«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
 
Дәріс № 8 
 
Тақырыбы:Ет-сүт өңдейтін орындардың санитариясы, қызметкерлерінің жеке бас 
гигиенасы 
Дәрістің мақсаты: студентерді ет-сүт өңдеу орындарында талап етілетін санитариялық 
нормалармен және жеке бас гигиенасымен таныстыру. 
Қаралатын сұрақтар: 
1) Ет-сүт өңдеу орындарына қойылатын санитариялық-гигиеналық талаптар 
2) Қызметкерлердің жеке бас гигиенасы 
 
Ет-сүтөңдейтін орындардың және басқа объектілердің бөгде заттармен және 
жұқпалы аурулардың қоздырушыларымен ластануын алдын-алу үшін барлық 
жұмысшылар жеке бас гигиенасын міндетті түрде сақтауы тиіс. Тағам өндірісінің 
жұмысшылары арасында жұқпалы аурулармен ауыратын және қоршаған ортаға қауіпті 
адамдарды анықтау үшін оларды медициналық қараудан, тері және басқа ауруларға, ішек 
инфекциясының қоздырушыларына, гельминтерге тексеріп, рентгенографиядан өткіземіз. 
Медициналық зертеулердің нәтижелерін санитарлық кітапшаға жазады. Жануар өңдеу 
мекемелеріне туберкулездің ашық формасымен, терінің іріңді ауруларымен 
ауыратындарды, іш сүзегі, сальмонеллез, дизентерия, дифтерия және басқа инфекциялық 
аурулардың қоздырушыларын тасымалдаушы адамдарды арнайы эпидемиялық шаралар 
аяқталмайынша жіберілмейді. Міндетті түрде медициналық тексерулер алғаш жұмысқа 
кірер кезінде, шикізаттармен, жартылайфабрикаттар және дайын өнімдерді дайындауда, 
тасымалдауда және сақтау кезінде олармен жанасатын жұмысшыларға, сонымен бірге 
өндіріс қондырғыларын, ыдыстар мен жабдықтарды тазалап жуып, дезинфекциялайтын 
жұмысшылар өтеді. 
Жеке бас гигиенасы, адамдардың ластанған сыртқы ортаға әсері және сыртқы 
факторлардың адамдардың денсаулығына әсерін зерттейді. Жеке бас гигиенасының 
міндеттері жұқпалы аурулардың берілу тізбегін үзу шараларын жетілдіру және зиянды 
микроорганизмдердің, химиялық, физикалық заттардың адам ағзасына зиянды әсерін 
алдың-алу болып саналады. 
Медициналық тексерулерден басқа, тағамдық өндіріс орындарында жұмысқа кірер 
кезінде 
барлық 
жұмысшыларжыл 
сайын 
патогенді 
микроорганизмдер 
мен 
құрттасымалдаушылыққа арнайы тексерулерден өтеді. Ішек таяқшасының қоздырушысы 


табылған жұмысшыларды уақытша немесе тұрақты түрде жұмыстан босатады. Құрт 
табылған жұмысшыларды арнай емдік курстан өткізеді. Алдын-алу үшін жүргізілетін 
медициналық тексерулер жиілігі ауданның эпидемиялық жағдайына байланысты 
жергілікті санитариялық қадағалау органдар жүргізеді. Іш сүзегі, қылау, дизентерияға 
сонымен бірге бруцеллез және сібір жарасы сияқты кәсіби ауруларға, жұмысшылардың 
бейім болмас үшін оларды бұл ауруларға қарсы егеміз. Сақтандыру егулер және 
медициналық тексерулер медициналық мекемелерде жүргізіледі. 
Өндіріс 
орындарының 
әкімшілігі 
медициналық 
тексеруден 
өтпеген 
жұмысшыларды жұмысқа жібергені үшін жауапкершілікке тартылады. 
Қайта жұмысқа кіретін жұмысшылар мекеменің санитарлық білімінің жүйесіндегі 
санитарлық инструктаж және санитарлық минимумнан өтеді.
Санитарлық білім.Жануарларды өңдеу және ет өнімдерін шығаруда санитарлы 
ережелері мен жеке бас гигиенасын санаулы түрде орындау үшін жұмысшылар 
санитарлық білім алады. Санитарлық білімге, санитарлық минимум, санитарлық 
инсртуктаж және гигиеналық білімді оқыту жатады.
Санитарлық инструктаж жұмысқа қайта қабылданған жұмысшылар үшін жеке бас 
тазалығының ережелерімен және жұмыс барысында оның міндеттерімен танысу болып 
табылады. Инструктажды санитарлық немесе ветеринарлы-санитарлық дәрігер немесе 
инженерлі-техникалық персонал жүргізеді. 
Санитарлық минимум 10 сағаттық немесе 20 сағаттық бағдарлама бойынша 
жүргізіледі. Онда санитарлы және арнайы киімдерге, инструменттерге, мүліктерге және 
жұмыс орындарына қойылатын негізгі санитарлы және гигиеналық талаптар, сонымен 
бірге жұмыс және үзіліс кезінде, жануарларды өңдеу, ет өнімдерін шығару, сақтау және 
ет, ет өнімдерін тасымалдау және тезникалық өнімдермен жануар текті шикізаттарды 
шығару кезіндегі жұмысшылардың жеке бас гигиенасы көрсетіледі. 
Бұл бағдарламаға микробиологиялық негіздері және тағамдық улануларды алдын-
алу шаралары кіреді. Мекеменің гигиенасымен санитария жөніндегі уағыздауды, 
жұмысшылардың санитарлық дәрежесін жоғарлату үшін жүргізіледі. Оның басты 
мақсаты: ет және ет өнімдері өндірісінің санитарлық сапасын жоғарлату, 
жұмысшылардың зооантропоноздармен, токсикоинфекциямен, токсикозбен ауруын 
алдын-алуы және жұқпалы аурулардың мекеме шекарасынан өтуін алдын-алу жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет