Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Жануарлардың зығыр күнжарасынан улануы



бет14/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

22. Жануарлардың зығыр күнжарасынан улануы.
Зығыр күнжарасынан улану
Малдардың улануының себебі синиль қышқылының түзілуінен туындайды. Күнжараның әр сұрыбындағы мөлшері әр түрлі болады. Бұл зат температура мен ылғалдылықтың әсерінен гидролизге тез ұшырайды. Доңыздардың улануының бірнеше жағдайы тіркелген. Клиникалық көріністер мен өтуі уланудың негізгі себебі синиль қышқылы екендігін көрсетті.
Зығыр дәндерінде гликозид – линамарин болады. Линамарин қалыпты жағдайда, өздігінен уытты әсер етпейді. Бірақта күнжара құрамындағы су және линаза ферментінің қатынасуымен синиль қышқыл пайда болып, уытты әсер көрсетеді.
Этиологиясы. Дымқыл, ылғалды зығыр күнжарасымен азықтандырғанда улану белгілері байқалады. Оның құрамындағы синиль қышқылының мөлшері 1 кг-да 108 ден 650 мг-ға дейін болады. Малға
Зығыр күнжарасы жылы суда бөртіп, пектин заттарынан
тұратынкілегейтүзетін, өте сіңімді құнды мал азығы. Сүтті қаймағынан айырмай пайдаланған жағдайда сауын сиырға тәулігіне 4 кг-ға, сүтті сары май алу үшін пайдаланғанда 2,5 кг-ға дейін зығыр күнжарасын беруге
болады. қауіптісі 1 кг 200 мг-нан астамы. Егерде ас қорыту жолында декстраза және мальтоза ферменттері көп болса онда қауіпті емес.
Клиникалық белгілері. Жіті түрінде жүйке жүйесі зақымданады, тынышсызданады, әлсіздік, теңселу, сіреспелер, ентігу байқалады, жүрек қызметі әлсірейді. Сондай-ақ, ас қорыту жүйесі жұмысы бұзылады, сілекей көп бөлінеді, құсады, коликтер, іш кебеді, өтеді. Улану шошқалар үшін өте қауіпті. Олар құлайды да бірнеше минут ішінде өледі.
Емі. Шұғыл түрде ем қолданған жөн. Венаға натрий тиосульфатын (5- 10 пайызды) 1-2 мл/кг егеді, ол қандағы синиль қышқылын зиянсыз розанды қосылыстарға ауыстырады. Венаға метиленді көк ексе, ол тыныс алуды қалпына келтіреді. 0,5-1 пайызды азотқышқылды натрийді 1 мл/кг венаға егуге болады. Ірі қара малға 25-30 пайызды глюкоза антитоксикалық және қуаттандырғыш зат ретінде әсер етеді. Сондай-ақ, оларды біріктіріп қолдануға да болады. Мысалы: 10 мл 20 пайызды азотқышқылды натрийді венаға сала отырып инені суырмай іле шала 40-50 мл 20 пайызды натрий тиосульфтын қолдануға болады. Ас қорыту жолындағы синиль қышқылын уытты әсерін жою үшін ішке 3 пайызды күкірт қышқылды темір мен 5 пайызды көмірқышқылы натрий ертінідісін ішкізген жақсы нәтижелер береді (300-500 мл).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет