қалыптасуы мен дамуына әлеуметтік ортаның тәрбиелік ықралын
зерттеумен айналысады.
Педагогикалық ұғымдардың бiрi - т ә р б и е.
Тәрбие дегенiмiз - адамдарды қоғамдық өмiрге және өнiмдi еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа
қоғамдық-тарихи тәжiрибенi
беру процесi болып табылады.
Барлық тәрбие салалары: жанұя, мектепке дейiнi мекеме, оқу-тәрбие
орындары, еңбек ұжымы, информация құралдары, баспа орындары.
Тәрбие - белгiлi жоғары мақсатқа бағытталған процесс: а) жас ұрпақтың
рухани дене күштерiн дамыту; ә) ғылыми-материалистiк дүниетануды
қалыптастыру; б) қоғам өмiрiне, қоғамдық
өндiрiстің белгiлi саласына
қатысуға дайындығы болу мiндетiн қамтиды.
Тәрбие - аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихы тәжiрибенi беру
процесi.
Бiлiм беру - бұл ғылымдар жүйесiнен бiлiм алу және танымдық, iскерлiк пен
дағдыны қалыптастыру, оның негiзiнде жеке бастың көз қарасын,
адамгершiлiк
тағы
басқа
қасиеттердi
қалыптастыру,
адамның
шығармашылық күшi мен қабiлетiн дамыту.
Педагогика үнемi дамып отыратын ғылым. Халық ағарту жүйесi тәрбие мен
бiлiм берудің барлық салаларын ғылыми болжам жасау мақсатында және
негiзгi проблемаларды ғылыми-теориялық,
практикалық жағынаң терең
талдау үшін педагогика ғылымында мынандай зерттеу әдiстерiнің жүйесi
қолданылады,
1. Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерде қолданылып
жүрген ең көп тараған әдiс. Байқау, ең алдымен, тәжiрибе деректерiн жинау
мақсатын көздейдi, байқалатын объектiлердi бөлiп алып, әдетте фактiлер
мен белгiлердi тiркеп отыратын күні бұрын
жасалған жоспар бойынша
жүргiзiледi.
2. Әңгiмелесу әдiсi. Педагогикалық зерттеу әдiсi ретiнде өз алдына тәрбие
қолданылады және байқау әдiсi мен толықтырылып отырады. Әңгiме әдiсi
бұрын белгiленген жоспар бойынша анықталуға тиiстi зерттеу
мақсаттарына сай жүргiзiледi. Әңгiмелердің барысы, мазмұны толық
баяндалады, пропорционалды, қорытындысы жасалады.
3. Интервью алу әдiсi. Бұл әдiс педагогикалық әңгiмелесу әдiсiнің бiр тұрi.
Айырмашылығы интервью алған кезде алдын
ала белгiленген сұрақтар
бойынша әңгiмелесушiсiнің жауаптары жазып алынады.
4. Сұрақ-сауал әдiсiн қолдануда зерттелiп отырған проблемаға байланысты
көпшiлiк пiкiрiн бiлу және осы ұжымдағы әр түрлi әрекеттердің көңiл-
күйлердің т.б. мәселелердің объективтi деректерi, субъективтi салыстыру
анықталады.
5. Мектеп құжаттарын зерттеу әдiсi. Бұл әдiс оқушының жеке iс
қағаздарын,
медициналық карталарын, сынып журналдарын, оқушы
күнделiктерiн, жиналыстар мен мәжiлiстердің хаттамаларын оқып үйрену,
талдау жинақтау мақсатында қолданылады.
6. Педагогикалық экспермент әдiсi. Зерттеу әдiсiнің педагогикалық
тиiмдiлiгiн анықтау түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын
әдiстерi мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырлатын әдiс.
Педагогикалық эксперименттің мынадай түрлерi бар: табиғи эксперимент,
лабораториялық эксперпмент, iздеу мақсатын көздейтiн эксперимент.
7.Педагогикалық процестердi модельдеу.
Модельдеу педагогикада
кибернетикалық идеялар мен әдiстердi пайдаланумен байланыста, олар
негiзiнен алғанда қарапайым деңгсйде, яғни, озат тәжiрибенi қорытуға,
қарапайым материалды жинап сипаттауға және оны алғаш рет өңдеп,
жүйеге келтiруге педагогикалық зерттеу дәрежесiн көтеруге көмектеседi.
8. Зерттеулердің нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу
жолдары педагогикалық
зерттеулердің ең басты қорытындысы болып есептеледi. Зерттеулердің
нәтижесiн тәжiрибеге еңгiзу-бұл тұтас комплекетi шаралар жиынтығы.
Үздiксiз, бiрiздi мақсатты түрде жүргiзiлетiн зерттей жұмысының
нәтижесiнде айқындалған заңдылықтар, педагогикалық басылымдар,
арнайы ғылыми баяндамалар
арқылы әдiстемелiк құралдар, оқулықтар
жасау арқылы, арнайы әдiстемелiк нұсқаулар және ұсыныстар арқылы
мектептiн
озат
тәжiрибесiмен
дәлелденiп,
тиiмдiлiгi
жан-жақты
айқындалған зерттеулердің кепiлi болуы керек.
Педагогика оқу пәні ретінде келесі компоненттерден тұрады:
білім беру, оқыту, тәрбие жайлы білім жүйесі;
білім, іскерлік, дағдылар мен құзыреттіліктерді меңгеруге бағытталған оқу-
танымдық іс-әрекет жүйесі.
Педагогиканы оқытудағы әдістер
Кейс әдісі
«Кейс-стади» (ағыл. Case-study ‒ «уақиға, жағдаят» және «зерттеу»)
ұғымы «нақтылы жағдаятты талдау әдісі» деп атауға болады. Ол
оқытукезінде де, нақтылы практикалық істерді талдауда да, зерттеу
ісін жүргізуде де қолданылады. Кейс – әдісі білім алушылардың оқуға
қызығушылқтарын арттырады және тұлғаның келешек маман ретінде
қалыптасуына ықпал етеді. Бұл әдіс оқушы тарапынан нақтылы
мәселені шешуге қажетті шығармашылық қабілетін дамытудықажет
етеді және оның ой-өрісінің бейнелі көрінісі болып табады. Оқытушы
да сол әдіске байланысты өзінің өмірдегі жағдаяттарды талдау мен