«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


Суды санитариялық-микробиологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет22/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52
2. Суды санитариялық-микробиологиялық зерттеу 
Суды санитариялық-микробиологиялық бағалағанда ең алдымен судың жалпы 
бактериялық ластануы және ішек таяқшасының бар-жоғын анықтайды. МЕСТ бойынша 1 
мл сұйылтылмаған суда бактериялардың жалпы саны 100-ден көп емес, 1 л судағы ішек 
таяқшасының саны 3-тен аспауы қажет, ал коли-титрі 300 мл кем болмауы қажет. 
Судың ішек таяқшасымен ластануын екі көрсеткішпен анықтайды: 1) коли-титр – 
1 ішек таяқшасы табылған зерттелінетін судың ең аз мөлшері.Құбыр суы үшін бұл 
көрсеткіш 333 мл, құдық суы үшін 100 мл тең. Зерттелінетін судың коли-титрі аз болған 
сайын, оның ішек таяқшасымен ластануы жоғарылайды; 2) коли-индекс – 1 л судағы 
ішек таяқшасының саны. Құбыр суында ол 3-ке тең, құдық суы үшін 10-нан аспауы қажет. 
 
Жалпы микроб санын анықтау. Ластану дәрежесіне байланысты зерттелінетін суды 
1:10 бастап 1:10000 дейін сұйылтылған немесе сұйылтылмаған судан 1 мл-ден алып
Петри аяқшасына қоректік ортаға егеді. Оны термостатқа 24 сағ. 37
0
С-қа қояды. 
 
Ішек таяқшасын анықтау. Зерттелетін суды 1:10 бастап 1:10000 дәрежесіне дейін 
сұйылтып, 1 мл-ден арнайы қалтқымалары бар сұйық Кесслер ортасына егеді. 
Себінділерді термостатқа 24 сағатқа 37
0
С–қа қояды. Қоректік ортаның түсінің өзгеруі 
немесе газ пайда болуы ішек таяқшасының бар екенін көрсетеді.
Бақылау сұрақтары: 
1. Адам мен мал арасында инфекциялық және инвазиялық аурулардың таралуында 
ауа мен судың ролі 
2. Ауа микрофлорасының өндірілетін өнімнің санитариялық сапасына әсері
3. Тағамдық уланулардың алдын-алу 
№3-4 Зертханалық сабақ
 
Тақырыбы: 
Диальдегидьтер 
және 
беткейлі-белсенді 
заттар 
негізіндегі 
дезинфекциялық ерітінділерді дайындау әдістемесі және олардың дезпрепараттардағы 
массалық үлесін анықтау 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет