Рибосома клеткадағы белоктың түзілуін қамтамасыз етеді ,белок синтезі орталығы деп қаралады. Оның диаметрі 20-25 нм.Рибосома цитоплазмада бос күйінде де ,жалғасқан түрде де ,сондай-ақ ,барлық тірі организмдердің клеткасында кездеседі.
Рибосомалар - күрделі рибонуклеопротеидтер құрамында белок және РНК молекулалары болады, мембранасы болмайды, құрылысы: үлкен және кіші бөліктерден тұрады. Қызметі: белоктың биосинтезіне қатысады. Рибосомалар жеке дара, көбінесе иРНК қатысуымен бірнешеуден бірігіп, полисомалар түзейді. Олар цитоплазмада бос күйінде немесе кедір бұдырлы эндоплазмалық тордың мембранасында орналасады. Цитоплазмада бос орналасқан полисомаларда сол клетканың тіршілігіне қажетті белоктар синтезделеді, ал мембранаға бекіген полисомаларда клеткадан тыс қызмет атқаратын белоктар түзіледі.(мысалы, асқорыту ферменттері, емшек сүтінің белокары т.б.)
|
Микротүтікшелер (microtubuli, грек, micros —үсақ, tubuli — түтікше) — жасушаның цитоқаңқасын түзуге қатысатын құрылымдар. Микротүтікшелер жасушалардағы центросома центриольдерін, базальды денешікті, кірпікшелер мен талшықтарды жасауға қатысады. Олар клетканың митоздық бөлінуі кезінде центриольдер аралықтарындағы бөліну ұршығын түзеді. Микротүтікшелер тубулин протеинінен құралған және жасуша қанқасын (цитоқаңқаны) түзіп, оған тіректік қызмет атқарумен қатар, оның сыртқы пішінін де анықтайды. Микротүтішелер - диаметрлері 24-28 нм цилиндр тәріздес түтікшелер. Олар тубулин белогының полимеризация нәтижесінде түзіледі бұл түтікшелерден ахроматин жіпшелері, ал қозғалуға икем клеткаларда кірпікшелер мен талшықтар қалыптасады. Клеткада тірек қызметін атқаратын су иондарды тасмалдауға қатысады. Цитоплазмада кездесетін микрофиламенттер ұзын, жіңішке түзілістер.Олар да тірек қызметін атқарып, органоидтардың клетка ішілік орын алмастырып қозғалысын реттейді. Кірпікшелер (cilia; лат. cilium — кірпікше) — ұзындығы 5-10 мкм-дей, ені 0,2 мкм-дей жасушаның қимыл-қозғалысын іс жүзеге асыратын арнайы органелласы. Кірпікшелердің орталығында жасуша плазмолеммасымен байланысқан біліктік жіпше - филамент- болады. Ол екі бөліктен: жасушадан тыс жатқан және жасуша ішіндегі бөліктерден тұрады. Кірпікшелер біліктік филаментін — орталығында орналасқан екі микротүтікшелер, шеткі жағындағы тоғыз қосарлы микротүтікшелер ( дипломикротубулдар) және негіздік (базальды) денешік құрайды. Негіздік денешік негіздік түбірден және оған бекіген негіздік аяқшалардан (жолақты құрылым) түрады. Негіздік түбірде қосарлы микротүтікшелердің орнында үштік микротүтікшелер (трипломикротубулдар) болады, ал орталықтағы екі микротүтікшелер болмайды.
Клетка орталығы - 1895 жылы Бовери ашқан. Барлық жануарлар клеткасы мен кейбір өсімдік клеткаларында кездесетін органоид. Ол өзара перпендикуляр бағытта орналасқан екі центриольден тұрады. Әр центриоль электронды микроскоптың көрсетуі бойынша үш үштен бірігіп, тоғыз триплет құрайтын жиырма жеті микротүтікшелерден тұратын, диаметрі жүз елу нм, ұзындығы 300 – 500 нм келетін цилиндр пішіндес қуыс денешік.
Қызметі: ядро маңында орналастырып митоз кезінде бөліну ұршығының жіпшелерін түзу және анафазада екі жақ полиске хроматидтердің теңдей ажыратуын қамтамасыз етеді.
Флеминг (1875 ж) Венеден (1876 ж.) жарық микроскопының көмегімен ұсақ тығыз денешік ретінде әр түрлі жасушалардан жасуша орталығын ашты. Клетка орталығы ядроға тақау орналасады. Ол екі ұсак тығыз денешіктен (центроли) және оларды қоршаған цитоплазма ақшыл аймағынан (центросфера) және олардан бөлінген жіңішке жіпшелерден тұрады. Клетка орталығы жануарлар жасушаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді.
Цитоплазма - Клетканың көпшілік бөлігін құрайды. Ол гиалоплазмадан, органоидтардан және қосындылардан тұрады. Гиалоплазмаға байланысты цитоплазманың коллоидты қасиеті мен оның тұтқырлығы, серпімділігі мен жиырылғыштығы және қозғалысы жүзеге асырылады. Гиалоплазма клетканың ішкі ортасын құрайтындықтан мұнда үнемі күрделі зат алмасу процестері (белок синтезі, гликолиз) жүріп жатады. Ядро мер органоидтарды өзара байланыстырып олардың қызмет атқаруына жағдай жасайды.
- Ядро - құрылысы: қабықшасы, ядро мембранасы, ядро шырыны, ядрошық, хроматин. Ядро қабықшасы әрқайсысы үш қабаттан тұратын ішкі және сыртқы мембранадан құралған.Сыртқы мембрана эндоплазмалық тордың каналдарымен байланысқан.Ядро қабықшасында көптеген саңылаулар (диаметрі 120 нм) болады. Бұл қабықша ядро құрам бөліктерінің шектеуші қызметін атқарумен қатар цитоплазмамен екі аралықтағы зат алмасуды реттейді. Қабықшадағы саңылаулардың саны сол клетканың атқаратын қызметіне байланысты. Синтездік активтілігі жоғары клеткаларда олардың саны да көп болады. Мысалы, төмеңгі сатыдағы омыртқалы жануарлардың эритробластарында өте қарқынды түрде гемоглобиннің түзілуі және жинақталуы жүреді. Ядро қабықшасының әр бір мкм квадрат бетіне отызға жуық саңылау болады. Ядро шырыны қоймалжың зат,оның құрамында нуклеин қышқылдарының және рибосомалардың синтезіне қажетті ферменттер болады. Ядрошықта рибосомалық РНК синтезі және олардың белоктармен байланысуы жүреді. Рибосомалық РНК жайлы информация жазылған гендер бірқатар хромосомалардың (адамның 13 – 15, 21 – 22 жұптары )
Клетка қосындылары – Цитоплазманың уақытша құрылым компоненттері. Бұларға клеткада қорға жиналатын қорек заттары (крахмал, гликоген, май тамшылары, белок) және сол клеткада синтезделіп сыртқа шығарылуға тиіс заттар (секрет түйірлері), пигменттер жатады. Клеткалардың қызметіне қарай міндетті емес компоненттер оның 4 түрі бар. Трофикалық, секреторлық, экскреторлық, пигменттік.Трофикалық қосылыстарға гиалоплазмаларда жинақталған май түйіршіктері жатады. Секреторлыққа әртүрлі көлемдегі биологиялық активті заттар. Экскреторларға клеткадан шығарылып тасталынатын метаболизмнің өнімдері. Пигменттік қосындылары экзогенді, эндогенді болады. (каротин, гемоглобин,билирубин, меланин).
Клетканың қозғалыс органнеллалары атына сәйкес ағзаны үнемі қозғалысқа келтіріп отырады. Қозғалыс органеллары жануарлар дүниесінде кеңінен таралған. Оларға кірпікшелілер, талшықтылар, сұйық ортада қозғауға бейім әр түрлі өсінділер және бұлшықет талшықтарының жиырылуын қамтамасыз ететін миофибрилдер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |