Тіркеу нөмірі 204-ж Регистрационный №204-ж


ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата06.03.2017
өлшемі6,69 Mb.
#8075
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР
– «outotec Minerals oy» Company. Финляндия;
– «ГAЙТЭ» ЛТД – экспортты-импортты компания. Қытай;
– Шеньяндық тоңазытқыш компаниясы №1. Қытай;
– REIT Enterprise Development Group Go., LTD. Қытай;
– XINJIANG TREND ELECTRIC AND DEVELoPMENT Go., LTD. Қытай;
– ООО «Ресей-Қытай технопаркі «Дружба». Ресей;
– мемлекеттік жоғары технологиялық дамушы аймағы СУАР. Қытай.
Аймақтың потенциалдық және нақты бағытын ескеріп, технопарктің қай 
салада  жұмыс  атқаруы  жөн  екендігін  анықтауға  болады.  Шығыс  Қазақстан 
облысында түсті металлургия, құрылыс саласы, көліктік құрылыс саласы дамып 
келе  жатыр.  Соған  байланысты  технопарктің  инновациялық  технологияны 
дамыту бағыты сәйкес болу керек. Бірақ көптеген жағдайда үлкен кәсіпорындар 
әртүрлі  себептермен  технопарк  арасында  байланыс  орнатпайды.  Сондықтан 
технопарктің негізгі қызметі аймақтық өнеркәсіпке бағытталған:
ресурстық  және  энерго  үнемдеуші,  экологиялық  таза  технологиялар 
– 
(қалдықтарды техногендік өңдеу);
жаңа конструкциялық материалдар;
– 
информациялық технологиялар;
– 
альтернативтік және жаңаратын қуат көздері.
– 
2013  жылдың  аяғына  дейін  технопарк  жобалар  қоржынын  50-ге  дейін 
толтырып, 6-7 жобаны алға жылжыту туралы жоспар қойып отыр.
Технопарк  аясында  негізгі  ғылыми-техникалық  бағыттағы  жоспарланған 
жобаларда ақпараттық технология, электрондық техниканың элементтері, қуат 
үнемділік технологиясына байланысты жобалар қарастырылады. 
Жаңа жобалар тізімін толықтыру үшін жыл сайын Д. Серікбаев атындағы 
ШҚМТУ-дың студенттері, магистранттары арасында «инновация» атты сайыс 
өткізіліп  тұрады.  Сайыс  2  кезеңде  өткізіледі.  Бірінші  кезеңде  сайыскерлердің 
инновациялық  идеяларын  қарастырады.  «Қазақстанның  инновациялық  даму-
ындағы  жастар  шығармашылығы»  атты  конференция  аясында  үміткерлер 
өздерінің презентацияларын Power Point арқылы ұсынады.
Екінші  кезеңде  инновациялық  тауарды  өндіретін  шағын  кәсіпорынның 
қысқаша  бизнес  жоспарын  жасайды.  Сайыстың  қорытындысы  тікелей 
технопарктің қатысуымен өткізіледі. Қорытындылай келгенде, осындай сайыс-
тардың  арқасында  жаңа  инновациялық  жобалар  пайда  болады.  Университет 
ареалында жыл сайын үш инновациялық кәсіпорындарды ашуды жоспарлайды, 
оларға  «Алтай»  технопаркі  үш  жылғы  инкубациялық  кезеңде  жұмыс 
алаңдарымен қамтамасыз етеді. Оларға заңгердің, бухгалтердің, экономистердің 
қызметтері ұсынылады. Және де жобаны дамыту мақсатында инвестиция тарту 

136
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
қызметтері  ұсынылады.  Осындай  инновациялық  компанияларды  құрудың  ең 
басты мақсаттарының бірі болып аймақ экономикасына инновациялық тауарды 
жасап  енгізу,  фондтық  қайтарымдылығын  жоғарлату  және  де  инновациялық 
кәсіпкерлікті дамыту болып табылады.
Осы  бағдарламаларды  жүзеге  асырған  жағдайда  олардан  күтетін  нәтиже 
болу  керек.  Егер  бағдарлама  жүзеге  асқан  жағдайда  Шығыс  Қазақстандағы 
технопарк дүниежүзіндегі деңгейге жету мүмкіншілігі де туады. Онда қолдан-
балы  тәжірибелі-конструкторлық  жұмыстар  өткізіліп,  инновациялық  жобалар 
жүзеге  асады.  Аймақтың  индустриалдық  экономикалық  дамуы  қарқынды 
жылдамдықпен  өседі.  Бұл  ғылыми,  өндірістік,  біліми  ықпалдастықтың 
нәтижесі болып табылады. Егер енгізуге дайын тұрған инновациялық зерттеме 
жұмыстарын  коммерцияласа  жылдық  табыс  10  млн  теңге  шамасын  құрайды. 
Мемлекет  тарапынан  қолдау  көрсетіліп,  ұйымның  сапалы  жұмыс  атқарған 
жағдайында  Шығыс  Қазақстан  облысына  халықаралық  технопарк  пен  ғылым 
қалашығын ашу жағдайы туады. 
Шығыс Қазақстанда конструкторлық бюроның индустриалды инновация-
лық бағытта оңды жұмыс атқарып жатқандығы туралы айтып кеткен жөн.
Жаңа  өндіріс  түрлерін  ашу  нәтижесінде  оңтайлы  экономикалық  тиім-
ділігімен қоса, жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік туғызады. 
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімшілігінің ресми сайты.
2. Волкова А.С. Современные подходы к определению понятия «Национальная 
инновационная система» / А.С. Волкова // Сервис в России и за рубежом. – 2007. – №2. 
– С. 58.
3. Барлыбаева Н.А. Қазақстанның ұлттық инновациялық жүйесі: теория, методо-
логия, даму механизмі / Н.А. Барлыбаева. – 2007. – 264 б.
4.  «Алтай»  Шығыс  Қазақстан  аймақтық  технопаркінің  мәліметтері  негізінде 
алынған ақпарат.
5. ҚР «ТРЖҰА» АҚ ресми сайты.
REFERENCES 
1. Shygys Kazakistan oblysy akimshyliginin resmi saity.
2. Volkova A.S., Sovremennye podhody k opredeleniu ponyatya «Nacionalnaya innova-
cionnaya sistema», Servis v Rossii i za rubezhom, 2007№2, 58 (in Russ).
3. Barlybaieva N.A., Kazakistannyn ulttyk innovacialyk zhuiesi: teoria, metodologia, 
damu mehanizmi, 2007, 264 (in Kaz).
4. «Altai» Shygys Kazakistan aimaktyk tehnoparkynyn malimetteri negizinde alyngan 
akparat (in Kaz).
5. KR «ТRZHUА» AK resmi saity (in Kaz).
Ж.Б. КиНаШЕва, л.М. ахМЕтова

137
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
ӘОЖ 811.512.122
Р.С. иМаНЖаНОв, а.а. аМаНГЕлдІ
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ДИАЛОГТЫҢ КӘСіБИ ТіЛДі МЕҢГЕРТУДЕГі АЛАР ОРНЫ
Дәстүрлі оқыту жүйесінде тұлғаның дамуы оның зияткерлік деңгейімен өлшеніп 
келді.  Ал  кейінгі  кезде  тұлғаның  дамуы  оның  өзіндік  рефлекциясымен  анықталатын 
болды. Демек, мұндай жағдайда диалогтың маңызы арта түспек. Бүгінгі күні диалог тіл 
дамыту үшін, тілдік орта туғызу үшін, тіл үйрену үшін қолданылатын басты әдістердің 
бірі болып отыр. Мақалада авторлар диалогтың кәсіби тілді меңгеру/меңгертудегі алар 
орнына тоқталады.
түйін  сөздер:  материалтану,  аққыштық  шек,  жаңа  материалдар,  босаңдату, 
беріктік шек, технология, шынықтыру, ішкі кернеу, тұтқырлық.
ЗАНИМАЕМОЕ МЕСТО ДИАЛОГА ПРИ ОСВОЕНИИ 
ПРОФЕССИОНАЛЬНОГО ЯЗЫКА
В традиционной системе обучения развитие личности измерялось его интеллек-
туальным  уровнем.  В  последнее  время  развитие  личности  определяется  его  личной 
рефлекцией. Следовательно, значение диалога в такой ситуации увеличивается. На се-
годняшний  день  диалог  является  одним  из  основных  методов,  который  используется 
для развития и изучения языка, для обеспечения языковой среды. Авторы в статье рас-
сматривают место диалога в освоении профессионального языка.
Ключевые  слова:  материаловедение,  предел  текучести,  новые  материалы,  от-
пуск, предел прочности, технология, закалка, внутреннее напряжение, вязкость.
TAKEN PLACE oF DIALoGUE AT VERNACULAR DEVELoPMENT
In the traditional system of teaching personal development is measured by its intelligent 
(intellectual)  level. A  recent  development  of  the  individual  is  determined  by  his  personal 
reflektsiey. Consequently, the dialogue on this situation increases. Present day dialogue - is 
one  of  the  main  methods  used  to  develop  the  language  for  the  language  environment  for 
language learning. Authors on the paper is considered a place of dialogue in the development 
of professional language.
Keywords: мaterials science, fluidity limit, new materials, holiday, strength, technology, 
training, internal tension, viscosity.
Қазіргі  заман  талабына  сай  өз  мамандығын  жетік  меңгерген,  болашақта 
физика  және  технология  саласына  өз  үлестерін  қосатын  еліміздің  жас  маман 
иелерін жеке тұлға ретінде қалыптастыруда кәсіптік қазақ тілін тәжірибе жүзін-
де меңгеру маңызды екені анық.
Қандай мамандық иесі болмасын, оның санатының жоғарылығын, білім-
ділігі  мен  біліктілігінің  дәлелі  ретінде  оның  іс  жүзінде  өз  білімін  көрсетуі, 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

138
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
яғни кәсіптік тәжірибеде жас маманның өзін-өзі көрсете алуынан оның қандай 
дәрежеде екенін байқаймыз. Ал басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім, соның 
ішінде физика мен техникалық мамандықтарды дайындауда кәсіптік қазақ тілі-
нің тәжірибелік маңызы зор.
Біз  мақалада  диалогтың  кәсіби  тілді  меңгеру/меңгертудегі  алар  орнына 
тоқталмақпыз. Бүгінгі күні білім жүйесінде диалогқа өте зор мән беріліп отыр. 
Себебі,  «тіршіліктің  негізі  қарым-қатынас  пен  диалогта  орнығады:  басқаның 
ойымен, пікірімен, көзқарасымен санасу, бөтенді түсіне білу, өзіңді оның орны-
на қоя білу – осы қасиеттердің бәрі де әлеумет ахуалын белгілейтіндігі даусыз 
тұжырым. Өмірде ең керекті білім (білік, дағды, машық, құзырлылық) – қоғамда 
қарым-қатынас құра білу, басқа адамдармен тіл табысу» [1].
Халқымыздың ұлттық философиясының негізінде қарым-қатынас идеясы 
жатыр.  «Өмір  мәні  –  араласу,  қатынасу,  іштесу,  қауышу,  дидарласу,  жүздесу, 
яғни,  түсінісу»,  –  деп  түсінген  ата-бабаларымыз  осы  әрекеттер  арқылы  басқа 
адамға, оның көзқарасы мен дүниетанымына, ойы мен пікіріне деген ыждаһат 
пен ықылас қалыптасатындығына көздерін жеткізген [2].
Бөлтірік шешеннен: «Өмірдің мәні не: бала ма, бақ па, дәулет пе?» – деп 
сұрағанда, ол былай деп жауап берген екен: «Бала деген артта қалған із емес пе, 
бақ деген аспанда ұшқан құс емес пе, дәулет деген қолда ұстаған мұз емес пе? 
Бұл өмірдің мәні – сіз бен біз емес пе?!» – деген екен.
«Сіз-біз»  қарым-қатынасын  өмірдің  негізгі  құндылығына  айналдырған 
дана ата-бабамыз бүкіл Әлеммен диалог құруға ұмтылған: аспан және ғарышпен,  
тау мен таспен, су мен топырақпен, адамдар мен басқа да тірі пенделермен. Сол 
себепті ата-бабамыздың бүкіл Әлемді сыйлап, қажетсіз жаратылыс пен табиғат-
қа еш нұқсан келтірмеген («Судың да сұрауы бар»), ерекше қонақжай болған.
Адамзат ғұламалары біздің тек қана қарым-қатынас арқылы, диалог құру 
арқылы Әлемді тануымыз ықтимал, яғни таным мен білім – адамдардың өзара 
әрекетінің  нәтижесі  деп  есептеген,  тіпті  қарым-қатынас,  диалог  –  өміріміздің 
мәні деп түсінген [1].
«Адамның шынайы өмірін сөзбен құрастырудың жалғыз ғана адекваттық 
формасы болып ешқашан аяқталмайтын диалог танылады. Өмір – өз табиғаты 
бойынша  диалогтық  құбылыс.  Өмір  сүру  дегеніміз  диалогқа  қатысу:  сұрау, 
тыңдау, жауап беру, келісу және т.с.с.» [3].
М.М. Бахтин Ф. Достоевскийдің шығармашылығын талдай отырып, былай 
дейді: «Достоевскийде адам қаратпа сөз субъектісі болып шығады. Ол туралы 
айтуға болмайды, – оған тек бағыттап сөйлеуге болады. Сол себепті де диалог 
Достоевскийдің көркем әлемінің нақ ортасынан орын алған және де диалог тәсіл 
ретінде емес, мақсат ретінде қолданылады. Бұл жерде диалог әрекеттің себепкері 
емес – ол әрекеттің өзі... Болу дегеніміз диалог арқылы қарым-қатынас құру» [3]. 
Р.С. иМаНЖаНов, а.а. аМаНГЕлдІ

139
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
Диалог туралы ойын М. Бахтин әрі қарай былай деп пысықтайды: «Барлығы да 
құрал, ал диалог – мақсат. Бір дауыс еш нәрсені аяқтамайды және еш нәрсені 
шешпейді. Екі дауыс – өмір схемасы: қарапайым «мен»-нің «басқаға» қарама-
қарсы тұруы тәрізді, адамның адамға қарама-қарсы тұруы [3].
Диалог – екі жақтың сөз арқылы ауызша немесе жазбаша қарым-қатынасы. 
Мұнда екі жақтың құқықтары бірдей болғандықтан, диалогты демократиялық 
қоғамдағы  қарым-қатынастың  басты  нысаны  деп  атауға  тұрарлық.  Ал 
демократиялық қоғамның әрбір мүшесі өмірде туындаған қандай да болмасын 
проблеманы  терезесі  тең  тұлғалардың  қарым-қатынасында  талқылауға  дайын 
болып, өзінің конструктивтік позициясын басқаларға білдіруге және жеткізуге 
ұмтылады. Бұл қарым-қатынас міндетті түрде конструктивтік ұстанымда болып, 
басқалардың тұлғасы мен пікірін түсіну және сыйлау тұрғысынан жасалады.
Диалог тек қарама-қарсы отырған адаммен ғана орын алмайды, диалогты 
әрбір адам өзімен жасайды. Атақты структуралист Ю. Лотман қарым-қатынас-
тың (коммуникацияның) схемасын екі түрде былайша көрсеткен: «Мен – Ол» 
және  «Мен  –  мен».  Бірінші  схема  түсінікті,  өйткені  ол  басқамен  жасалған 
диалогты,  қарым-қатынасты  меңзейді.  Мұнда  «басқа»  рөлінде  бөтен  адамдар, 
ақпарат, кітап, табиғат, бүкіл Әлем болуы ықтимал. Ал екінші схема өзіңмен-өзің 
жасаған диалогты айқындап тұр.
Біздің  санамызда  (басымызда,  миымызда)  өзіндік  түсінік,  пікір,  ойлар 
формасында туындайтын білім де тура осындай екі жолмен игеріледі, сіңіріледі: 
алдымен басқамен қарым-қатынас арқылы, содан кейін өзіңмен диалог жасау, 
яғни  рефлекция  арқылы.  Рефлексия  қарастырылатын  әрбір  мәселе  бойынша 
ой толғатып, жан-жақты зерттеп, өз түсінігіңді қалыптастыру, өзіңді тану мен 
түсіну, ішкі жан дүниеңе үңілу, өзіңмен сырласу, өзіңе есеп пен баға беру дегенді 
білдіреді. Осындай рефлекциялық жұмыс санада жаңа ұғымдар мен түсініктерді 
құрастырады,  сол  себепті  де  оқу/оқыту  процесіндегі  барлық  іс-әрекеттердің 
негізін рефлекция құрауы керек [1].
Бүгінгі күні диалог тіл дамыту үшін, тілдік орта туғызу үшін, тіл үйрену 
үшін қолданылатын басты әдістердің бірі болып отыр.
Диалог – бұл екі немесе бірнеше адамның арасындағы әңгімелесу. Диалог 
түрінде  сөйлесудің  өзіне  тән  ерекшеліктерінің  бірі  –  оның  ситуативтілігі, 
эмоционалдығы.  Коммуникативтік  қызметі  бойынша  диалогта  төмендегідей 
әрекеттер жүзеге асырылады:
ақпарат алу және оны жинақтау
– ақпаратқа өзінің көзқарасын білдіру;
– бір нәрсе жайлы мағлұмат беру және жаңа қосымша мағлұмат алу.
Диалогтың стандартты және еркін екі түрі бар. Стандартты диалог көбіне-
се  тұрмыстық  тақырыпқа,  күнделікті  өмірге  байланысты  болып  келеді.  Онда 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

140
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
рөлдер алдын ала бөлінеді.
Еркін диалогтың түрлері: сұхбат, әңгімелесу, пікір алмасу, пікірталас.
Бұл диалогтардың түрлері күнделікті білімді тереңдетуде ғылыми-техни-
калық сөздер, сөз құрамдары жиі қолданылуы тиіс. Оқу барысында диалогтарды 
ұйымдастыруда көбінесе әңгімелесу түрі пайдаланылады.
Дайындық  жаттығуларын  орындау  барысында  оқушылар  өздері  үлгі 
бойынша сөздерді айтады, әңгімелеседі. Осы кезеңде олардың меңгерген сөздері 
мен сөйлемдерін ұқсас жағдайларда қолдану дағдысы дамиды. Бірақ айтылған 
сөздер мен сөйлемдердің құрылысы мен мазмұны оқытушының басшылығымен 
жүзеге асады.
Дайындық  және  шартты  сөйлеу  жаттығулары  көбінесе  бірінші  курста 
орындалады.  Оның  мақсаты  –  оқушылардың  орта  мектепте  қалыптасқан 
диалогтық сөйлеу дағдыларын жетілдіріп, дамыту. Оның ерекшелігі – белгілі бір 
кәсіби бағыттылық, кәсіптік қарым-қатынас тақырыбымен байланысты диалог-
қа үйрету.
Оқу-сөйлеу ситуациясының пайдасы мен маңызы мынадай:
– жаттығулар шынайы өмірлік ситуацияға сәйкес, яғни табиғи ситуацияға 
пара-пар болғанда, негізгі мақсат орындалады;
– оқушылардың шынайы коммуникативтік қажеттілігіне сай келіп, белгілі 
ортада өз ойын жеткізуге көмектеседі;
– мазмұнды ақпарат болып табылады;
–  құбылыстарды,  әрекеттерді,  оқиғаларды,  фактілерді  т.б.  тілдік  қарым-
қатынасты жан-жақты меңгеруге ықпал етеді.
Ситуациялық  жаттығулар  дайындықсыз  (ойламаған,  аяқ  асты)  түрде  де 
болуы мүмкін. Олардың негізін микромәтін құрайды.
Ситуациялық  диалогтардың  тақырыбын  белгілеуде  төмендегідей  прин-
циптер басшылыққа алынуға тиіс. 
–  студенттердің  сөздік  қорының  жинақталып,  сөйлемдерді  құру  барысы 
туралы түсініктерінің және сөйлеу дағдыларының біраз қалыптасуы; 
– ұсынған тақырыптардың күнделікті сабақ барысында, жұмыс орнында 
жиі қолданылуы; 
–  студенттердің  алған  білімін  іс  жүзінде  пайдалануына,  тілді  терең 
меңгеруіне ортаның әсері;
– тақырыптардың студенттердің тілді оқып үйренуіне, аударма жасауына, 
сауатты жазуына ыңғайланып жеңілдетіп алынуы; 
–  ситуациялық  диалогтарды  құруда  студенттердің  сұрақ  қоюға,  жауап 
беруге, сөйлем құрауға машықтануы. 
Тіл  үйренушіге  алдымен  тапсырма  беріліп,  ситуация  таныстырылады. 
Бұлар  тіл  үйренушінің  сөйлеуіне  ынталандыру  болады.  Тіл  үйренуші  тірек 
сөздерді, көрнекі құралдарды пайдаланып, өзінің жауабын құрастырады.
Ситуациялық диалогтарды ұйымдастыруда ескерілетін жағдайлар: 
Р.С. иМаНЖаНов, а.а. аМаНГЕлдІ

141
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
1 Оқытушы ситуациялық диалогтың тақырыбын, мақсатын, ұйымдастыру 
тәсілін анықтап белгілейді. 
2 Сабақ барысында: 
а) студенттерді сабақтың мақсатымен таныстырады; 
ә) тақырыпқа байланысты сөздерді береді; 
б) рөлдерді бөледі;
в) тексереді (рөлдік ойын).
3 Дайындық кезінде «Сұхбат» электрондық оқулығын пайдалану.
Ситуациялық  жаттығулардың  түріне,  мақсатына  байланысты  әртүрлі 
тапсырмалар  болуы  мүмкін  (қорытынды  шығарыңыз,  диалог  құрастырыңыз, 
мәселені  шешіңіз,  осы  жағдайда  сіз  не  істер  едіңіз?).  Ситуацияны  сипаттауда 
сөйлеушілер, оқиға, жағдай туралы мәлімет болады. Мысалы:
1 Сіз сабаққа кешігіп қалдыңыз. Оқытушыға кешіккен себебіңізді айтып, 
сабаққа кіруге рұқсат сұраңыз. 
2  Техникалық  мамандық  бойынша:  мамандық  түрлеріне  байланысты 
лексиканы меңгеру; өз мамандығы жайлы әңгімелей білу; мамандардың кәсіби 
біліктілігі, оған сай сипаттама беру туралы өз ойын айта білу.
Мысалы:
– Мен Айжанмын. Ринат, қай мамандықта оқып жүрсің?
– Материалтану және жаңа материалдар технологиясы.
– Жақсы! Қазіргі кезде бұл өте қажетті мамандық қой. 
– Аққыштық шек дегеніміз белгілі бір температурада заттың ағуы ма?
– Жоқ, Айжан, аққыштық шек дегеніміз тұрақты жүктемеде түр өзгерудің 
артуына сәйкес келетін кернеудің мәні [6].
– Ал босаңдату деген ұғым туралы не айтасың?
–  Шынықтырылған  металдың  жоғары  беріктік  шегін  сақтау  және 
тұтқырлығын  жоғарлату,  ішкі  кернеулерді  азайту  және  тұрақты  құрылым  алу 
[6].
Осыдан  күнделікті  қолданылатын  сөз  тіркестерінің  мағынасы  мен  мәні 
техникалық сөз құрамдарының мағынасы мен түсінігін дұрыс жеткізе алмайды. 
Сондықтан әр мамандықтар кәсіби қазақ тілінің ұғымы мен диалогтық оқыту 
технологиясы арқылы жетік жеткізе алады деген ойдамыз.
Тілді үйрену/үйрету үрдісінде «диалогты интербелсенді әдістерді қолдану 
арқылы  жүзеге  асыруға  болады,  өйткені  мұндай  әдістер  қарым-қатынас  про-
цесінің  қатысушыларын  ынталандырып,  оларда  ішкі  мотивацияның  пайда 
болуына әкеліп, өзара әрекеттесуіне, бір-біріне ықпал жасауына бастайды. Бі- 
лім  осындай  коммуникативтік  араласуда  пайда  болады,  ал  үйренушінің  тұлға 
ретінде өсуі мен дамуы өзара ықпалдасуда арта түседі» [1]. Мәселен, В. Капица-
ның деректері бойынша, ғылыми-зерттеу институты қызметкерлерінің келтірген 
жаңа  идеяларының  55%-ы  шығармашылық  қарым-қатынас  нәтижесінде 
туындаса, ғылыми әдебиетті оқу арқылы олардың тек 11%-ы ғана пайда болған 
ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР

142
№ 2 (62), 2014   
 
 
                                   Regional Bulletin of the East
[4].
Бүгінде диалогтың екі түрі айқындалады: ақпараттық және түсіндірмелік 
(интерпретациялық).  Ақпараттық  диалогтағы  қарым-қатынасқа  қатысушылар - 
дың  арасында  білім  деңгейлері  тұрғысынан  алшақтық  болады,  ал  интер-
претациялық диалогқа қатысушылардың білімдері біркелкі болып, тек түсінік-
тері ғана әртүрлі болады [5].
Әдетте  тіл  үйрену/үйрету  үрдісінде  де  ақпараттық  диалог  жиі  кездеседі, 
өйткені  көп  жағдайда  оқытушы  сабақты  өзінің  мол  тәжірибесін  студенттерге 
беру  процесі  деп  түсінеді.  Оқытушы  мен  студенттердің  білімдері  біркелкі 
болмағандықтан,  аудиторияда  диалогтың  монологқа  айналып  кету  қаупі  бар. 
Студенттің мұндай теңсіздік жағдайында диалогтың тең құқылы қатысушысы 
болып кетуі екіталай, ол мұндай қарым-қатынаста өзін төмен санап, одан бас 
тартуы да ықтимал. Ал тәжірибелі оқытушының мұндайда өзінің басымдылы - 
ғын  білдіртпей,  бірлескен  ой-толғанысты,  бірлескен  шығармашылықты 
ұйымдастыра  білуі  қаншалықты  қажет  болса,  студенттер  студент  рөлінен  тең 
құқылы  автор  рөліне  ауыса  білуі  де  соншалықты  маңызды.  Яғни  ұстаздың 
сабақтағы  басты  мақсаты  –  аудиторияда  зерттеу  тақырыбы  бойынша 
интерпретациялық диалог ұйымдастыру.
Бұл үшін ұстаз қарым-қатынаста студенттің білетін және әлі де білмейтін 
ақпараттар  (алайда  оқытушыға  таныс)  арасындағы  қарама-қайшылық  пен 
айырмашылықты оның жеке тәжірибесіне сүйене отырып теңдестіруі қажет.
Студент жаңа мәлімет бойынша өзінің жеке тәжірибесіне жүгінетін болса, 
диалогтағы  екі  жақ  та  тең  құқылы  болып,  өзара  қарым-қатынаста  ақпаратты 
қайталамай  (репродукция),  оны  өзіндік  тұрғыдан  түсіндіруге  ұмтылады 
(интерпретация).  Интерпретациялы  диалогта  тек  қана  ақпарат  емес,  сонымен 
бірге  жаңа  ұғымдар,  түсініктер,  құндылықтар  қалыптасады.  Осылайша  оқу/
оқытудың нәтижелігі арта түседі [1].
Дәстүрлі  оқыту  жүйесінде  тұлғаның  дамуы  оның  зияткерлік  (интел-
лектуалдық)  деңгейімен  өлшеніп  келді.  Ал  кейінгі  кезде  тұлғаның  дамуы 
оның  өзіндік  рефлекциясымен  анықталатын  болды.  Демек,  мұндай  жағдайда 
диалогтың  маңызы  арта  түспек.  Ендеше,  тіл  үйрену/үйрету  үрдісін  қарым-
қатынасқа айналдырған абзал: сабақты тұлғааралық коммуникацияға негіздеп, 
студенттермен  еркін  әрі  тең  құқылы  диалог  жасаған  жөн,  өйткені  диалогтың  
кез келген білімді игеруде қомақты нәтижелерге қол жеткізетіндігі сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТіЗіМі
1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері / А. Әлімов. 
– Алматы, 2013. – 448 б.
2. Нурланова К. Человек и мир. Национальная идея казахского народа / К. Нурла-
нова. – Алматы, 1994. – 48 с.
3. Бахтин М. Проблемы поэтики Достоевского / М. Бахтин. – М., 1963. – 363 с.
4. Капица В. Культура труда как производительное творчество человека / В. Капи-
Р.С. иМаНЖаНов, а.а. аМаНГЕлдІ

143
Шығыстың аймақтық хабаршысы · Региональный вестник Востока                № 2 (62), 2014
ца. – Киев, 1989. – 127 с.
5. Гойхман О. Речевая коммуникация / О. Гойхман, Т. Надеина. – М.: ИНФРА-М, 
2001. – 131 с.
6.  Солнцев  Ю.П.  Материаловедение  /  Ю.П.  Солнцев,  Е.И.  Пряхин.  –  Санкт-
Петербург: Химиздат, 2007.
REFERENCES
1. Alimov A., Ispol’zovanie interaktivnyie problemy metodiki v VUZ, Alma-Ata, 2013
448 (in Kaz).
2. Nurlanova K., Chelovek i mir. National’naia idea Kazakhskogo naroda, Alma-Ata, 
1994, 48 (in Russ).
3. Bakhtin M., Problemy poetici Dostoyevskogo, 1963, 363 (in Russ).
4. Kapitsa V., Kul’tura truda kak proizvoditel’noe tvorchestvo cheloveka, Kiev, 1989
127 (in Russ).
5. Goykhman o., Nadeina T., Rechevaia kommunikaciya, 2001, 131 (in Russ).
6.  Solntsev  y.P.,  Pryakhin  E.I.,  Materialovedeniye,  Petersburg,  Himizdat,  2007  (in 
Russ).
ӘОЖ 811.512.122

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет