Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер



бет10/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Патолологиялық - анатомиялық өзгерістер. Өлексені сойып, қарағанда қанның түсі қызғылт - қоңыр, нашар ұйиды. Ас қорыту ағзаларында әртүрлі қанталаулар, паренхиматозды ағзалар қанға толған, қуықтың көлемі ұлғайған, іші зәрге толы, қарыннан күйген мүйіздің иісіндей болып азот тотығының иісі шығады.
Балау. Улануды анықтау кешенді түрде жүргізілуі керек
. Клиникалық белгілерінде, патанатомиялық өзгерістерінде, химиялық - токсикологиялық талдау нәтижесімен балау қойылады. Мал тірі кезінде қаннан, танау 65 сұйықтығынан нитрат пен нитриттерді анықтау керек. Күре тамырдан қан алып, ондағы метгемоглобиндерді анықтайды. Болжау. Алғашқы белгілері көрінгеннен кейін-ақ болжау қолайсыз деп табылады. Шошқа бірден өліп кетеді, ал егер жалпы жағдай жақсарғандай болса, 1-2 күннен кейін өледі.
Емі. Ірі қара мал мен қойларға 1кг салмаққа 10мг мөлшеріндегі метилен көгі емдік әсер етеді. Оны 1% сулы ерітінді түрінде венаға егеді. Ал шошқаларға 1кг салмаққа 0,01-0,02г метилен көгін 2% ерітінді түріндеқолданады.
Алдын-алу шаралары. Мал азығы мен суға азот тыңайтқышының түспеуін қадағалау керек. Осы тыңайтқыштар шашылған шабындықтар мен жайылымдарға малды жауын жауған соң ғана жаю керек. Құрамында 5%-ды нитраты бар пішенмен малды азықтандыруға болмайды
16.Құрамында алколоидтар бар өсімдіктерден улану
Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер Алкалоидтар. Өсімдікте кездесетін, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. “Алкалоид” - сілті тәрізді заттар деген мағына. Өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі. Алкалоидтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді және ас қорыту жүйесінде жақсы сіңеді. Қазір 1000-ға тарта алкалоидтар бедгілі. Олардың 200-ге жуығы жақсы зерттелген. Алкалоидтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде де кездеседі, бірақ барлық бөліктерінде бірдей емес. Көптеген өсімдіктердің тек белгілі бір бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы: (мактың) көкнәрдің алкалоиды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутотоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас алкалоидтардың болуы жиі кездеседі. Көптеген алкалоидтардың құрамында оттегі болады. Ондай алкалоидтар қатты түрінде болады. Алкалоид туралы ғылыми деректерді негіздеуде акад. А.П.Орехов және оның шәкірттерінің еңбектері өте зор. Шығыс меңдуанасы ( Белладонна, Atropa belladonna) - қара алқа тұқымдасына жататын, биіктігі 2 метрге жететін, көп жылдық щөптесін өсімдік. Діңінің жоғарғы жағы тармақталып келеді. Жапырақтары жұмыртқа пішінді, ұштары сүйірленіп келген, гүлдері қоңырау тәрізді, сұрғылт-кұлгін түсті. Жемісі жылтыраған қара тұсті, жағымсыз иісі бар. Орманды-далалы жерлерде, қоқыс аймақтарында өсетін жабайы арам шөп. Уытты бастамасы: алколойдтар – атропин, гиосциамин, скополамин, дюбойзин. Шығыс меңдуанасын итжидек деп те атайды. Патогенезі. Атропин және гиосциамин орталық жүйке жүйесін қоздырып әсер етеді. Сонымен қатар, сілекей, қарын, ішек бездерінің секрециясын баяулатады. Парасимпатикалық жүйке жүйесіне холинолитикалық әсер етіп, ас қорыту, жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін күрт төмендетеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесіне холинолитикалық әсер етіп, ас қорыту жүрек-қан тамыр жүйесінің қызметін күрт төмендетеді. Емі. Алдымен уланған малға танин және құрамында танин бар дәрілік немесе өсімдік тектес (грек жаңғағы тұнбасын) беруге болады. Жылқының асқазанын 1- ды танин ерітіндісімен тазартады. Шошқаларға құстырғыш зат ретінде апоморфинді тері астына егеді. Сасық меңдуана ( Дурман, Datura stramonium) - қара алқа тұқымдастарына жатады. Биіктігі 60 см-ден 1 метрге дейін жетеді. Сабақтары тармақталған, гұлдері үлкен ақшыл түсті, Жағымсыз иісі бар. Жемісі төрт ұялы, іші ұрыққа толы қобдиша. Дәндері бүйрек секілді. Уытты бастамасы құрамындағы алколойдтар – аиропин, сеополамин, гиосциамин, гисцин (0,7% - ға дейін). Әсіресе дәнінде көп мөлшерде болады. 100 грамм шөпті жесе мал уланады. 1 кг шөп жеген шошқа, торайлар және бұзаулар уланып, соңы өліммен аяқталады. Клиникалық белгілері. Сасық меңдуананы жегеннен кейін бірден байқалады. Аз мөлшерде қарынға түскен шөп немесе дәндердің әсерінен көз қарашығы кеңейеді. Егер сасық меңдуананы көп мөлшерде жеген болса, 4-6 сағаттан кейін төмендегідей белгілер байқалады: қатты қозу, ауыз қуысының кілегей қабығының құрғауы, көрудің нашарлауы, аритмия, тамыр соғуының жиілеуі (минутына 100-120 жылқыда). Ал ірі қара малда тимпания пайда болады, бұлшық ет дірілі, тырысып-бүрісу және салдану белгілері байқалады. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Уланған мал жіті түрде уланып, тез арада өлген жағдайда патологиялық-анатомиялық белгілер 134 байқалмайды. Малдың улануы ұзаққа созылса, қарын мен ішек кілегей қабығы қабынады. Емі. Зонд арқылы 2-3 литр 0,2%-ды танин ерітіндісін, 5% - ды емен қабығы қайнатпасын ішке береді. Жүрек жұмысын жақсарту үшін кофеин және камфора тері астына егіледі. Балау. Клиникалық белгілері, анамнездік деректерге және ботаникалық талдау мәліметтеріне сүйене отырып баланады. Меңдуана (Белена, Hyoscuamus) - қара алқа тұқымдасына жатады. Биіктігі 30-150 см сабақтары тік, әрі тарамдалып келген, 2 жылдық шөптесін өсімдік. Жапырақтары үлкен , кезектесіп орналасқан, тісті, жұмыртқа тәрізді, гүлдері үлкен, орамдалған, көгілдір түсті, жемісі екі ұялы, көп тұқымды, қақпағы ашылатын қобдишаға орналасқан. Пішіні көкнәр тұқымына ұқсас. Меңдуананың 1-2 жылдық түрлері бар. Олар жағымсыз иісті, ащы дәмі бар, гүлдейтін мерзімі мамыр айынан күзге дейін. Тұқымдары арқылы көбейіп, таралады. Өсу аясы кең, көп тараған, жол жағалауларында, баубақшаларда, жайылымдарда көптеп кездеседі. Медицинада дәрілік зат алу үшін де өсіріледі. Уытты бастамасы: өсімдік құрамындағы алколойдтар – атропин, гиосциамин, гиосцин. Өсімдіктің барлық бөлігі улы әсер етеді.
17.Жануарлардың ас тұзынан улану
Хлорлы натрий (NaCl) - жануарлар мен құстардың рационындағы арнайы және қажетті азықтық қоспа болып саналады. Ол ақ түсті кристаллды ұнтақ, суда жақсы ериді. Азықтық мақсатта ірі кесек, ірі ұнтақ немесе брикет күйінде пайдаланылады. Қазіргі кезде оны азыққа қосумен қатар, жеке кесек күйінде ірі қара малға, оның өнімділігін арттыру және жаңа туылған төлдердің өсіп-өнуін жоғарылату мақсатымен береді.Жануарлардың ас тұзымен улануы, әсіресе, құстардың улануы, құрама жем мен құрғақ сүт алмастырғышта тұз концентрациясының көбейіп кетуінен, ірі қара малына арналған құрама жемді шошқа мен құстарға байқамай беріп қойғаннан ас тұзымен ұзақ уақыт ашыққаннан соң ағзаға көп мөлшерде ас тұзы түсуінен, тұздалған балық пен әртүрлі тұздықтарды бергеннен болады. Кейбір кездері, құрама жемді алыс қашықтықта темір жол вагондарымен және автотранспортпен тасымалдағанда тұздың сеперациясы, яғни, натрий хлоридінің ауыр кристалдары құрама жемнің төменгі қабаттарына шөгіп, нәтижесінде құрама жемнің төменгі қабаттарынан азықтандырылған мал улануы мүмкін. Ас тұзының уытты және өлтіре әсер ететін мөлшері әртүрлі. Бұл токсикалық әсерге әртүрлі факторлардың әсер етуіне байланысты болуы мүмкін. Жас төлдер натрий хлоридіне анағұрлым сезімтал, арық немесе күтіп-бапталуы нашар мал аз мөлшерінде де уланып қалуы мүмкін. Сумен ашығу уытты әсерді күшейтеді, кристалдармен тұзбен азықтандырғаннан гөрі ас тұзы ерітінділерімен суару әлдеқайда қауіпті. Ас тұзының өлтіріп әсер ететін мөлшері- ірі қараға-5-6г/кг, қойға 3-4г/кг, жылқыға- 2-3г/кг, шошқаға1,5-2,5г/кг, құсқа 3-4г/кг, су тышқанға 2г/кг. Үлкен мөлшерде көп уақыт ас тұзын берсе, созылмалы улану туындайды. Патогенез. Ол суда жақсы еріп, қанға жылдам сіңеді де, изононияның бұзылуына әкеліп соғады да, орталық және шеткі жүйке жүйесінің, жүйке мен синапстарда импульстардың өтуіне зор ықпал жасайтын, бір және екі валентті катиондардың қызметін бұзады. Қан мен ұлпааралық сұйықтағы осмостық қысымның бірден жоғарылауынан эритроциттер бүрісіп, тіршілікке маңызы зор мүшелер торшаларында сусыздану пайда болады. Нәтижесінде зат алмасу құбылысы алдымен үдеп, кейіннен тежеледі. Ас тұзы сонымен қатар,асқазан мен аш ішектің кілегейлі қабықтарын тітіркендіріп, геморрагиялық гастроэнтеритке әкеп соқтырады. Мөлшерден жоғары қолданған кезде қанның иондық құрамы бұзылады. Қан құрамындағы натрий 1,5 -2,0 есеге жоғарылап кетеді. Ағзада натрийдің көбеюі барысында калий 86 мөлшері төмендеп, гемоглобин түзілу құбылысы бұзылады. Нәтижесінде ұлпалардың оттегінің жетіспеушілігі қалыптасып, асфексия салдарынан мал өлімге ұшырайды. Клиникалық белгілері. Ірі қарада ас тұзын қабылдағаннан кейін улану белгілері 30-120 минуттан кейін біліне бастайды. Тынышсыздану, жиі күйіс қайыру, тісін қышырлату, жиі және көп зәр бөлу, іш өту, шөлдеу, әлсіздік, теңселіп жүру, атаксия болады. Жануарлар ұзақ жатып алады, бұзауларда опистонус болады, рефлекстер күшейеді. Бұл белгілер дірілге ұласып, паралич қалыптасуы мүмкін. Уақытында емдемеу астроэнтеритке, қарын жарасна ұласады. Буаз мал іш тастайды. Жатыр сыртқа шығып кетеді. Тыныс алу мен жүрек қызметі нашарлайды. Мал қалтырап, дірілдеп, аз уақыттан соң өледі. Емдеу. Су ішкізу арқылы жүйкені, жүрек жұмысы мен тыныс алуды қайта қалыпына келтіру керек. Суды мал ішпей қойса, клизма, зонд арқылы су жіберу керек. Бұлсыз, басқа әдістердің әсері- шамалы. Арнайы антидот ретінде кальций хлоридінің, 10%-ды ерітіндісін ірі қараға күре тамырға жібереді, ал 5%-ды ерітіндінін 1%-ды желатин ерітіндісімен араластырып, ұсақ малдарға бұлшық етке және тері астына 1-2 мл/кг мөлшерде егеді. Жүрек әлсіздігі мен тыныс алу тарылғанда кофеин натрий-бензоотын, кордиамин және басқа да қуаттандыратын заттар береді. Ас қорыту жолы жұмысын жақсарту үшін ішке өсімдік майларын және нәр бергіш шырышты заттар береді.
18.Жануарлардың фосфорорганикалық қосылыстардан улануы
Фосфорорганикалық қосылыстар (ФОҚ) - фосфор қышқылының күкірттік немесе азоттық туындылары. Олар инсектицидті, акарицидті және фумигантты әсер етеді.
Мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығында ФОҚ-дың жанаса
және жүйелі түрде әсер ететін 25-тен аса түрлері бар. ФОҚ-дың жанаса әсер ететін препараттары: хлорофос, ДДВФ, метафос,дифос, этафос, циодрин, карбофос, диазинон, дурсбан, үшхлорлыметафос.
Жүйелі түрде әсер ететін препараттары: гардона, силикрон, токутион,
фозалон, бутифос, неоцидол, золон және жанаса-жүйелі әер ететіндер: антио,
фосфамид, фталофос, гетерофос.
Көптеген фосфоорганикалық пестицидтер ағзаға терілік – резорбтивті
(қанға сіңу) әсер етеді. Мұндай препараттар: метилмеркаптофос, бутифос,
циодрин, тиодан.
ФОҚ-тар көбінесе мида, жұлында, өкпеде, жүректе, бауырда, бүйректе,
бұлшық еттерде жинақталады. Тотығу процестерінің әсерінен тиофос
фосфаколға, карбофос имидоксонға, диазинон диазоконға, антио
фосфомидке, метилнитрофос каранитрокрезолға айналып, өздерінен де аса
уытты қосылыстар (метаболлиттер) түзеді.
Фосфоорганикалық қосылыстар өндірісте сұйық (органикалық
ерітінділердегі және судағы ерітінділері) және ұнтақ (дуст) түрінде
шығарылып, қолданылады.
Жануарлар ФОҚ-дан ас қорыту және тыныс алу жолдары, тері арқылы
уланады. Сонымен қатар, уытты заттармен ластанған азықтарды, мал
өнімдерін қолдану, уланудың негізгі көзі.
Жүйке жүйесіне әсер ету ерекшеліктеріне, клиникалық белгілеріне
қарай фосфорорганикалық қосылыстарды үш топқа бөледі:
1. Мускарин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда көрінетін клиникалық белгілер -
миоз (көз қарашығының тарылуы), бронхоспазма, сілекей ағу, шектен тыс
терлеу, ішектің жиырылуының күшеюі және іш өту секілді белгілерімен
сипатталынады.
2. Никотин тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - уланғанда қаңқа бұлшық етінің
треморы, аяқтардың дірілі, қан қысымының жоғарылауы, орталық жүйке
жүйесінің қозуы және салдануы сияқты белгілер көрсететіндер.
3. Кураре тәрізді ФОҚ-тармен уланғанда - қаңқа бұлшық еттерінің, соның
ішінде мойын, кеуде бұлшық еттері тонусының әлсіреуі сияқты белгілерімен
ерекшелінеді.
Көптеген фосфоорганикалық қосылыстардың өткір, жағымсыз иісі
болады. Олар суда нашар, органикалық ерітінділерде (бензол, спирт, эфир
т.б.) жақы ериді. Судағы ерітінділерін сулы эмульсия түрінде, белсенді
жуғыш заттар ретінде қолданылады
Фосфорорганикалық қосылыстардан улануды балау - жүйке жүйесінің салдануының клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық сою нәтижесіне, ішек-қарындағы азық қалдықтарынан, май ұлпаларынан, мидан, бауыр және бүйректен, сонымен қатар, азық құрамынан химиялықтоксикологиялық зерттеу барысында ФОҚ-ды табу арқылы баланады. Зертханалық жағдайда тірі және өлген малдардың қан мен ұлпалардағы холинэстераза ферментінің белсенділігін анықтау,салыстыру арқылы да фосфорорганикалық қосылыстарды балауға болады. ФОҚ-мен улануды сіреспе, құтырық, Ауески ауруы, энцефалит секілді аурулардың клиникалық белгілерінен айыруда жұқа қабатты және газды хромотография әдістерінің маңызы зор.
19.Цианидтердің токсикологиясы
Цианид қосындыларынан улану
Цианид қосындылары адамға да, малға да күшті және қауыпты у болып
саналады. Бұл топтың улы негізгі құрамындағы цианидті сүтегі (көгертетін
қышқыл). Ауыл шаруашылығында бұл қосындылардан натрий цианидін,
цианиплавты (қара цианид) және қальций цианидін қолданады. Көгертетін
қышқылдың малды өлтіретін мөлшері - 1 мг массаның әрбір килограмына.
Әсер ету жолдары. Тері мен кілегейлі қабық арқылы цианидтер организмге
тез сіңеді. Бұл заттар мал денесіндегі цитохромоксидаза ферментінің
жұмысын бұзады, осыған байланысты мал тұншығады, сонымен бірге
мидың, сопақ мидың қызметі бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет