«togb 4350 тағам өндірісіндегі гигиеналық бақылау»


Беткейлі-белсенді заттар негізінде дезинфекциялық ерітінділер дайындау



Pdf көрінісі
бет24/52
Дата25.05.2023
өлшемі1,1 Mb.
#97634
түріБағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52
 
Беткейлі-белсенді заттар негізінде дезинфекциялық ерітінділер дайындау
ББЗ негізіндегі препараттар зарарсыздандырғыш қасиеті аса жоғары, кең ауқымды 
қолданылатын дезинфектанттар болып табылады, олардың жуғыштық қасиеті де жоғары.
ББЗ негізіндегі ерітінділердің коррозиялық әсері төмен. Оларды тат баспайтын 
металдан, алюминийден, никель немесе латуньмен қапталған, пластмассадан жасалған 
қондырғыларды дезинфекциялауда қолданады. Сонымен қатар олар резина, бетон және 
ағашпен жанасқанда теріс реакция бермейді.
ББЗ негізіндегі препараттар суда жақсы ериді, судағы ерітінділерінің ортасы әлсіз 
сілтілік, рН = 7- 8,5.
Керекті құрал – жабдықтар:колбалар, цилиндрлер, бюреткалар, 25 % күкірт 
қышқылы, ББЗ негізіндегі препарат, трихлорэтан, буферлік ерітінді, бромфенолды көк 
индикаторы, натрий лаурилсульфаты.
 
Анықтау жолы: 250 мл колбаға беткейлі-белсенді заттар негізінде жасалған 
дезинфекциялық ерітіндінің 50 мл құяды. Оның үстіне 2 мл трихлоэтан, 2 мл буферлік 
тұзды ерітіндіні және 5 мл 25 %-ды күкірт қышқылының ерітіндісін қосып, жақсылап 
араластырады. Ерітіндінің үстіне бромфенолды көк индикатордың 2-3 тамшысын 
тамызады. Ерітінді қою көк түске боялады. Соңында натрий лаурилсульфатының 
стандартты ерітіндісімен көк түс түссізденгенше титрлейді. 
ББЗ-дың массалық үлесін келесі формула бойынша анықтайды: 
С(%) = А ∙ 1,7 
Мұндғы: А - титрлеуге кеткен натрий лаурилсульфаты ерітіндісінің мөлшері, мл; 


1,7 - титрлеуге кеткен натрий лаурилсульфатының жұмысшы ерітіндегі ББЗ 
пайыздық мөлшерін есептеуге қажетті эмпирикалық коэффициент.
 
Жуғыш-зарарсыздандырғыш және зарарсыздандырғыш ерітінділердің көбік 
түзгіштігін анықтау. 
 
Керекті 
құрал 
жабдықтар: 
Өлшеуіш 
ыдыс, 
градуирленген 
ыдыс, 
зарарсыздандырғыш ерітінді, сағат, көбік түзгіш құрал. 
Көбіктің физикалық-химиялық параметрлерін – көбіктің еселенуі, оның 
тұрақтылығы және көбіктен сұйықтықтың бөліну уақытын зарарсыздандырғыш ерітіндіні 
қолдана отырып, салыстырмалы түрде анықтаймыз. Көбіктің еселенуі – бұл V
к
- көбік 
көлемінің V
с
– сұйықтың көлеміне қатынасы. Бұл көрсеткіш бір көлем сұйықтан 
(жұмысшы ерітіндіден) қанша көлем көбік алуға болатындығын көрсетеді. Көбік газ бен 
сұйықтықтан тұрады:
V
к
= V
г
+ V
с
Яғни, көбіктің еселенуі (В) тең: 
с
с
c
к
V
V

V
V
В



Көбіктің еселенуін анықтау үшін, ыдысты жұмысшы ерітіндімен толтырып, оны 
көпіртіп, көбікті жинауға арналған өлшеуіш ыдысқа көбікті толтырамыз. Көбік 
толығымен сөніп болған соң, ыдыстың ішіндегі пайда болған сұйықты өлшеп, жоғарыда 
келтірілген формула бойынша есептейміз.
Көбіктің сөнуін зерттеу үшін градуирленген ыдысты көбікпен толтырып, 50 және 100 % 
көбіктің сөну уақытын белгілейміз. Көбіктің тұрақтылығын оның толық сөну уақыты 
сипаттайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет