Жер астындағы ядролық жарылыс кезінде жер бетінде бірнеше километрлік биіктікке дейін көп мөлшерле топырақ лақтырылып, сол жерде үлкен ойпаң пайда болады. Су асты жарылысы кезінде су бетінде қатты сәулелі дөңгелек дақ пайда болады. Содан соң бірнеше км биіктікке су атқыланып, 30 метрге дейінгі шеңбер формалы толқындар пайда болады.
Ядролық жарылыстың зақымдау факторлары: қатты соққы беретін толқын, жарықтық сәулелену, радиация, электромагниттік импульс, жердің радиоактивтік зақымдануы. Қатты соққы беретін толқын- жарылыс орталығынан жан-жаққа қатты жоғары дыбысты жылдамдықпен таралатын қатты қысымды ауа. Қатты соққы беретін толқынның көзі ядролық жарылыстың орталығындағы қатты қысым болып табылады. Тікелей(артық қысым мен қатты жылдамдықты ағынмын сипатталатын) және жанама (жерге соғу салдарынан, ұшқан сынықтармен жарақаттану) әсер ету нәтижесінде адамдар зақымданады.
Жарықтық сәулелену-бұл оптикалық диапазонның ультра күлгін немесе инфра қызыл спекторлар енетін электромагниттік сәулеленуі. Жарықтық сәулеленудің көзі – ауадағы шоғырланған жарық болып табылады. Жарықтық сәуле денені тіптен киім астынан да күйдіріп, адамнын құлағы шулап, күндіз 1-5 минутқа, түнде 30 және одан да көп минутқа көзі көрмей қалуы мүмкін, техника мен құрылыстардың және т.б. ағаш пен резеңкеден жасалған бөліктері жануы мүмкін. Жарықтық сәулелену кезінде кез-келган көлеңке жасай алатын тосқауылдың көмегімен күйік шалудан қорғануға болады.
Енетін радиация –бұл ядролық жарылыс кезінде 15-25 секунд бойына шығарылатын сәуле мен нейтрондардың ағыны. Иондық сәулеленудің зақымдау әрекеті биологиялық ткань сіңіріп алатын энергия мөлшерімен (сіңіру мөлшерлемесімен) анықталады. Сіңірілген мөлшерлеме бірлігі - рад. Радиацияның орнганизмге енетін радиацияның зақымдау әрекеті организм молекуласы мен атомдарының иондалып, сонымен қатар сүйек майының зақымдануына негізделеді.
Электромагниттік импульсядролық жарылыстардың барлық түрлерінде де кездеседі. Бұл қоршаған ортада жарылыс уақытында бос электрлік зарядттардың пайда болуына негізделеді. Электромагниттік импульс әсерімен сымдардың, трансформаторлардың, конденсаттардың изоляциясы бұзылып, сақтандырғыштары жанып кетеді.
Жер мен әуе кеңістігінің радиоактивтік зақымдануы ядролық жарылыс бұлтынан РЗ түсуі салдарынан туындайды. Радиоактивтік зақымдану көзінің үш түрі болады:
- жарылған ядролық реакциядан кейінгі жер бетіне түсетін ядролық зарядтан бөлінген радиоактивтік өнімдердің көп мөлшері;
- уранның -235 немесе плутонияның - 239 әсерсіз заряды бөлігінің түсетін радиоактивтік заттары;
- бағытталған радиация, оның көзі топырақтың беткі қабаты атомдарының ядросы әсер ететін ядролық жарылыстың нейтрондық ағынының құрамына енетін нейтрондар саналады.