Окклюзия және оның түрлері:
Окклюзия бұл көп немесе аз уақыт ішінде тістердің жалпы немесе жеке топтарының қабысуы(смыкание). Осылайша, окклюзия артикуляцияның ерекше түрінің бірі ретінде қарастырылады. Окклюзияның төрт негізгі түрі бар:
1)Орталық
2)Алдыңғы
3)Бүйірлік (оң және сол).
Орталық окклюзия тістердің байланыс нүктелерінің максималды санымен қабысуымен сипатталады.
1.Орталық окклюзияның белгілері: беттің ортаңғы сызығы орталық күрек тістердің арасында өтетін сызықпен сәйкес келеді. Ал буын басы буын төмпешігінің беткейінің негізінде орналасады.
Бұл жағдайда екі жағынан шайнау және самай бұлшықеттердің бір мезгілде және біркелкі жиырылуы байқалады.
2.Алдыңғы окклюзия кезінде төменгі жақтың жылжуы байқалады.
Бұған бүйірлік сынатәрізді бұлшықеттердің екі жақты жиырылуы арқылы қол жеткізіледі.
Алдыңғы окклюзияның белгілері: беттің ортаңғы сызығы күрек тістер арасында өтетін ортаңғы сызыққа сәйкес келеді. Ал буын басы жылжыған болып келеді және буын төмпешіктерінің басында орналасқан.
3.Бүйірлік окклюзия төменгі жақтың оңға (оң жақ окклюзия) немесе солға (сол жақ окклюзия) жылжуымен пайда болады.
Бүйірлік окклюзияның белгілері: төменгі жақтың оң жаққа жылжығанда буын басы буын төмпешігінің негізінде айнала орналасады.
Сол жақта буын басы буын төмпешігінің басында орналасып, ал оң жақ бүйірлік окклюзия қарама-қарсы (сол жақ) жақтың бүйірлік сынатәрізді бұлшықетінің жиырылуымен және керісінше, сол жақ бүйірлік окклюзиямен-оң жақтың сол жақ бұлшықетінің жиырылуымен бірге жүреді.
Орталық окклюзияда тістердің түйісуін тістем деп атайды.
Барлық тістемдер 3 үлкен топқа бөлінеді: Физиологиялық, патологиялық және аномалиялық.
1.Физиологиялық тістемге- шайнау , сөйлеу қызметін толық қамтамасыз ететін және эстетикалық жағынан алғанда адамның бет әлпетінің пішінін бұзбайтын , өзгертпейтiн тiстем жатады.
2. Патологиялық тістемдер-ортогнатиялық және тік тістемдеріндегі тістердің өзара байланысы морфологиялық жағынан ғана емес , сондай - ақ функциялық , яғни қызметтік қалыптылығымен сипатталады. Патологиялық тістемдерде тіс қатарларының байланысуы, сондай - ақ шайнау , сөйлеу қызметтері бұзылуымен қатар , науқастың сыртқы бет пішіні де өзгереді.
3.Аномалиялыққа: Үстінгі, астынғы және екі жақтың шамадан тым дамуы және төменгі жақтың дамымауы, жоғарғы жақтын дамымауы.
Әр түрлі жазықтықтағы шайнау қозғалыстарының түрлері. Шайнау бұлшықеттері (төменгі жақты көтеру және түсіру).