Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Азот қосылыстарының токсикологиясы



бет17/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45
25. Азот қосылыстарының токсикологиясы.
Азот қосылыстары токсикологиясы
Азот – (Nіtrogenіum), N- жер шары атмосферасын құрайтын газ тәрізді заттардың ішінде бірінші орын алатын газ (75.5%). Сондықтан да оның жер
бетіндегі тірі жан үшін маңызы зор.
Азот бос күйінде және қосынды түрінде кездеседі. Қалыпты жағдайда
азот оттегімен қосылмайды, сондықтан да ауада бос күйінде кездеседі. Белгілі бір жағдайларда азот оттегімен әр түрлі қосындылар түзеді. Азот (N) қалыпты жағдайда оттегімен (O2) әрекеттесіп азот тотығын, азот ангидидін түзеді. N2O азот қышқылынан бастап, N2O5 азот ангидридіне дейін өзгереді, ал бұл екі аралықта оның 3 тотығы пайда болатынын білген жөн(NO. N2O3. NO2).
Азот қышқылы (HNO3) күшті қышқыл. Азот қышқылының тұздары селитра немесе нитраттар емдік шаралар үшін де қолданады. Одан басқа аммиакты, барий, кальций селитралары кездеседі. Қазақстанда азотты тыңайтқыштар Ақтаудағы “Каскор” Акционерлік Қоғамында және Степногорск кен-химия комбинатында (аммиак селитрасы, натрофоска), Тараз минералды тыңайтқыштар зауытында (аммофос) өндіріледі.
Селитралар ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде кеңінен қолданылады, азоттың орнын толтыру үшін, мысалы, егістік дақылдар - қарабидай, бидай, сұлы, арпа, жүгері т.б. азотты қалыпты өсу үшін өте көп мөлшерде қажет етеді, оны жалпы нитраттар дейді.
Елімізде өсірілетін алуан түрлі ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол, тұрақты, әрі сапалы өнім алуда басқа да агротехникалық шаралармен қатар, тыңайтуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы орасан зор. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда ауыл шаруашылық дақылдарының түсімі артады, өнім сапасы жақсарады. Мысалы, азотты тыңайтқыш астық дәніндегі белок мөлшерін арттырады, фосфорлы тыңайтқыш зығыр талшығының сапасын жақсартады, калий тыңайтқышы кант қызылшасы тамырындағы қант, картоптағы крахмал мөлшерін арттырады.
Кейбір азот қосындыларының физикалық-химиялық сипаттамасы.
Бұл бөлімде азоттың бейорганиклық қосындыларынан азот (НNO3) және азотты (НNO2) қышқылдың тұздарын қарастырамыз.
Азот қышқылы (НNO3) күшті қышқылдар қатарына жатады, жанасқан кезде кез-келген тірі торшаны зақымдайды. Бұл жағынан азот қышқылы күкірт және басқа да күйдіргіш қышқылдармен пара-пар.
Азот қосындыларының ішіндегі ауылшаруашылығында тыңайтқыш ретінде пайдаланылатын қосындылардың маңызы зор. Олар мәдени өсімдіктердің өсуіне қажетті азотты толықтырады. Ал, кейбір жағдайда азот өсімдіктерде жинақталып, шамадан тыс көбейіп, малды уландырады. Азот құрамды тыңайтқыштарды бақылаусыз қолдану топырақта нитарттар деңгейінің шұғыл өсуіне әкеп соқтырады, нәтижесінде, азық-түлік және ауылшаруашылық жем-шөп дақылдары құрамында көбейіп кетеді. Өсімдіктерде зат алмасуын бұзатын кейбір пестицидтер және ауыр металдар нитраттардың өсімдік өнімдерінде жиналуын ондаған есеге күшейтеді. Нитраттардың ең үлкен концентрациясы тағамдық көк өсімдіктерде, көкіністерде, әсіресе олардың жапырақтарында және тамыр жемістерінде, бақша дақылдарында байқалады. Нитраттар ағзаға еттен жасалған тағамдармен түседі, (шұжықтар, ысталған ет өнімдердері, сырлар т.б) бұл тағамдарға оларды консерванттар немесе түс (рең) беретін зат ретінде қосады. Нитраттар көп жағдайларда ағзаға өсімдік текті тағамдар арқылы, ал нитриттер негізінен (60% дейін) ет тағамдарымен бірге түседі.
Азот қышқылы (НNO2) таза күйінде табиғатта кездеспейді, байланысы берік емес. Тек әлсіз сулы ерітінді түрінде алынуы мүмкін. Практикада жалпы нитриттер деп аталатын амилнитрит және натрий нитритінің маңызы зор. Азотты тыңайтқыштар азықтық өсімдіктердің өсуін тездетеді. Өсімдіктерде азоттың өте көп жинақталуы малға уытты әсер етеді.
Патогенезі. Нитраттардың негізінен уытты әсері жоқ. Олар басқа тұздар сияқты бейтарапты, организмнен бүйректер арқылы бөлініп диуретикалық әсер етеді. Құрғашылық кезінде өсімдіктердің бойына 20% нитрат жинақталады, жем-шөп құрамындағы нитраттар малдың асқорыту ағзаларында аса улы зат – нитрит түзеді. Ылғалдылық әсерінен нитрат өз бойындағы оттегінің бір атомын жоғалтып, нитриттерге айналып, организм үшін өте уытты әсер етеді. Сонымен қатар, нитраттың сыртқы ортаның өзінде де нитритке айналуы мүмкін. Мысалы, қайнатылған қант
қызылшасының ұзақ уақыт салқындатылуы немесе тоңазытылуы, содан соң жібітілуі де нитриттің пайда болуына жол ашады.
Жануарлардың нитрат пен нитритке сезімталдығы ұзақ уақыт ашыққанда, ұзақ уақыт су ішпесе, колибактериозбен немесе сальмонеллезбен ауырғанда арта түседі.
Нитриттердің уыттылығы сол, олар НВ оттегіні тасымалдау қызметін жояды. Ұлпалық аспексия пайда болады. Пайда болған нитриттер асқазан- ішек жолдарынан жеңіл сіңеді, қанға өтіп гемоглобинмен әсерлеседі де метгемоглобин түзеді, осыған байланысты ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуі бұзылады да айқын білінетін гипоксия пайда болады. Нитриттер мен нитраттардың әсеріне жас төлдердің сезімталдығы жоғары, себебі олардың асқазан-ішек жолдарындағы микрофлорасы нитраттарды нитриттерге белсенді айналдыратын қабілеттілігімен ерекшеленеді, ал метгемоглобинді бұрынғы қалпына қайта келтіретін метгемоглобинредуктаза ферментінің белсенділігі төлдерде әлсіз болады.
Ылғал мен ауаның әсерінен арпа немесе сұлы сабанында нитраттар нитриттерге айналады, ал осы фактор он күннен артық әсер етсе нитриттер ыдырап аммиак бөлінеді. Тура тосындай процесс күйіс қайыратын малдардың ас қорыту жолында болады. Нитриттер қан тамырлары және қан үшін өте уытты. Олар қан тамырлары орталығына әсер етіп қан тамырларын кеңейтсе, екінші жағынан НІ мен байланысы мен НВ айналып газ алмасу бұзылады және ткань атаксияға ұшырайды.
Жануардың асқорыту жолында олар денитрификациялық (азотты әдепкі қалпына келтіру) бактериялардың көмегімен аммиакқа дейін өзгереді: нитрат – нитрит - гибонитрит – гидроксиламин – аммиак. Күйістілерде бұл процес мес қарында, ал басқа малдарда тоқ ішекте өтеді. Ағзаға азоттың көп мөлшерде түсуі, оның аралық өнімдерінің (нитрит және гидроксиламин) жинақталуына әсерін тигізеді. Кейін олар қанға сіңіп әр түрлі деңгейде патологиялық процестер туғызады. Қанға сіңген нитриттер гемоглобинмен әсерлесіп, оны метгемоглобинге айналдырады, нәтижесінде тотығу – тотықсыздану процесі бұзылады.
Токсикологиясы. Құрамында нитрат және нитриттер бар жем-шөптің немес судың уыттылығы көптеген факторларға байланысты болады. Олар: ағзаға түсетін нитрат пен нитриттің мөлшері, рацион құрамында газ түзуші азықтардың көп болуы, малдың физиологиялық күйі. Күйістілер нитритке қарағанда нитраттарға сезімтал келеді, ол күйістілердің ас қорыту ерекшеліктеріне байланысты. Шошқа, қоян және құстар нитраттардың жоғарғы мөлшерін қабылдай алады, себебі нитраттар қарыннан қанға өтіп, еш өзгеріссіз ағзадан шығарылады.
Нитриттер қан уы болып табылады, себебі олар қан тамырларын кеңейтіп қан қысымын төмендетеді, жүрек жұмысын әлсіретеді. Ал, қандағы гемоглобинмен қосылып, метгемоглобин түзеді. Соның салдарынан ағзада газалмасу бұзылып, ұлпаларда атоксия құбылысы байқалады.

Клиникалық белгілері. Көбіне жіті түрде өтеді. Ал созылмалы түрі сирек кездеседі. Ірі қара малының тәбеті нашарлайды, жалпы әлсірейді, қозғалыс координациясы бұзылады, құрсақ қуысының маңын басқанда ауырсынады, бұлшық еттер дірілдейді, тыныс алу жиілейді, кілегейлі қабықтары көгереді, іші өтеді. Аз уақыт мал кома жағдайында болып, ақырында өледі. Буаз малдар іш тастайды. Ұсақ малдарда нитраттармен улану сирек кездеседі, клиникалық белгілері ірі қара малға ұқсас.


Шошқа - өте жиі уланады, себебі оларды азықтандыруда асханалық және қант қызылшасы жиі қолданылады. Әсіресе, азотқа бай топырақта өсірілген асханалық қызылша өте қауіпті. Құрамында нитраты бар азықты беру шошқалар үшін қауіпті емес. Ірі қара малдарындағыдай шошқа қарнында нитраттар нитриттерге айналмайды. Ал егер нитратқа бай азықтарды дайындау барысында нитраттар нитриттерге айналса, онда ол шошқалар үшін өте уытты болып табылады. Мысалы, пісірілген қызылшаны жылы жерде 12 сағат бойы салқындатқанда нитриттер көптеп жинақталады. Мұндай қызылшамен азықтандырылғаннан кейін алғашқы екі сағат ішінде – ақ шошқада уланудың клиникалық белгілері көріне бастайды. Олар әлсіреп жатып қалады. Орнынан тұрып, қайтадан құлайды, сілекей көп бөлінеді, тыныс алуы қиындайды, кейде құсады. Көз және ауыз қуысы, кілегейлі қабықтары анемия жағдайында болады. Дене қызуы қалыпты, ал өлер алдында төмендеп кетеді (37-37,5), бұлшық еттері тырысып салдану нәтижесінде мал өледі. Созылмалы улану кезінде шошқа іш тастайды, торайлар өлі немесе өте әлсіз туылады.
Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып, қарағанда қанның түсі қызғылт - қоңыр, нашар ұйиды. Ас қорыту ағзаларында әртүрлі қанталаулар, паренхиматозды ағзалар қанға толған, қуықтың көлемі ұлғайған, іші зәрге толы, қарыннан күйген мүйіздің иісіндей болып азот тотығының иісі шығады.
Балау. Улануды анықтау кешенді түрде жүргізілуі керек. Клиникалық белгілерінде, патанатомиялық өзгерістерінде, химиялық - токсикологиялық талдау нәтижесімен балау қойылады. Мал тірі кезінде қаннан, танау
сұйықтығынан нитрат пен нитриттерді анықтау керек. Күре тамырдан қан алып, ондағы метгемоглобиндерді анықтайды.
Болжау. Алғашқы белгілері көрінгеннен кейін-ақ болжау қолайсыз деп табылады. Шошқа бірден өліп кетеді, ал егер жалпы жағдай жақсарғандай болса, 1-2 күннен кейін өледі.
Емі. Ірі қара мал мен қойларға 1кг салмаққа 10мг мөлшеріндегі метилен көгі емдік әсер етеді. Оны 1% сулы ерітінді түрінде венаға егеді. Ал шошқаларға 1кг салмаққа 0,01-0,02г метилен көгін 2% ерітінді түріндеқолданады.
Алдын-алу шаралары. Мал азығы мен суға азот тыңайтқышының түспеуін қадағалау керек. Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдарға малды жауын жауған соң ғана жаю керек. Құрамында 5%-ды нитраты бар пішенмен малды азықтандыруға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет