Эндоплазмалық тор – цитоплазмадағы көпіршіктердің ,жалпақ қапшықтардың және түтікше құрылымдардың торлы жүйесі. Эндоплазмалық торды 1945 жылы Портер аштыЭндоплазмалық тордың 2 түрі бар. а) тегіс б) түйіршікті.
Түйіршікті эндоплазмалық тордың мембранасы қапшықты цистерналы түтікшелі болады. Онда белок синтезделетін рибосомалар орналасқан. Бауыр, нерв клеткасында түйіршікті эндоплазмалық тор жеке-жеке орналасқан. Ұйқы безінде эндоплазмалық тор ядроның маңайында шоғырланып орналасады. Атқаратын қызметі: синтезделген белоктар клетканың басқа бөліктеріне тасымалданады.
Тегіс эндоплазмалық тор - мембранасы кіші вакуольдер мен түтікшелер түзеді. Онда рибосома болмайды. Тегіс эндоплазмалық тор түйіршікті эндоплазмалық тордан дамиды. Қызметі липидтердің синтезіне қатысады, арнайы ферменттердің көмегімен тотығуы нәтижесінде улы заттардан залалсыздандыруға қатысады.
Гольджи аппараты. 1898 жылы Гольджи ауыр металдардың көмегімен нерв клеткаларынан тапқан. Гольджи кешені – бір – бірімен қабаттаса тығыз орналасқан жалпақ жарғақты 5-10 “цистернадан” және олардың шетіндегі ұсақ көпіршіктерден құралған органоид. Мұнда өндірілген өнімдер жинақталып,пісіп жетіліп,сыртқа шығарылады,клетка лизосомаларының түзілуіне қатысады.
Цитоплазманың Гольджи кешенінің орналасқан аймағын диктиосома деп атайды. Гольджи аппараты көпіршіктері бар түтікшелерден тұрады. Оның әр қабатыннан жан жаққа ұштарында көпіршіктері бар түтікшелер тарайды. Әр клеткадағы мұндай диктиосомалардың саны бірнеше жүзден бірнеше мыңға дейін ауытқиды. Қуыстардың кеңейген жерлерінен вакуольдер түзіледі. Омыртқалы жануарлардың күрделі құрылысты клеткаларында диктиосомалар көпшілік жағдайда ядро маңында орналасқан. Клеткада синтезделген заттар бірден сыртқа шығарылмай, алдымен Гольджи комплексінің қуыстарына еніп, онда бірқатар химиялық өзгерістерге ұшырайды. Тығыздалып, жинақталған мұндай заттар соңынан майда көпіршіктер түрінде мембранамен қоршалып, сыртқа шығарылады немесе клетканың өз ішінде жұмсалады. Бұл көпіршіктерден лизосомалар құрылады. Қызметі: цитоплазмада синтезделген заттар сақталады, ал цистерналарында полисахаридтердің синтезі көпіршікті түйіршіктелген липопротеидер түзіле отырып клеткадан сыртқа тасымалдайды. Олардың белоктармен байланысынан гликолипидтер мен гликопротеидтер клетка мембранасының сыртқы гликокаликс қабатын құрауда үлкен рөл атқарады.