Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы



бет11/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

Клиникалық өзгерістер. Тұншығу белгілері байқалады: қан күрең
қызыл, ұюы нашар, қан тамыр бойына құйылған. Қарын мен ішектің
кілегейлі қабықтары қызарған, өкпе ісінген, бауыр мен бүйрекке қан толған.
Қарын жынысынан ащы иіс сезіледі. Цианидтердің уы мал ағзасына көп
мөлшерде енгенде мал дем алу орталығының параличінен өліп кетеді.
Цианидтер аз мөлшерде енгенде де малдың улануы жіті түрде өтеді: аузынан
сілекей шұбырады, көзінен жас ағады, үрейленеді, тыныстауы нашарлайды,
жүргенде тәлтіректейді, денесі қалтырайды, әлсірейді, көзін ақ шел басады.
Тамыр соғу аритмиясы байқалады, қан қысымы төмендейді, біртіндеп мал естұсынан айырылады.
Балау. Уланған малдың ауру белгілері еске алынады, малға берілген
жем-шөпті, сойылған малдың қарын жыны лабораторияға тексеруге
жіберіледі.
Емі. Ауыз арқылы 3 пайыздық күкірт қышқылды темір және 5
пайыздық натрий гидрокарбонатының ерітіндісін ірі қараға 250-300 мл
мөлшерінде ішкізеді, қан тамырына натрий тиопсульфатының 10 пайыздық
ерітіндісі (1-2 мл массаның әрбір килограмына), глюкоза ерітіндісінде
дайындалған (массаның әрбір килограмына 0,5 мл) метилен көгінің 1
пайыздық ерітіндісі (25 мл) жіберіледі.
Сақтандыру шаралары. Цианидтер қосындысынан жасалған химиялық
заттарды қоймада сақтау және оларды қолдану ережелерінің қатаң сақталуын
қадағалау керек. Химиялық- токсикологиялық зертханалардағы техникалық
қауіпсіздік ережелерін сақтау.
20.Эрготизм.Аспергиллез және аспергиллетоксикоз
Қастауыштан улану - эрготизм (Спорынья).
Астық тұқымдастардың дәндерінде пайда болатын қастауыш
алколоидтарынан улануды – эрготизм дейді. Жауын-шашын жылдары
мәдени өсімдіктердің, арпа, сұлы дәндерінің, диірмен қалдықтарының
қастауыштан ластануы жиі кездеседі. Малдар үшін қауіптісі
саңырауқұлақтың құрамында болатын уы – склероцин. Уытты бастамасы –
эрготоалколойдтар: эрготоксин, эрготамин, эргозин. Олар бірыңғай салалы
бұлшық еттерге әсер етеді. Қарашықты тарылтады, қантамырларын
тарылтып, ұлпалардың қореектенуін бүлдіреді (цианоз, некроз),
симптоматикалық жүйке жүйесін тежейді. Сезімтал мал: үй жануарлары -
шошқа, ірі қара, құстар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет