Токсикология, оның мазмұны,ролі және маңызы


Жануарлардың хлорорганикалық қосылыстардан улануы



бет19/45
Дата10.11.2022
өлшемі145,6 Kb.
#48928
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45
Байланысты:
токсик (копия)

27. Жануарлардың хлорорганикалық қосылыстардан улануы.
Хлорорганикалық қосылыстардан улану
Ауыл шаруашылығы саласында хлорорганикалық қосылыстардың (ХОҚ) маңызы өте зор. Олардың зиянды жәндіктерге, кенелерге, патогенді саңырауқұлақтарға қарсы пестицидтік әсері кең, уыттылығы жоғары және өте төзімді.
ХОҚ өзінің уыттылық дәрежесіне қарай, өте уытты (хлорлы қоспа, гексахлоран), уытты (дихлорэтан, гексохлорбутадиен, полихлоркамфен, тиодан), орташа уытты (ДДҮ, ДДЕ, полихлорпипен, полихлорбутан) және уыттылығы төмен (эфирсульфонат, тедион, мильбекс, фтолан, дилор) пестицидтер болып бөлінеді. Бұл препараттар ауыл шаруашылығы малдары ағзасына тыныс алу, ас қорыту жолдары және бүлінбеген тері арқылы енеді.
Көптеген хлорорганикалық қосылыстар кристаллды немесе аморфты заттар,суда нашар, майлы ерітінділер мен липидтерде жақсы ериді. Май ұлпаларында, орталық жүйке жүйесінде және т.б. мүшелерде жинақталып ас қорыту жүйесі және бүйрек, сауын малдың сүті арқылы бөлінеді.
Химиялық құрамына байланысты хлорорганикалық қосылыстар-хлор туындыларының алифатты көмірсутектері (гексохлорбутадиен, немагон, дихлорэтан), ациклді көмірсутектері (гексахлоран, линдан), хош иісті көмірсутектері (гексохлорбензол, кельтан, тедион), полихлортерпендер (полихлоркамфен, полихлорпинен), полихлорциклодиендер (гептохлор, дилор, алдрин) секілді қосылыстарға жіктеледі.
Хлорорганикалық қосылыстар өзінің әсер еткен нысандарында (объектілерінде) ұзақ уақыт уытты әсерін сақтайды.
ХОҚ-тардың карбаматтардан немесе ФОҚ-дан айырмашылығы, олар жыныс гормондарына уытты (гонадотоксинді) әсер етеді. Нәтижесінде гормондардың метаболизмі өзгеріп, ұрғашы малдар бедеулікке ұшырайды. Сойылған малдардың тінде, қарастырылып отырған пестицидтер, 6 айға дейін бүйректе, 9 ай өзінің әсерін жоймайды.
Хлорорганикалық қосылыстардың алифатты көмірсулары
Дихлорэтан (этилендихлорид)- суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, қоршаған ортаға тез тарайтын, хлороформның иісіндей иісті, түссіз сұйықтық. Сумен араласқанда гидролизденіп, хлорлы сутек бөледі. Өте уытты. Қолдануға болатын шектеулі мөлшері: суда 2 мг/л, дәнде 7 мг/кг. Қора-жайларды өңдеу үшін 300-450 г/мҢ мөлшерінде қолданылады. Теріні және кілегей қабықтарды қатты тітіркендіреді. Орталық жүйке жүйесіне наркотикалық заттар секілді әсер етеді. Уланған малдың мұрнынан және тік ішегінен қан кетеді, көз алмасында, бауырда қанқұйылулар байқалады, өкпе ісінеді, эритроциттер гемолизденеді.
Немагон (фумазон)- суда нашар, майда және органикалық еріткіштерде жақсы еритін, өткір иісті, сары түсті, ауыр сұйықтық. Жануарлар үшін орташа уытты: балапандар өте сезімтал (ЛМ50-60 мг/кг). Теріні және кілегей қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді.
ХОҚ-дың ациклді көмірсулары
Гексахлоран - суда нашар, майлар мен органикалық еріткіштерде жақсы еритін түссіз, ұшқыр, уытты, майлы сұйықтық . Теріні және кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. 12 %-ды дуст, фосфат ұнындағы 25 %- ды ұнтақ және минералды- майлы эмульсия түрінде шығарылады. Өте кумулятивті. Топырақта 2-3 жыл сақталынады. Өсімдік және мал өнімдерінде жинақталуына байланысты, етке өткізіледі. Сауын малдарды, тауықтарды өңдеуге тиым салынады. Бұл өнімдердегі гексахлоранның шектеулі қалдық мөлшері: азық-түліктерде 1 мг/кг; сүтте, майда, етте және жұмыртқада гексахлоранның қалдығы болмауы керек.
Линдан (мексан) - суда нашар, органикалық қосылыстарда жақсы еритін, өте уытты, ақ түсті крисаллды ұнтақ. 12%-ды дуст, 25%-ды суспензия және 20%-ды эмульсия түрінде шығарылады. Жарыққа, қышқылдарға, тотықтырғыштарға өте төзімді препарат. Осы препаратпен өңделген азықтар мен малдарды азықтандыру нәтижесінде организмге енеді. Инсектоакарацид ретінде жеміс, көкөніс алқаптарын, мәдени өсімдіктерді өңдеу үшін қолданылады (20-110 кг/га). Майлы ерітіндісі өте уытты, ол теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, қан арқылы сорылып, резорбтивті әсер етеді. Бүйрек, ішек және сүт бездері арқылы бөлінеді. Линданмен уланғанда еркек малдың енінің микроқұрылысы өзгеріп, спермотогенез бұзылады, яғни гонадотропты әсер етеді.
Хлорорганикалық қосылыстардың ароматты көмірсутектері
Гексахлорбензол - суда нашар, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, жағымсыз иісті, сұрғылт кристаллды ұнтақ. Уыттылығы төмен болғанымен өте кумулятивті, кілегей қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. Көбінесе дәндерді өңдейді (2-4 кг/т).
Гептахлор - ақ түсті, кристаллды, суда нашар, органикалық еріткіштерді жақсы еритін, сыртқы орта әсеріне төзімді, өте уытты инсектицид. Қояндарға терісі арқылы өлтіре әсер етеді (ЛМ100-500 мг/кг). Гептахлор еркек малдарға қарағанда, ұрғашылардың организмінде 8-есе көп мөлшерде жинақталады. Азық-түлік құрамында бұл препараттың болмағаны дұрыс.
Полихлорпинен (стробон және хлортен) - ашық сары немесе ашық қоңыр түсті, иісі скипидардың иісі секілді, органикалық еріткіштерде жақсы еритін сұйық акароинсектицид. Құрамында 66 %-ға дейін хлор бар, шырын секілді сұйық. Қызылшаның ұзын тұмсықтарына және колорада қоңызына қарсы қолданылады. Орташа уытты, теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, гепатотропты әсер етеді. Сыртқы ортада белсенділігі 2-3 жыл сақталатын төзімді зат. Полихлорпипеннің әсерінен бүйрек үсті безінің милы қабаты зақымданады, әртүрлі торшалар дистрофияланып, ісінулер, қан қоюланулар байқалады, қан құрамындағы холестериннің деңгейі көтеріледі. Сулы эмульсиясы қолданылады.
Полихлоркамфен (токсофен, фенотокс) - суда ерімейтін, ал органикалық еріткіштерде жақсы еритін, құрамында 66-69 % хлор бар, қою сұр, қолдану аясы өте кең инсектоакарацид. 1 %-ды сулы эмульсиясы түрінде картопты, қант қызылшасын, бұршақты, көп жылдық шөптерді өңдеу үшін, сонымен қатар, малдың эктопаразиттерін жою үшін қолданылады.
Дихлордифенилүшхлорметан (ДДҮ) - 1873 жылы синтезделініп алынған, алғашқы ХОҚ-дың бірі. Инсектицидтік әсері 1937 жылы анықталды. 1940 жылы кеңінен қолданыла бастады. Ал 1970 жылдан мал шаруашылығында қолдануға тиым салынған. Бірақ шет мемлекеттерде (Жапония) әлі де кеңінен қолданылады. Азықтағы шектеулі қалдық мөлшері: 0,05 мг/кг. ДДҮ- ақ түсті суда ерімейтін, органикалық ерітінділерде жақсы еритін, минералды қышқылдарға, жарыққа өте төзімді, техникалық түрі ашық қоңыр түсті кристаллды ұнтақ. Дуст, эмульсия түрінде қолданылады. Топырақта ұзақ сақталатын инсектицид. Кенелер ДДҮ-ға төзімді. Азықтағы шектеулі қалдық мөлшері 0,05 мг/кг, ал уытты мөлшері малдар үшін: күре тамырға енгізгенде 55 мг/кг, ішке 550 мг/кг.
Дихлордифенилекіхлорэтан (ДДЕ) - органикалық ерітінділерде жақсы еритін ұнтақ, ДДҮ-ның негізгі метаболиттерінің бірі. ДДД бүйрек үсті безі милы қабатының жұмысын нашарлатып, сөл бөлу қызметін төмендетеді. Тыныс алу ферменті- цитохромоксидазаның жұмысына әсерін тигізіп, гипоксия және асфиксия қалыптастырады. Стероидті гормондардың гидроксилденуі малдардың өнімділігін төмендетіп әсер етеді. Азықтағы қалдық мөлшері: 0,05 мг/кг аспауы керек.
Патогенезі. Хлорорганикалық қосылыстар теріні, кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп әсер етеді. Тері асты және ішкі майларда, орталық жүйке жүйесінде, бүйректе, бауырда, бездерде жинақталып, кумулятивті әсер етеді. ХОҚ-мен қайталап жанасу созылмалы улануға әкеп соқтырады.
ХОҚ-тар негізінен орталық жүйке жүйесіне, бауырға уытты әсер етіп, миды тітіркендіреді, жүйке ұштарындағы медиаторларда жинақталып, орталық және шеттік жүйке жүйесі қызметін бұзады. Осының нәтижесінде, жүйке жүйесімен мүшелер арасындағы байланыс бұзылып, әртүрлі дірілдер, тыныс алу жүйесін, жүректің, ішкі мүшелердің жұмыс істеу қабілетінің нашарлағаны байқалады. Бауырға енген ХОҚ, мығым орналасып, оның белок түзу және уға қарсы (антитоксиндік) функциясын зақымдайды.
Хлорорганикалық қосылыстардың метаболиттерінің мал ағзасын уландыруда маңызы зор. Мысалы, дихлорэтан қан арқылы тарап, орталық жүйке жүйесінде, бауырда, бүйрек үсті безінде, іш майларында жинақталып, бауырда хлорсызданады (дехлорлану). Нәтижесінде оның өте уытты метаболиттері хлорэтанол және монохлорлы сірке қышқылы түзіледі. ХОҚ орталық жүйке жүйесіне наркотикалық әсер етіп, бауырдың және жүрек қан тамыр жүйесін зақымдайды. Олар қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатып, организмнің сусыздануына, бауыр торшаларының дистрофиясына, ақзат синтезінің төмендуіне әкеп соқтыратын гепатоцид мембранасындағы және эндотелий торшаларындағы липидтердің қайталап тотығуын үдетеді. Белоктармен, соның ішінде, микопротеидтер, гликопротеид және альбуминдермен кешенді әрекеттесіп тиол ферменттерінің белсенділігін төмендету, торшаның биомембранасының өткізгіштік қасиетін бұзу- ХОҚ-ға тән көрініс.
Клиникалық белгілері. Ағзаға түскен удың мөлшеріне, жанасу ұзақтығына байланысты жіті және созылмалы түрде өтеді.
Жіті түрінде ағза жалпы қозады, алғаш рефлекторлы сезімталдық жоғарлап,кейіннен керісінше төмендейді. Тыныс алу жиілеп, сілекей ағады, мойнының, дененің және аяқтардың бұлшық еттері тартылып, қозғалыс координациясы бұзылып, көздің көру мүмкіндігі нашарлайды. Күйісті малдарда ентігу, таз қарынның кебуі (тимпания) байқалады, жатаған келеді. Қандағы ацетилхолин мөлшері 80 %-ға дейін көтеріліп, ацетилхолинэстераза ферментінің белсенділігі 35%-ға дейін төмендйді. Әртүрлі дірілдер қалыптасып, ауа жетіспей, нәтижесінде тыныс алу тоқтайды.
Гексахлоранмен уланған бұзауда 30-45 мин. кейін улану белгілері байқала бастайды. Бұзау ыңырсып, қатты мазасызданады. Бұлшық еттері дірілдеп, сілекей ағады, іші кебеді. Арқа омыртқалары иіліп, тыныс алуы нашарлаған мал өледі. Өлтіре әсер ететін мөлшері 5-10 мг/кг.
Кельтонмен жіті жән созылмалы түрде уланған тауықтардың қанында гемоглобин мен эритроцит мөлшері көбейіп, бауырдың ақзат түзу функциясы бұзылады. Жүректің биоэлектрлік белсенділігі өзгереді.
Уланудың созылмалы түрі ағзаның жалпы күйзелуімен, тәбетінің төмендеуімен, бұлшық ет тонусының әлсіреуімен және жиі-жиі несеп, нәжіс бөлуімен сипатталынады. Уланудың ауыр түрінде атаксия, салданулар байқалады.
Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. Жіті улану кезінде ішек- қарын жүйесі кілегейлі қабықтары қабынып, паренхиматозды мүшелерге қан толуымен сипатталынады. Кеңірдек және бронхтар көпіршікті сұйыққа толы, өкпе ісінген, тыныс алу жүйесі, кілегейлі қабықтары, эндокард, эпикард, бауыр мен бүйрек және т.б. ұлпалар қанталаған. Күйісті малдардың қарыны газға толған.
Созылмалы улану кезінде құрсақ қуысы мүшелерінде және өкпеде қан іркілу, майлы дистрофия, бауыр мен бүйректе қан толу, көлемінің ұлғаюы, ми ұлпасының ісінуі секілді белгілер байқалады. Сонымен қатар, жекелеген мүшелер мен ұлпалар ісініп, жүйке бұлшық еттері мен бауыр өлі еттенеді.
Балау. Анамнездік деректер, клиникалық белгілер, сою және химиялық - токсикологиялық талдау нәтижелеріне сүйене отырып баланады. Балаудың зертханалық әдісінде, ХОҚ-дың өте көп жиналатын деполық мүшелері - тері асты және іш майларын, бауыр, бүйректі ми мен жұлынды патологиялық - анатомиялық тексеру үлкен нәтиже береді.
Емдеу. Хлорорганикалық қосылыстардың қанға өтуін тежеп, қарынды уытты заттардан босату қажет. Бұл үшін тұзды іш өткізгіштер, сорғыш және құстырғыш дәрілерді қолданады. Ішке белсендірілген көмір, күре тамыр арқылы натрий хлорлы натридің гипертониялық ерітіндісін, 40 % глюкоза, 10% кальций хлориді немесе 0,5-1 мл/г кальций глюконатын береді. Дірілдерге (судороги) қарсы ұйқы келтіретін және тыныштандыратын препараттар қолданылады. 7 % хлоралгидрат ерітіндісін күре тамыр арқылы жылқыға 100-200 мл, мүйізді ірі қараға 50-75мл енгізу дұрыс нәтиже береді. Спецификалық антидот ретінде ацетилцистейн және цистесан, организмді қалпына келтіру үшін метионинді 25 мг/кг, аскорбин қышқылын 5 мг/кг және глюкоза, калий, натрий хлориді ерітінділерінің қоспасын кешенді түрде қолданылады.
Сульфаниламид препараттарын қолдануға болмайды, өйткені олар, керісінше, ХОҚ-дың уытты әсерін 1-2-3-есе арттырып жібереді.
Алдын алу шаралары. Малдарды өңдегенде ХОҚ-ды қолданылатын мөлшерінен асырмаған абзал. Азықтардағы шектеулі қалдықтың мөлшерін бақылап тұру қажет. Тасымалдағанда және қолданғанда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ХОҚ-мен өңделген жайылымдарға малдарды көрсетілген уақытында (21 күннен кейін) жіберген жөн. ХОҚ-тың азықтардағы қолдануға болатын шектеулі мөлшері: ДДҮ изомерлерімен метоболиттері- 0,05 мг/кг; гептохлоркамфен- 0,05- дейін; дилор-0,1 дейін; полихлоркамфен және полихлорпинен-0,25 мг/кг дейін.
ДДҮ және гексахлораннан созылмалы түрде уланған мал етінде бұл пестицидтер 9-10 айға дейін сақталынады, еттің сапасы өзгереді, қышқылдық-сілтілік тепе-теңділік бұзылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет