«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»



Pdf көрінісі
бет11/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Дәріс № 6-7 
ТақырыбыЕт-сүт өңдеу орындарында жүргізілетін дезинсекция, дератизация, 
дезодорация
Дәрістің мақсаты: студентерді ет-сүт өңдеу орындарында жүргізілетін дезинсекция, 
дератизация және дезодорация тәсілдерімен және әдістерімен таныстыру. 
Қаралатын сұрақтар: 
1)Ет-сүт өнеркәсібіндегі дезинсекцияның ерекшеліктері. 
2) Дератизация әдістері мен тәсілдері 
3) Дезодорациялық заттар 
Дезинсекция – (des – жоямын, inсectum - жәндік) зиянкес жәндіктерді жоюға
бағытталған шаралар.
Ет-сүт өңдеу орындарында негізінен шыбынмен және тарақандармен күресу 
шаралары жүргізіледі. Себебі олар тағамдық өнімдерді ластап қана қоймайды, сонымен 
қатар эпидемиологиялық және эпизоотиялық қауіп тудырады. 
Олар 60-тан астам микроорганизмдер түрлерін тасымалдайды, олардың ішінде 
тополаң қоздырушысы, аусыл, туберкулез, туляремия, сальмонеллез, эшерихия және т.б.


Жәндіктердің организміне ену жолдарына байданысты инсектицидтер 4 топқа 
бөлінеді: 
1. контактілі инсектицидтер, олар жәндіктің организміне сыртқы жабындысымен 
жанасу арқылы енеді; 
2. ішектік инсектицидтер, жәндік организміне азық немесе су арқылы түседі; 
3. фумигантты инсектицидтер,жәндіктердің тыныс алу жолдары арқылы енеді;
4. репелентті препараттар – үркіткіш әсері бар заттар. 
2) Дератизация 
Дератизация – кеміргіштермен күрес – профилактикалық және жою шараларынан 
тұрады. 
Профилактикалық шараларға мыналар жатады: үнемі, күнделікті қиды тазалап 
жинау, мал қораларының айналасындағы жабайы шөптерді үнемі ору, ферма 
территориясынан өтетін арықтарды дер кезінде тазалап отыру, концентрлік азықтарды, 
тамыржемістерді, ірі азықтарды дұрыс сақтау. 
Кеміргіштердің өтімділік қасиеті өте жоғары. кеміргіштердің физикалық 
мүмкіндіктері оларға мал шаруашылық орындарының кез-келген қуыстары арқылы өтуге 
мүмкіндік береді. Егеуқұйрықтар кірпіш және ағаш қабырғаларға өрмелеп, 15 м биіктіктен 
секіре алады. Тік бағытта 90 см, ал көлденең бағытта 120 см дейін секіреді. Олар жақсы 
жүзеді, канализация жолдары арқылы су ағысына қарсы да жүзе алады. Егеуқұйрықтар 
көлденең және тік сым жолдары арқылы, диаметрі 4 – 10 см құбырлар арқылы жүре 
алады, олар жерге тереңдігі 1,2 – 1,3 м ін қазып, ағашты пластмассаны, шыны мақтаны, 
көбікті әйнекті, қорғасын және алюминий пластиналарын, шлакоблокты, т.б. кеміріп 
өтеді.
Тышқандар кез-келген тік беткеймен, ағаш, кірпіш, тіпті металл қабырғамен жүре 
алады. Олар кабель, электр сымдары, арқан, т.б. да еркін жүреді. Тесігінің диаметрі 6 мм 
қуыс арқылы қораға кіреді. Егер азықтың құрамында ылғалдылық мөлшері 15 %-дан 
төмен болмаса, ұзақ уақыт сусыз да өмір сүреді. Ұя салу үшін материал мен азық бар 
болса, теріс температурада да көбейе береді. Кеміргіштердің мал шаруашылығы 
нысандарына енуін алдын алу өте қиын, бірақ олардың физикалық мүмкіндіктерін ескере 
отырып, құрылыс салу нәтижесінде енуін қиындату өте қажет.
Қазіргі уақытта кешендер жағдайында кеміргіштердің қора ішінде көбею жағдайын 
болдырмау шараларын жүргізу қажет.
Жою шаралары – кеміргіштерді өлтіру, құрту. Оның бірнеше әдістері бар: 
алдамыш, биологиялық, механикалық, шаңдау және газдау, соңғы уақыттары улы 
көпіршік өте тиімді болып жүр. 
Алдамшы әдісте алдамыш ретінде у қосылған азықтар пайдаланады. 
профилактикалық 
жою 
шаралары 
Дезинсекцияның түрлері 
Жәндіктердің өсіп
көбейуіне қолайсыз
жағдай туғызу, есік-
терезелерге тор ұстату 
Механикалық,
физикалық,
химиялық әдістер
қолданылады 


Биологиялық әдіс – табиғи жауларды қолдану (кірпі, ит, мысық, т.б.) немесе 
жасанды жолмен адамға қауіпі жоқ, бірақ кеміргіштерді өлтіретін микробтармен 
кеміргіштерді зақымдау, кешендерде қолдану тиімсіз. 
Кеміргіштермен күресу тәсілдері: 
1.Механикалық тәсіл кеміргіштерді ұстап, өлтіруге негізделген. Кеміргіштерді ұстау 
үшін әр түрлі қақпандар, ұрғыштар, плашкалар, т.б. қоданылады.
2.Ұнтақ себу тәсілі кеміргіштер көптеп кездесетін індерін, жүру жолдарын улы 
ұнтақтармен өңдеу.
3.Газация әдісі кеміргіштерді улы газдармен уландыру. Ол үшін герметизацияланатын 
орындарды ( тоңазытқыш камералары, арнайы қоймалар, т.б.) кеміргіштерге улы әсер 
ететін газдармен толтырады. Басқа нысандарда улы газдарды немесе олардың 
қоспаларын кеміргіштердің індеріне және жүру жолдарына жібереді. Улы көбіктер 
ұнтақ секіді дератизацияны алдамышсыз әдісіне жатады. 
Дератизациялық заттар. Дератизацияда цинк фосфиді, ратиндан I, ратиндан II, 
зоокумарин, зоокумариннің натрий тұзы, бактериялық препараттар и бактокумарин. 
Бактериялық препараттардан басқаларын мынадай топшаларға бөлуге болады: жіті әсер 
ететін және кумулятивтік (антикоагулянттар). Препараттарды осылай шартты түрде бөле 
отырып, олардың арасындағы айырмашылық пен осы топтардағы дератизациялық 
препараттардың әсер ету ерекшелігін түсінуге болады.
Алдамышты қолдану әдісіне негізделген тышқанеға қарсы жүргізілетін 
дератизация егеуқұйрықтарға қолданылатын алдамыш әдісінен қатты ерекшелінеді. Бір 
түнде тышқан 20 – 30 азықтық нүктелерді аралап, әр қайсысынан 2 – 3 дәннен алады. 
Егеуқұйрықтарға қарағанда тышқандар сол түнде барлық жаңа азықтардың дәмін көріп 
шығады, бірақ азықтану мөлшері өте аз болғандықтан олар бір азықтанғанда өлтіретін 
дозаны қабылдауы екі талай, ал жіі әсер ететін улардың өлімге әкелмейтін дозалары 
қорғаныс рефлексін тудырады: уланған алдамышты жеуден бас тартады. Алдын – ала 
азыққа үйрету егеуқұйрықтарда сияқты бөтен заттарға үйрету үшін емес, тышқандардың 
негізгі азықтанатын орнын анықтау үшін қажет. 
Зоокумарин — ұнтақ тәрізді қоспа, у ретінде (аитикоагулянт) 3-альфа-фенил-бета-
ацстил-этил-4-оксикумприн1 (CigHigOii) қолданады, ал қоспа ретінде тальк, коалин, 
крахмал немесе талькомагнезит қолданады. Шетелде бұл препарат варфарин, 1 люксарин, 
кумадер, антиколин, нератокс ретінде танымал. 
Ратиндан I —дифенацина және крахмалдың 1 : 199 қатынасындағы қатынасындағы 
ұнтағы. Дифенацин — бұл 2-дифенилацетил-1,3, индандион. Суда ерімейді. Алдамыш 
ретінде қолданады. 
Алдамышқа препараттың 2-3% қосады.Бір ұяға 3-5 гу, ал1 м
3
шаңдану ауданына 6-
7 г у қажет. 
Ратиндан II - 0,18%-тік 2-фенил-толилацетилиндандиона-1,3 және крахмалдың 
қоспасы. Қазіргі уақытта препараттың аты өзгерген, шатаспас үшін (ратиндан I и ратиндан 
II) құрамында 0,25% у болатын препаратты фентолацин деп атаған. Онда қоспа ретінде 
талькомагнезит қолданған. 
Пенолацин и пенокумарин —аэрозольды қораптарда болатын құрамдас заттар. У 
ретінде 2-фенил-толил-ацетилиндандион-1,3 0,5 % мөлшерде алынады, ал екіншісінде
зоокумариннің натрий тұзы 1% мөлшерде алынады. 8-10 с ішінде қорапшадан бөлініп 
шығатын көпіршіктер 1 кг улы алдамышты дайындауға жеткілікті болады, ал 3-5 с болса 
бір ұяны тығындауға жетеді.
Дератизацияны антикоагулянттармен 3-5 күн бойы жүргізеді,ал ірі нысандарда 3-4 
апта.
Кеміргіштердің көп бөлігін құрту қиынға соқпайды, бірақ шараларды ары қарай 
істеме қойса, олардың саны күрт жоғарылап кетеді. 
Дератизация немесе кеміргіштерді жою – тышқан тәрізді зиянкестерді жою 
жүйесінің бір бөлігі болып табылады.


3) Дезодорация 
Ауадағы жағымсыз иістерді жоюдың ең қарапайым әрі тәжірибеде кеңінен 
қолданылатын әдісі – бұл ауа алмасу жүйесін дұрыс ұйымдастыру болып табылады. 
Ветсанитариялық өтелдеу орындарын дезодарациялау үшін механикалық, физикалық, 
химиялық, физико-химиялық және биологиялық әдістер қолданылады.
Ауадағы аммиак, көмірқышқыл газы және ауаның бактериалды ластану дәрежесі 
ауа алмасу жүйесінің жұмысына тікелей байланысты. Ауа алмасу жүйесін 0,5 сағатқа 
өшіретін болсақ, аммиак пен көмірқышқыл газының мөлшері 2 есе, ал бактериалды 
ластану 33-50 % өседі. Күнделікті жүргізілетін ылғалды жуып-тазалау санитариялық 
жағдайын қамтамасыз еткенімен жағымсыз иісті кетіре алмайды. Жағымсыз иістің 
концентрациясын төмендететін факторлардың бірі – дезодорация.
Біздің мемлекетімізде дезодарацияның химиялық әдісі кеңінен қолданылады, ал 
препарат ретінде эфир майлары пайдаланылады. Эвкалипт және пихта эфир майларының 
әсерінен көмірқышқыл газының мөлшері 0,07 – 0,08 %, аммиак 1,25 – 1,37 мг/ м
3
азайған. 
Бұл майлар антимикробты және вирусқа қарсы әсер етеді. Сонымен қатар олар ароматты 
және емдік қасиеттерге ие. Эфир майлары антиагрегатты әсерінің нәтижесінде ауадағы 
шаңның да концентрациясын төмендетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет