Тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 6-сынып 2019-2020 оқу жылы Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты


-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ



бет11/16
Дата12.12.2022
өлшемі0,92 Mb.
#56790
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
6 сынып СОЧ Қазақ тілі мен әдебиеті

3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ




3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы – 40 минут
Тыңдалым - 10 минут
Оқылым – 10 минут
Жазылым – 20 минут
Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны - 30


Тапсырма түрлері:
Бір және көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.


Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы

*Тапсырма

Қамтылатын мақсаттар

*Тапсырмаларға сипаттама

*Тапсырма
лар түрлері

*Орындау уақыты, мин

Балл

1-3

6.1.3.1 тұрмыстық-әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну

6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойды анықтау



Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар тақырыпқа қатысты 110-130 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды.
Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші, екінші тапсырмаларда дұрыс 1 жауапты белгілейді.
Үшінші тапсырмада берілген сөздердің баламасын мәтіннен тыңдай отырып, жазады.

Бір ғана таңдауы бар және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар



10

5

1-4

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру



Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 130-150 сөзден тұратын мәтіндерді оқиды. Бірінші тапсырмада екі мәтінге ортақ тақырыпты көрсетеді.
Екінші тапсырмада берілген тұдырымдарды мәтіндер мазмұнына қарай сәйкестендіреді. Үшінші тапсырмада мәтіндердің типтерін анықтайды, ал төртінші тапсырмада А тиісті мәтінге сай ақпаратты көрсетеді.

Бір және көп таңдауы бар сұрақтар



10

5

1

6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашып жазу

6.3.5.1 жазба жұмыстарында сөзге қосымша жалғауда үндестік заңын ескеріп, орфографиялық нормаға сай дұрыс жазу


6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану



Тапсырма жеке орындалады.
Оқушылар берілген үш тақырыптың бірін таңдап, эссе жазады. Мұғалім оқушының жазба жұмысында стильді сақтауын, қосымшаларды дұрыс жалғауын, сөйлем соңындағы тыныс белгілерді орынды қолдануын бағалайды.

Жазбаша
толық жауапты қажет ететін сұрақтар

20

10

1

6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру;



Тапсырма жұпта орындалады. Екі оқушыға бөлімдерге қатысты ортақ тақырып беріледі (тақырып жазылған қағаздарды оқушы өзі таңдайды). Жұптағы оқушылар берілген тақырып бойынша
4 минут диалогке түседі (әр оқушы диалогтe 6-8 сөйлем айту керек).
Мұғалім оқушының берілген тақырыпты түсініп, соған қатысты жұбына сұрақтар қоюын, сұрақтарға лайық жауап беруін бағалайды. Екі оқушының балы бір-біріне тәуелді емес.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады, әр білім алушыға 2 минут беріледі.

10

Барлығы

40 минут

30 балл




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет