Топтық жоба тақырыбы: Протоплас Орындаған: Амандық Е. Қазықұлов Н. Оңалбек е. Шәкір М. Бақтыберген т



бет4/9
Дата06.01.2022
өлшемі0,99 Mb.
#15103
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
протопласт топтық жоба

2.3.Жасушаның қозғалыс органеллалары

 

Құрамында ДНҚ бар компартмент көптеген зат алмасу реакциялары өтетін клетканың бөлігі - цитоплазмадан бөлінген. Цитоплазманың ішінде әртүрлі озіне тән коптеген органеллалар болады.



Органеллалар – белгілі бір құрылысы және атқаратын қызметі бар цитоплазманың тұрақты жоғары дифференциялданған құрылымдары. Олар құрылысына қарай мембраналы және мембраналы емес, атқаратын қызметіне қарай арнайы және жалпы қызмет атқаратын организмдер болып бөлінеді.

Арнайы қызмет атқаратын органоидтар: клетканың белгілі бір типтеріне бұлшықет клеткасының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдерге тыныс алу жолдарындағы эпителий кірпікшелеріне ащы ішек бүрлеріне тән қызмет атқаратын клеткалары жатады.

Жалпы қызмет атқаратын органойдтар: эндоплазмалық тор, пластидтер, митохондрия, лизосома, рибосомалар, гольджи аппараты, клетка орталығы, микротүтікшелер.

Мембраналы органоидтар: митохондрия, эндоплазмалық тор, гольджи аппараты, лизосома.

Мембраналы емес органоидтар: рибосомалар, микротүтікшелер, клетка орталығы, филаменттер.

Митохондрия – клетканың тыныс алу процесін қамтамасыз ететін органоид. Митохондрияның сыртқы екі қабат биологиялық мембранамен қапталған. Ішкі жарғақтың қуысында митохондрия негізі – матрикс орналасып,онда клетка ядросына қатысы жоқ митохондриялық белоктар түзілуінің автономды жүйесі қалыптасады. Митохондрияның ұзындығы 10 мкм-дей,диаметі 0,2-1 мкм, саны 1-ден 100 мыңға дейін болады.Митохондрияда тотығу тотықсыздану реакциясы жүреді,яғни ол кезде күрделі органикалық қосылыстар молекулалары ыдырап ,жац заттарға айналады да ,ондағы энергия бөлініп шығады. Клеткадағы негізгі энергия тасушы зат – аденозин үш фосфор қышқылы.Бактерия,көк жасыл балдырлар ,т.б. тыныс алу процесін клетка мембранасы атқаратын организмдерде митохондрия болмайды.Митохондриялар өз бетімен омір сүретін прокариоттық организмдерге көп ұқсас. Олар, мысалы, сыртқы пішіні, колемі жағынан бактерияларға үқсас; олардың құрамында ДНҚ бар және бөліну арқылы көбейеді. Эукариоттық клетканы бұзып, компоненттерін жеке бөліп алып, митохондриялардың клетканың демалысына жауапты екенін және бұл процесс клетканың басқа бөлшектерінде жүрмейтінін көрсетуге болады. Митохондриясыз жануарлар мен саңырауқұлақтардың клеткалары анаэробты, оның энергетикалық сұранысы әлжуаз жөне көне гликолиз процесіне тәуелді болар еді.Митохондриялар эукариоттық клеткалардың әмбебап компоненті (лат. "сотропепк" - қүраушы) болса, хлоропластар фотосинтезге бейім эукариоттық клеткаларда ғана, яғни осімдік клеткаларында болады, ал жануарлар мен саңырауқұлақтарда кездеспейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет