Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Зооциттер және гербицидтер токсикологиясы



бет16/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45
24. Зооциттер және гербицидтер токсикологиясы.
Зооцидтер
Дератизациялау кеміргіштерді жою және кеміргіштер қоныстанған объектілерді олардан тазарту мақсатында немесе инфекциялық аурулардың кеңінен таралуын және экономикалық жағынан шығынды болдырмауды қамтамасыз ететін кеміргіштердің санын ең төменгі деңгейде тұрақты ұстап тұру үшін жүзеге асырылады.
Дератизациялау мынадай типтерге бөлінеді:
1) жаппай дератизациялау – елді мекеннің шегінде ашық тіршілік ету орындарын қоса алғанда, барлық елді мекеннің аумағында жылына 2 реттен сиретпей жүргізіледі;
2) ошақтық дератизациялау – инфекциялық аурулардың ошағындағы және оған іргелес аумақтағы дератизациялау. Таралуына кеміргіштер қатысуы мүмкін инфекциялық аурулар тіркелген кезде жүргізіледі;
3) іріктеп дератизациялау – жекелеген учаскелерде немесе құрылыстарда, негізінен эпидемиялық маңызы бар объектілерде: ет- және
балық комбинаттарында, тоңазытқыштарда, элеваторларда, азық-түлік қоймаларында, емдеу және балалар мекемелерінде, мал шаруашылығы фермаларында кеміргіштерді жою қажет болған жағдайда жүргізіледі.
Дератизациялау улы қармақжемдерді қою, тозаңдату, газдау әдістерімен қатар физикалық, механикалық, химиялық әдістермен жүргізіледі. Дератизациялау тәсілі мен әдісін таңдау өңделетін объектінің ерекшеліктерімен, нысаналы кеміргіштердің экологиясымен және дератизациялау құралдарының қасиеттерімен айқындалады.
Денсаулық сақтау ұйымдарының, балалар ұйымдарының, қоғамдық тамақтану, азық-түлік саудасы объектілерінің құрылыстары мен аумақтарының барлық ауданы тоқсанына бір рет кеміргіштердің болуына тексеруге жатады.
Профилактикалық дератизациялау жұмыстарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін өңдеулердің белгілі бір жиілігін сақтау көзделеді. Егер пайдалынатын препаратты қолдану жөніндегі нұсқаулықта өзгесі ұсынылмаса, онда үй-жайларды дератизациялау 2-3 айда 1 рет, аумақты дератизациялау жылына 4-6 рет жүргізіледі. Үй-жайларда кеміргіштер ұзақ уақыт болмаған кезде өңдеу жүргізілмейді, ал аумақты өңдеу саны екі есе қысқартылады.
Азық-түлік саудасы, қоғамдық тамақтану объектілерінде, көкөніс сақтау қоймаларында, қоймаларда, тұрғын үй-жайларда және аула ішіндегі құрылыстарда уланған қармақжем дератизациялау құралдарын қолдану жөніндегі нұсқаулықта көзделген қолдану режиміне сәйкес қойылады. Балалар ұйымдарының үй-жайларында балаларға қолжетімді улы қармақжемді қоюға жол берілмейді, ал кеміргіштерді жою тек механикалық әдістермен жүргізіледі.
Дератизациялау құралдарының сыртқы пішінінің тамақ өнімдерінен, мал жемінен, үй заттарынан, дәрілік препараттардан айрықша айырмашылығы болуы тиіс. Қармақжемдердің тағамдық негізі ретінде адамдар қызығатындай ұнтақталмаған күнбағыс дәні және өзге де өнімдер пайдаланбайды. Қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін кеміргіштерге арналған родентицидті қармақжемді ашық түске бояу қажет.
Зиянды омыртқалы жануарларды жоюға арналған заттарды зооцидтер дейді. Зооцидтер өз алдына родентицидтер - атжалман, көртышқан, саршұнақ секілді өндірістік және далалық кеміргіштерге; авицидтер – зиянды құстарға; ихтиоцидтер – зиянды балықтарға арналған зооцидтер болып бөлінеді. Қазіргі уақытта авицидттер және ихтиоцидтер көп қолданылмайтын болғандықтан, роденцидтерді көбінесе зооцидтер деп атайды. Бұл заттар көбінесе еліктіргіш тұзақтар (қармақжем) түрінде қолданылады. Жануарлардың және ит-мысықтардың зооцидтерден, яғни, роденцидтерден улануы жиі кездеседі.
Зооцидтер химиялық құрамына байланысты органикалық және бейорганикалық болып бөлінеді.
1. Органикалық зооцидтерге – зоокумарин, ратиндан, бактокумарин, дикумарин, глифтор және тағы басқалар жатады.
2. Бейорганикалық зооцидтерге – Барий карбонаты, мырыш фосфиді және тағы басқалар жатады.
Олардың ішінде көмірқышқылды барий, зоокумарин, бактокумарин, ратиндан, мырыш фосфиді кеңінен тараған. Олардан улану көбінесе шошқалар мен құстарда жиі кездеседі,, сонымен қатар, ит-мысықтар кеміргіштермен уланған өлекселерді жегенде кездеседі.
Көмірқышқылды барий, барий карбонаты, ВаСО- сумен спиртте нашар еритін, дәмі жоқ және иіссіз ақ түсті ұнтақ. Көмірқышқылды барийдің зооцид ретінде уыттылығы жоғары емес дегенімен, көмірқышқылды барий кей кездерде малдарда улану туғызуы мүмкін.
Оның құстар үшін уытты мөлшері 0,4-0,7 г, ал тышқандар үшін 0,12-0,2г. Көмірқышқылды барийдің тұз қышқылымен әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді өте уытты. Ірі қара мал үшін өте уытты мөлшері 15-30г болса, ал қой мен шошқалар үшін 5-15 г.
Зоокумарин (варфарин)- сұр түсті, иіссіз, дәмсіз, суда нашар, спиртте, ацетонда жақсы еритін, ұзақ сақталынатын ұнтақ. Кемірушілермен күресу үшін қолданылатын өте улы еліктіргіш зат. Сырқы орта әсеріне өте төзімді. Құрғақ күйінде уыттылығы 6 айға дейін сақталады. Кумулятивті әсері бар.
Зоокумаринның кумулятивті антикоагулянтты әсері, әсіресе өсімдіктерге ұқсас, қанның ұюын төмендетеді. Патогенезі, клиникалық белгілері патологиялық-анатомиялық өзгерістері, емі түйежонышқамен уланғанға ұқсас.
Шошқа комплекстерінде кеміргіштерді жою үшін зоокумарин араластырылып улы жем шашылады. (Кумарин қышқылының құрғақ тотығы.) Оның 4-8мг/кг мөлшері егеуқұйрықты өлтіре алады. Бұл улы дәрмек үй жануарларына да қауіпті. Мысалы: оның 1-2 мг/кг мөлшері шошқаны, 6 мг/кг – итті, 60 мг/кг – мысықты, 500 мг/кг – тауықты қырып табтайды. Әсері бірнеше жыл, ал еліктіргіш жемде 6 ай бойы сақталады.
Бактокумарин - құрамында зоокумариінің натрилі тұзы және сүзек ауруының бактериалды культураларымен өңделген дәндерден тұратын кешенді препарат, зооцид ретінде жиі қолданылады, ауыл шаруашылық малдары үшін қауіптілігі онша емес.
Қанның ұюын нашарлататын препараттар қатарына ақ түсті, иіссіз, кристалды түйіршікті ұнтақ ратинданды да, дифиназинді де жатқызуға болады. Олар 0,5% немесе 0,18%-ды ұнтақ түрінде шығарылады. Өте уытты әсер етеді. Тышқандар үшін ЛД-63,4 мг/кг. Күшті әсер ететін кумулятивті зооцид. Әсер етуі мен емі зоокумаринге ұқсас.
Патогенезі. Қарында барий карбонаты мен тұз қышқылының әрекеттесуінен пайда болған барий хлориді кілегейлі қабық арқылы қанға тез сіңеді.
Барий иондары ішкі мүшелердің біріңғай саласы бұлшық еттерінің тонусын жоғарылатып, ал жүрекке оймақ гүл тәрізді әсер етеді. Осыған байланысты жүрек- қан тамыр, ас қорыту жүйесі қызметі бұзылады.
Клиникалық белгілері. Әртүрлі малдарда көп жағдайда бірдей белгілері байқалады. Яғни, үрейлену, сілекей ағу, құрсақ қуыстарында ауырсынулар, жалпы қозу, іш өту, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттердің дірілі, тыныс алудың бұзылуы, талықсулар байқалады. Өте жіті түрінде жүректің салдануынан аяқ асты өлім тууы мүмкін, ал құстарда уланулардың ешқандай белгілері байқалмайды, өлімге ұшырау аз кездеседі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістері. Негізінен ішектің, қуықтың және жүректің систола кезінде жиырылуымен сипатталады. Кілегейлі қабықта нүктелі қанталаулар кездеседі. Сонымен қатар, өте созылмалы түрінде ішкі мүшелердің дистрофиялық өзгерулерін байқауға болады.
Балау - қиын. Шешуші мәліметті химиялық - аналитикалық тексеруден кейін алуға болады.
Емі. Антидот ретінде қолданылатын натрий немесе магний сульфатының 1 %-ды ертіндісімен қарынды тазалап алып, артынан көп мөлшерде сумен араластырып ішке береді. Соңынан ішке мүмкіндігінше 5-10%-ды натрий сульфаты ертіндісін ішкізіледі. Улануды жылдам емдеу мақсатында кілегейлі заттар мен сүт берген жөн.

Гербицидтер


Гербицидтердің химиялық құрамы және негізгі қасиеттері.
Гебицидтер арам шөптерді жою үшін қолданылатын жеке дара улы химикаттар тобына жатады. Барлық гербицидтер селективті, яғни таңдаулы әсер ететін және зиянды шөпті өсімдіктердің барлығын жоятын, бірақ дақылдарға зиянды әсері жоқ препараттарға жатады. Сонда да гербицидтер арасында барлық өсімдіктерді жойып жіберетін қосылыстар да кездеседі. Мұндай қосылыстар селективті емес гербицидтерге жатады, қазіргі кезде сирек қолданылады.
Әсер ету механизміне қарай гербицидтер жүйелік және контактлі гербицидтер болып бөлінеді. Ж
үйелік гербицидтер – өсімдіктердің сабақтары
мен жапырақтары арқылы бүкіл өн бойына тарап, өсімдікті уландыратындар - бұл гербицидтер тамыры ұзын және көп жылдық арамшөптерге қарсы қолданылады, ал контактілі әсер ететін гербицидтер– препаратпен жанасу барысында өсімдіктің сабағы мен жапырақтарының зақымдануы болып
табылады.
Химиялық құрамына қарай гербицидтер органикалық және органикалық емес болып бөлінеді. Органикалық гербицидтерге триазин туындылары (атразин, симазин, зинпор, профизин, прометрин), фенол қосылыстары(пентахлорфенол, пентахлорфенолят натрия, нитрофен), карбаматтар (севин, триалан, ялан), ФОҚ, ХОҚ және тағы басқаларды жатқызуға болады. Органикалық емес гербицидтер қатарына көбінесе селективті емес гербицидтер жатады.
Гербицидтер ретінде карбон қышқылы кеңінен қолданылады. Карбон қышқылы туындылары өсімдіктердің өсуін реттейтін, өндірілуі мен қолданылуы жағынан бірінші орындағы белсенді гербицид. Осылармен қатар, 2,4-дихлорфеноксисірке қышқылы (2,4-Д); 2,4-дихлорфеноксипропион қышқылы (2,4-ДП); 2-метил-4-хлорфеноксимайлы қышқылы (2М-4ХМ); 2,4- дихлорфеноксимайлы қышқылы (2,4-ДМ); 2-метил-4-хлорфеноксисірке қышқылы (2М-4Х) туындылары да гербицид ретінде жиі қолданылады.
Гербицидтерден улану себептері:
1.Гербицидтерді сақтау, тасымалдау және қолдану ережелерінің бұзылуы. 2.Гербицидтармен өңлелген өсімдікті межелі уақыты өтпей жатып қолданылу.
3.Гербицидтермен өңделегн жайылымдар мен суаттарды тиімсіз пайдалану.
Қолданылу ерекшеліктері:
1.Гербицидтерді қолданылған кезде таңертенгі немесе кешкі уақыттарда жұмыс істегенде желдің жылдамдығы үш-төрт метр/сек және температура: +20 +22 oC аспауы тиіс.
2.Гербицидтер шаруашылықты арамшөптерден қорғаудың ең тиімді инструменті болып табылады. Шаруашылық танаптарында көбіне кездесетін арамшөптер: аз жылдық дара жарнақты, мысалы, дала шырмауығы

(Convolvolus arvensis L.), жабайы ақсүттіген (Lactuca serriola L.); көп жылдық қос жарнақтылар, жатаған бидайық (Elytrigia repens L.), егістік қалуені (Cirsium arvense L. Scop), кездеседі.


Гербицидтерді дұрыс таңдау үшін арамшөптерді, олардың биологиясын, өсіп даму ерекшеліктерін жақсы білу керек, бiрiншi кезекте олардың тұқым арқылы немесе жерасты вегетативтiк органдары арқылы көбею мүмкiндiктерi ескерiлуі қажет.
3)Үшінші ерекшелігі өз алдына 3 принциптен құралады:
а)Өсiмдiктер тұқым арқылы жаңарып отыратындықтан, арамшөптермен күрестiң бiрiншi принципi - олардың тұқым байлауының алдын алу. Арамшөптер тұқым байламаған жағдайда топырақтағы олардың қоры артпайды.
б) Арамшөптермен күрестiң екiншi принципi олардың тұқымдарының өнуіне жағдай жасап, өңдеу арқылы көгін жою болып табылады. Өндiрiсте бұл принциптi арандату деп атайды. Арандату әдiсiн қолдану арқылы арамшөптердің көгін ең үлкен бөлігін мәдени дақылдарды сепкенге дейiн құртуға болады.
в) Арамшөптердің вегетативтiк органдары арқылы қайта жандануы оларда қоректiк заттардың қоры болған жағдайда ғана мүмкiн болады. Сондықтан олармен күрестiң үшiншi принципi - жер асты органдарын (тамырларын, жер асты сабақтарын) әлсiрету.
Өсімдіктер шаруашылығында соның ішінде, мақта шаруашылығында, гербицидтерден басқа мәдени өсімдіктердің жапырақтарын түсіру үшін химиялық зат - дефолианттар қолданылады. Сонымен қатар, басқа да мақсаттарда қолданылатын препараттар бар, мысалы альгицидтер, олар балық өсіретін тоғандар мен күріш алқаптарындағы балдырларды жою үшін қолданылады. Бірақ бұл препараттардың, біріншіден, жануарлар үшін уыттылығы төмен, екіншіден, уыттылық қасиеттері аз зерттелген.
Өндіріс саласында дәнді дақылдарды (астық тұқымдастар, жүгері жоңышқа және т.б.) өңдеу мақсатында жоғары және орташа дәрежелі
уытты бірнеше гербицид қолданылады. Олардың химиялық құрамы, негізгі қасиеттері 7-ші кестеде көрсетілген. Жалпы (селективті емес) гербицидтер қатарына бейорганикалық туындыларымен қатар (натрий және кальций хлораты, аммоний сульфаты), органикалық туындыларды да жатқызуға болады.
Гербицидтердің құрамында белсенді әсер етуші заттардан басқа, қосымша зат болады. Қолданылатын гербицидтердің көпшілігі өндірісте концентрат түрінде шығарылады, олардан ерітінділер немесе суспензиялар дайындалады.
Гербицидтер қолдану тәсілдеріне байланысты әр түрлі физикалық күйде болады, бұл қолдану барысында еңбек шығынын азайтады.

Селективті (таңдамалы) гербицидтер органикалық туындылардың ароматты және алифатты қатарына жатады. Белгілі мөлшерде бұл гербицидтер карбамин қышқылының препараты ретінде қарастырылады да карбоматтар тобына жатады.


Жылы қанды жануарлар үшін өте уытты гербицидтерге негізі бензолды ядро болатын қосылыстар жатады. Құрамында хлоры және күкірті бар гербицидтерде де хлорорганикалық инсектицидтерге тән қасиеттер байқалады. Құрамында хлор бар гербицидтерге фенооксисірке қышқылының барлық туындылары жатады. Уыттылығы төмен гербицидтердің физикалық- химиялық қасиеттері әртүрлі (симазин, дихлор, альмочевина, темір купоросы, күкірт және оның препараттары т.б.), көптеген гербицидтердің мұндай қасиеттері әрі толық зерттелмеген. Бірақ, бұл қосылыстардың ұзақ уақыт бойы азықпен ағзаға түсуі, оған белгілі бір дәрежеде теріс әсер етуі де мүмкін.
Токсикологиясы. Бензол, фенол және крезол қосылыстарының ағзаға түсіп, оны уландыру процесі жақсы зерттелген. Мысалы, ДНОК-ң екі нитротобы бар екені белгілі. Бұл препараттың мал ағзасына еніп, ұлпалар мен қан сарысуына таралуына жақсы жағдай жасайды. Сонымен қатар, нитроқосылыстардың өкпе, ішек және зақымдалған тері арқылы да сіңірілетіні белгілі. Әсіресе, фенол мен крезол туындыларының майда ерітілген туындылары тез сіңгіш келеді. Нитроқосылыстар канның ақзаттарымен тығыз байланысты, сондықтан өлген малдың қан сарысуынан көп мөлшерде кездестіруге болады. Фенол қатарындағы нитроқосылыстар ағзадан бүйрек арқылы өте жай бөлінеді. Олардың тек аз бөлігі ғана уыттылығы төмен қосылыстарға айналады. Күйісті малдарда бұл заттар мес қарын микрофлорасы әсерінен белгілі бір дәрежеде заласызданады. Олардың жай бөлінуі қосылыстардың ағзада жиналып қалуына жағдай туғызады.
Фенол және крезол туындылары ұлпалардағы фосфорлану құбылысын бұзады. Бұл қосылыстарды тексеру барысында тері астына еккенде иттерді өлтіре әсер ететін уытты мөлшері 1кг салмағына 25мг, препаратты ауыз арқылы жібергенде оның мөлшері екі есе көбейтіледі. Нитроқосылыстардың уыттылығы қоршаған орта температурасына байланысты. Қысқы кезеңге қарағанда бұл заттар жылдың ыстық кезеңдерінде қауіптірек.
Құрамында ДНОК бар (немесе басқа да нитрофенол қосылыстары) азықтармен сауылатын, етке өткізілетін малдарды, сонымен бірге құстарды азықтандыруға жол берілмейді.
Фенооксисірке қышқылы туындыларының уыттылығы зертханалық малдарда жақсы зерттелген. Бұл препараттардың уытты мөлшері ірі малдарға қарағанда зертханалық жануарлар үшін көбірек. Егер тышқан мен егеуқұйрықтар үшін ол 1кг салмаққа 400 мг болса, онда иттерге олардың уыттылығы 4 есе жоғарылайды (1кг салмағына100мг). Мүйізді ірі қараның фенооксисірке қышқылы туындыларының уытты әсеріне төтеп бере алатын 1 реттік мөлшері 1кг салмағына 500-1000 мг, ал олар азық арқылы апта бойы

1кг азықта 100 мг мөлшерде ішке түсіп тұрса, уланудың клиникалық белгілері байқалады. Созылмалы түрде улану олардың белгілі бір уақыт ішінде аз мөлшерде ағзаға түсіп тұруы салдарынан болуы мүмкін. Бос күйіндегі фенооксисірке қышқылының, оның тұздарының және эфирлерінің өзара өзгешеліктері бар. Қышқылдар эфирге қарағанда уытты, ал эфирлер тұздарға қарағанда уытты болады.


Гербицидтердің көпшілігі карбаматтар және мочевина тобына жатады. Бұл препараттардың кейбіреуінің ортадан төмен, көпшілігінің уыттылығы аз болады. Гербицидтердің әсер ету аясы өте кең,бір мезгілде гербицид және фунгицид ретінде әсер ете алады.
ИФК мен хлор ИФК құрылымдарының өзара айрықшылығы бір хлор атомының қосылуында, бірақ осыған байланысты уыттылық 3 есеге жоғарылайды. Бұл жерде мынадай қорытынды жасауға болады, карбамин қышқылы алифатты тізбегіндей, сонымен қатар бензол ядросындағыдай белсенді заттарды тасымалдаушы болып табылады. Карбамат тобындағы гербицидтердің қалдықтары бар азықтарды қолдануда ешқандай шек қойылмайды.
Зертханалық жануарлардың (қоянның) асқазан-ішек жолына (1кг салмағына 2-3г) массивті мөлшерде хлор-ИФК препаратын енгізген кезде қандай оксигемоглобин метгемоглобинге айналып, анемия мен формалы элементтердің дегенерациясы дамиды.
Улану кезіндегі клиникалық белгілері. Үй жануарлары болсын, жабайы жануарлар болсын гербицидтермен уланған кезде білінетін клиникалық белгілері уытты заттардың құрамына, түсу мөлшеріне және басқа да түрлі жағдайларға байланысты болады. Жануарлар уыттылығы жоғарылау фенол мен крезол препараттарымен уланғанда мынадай клиникалық белгілері байқалады/ тәбетінің болмауы, шөлдеу,терең әрі жиі тыныс алу (кейбір малдарда ауыр түрде уланғанда терлеу байқалады), несеп бөлінуінің төмендеуі, жалпы бұлшық еттер әлсіздігі, ентігу. Жіті түрде уланғанда күйісті буаз малдарда іш тастау байқалуы мүмкін. Дене температурасы басында қалыпты болады, өлер алдында көтеріледі. Клиникалық белгілері ағзаға у түскеннен соң немесе бірнеше сағат өткеннен кейін біліне бастайды.
Фенооксисірке қышқылының препараттарымен уланғандағы клиникасы фенол мен крезол препараттарымен уланғандағы белгілерге қарағанда әлсіз білінеді. Бұл кезде жалпы бұлшық ет әлсіздігі, тәбеттің болмауы УҚПЕ-да артқы аяқтарымен қозғалыс байланысының бұзылуы байқалады.
Карбаматтар тобындағы гербицидтермен уланғанда клиникалық белгілер онша білінбейді, олар біраз уақыт өткеннен соң байқалуы мүмкін. Малдың мінез құлқында айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, сонымен қатар ағзаның негізгі жүйелерінің қызметтерінде де зақымданулар болмайды.
Балау және болжам. Гербицидтермен жіті улануда балау оңай. Әдетте анамнез негізінде қарап анықтайды. ауыр дәрежеде уланғанда болжам қолайсыз.
Емі. гербицидтермен уланғанда жүргізілетін ем жоқ. Жүрек қызметін және жалпы тонусын реттейтін дәрілер арқылы симптоматикалық ем жүргізіледі.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Гербицидтермен жіті уланғанда асқазан-ішек жолдарында, бауыр және бүйректе аздаған өзгерістер болады. Фенол- крезолды гербицидтермен созылмалы түрде уланғанда бұл өзгерістер әсіресе бауырда жақсы байқалады.
Алдын – алу шаралары. Жануарлардың, құстардың, балықтардың және пайдалы жәндіктердің улануын болдырмау үшін ауыл шаруашылығында бірқатар игілікті шаралардың жүргізілуі тиіс. Жануарлардың өңделген жерлермен қатынасын болдырмау. Бұл негізінен уыттылығы орташа препараттарға және уыттылығы төмен заттарға байланысты. Еліміздің мақта өсіретін аудандарында гербицидтердің дұрыс қолданылуын бақылау - уланудың алдын-алу барысында ерекше орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет