мөлшерде не кесуге берілген
ағаштан басқа ағаш кесуі заңсыз ағаш кесу деп танылады. Заңсыз ағаш кесу,
сондай-ақ орман қорының кез келген тобында және орман қорына кірмейтін,
ағаш кесуге тыйым салынған жерде өсіп тұрған ағаштар мен бұталардың өсуін
тоқтататын дәрежеге дейін зақымдау, егер мұндай әрекеттер анағұрлым зақым
келтірсе, кінәлі адамның екі айға дейінгі еңбекақысы көлемінде айыппұл
белгіленеді немесе ол адам алты айдан бір жылға дейін түзек жұмыстарына
тартылады. Осы қылмысты бірнеше рет жасау немесе лауазымды адамның өзінің
қызмет бабын пайдаланып жасауы, әйтпесе өте ірі мөлшерде жасау ауырлататын
мән-жайлар болып табылады және олар үшін кінәлі адамның екі айдан бес айға
дейінгі еңбекақысы мөлшерінде айыппұл белгіленеді, не ол бір жылдан екі жыл-
ға дейінгі түзеу жұмыстарына тартылады, немесе оған үш жылға дейін белгілі
бір қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады. Қарастырып отырған қылмыс
белсенді әрекет түрінде жасалады. Бұл қылмыс үшін жауапкершілік қылмысты
жасау әдісіне, яғни сүректен жерден кесіп босату, аралап босату немесе түбірі-
Достарыңызбен бөлісу: |