Түпнұсқада келесі атауда жарияланған Reviews of National Policies for Education


Реформалардың болашақтағы жоспарлары



Pdf көрінісі
бет41/42
Дата09.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#8679
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42

Реформалардың болашақтағы жоспарлары 
КББО  бағдарламаларының  санын  арттыру,  стандарттарды  жақсарту  және
өзектілігін арттыру  
 
Ÿ 
2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ  КББО  ұйымдарында  білім  алатын,  14-24
  
  жастағы жас адамдардың үлесін 2015 жылға қарай 20%-ға дейін, 2020 жылға қарай
  
  23%-ға  дейін  арттыруға  бағытталған.  2011  жылы  бұл  көрсеткіш  18%,  2009
  
  жылдың  деңгейінен  артуды,  2010  жылдан  кейін  төмендеуді  құрады  (ҚР  БҒМ,
 
  2011a).
 
Ÿ 
ББДМБ  арттыруды  қарастырады:  оқуды  бітіргеннен  кейінгі  алғашқы  жылы
  
  жұмыспен  қамтылған,  КББО  мемлекеттік  ұйымдарының  бітірушілер  үлесі  (i)  2015
  
  жылы  78%-ға  дейін  және  2020  жылы  80%-ға  дейін;  ұлттық  институцияоналдық 
 
  аккредитациядан  өткен  колледждердің  үлесі  (ii)  2015  жылы  10%-ға  дейін,  2020
  
  жылы 30%-ға дейін. ББДМБ келесі мақсаттарды қамтиды:
 

Индустриалды-инновациялық  экономикалық  дамудың  талаптарына  КББО  оқу 
 
 
бағдарламалары  мазмұнының  сәйкестігін  қамтамасыз  ету  үшін  Үкімет  кәсіби
  
 
стандарттарға  оқу  бағдарламаларының  сәйкестігін  қамтамасыз  етуі  тиіс,  бұл  өз
  
 
кезегінде,  еңбек  нарығының  сұранысын  болжамдау  жетілдірілген  болу  үшін,
  
 
КББО  бағдарламаларын  жүзеге  асыру  болжамдар  нәтижелеріне  сәйкес  келуі
  
 
үшін салалық біліктілік шеңбері негізінде әзірленетін болады.
 

КББО  бағдарламалары  бойынша  мемлекеттік  стандарттар  тұрақты  жаңаланып
  
 
тұратын  болады.  Арнайы  пәндер  бойынша  типтік  оқу  жоспарлары,  сонымен
  
 
қатар, оқу әдебиеті мен оқу-әдістемелік кешендері әзірленетін болады.    
 
 
Модульдік    бағдарламалар  көбейіп,  модульдік  бағдарламалардың  деректер
 
 
базасы құрылатын болады. 
 

Білім  алушылардың  практикалық  дағдыларын  дамыту  үшін  кәсіби  тәжірибеге
  
 
бөлінетін  оқу  бағдарламасы  мерзімінің  үлесі  40%-ға  дейін  артатын  болады.  Бұл
  
 
үшін жұмыс берушілермен серіктестік кеңейетін болады.
 - 
КББО  мен  оқытудың  білім  беретін  оқу  бағдарламалары  құзіреттілікке
   
бағытталып,  жаңа  білім  беру  технологияларын  қолданатын  болады.  Олардың
6 ТАРАУ. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 43
       бойынша шығындарды кім төлейді? Төлейтіндерге қатысты құны қандай?
   i. Жекеменшік мектептерге төленетін субсидиялар, егер бар болса.
C. Білім беру шығындарының трендтері Тренды расходов на образование
1.  Білім  беруге  жұмсалатын  мемлекеттік  шығындардың  соңғы  5  жылдағы  ЖІӨ-нен  %-бен
   жылдық көлемі.
2.  Білім  беру  деңгейлеріне  бөлгендегі  барлық  қызмет  бойынша  бір  оқушыға  жұмсалатын
   мемлекеттік шығындардың ұлттық валютада соңғы 5 жылдағы жылдық көлемі.
3.  Ағымдағы  шығындар  құрамы  -  соңғы  5  жылдағы  жалақы  бойынша  шығындар  және
   басқа да шығындар. 
4.  Бастауыш,  орта  және  ортадан  кейінгі  үштік  емес  білім  беруге  жұмсалатын  мемлекеттік
   шығындардың  жалпы  білім  беруге  жұмсалатын  шығындардан  %-бен  соңғы  5  жылдағы
   көлемінің жалпы көлемі.
5.  Жалақы:  соңғы  10  жылдағы  орта  білім  беру  жүйесіндегі  жалақының  бастауыш  және
   жоғары деңгейі ұлттық валютада.
6.  Мұғалім/оқушының соңғы 10 жылдағы қатынасы.
7.  Соңғы 5 жылдағы қайта оқыту мен іріктеу пайызы.
III. ОРТА МЕКТЕПТЕГІ САПА, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК және ОҚЫТУ
       МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
A. Оқыту нәтижелері 
1.  Бағалаулар мен рейтингтер;
2.  Материалды игеру деңгейі;
3.  Қыздар  мен  ұлдар,  орысша  және  қазақша  сөйлейтін  оқушылар,  академиялық  және
   кәсіптік-техникалық  оқыту  оқушыларының  арасындағы  айырмашылықтар.  TIMSS
   және  PISA  зерттеулері  аясындағы  үлгерім  айырмашылықтары:  мүмкін  болатын
   түсініктемелер 
B. Үлгерімге ықпал ететін факторлар
1.  Үлгерімге әлеуметтік-экономикалық шығу тегінің әсері;
2.  Үлгерімге оқу тілінің әсері;
3.  Үлгерімге  оқушының  қарым-қатынасы  мен  тәртібінің,  сонымен  қатар  оқу  ортасының
  әсері;
4.  Үлгерімге басқа факторлардың әсер етуі, оның ішінде, сыныптан тыс оқыту, мектепке
   дейінгі білім беру мекемелеріне бару, мектептегі оқу уақыты. 
C.  Нашар  үлгерім  мен  іріктеуге  әсер  етуге    қатысты,  үлгерімі  жоғары  оқушыларды 
қолдауға қатысты заманауи саяси шаралар 
D. Үштік білім беру жүйесіне көшу және еңбек нарығы
(Толық  орта  білімді  аяқтаған  соң  оқушылар  немен  айналысады?  ð  релеванттық 
индексациясы)
1.  Оқыту  облыстары  мен  гендерлік  белгісі  бойынша  бөлінісінде  үштік  білім  беру
жүйесіне қабылдау және бітірушілер пайызы;
ТАРАУ 1: ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 299
қабылданған  еді.  Бұл  толық  шолу  өте  негізді  және  нақты  қорытындыларды  әзірлеу  үшін
КББО  бойынша  көбірек  деректер  мен  фактілерді,  сонымен  бірге  сараптамалық  білімді 
қамтамасыз ете алады. 
Қазақстанның  реформалар  бойынша  болашақ  жоспарлары  туралы  сарапшылар
командасының  көзқарастары  төменде  келтірілген.  Бірақ  алдымен  сарапшылар  Үкіметті 
жүзеге  асырылған  екі  ірі  реформамен  құттықтайды:  Ұлттық  біліктілік  шеңберін  (оның 
толық  құндылығы  қамтамасыз  етілмегенімен,  барлық  қазақстандық  біліктіліктер  осы 
шеңберде  көрсетілмегенге  дейін,  және  Ұлттық  біліктіліктер  шеңберіндегі  осы  деңгейдегі 
біліктіліктер,  бірақ  басқа  саладағы  бірдей  мәртебеге  ие  болғанша);  және  біліктіліктерді 
сертификаттауда  жұмыс  берушілердің  қатысуымен  КББО  бітірушілерінің  біліктіліктерін 
тәуелсіз бағалау жүйесін енгізу. 
КББО  бойынша  болашақ  жоспарлар  2011-2020  жылдарға  арналған  ББДМБ-да
стратегиялық  сипатта  Осы  стратегиялық  жоспарлар  ЕББҚ  зерттеулерінде  көрсетілген
көптеген  проблемаларды  шешетіні  сарапшыларға  әсерін  тигізді.  Бұл  КББО  білім  беру
жүйесінің  ең  аз  мойындайтын  бөлігі  болмайты  және  бизнестің  тиімділігі  мен  ұлттық 
эконмикаға  қомақты  үлес  қосуы  үшін  барлық  қажетті  іс-шараларды  қабылдау  бойынша 
Қазақстан  Үкіметінің  мақтан  ететін  және  мақсатқа  бағытталған  күш  салуы  туралы
айтады. 
Бірақ  ойдағыдай  стратегиялық  жоспарлар  -  бұл  қайта  өзгертулерге  қажетті  көптеген 
қадамдардың  бірі  ғана.  Күтетін  нәтижелерге  жету  үшін  ойдағыдай  стратегиялық 
жоспарлар  тиімді  жүзеге  асырылуымен  нығайтылуы  керек.  Жүзеге  асырылу  тиімді  болуы
үшін  келесі  шарттарды  орындау  қажет.  Стратегиялық  жоспарлар  негізінде  нақты  не
жасау  керек,  қандай  тәртіппен,  кім  және  кіммен  ынтымақтастықта  қажетті  немесе
күтілетін  өзгерістерді  жүзеге  асыру  үшін,  көрсететін  операциялық  жоспарларды  әзірлеу
керек.  ЭЫДҰ  сарапшыларына  ҚР  БҒМ  жыл  сайын  операциялық  жоспарларды 
құрастыратыны  белгілі,  сонымен  бірге  осы  жоспарларға  қатысты  қызығушы  тараптарды, 
жоспардың  мазмұнын  біліп,  қолдау  үшін  хабардар  етуі  керек.  Бұл  кім  осы  өзгерістерде 
көшбасшы  болады,  кім  ынтымақтастықта  болады,  кімнің  келісімі  немесе  кеңесі  қажет,
немесе  кімнің  қарсылығы  өзгерістердің  жүзеге  асырылуына  немесе  болжаланған 
орындалуына  кедергі  жасайтындарға  қатысты.  Қолдау  алудың  ең  тиімді  тәсілі  -  бұл,
әрине,  барлық  қызығушы  тараптарды  ертерек,  операциялық  жоспарларды  әзірлеу 
кезеңінде  келтіру.  Тиімді  операциялық  жоспарлар,  сонымен  қатар,  күтпеген
жағдайларды,  егер  жоспарлағандай  болмаса,  оны  басқа  тәсіл  арқылы  жүзеге  асыруды 
қарастырады. 
Жоспарланған  реформалардың  көбі  қызығушы  тараптардың  -  оқушылардың,  колледж
бен  мектептер  мұғалімдері  мен  директорлардың,  компания  директорларының,  шағын  және 
орта  бизнес  кәсіпорындары  басшыларының  кең  тобының  қатынасы  мен  мінез-құлықтарына
байланысты.  Осы  барлық  қызығушы  тараптардың  жекелеп  келісімін  алу  мүмкін  емес 
болғандықтан,  операциялық  жоспарлау  ынталандыруды  да  ескеруі  қажет.  Кейбір  қызығушы
тараптар,  егер  оларды  оңтайлы  ынталандыру  болса  ғана,  немесе  олардың  өзгеруіне  кедергі
жасайтын  себептер  жойылса,  өз  қатынасы  мен  мінез-құлықтарын  өзгертеді  Көбіне, 
жоспарлау  барысында  бір  өте  маңызды  мәселе  ескерілмейді  -  осы  ынталандыруға  қарсы 
себептер  жүйенің  басқа  бөлігімен  басқа  басымдықтармен  жасалды  ма?  Міне,  қарапайым 
мысал:  КББО  мұғалімдерінің  жалақысын  көтеру  жақсы  мұғалімдердің  компанияларға  кетуін 
тоқтата  алады  ма,  егер  осы  компаниялар  еңбек  жалақысын  одан  да  көп  жоғарыылатса. 
Жүзеге  асыру  сонымен  бірге  әр  түрлі  реформалардың  өзара  байланысымен
қиындатылуы  мүмкін.  Міне,  қарапайым  мысал:  ЕББҚ  есебінде  (Узун,  2010)  көптеген  жұмыс
берушілер  өз  қызметкерлерін  КББО  ұйымдарымен  ынтымақтастықта  және  олардың 
оқушыларын  оқытумен  емес,  ал  өздерінің  орталықтарында  оқығанын  қолайлы  деп 
есептейтіні  көрсетілген.  Барлық  колледждер  замануи  оқу,  өндірістік  және  технологиялық
6 ТАРАУ. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
300 - 
МАЗМҰНЫ
құрал-жабдықтары  мен  жаңа  ақпараттық  технологияларын  пайдаланып  қайтадан
жабдықталған  кезде  ғана,  жоспар  бойынша  2015  жылы  аяқталуы  керек,  жұмыс  берушілердің 
қажеттіліктері өзгеретін шығар. Бұл бітірушілердің еңбекпен қамтылу қабілетіне және жұмыс
берушілердің  бітірушілер  білімінің  өзектілігі  туралы  қабылдауына  қаншалықты  әсер
тигізетінін  әлі  көру  қажет.  Қандай  жағдайда  да  қайта  жабдықтау  үшін  инвестиция  қажет, 
және  үкіметтің  реформалар  бойынша  жоспарлары  қызметкерлерін  дайындайтын 
колледждерге  сенетін  жұмыс  берушілерден  қаржыландыруды  алуына  байланысты. 
Сарапшылар  командасы,  қазіргі  құрамында,  үкімет  жоспарлаған  реформалардың
жүзеге  асыруда  пайда  болатын  және  кедергі  жасайтын  мүмкін  болатын  тәуекел  мен
жағдайларды  алдын-ала  болжай  алмайды,  бірақ  ол  төменде  талқыланатын  кейбір  күрделі
тәуекмемлекеттерді  анықтады.  Барлық  осы  тәуекмемлекеттер  білім  беру  жүйесімен 
байланысты,  сондықтан  оларды  алдын-  алу  -  үкіметтің  күшінде.  Олардың  көбісі  орта 
мектептер  саясаты  мен  КББО  саясаты,  мүмкін,  әр  түрлі  курстар  бойынша  құрастырылған,
көбінесе,  жауапты  органдар  мен  қызметкерлер  арасындағы  жеткіліксіз  үйлесімділікпен
болғандықпен байланысты.
Оқушылар  үшін  КББО  тартымдылығын,  мәртебесі  мен  беделін  жоғарылату,  сірә,  бас 
мақсат  болып  табылады.  Егер  КББО  жүйесі  болашақта  дарынды  оқушылардың  көбісін 
келтіре  алмаса,  КББО  бойынша  үкіметтің  экономикалық  мақсаттарының  бірде  бірі  жүзеге 
асырылмайды.  Сапаны  жоғарылату,  КББО  стандарттары  мен  бағдарлмаларының
өзектілігін  жақсарту,  КББО  инфрақұрылымын  дамыту,  еңбек  нарығы  және  КББО 
нұсқалары  туралы  нақты  ақпаратты  жақсарту  -  осының  барлығы  оқушылардың  көқарасы
бойынша  тартымдылықты  жоғарылату  үшін  жеткіліксіз  жағдайлар.  КББО  саясатын 
әзірлеушілерге  КББО  қаншалықты  тартымды  болғанымен,  оқушылар  оны  таңдамайды, 
егер  академиялық  бағдарламалар  өте  тартымды  болып  есептелетін  болатынын  үнемі 
естерінде сақтауы керек. 
КББО  таңдауына  кедергі  жасайтын  ынталандыруға  қарсы  себептер  қатары
реформалар  жоспарларында  шешіледі  (жұмыстың  оңтайлы  мүмкіндіктері  мен  КББО
бітірушілері  үшін  жалақысы  туралы  бейхабарлығы;  колледждердің  нашар,  ескірген
материалдық-техникалық  базасы;  нашар  дайындығы  және  соңғы  уақытқа  дейін  КББО 
оқытушыларының 
төмен 
еңбек 
жалақысы 
(2011 
жылынан 
бастап 
КББО
оқытушыларының  еңбек  жалақысы  1  базалық  лауазымдық  жалақы  мөлшеріне
жоғарылады);  ескірген,  тым  теориялық  оқу  бағдарламалары;  бизнеспен  жеткіліксіз
байланыс  және  т.б.).  Сарапшылар  жоюды  керек  ететін  басқа  да  ынталандыруға  қарсы
себептерді анықтады. 
Біріншіден,  2010  жылы  ЕББҚ  көрсетілген  жағдайымен  салыстырғанда  колледжден 
ЖОО-на  жол  жақсарғанына  қарамастан,  кешенді  тестілеу  тапсыру  арқылы  түсетін 
колледж  бітірушілердің  көрсеткіштері  ҰБТ  арқылы  оқуға  түсетін  орта  мектеп 
бітірушілердің  нәтижелеріне  қарағанда  өте  төмен.  Бағалау  бойынша  3  Тарауда  осы
жағдайға  түсініктеме  беріледі  және  КББО  бітірушілеріне  ЭОО  түсетін  басқа 
үміткерлермен  тең  мүмкіндіктер  беру  үшін  ЖОО  қабылдау  рәсімін  өзгертуді  ұсынады. 
Екіншіден,  оқушылар  өз  таңдауын  орта  мектепте,  әдетте,  9-шы  сыныпта  немесе  одан
бұрын  жасайды.  Мектептер  мен  мұғалімдерде  қисынды  қабілеттер  дәрежесіне  ие 
оқушыларын,  әсіресе,  егер  мектепте  негізгі  орта  мектептен  басқа  жоғары  сыныптары
болса,  академиялық  оқытуды  жалғастыруға  бағыттайтын  өздерінің  ынталандырулары    бар
сонымен  қатар,  сөзсіз,  табиғи  бейімділігі)  Сонымен  қатар,  қазіргі  уақытта  мектептің 
тиімділігі,  сонымен  мұғалімдердің  тиімділігі  мен  олардың  материалдық  ынталандарылуы 
ҰБТ  баллдары  бойынша  бағаланады.  Қазақстанда  дарынды  балаларға  бөлінетін  келесі 
назар  қалыптасқан  -  ең  қабілетті  балалар  қатарына  жататын  балалар  академиялық
тұрғыдан  бағдары  бар  мектептерде  жинақталады,  ол  мектептердегі  бірде-бір  мұғалім 
КББО-ны  өздерінің  оқушыларының  бірі  үшін  дұрыс  таңдау  деп  есептемейді  (мүмкін,
6 ТАРАУ. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
МАЗМҰНЫ
 - 301
отбасылық  себептер  бойынша  КББО  ұйымдарына  сенімді  түсетін  оқушылардан  басқа).
Реформалардың  ағымдық  жоспарлары  осы  мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір  шараларды
қарастырмайды.  «Мамандықтағы  үздіктер»  байқауларын  өткізу  және  КББО  ұйымдары 
жанында  кәсіптік  бағдар  орталықтарын  құру  бойынша  ұсынымдар  жеткіліксіз.  Оқушылар
орта  мектептің  төмен  сыныптарында  оқыған  кезден  бастап,  КББО-ның  тиісті
артықшылықтары  мен  академиялық  бағдарламалары  туралы  әділ  және  теңдей  сипаттама 
беретін  кәсіптік  бағдар  мен  кеңестер  бойынша  объективтік,  тәуелсіз  ақпарат  алуын 
қамтамасыз  ету  қажет.  2  Тарауда  осындай  қызметтер  қалай  оқушыларға,  сонымен  бірге
оларға  үлкен  әсер  тигізетін  ата-аналарына  да  көрсетілуі  керектігі  айтылады.  2,  4  және  5
Тарауларда  дарынды  оқушылармен  емес,  артта  қалған  оқушылармен  табысты  жұмыс
атқаратын  мұғалімдерді  ғана  ынталандыру  үшін  мұғалімдердің  еңбекақысы  мен  жұмыс 
жағдайлары  жүйесін  өзгерту  керектігі  ұсынылады.  Сонымен  бірге,  сарапшылар  КББО
мен  академиялық  бағдарламалар  арасында  оқушылардың  таңдауында  тең  жағдайларды
қамтамасыз  ету  үшін  немесе  орта  мектеп  мұғалімдерін  КББО-ны  дарынды  оқушылар
үшін  мүмкін  болатын  нұсқалардың  бірі  ретінде  сендіру    шін  осы  шаралардың  жеткіліксіз
екендігіне алаңдайды.
Үшіншіден,  орта  мектепке  қарағанда  КББО-ның  мәртебесі  Қазақстанның  12  жылдық 
оқыту  моделіне  көшкеннен  кейін,  әрине,  оның  қалай  жүргізілетініне  байланысты  зардап 
шегуі  мүмкін.  2  Тарауда  осыған  байланысты  тәуекелдер  талқыланды.  Қандай 
оқушылардың  «Бейіндік  мектепке»  баратыны  туралы,  ал  қандай  оқушылар  10-шы 
сыныптан  кейін  колледжге  баратыны  туралы  шешімдер  қалай  қабылданатыны  белгісіз. 
Осы  шешімдер,  ең  алдымен,  оқушылардың  таңдауы  мен  шектік  бағасына  байланысты 
болады  ма,  сарапшылар  нені  ұсынады,  немесе  «Бейіндік  мектепке»  оқуға  өту  ҰБТ  типі 
бойынша  академиялық  білімді  тестілеуде  өтуіне  байланысты  болады  ма?  Егер  соңғысын
таңдаса,  онда  колледж  ЖОО-да  оқуға  жеткіліксіз  ақылды  адамдарға  арналған  деген  әсер
күшейе  түседі,  және  ол  кәсіби  және  техникалық  дайындыққа  теңдей  сыйластыққа  жетуіне
кедергі  жасайды.  Сонымен  қатар,  «бейіндік  мектептің»  үш  бағытының  бірі  технологиялар
болады.  Осы  мектептер  академиялық  оқыту  арнасында  технологиялар  бойынша 
пәндерді  оқытады  ма  (ойландыратын  тұжырымдама)  немесе  болашақ  жұмыс
берушілердің  қажеттіліктеріне  тиісті,  бірақ  «бейіндік  мектептің»  ең  дарынды
оқушыларына  арналған  технологиялар  бойынша  сапалы,  күрделі  оқыту  бағдарламаларын 
жүзеге  асыруға  тырысып,  колледждермен  тікелей  бәсекелестікке  түседі  ме?  2  Тарауда 
сарапшылар  математикалық  және  гуманитарлық  мектептерден  бөлек  технологиялық 
«бейіндік  мектеп»  құруды,  оларды  «колледждің»  жаңа  түрі  ретінде  немесе
технологиялық  бейінді  жоғарғы  сыныптарды  қолданыстағы  колледждермен  біріктіруді 
ұсынады. 
Ынталандыру  және  ынталандыруға  қарсы  себептер  мәселесі  санды  көбейту,  КББО 
стандарттары  мен  бағдарламаларының  өзектілігін  жоғарылату  бойынша  жоспарларды 
жүзеге  асыруда  өте  маңызды.  ББДМБ  осы  қатынаста  оңтайлы  шараларды  қарастырған,
мемлекеттік  стандарттар  мен  типтік  оқу  бағдарламаларын  әзірлеу  мен  жаңарту  енгізілген.
Оның  нәтижесінде,  КББО  бағдарламалары  мен  оқыту  көбірек  құзіреттілікке  бағытталады,
тәжірибелік  элементтері  көбірек  болады,  республикалық  және  салалық  біліктілік 
шеңберіне  сәйкес  болады.  ББДМБ  бизнес  пен  кәсіби  ұйымдардың  әзірлеу  мен  жүзеге 
асыру  бағдарламаларына  қатысу  арқылы  республикалық  және  салалық  кеңестер  мен  жеке 
жұмыс  берушілер  мен  КББО  ұйымдары  арасындағы  келісімшарттар  арқылы  белсенді
қатысуын  қарастырады.  Дегенмен,  бұл  келісімшарттар,  негізінен,  компанияның  нақты
талаптары  немесе  халықаралық  стандарттарына  бейімделген,  ҚББО  алғашқы 
бағдарламаларын  жүзеге  асыруға  емес,  ал,  мұғалімдердің  өндірістік  тәжірибесі  мен 
тағылымдамасына және оқытуына қатысты сияқты. 
6 ТАРАУ. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
302 - 
МАЗМҰНЫ
Қазақстандағы  КББО  жүйесі  реформадан  кейін  ЕББҚ  шолуында  көрсетілген  кейбір 
проблемаларымен  кездесу  мүмкіндігі  үшін  алаңдайтын  себептер  бар.  ЭЫДҰ
сарапшылары  келу  барысында  «Кәсіпқор»  холдингісінің  басшыларымен  қызықты 
талқылаулар  өткізді.  Жоғарыда  атап  өткендей,  «Кәсіпқор»  -  халықаралық  стандарттарына 
сәйкес  жоғары  деңгейлі  беделді,  сапалы  техникалық  білімді  басқару  үшін  құрылған 
холдинг;  КББО  саласындағы  қызмет  ететін  халықаралық  ұйымдар  мен  алдыңғы  қатарлы
жұмыс  берушілермен  бірлесіп  құрастырылған  оқу  бағдарламаларын  пайдаланатын, 
Қазақстанның  ірі  қалаларында  құрылған  әлемдік  деңгейдегі  колледждерді  басқару  үшін; 
барлық  колледждерде  енгізілетін  КББО  жүзеге  асыратын  жаңа  тәсілдерді  алға  тарту, 
бизнеспен серіктестікті күшейтуді де қарастыру үшін құрылған холдинг. 
«Кәсіпқор»  колледждері  басқалардан  ерекшеленетін  болады.  Олар  еркін  түрде,  өз
бетінше  өздерінің  оқу  бағдарламаларын  әзірлеп,  жүзеге  асыра  алады  және  алдыңғы 
қатарлы  әлемдік  тәжірибені  қолдана  алады,  ал  сол  кезде  КББО  ұйымдары  Білім  және
ғылым  Министрлігі  әзірлеген  стандартты  бағдарламаларын  қатаң  түрде  қолданады. 
«Кәсіпқорда»  оқытушылардың  жалақысы  саладағы  орташа  еңбек  жалақысы  деңгейінде 
болады;  уақытының  белгілі  бөлігінде  жұмыс  істей  алады,  ал  қалған  уақытында  -  сабақ 
бере  алады;  оқытушылар  ретінде  әр  түрлі  саладағы  тәжірибелі  мамандар  тартылады. 
Оқыту  бағдарламалары  үш  деңгейде,  «базалық»,  «сертификат»  және  «диплом»,  салалық
серіктестермен,  мысалы,  «KazEnergy»  мұнай-газ  секторының  жұмыс  берушілер 
ассоциациясымен  бірге  әзірленеді.  Әрбір  колледж  6  бейінді  мектептен  тұратын  болады, 
ал  аймақаралық  орталықтар  белгілі  саладағы  арнайы  оқытуды  ұсынатын  болады.  Әрбір 
колледжде  бағдарламаларды  әзірлеу  және  жұмыс  берушілердің  қажеттіліктеріне  сәйкес 
оларды жаңарту жөніндегі тұрақты Индустриялық кеңесі құрылады. 
Мемлекеттік-жеке  колледждер  желісіндегі  КББО  проблемаларының  шешілуіне 
«Кәсіпқордың»  көзқарасы  келесі:  жоғары  деңгейлі  оқытуды  қамтамасыз  ету;  салалық
серіктестермен  жұмыс;  колледждер  аз  болатын,  бірақ  Нидерланд  және  Сингапурдағыдай 
ірі  болатын  желіні  қайта  ұйымдастыру;  КББО  оқытушыларын  дайындау  және  қабылдау 
тетігін  жақсарту;  салалық  серіктестерге  колледждермен  жұмыс  жүргізу  артышылықтарын 
түсіндіруге  едәуір  уақыт  пен  күшті  пайдалану  («Кәсіпқор»  тәжірибесі  осы  үшін  көп 
уақыт пен күш керектігін көрсетеді). 
ЭЫДҰ  сарапшылары  мемлекеттік  стандарттарды  қайта  қарастыру  және  жаңарту
КББО  ұйымдарын  дербестікпен  және  жергілікті  жұмыс  берушілердің  нақты  мұқтаждарын
қанағаттандыру  үшін  бағдарламаларда  бейімделуге  икемділікпен  қамтамасыз  етуге
бағытталуы  керектігін  ескереді.  Келу  барысында  сарапшылар  ірі  жұмыс  берушімен
серіктес  мұнай-газ  саласындағы  бағдарламаны  жүзеге  асыратын  бір  колледжге  барды 
(серіктес  -колледж  «Кәсіпқор»).  Жұмыс  беруші  білім  алушылар  оқытылатын  кейбір 
құрал-жабдықтарды  қойған  және  оқуды  аяқтаған  соң  білім  алушылардың  көп  үлесін 
жұмысқа  алған.  Нәтижесінде  бұл  бағдарлама  өте  қажетті  болды  және  қабілетті  оқушылар 
тартылды.  «Жергілікті  бастаманың»  осындай  курстары  жаңа  мемлекеттік  стандарттарға
сәйкес  болуы  керек  пе,  егер  сәйкес  болуы  керек  болса,  онда  қандай  дәрежеде  екені 
белгісіз.  Сонымен  бірге  мемлекетіміздің  барлық  колледждеріне  қатысты  мемлекеттік 
стандарт  қайтадан  қарастырылып  немесе  жаңарталған  кезде,  салалық  кеңестерге 
қатысатындардан  басқа  жеке  жұмыс  берушілер  жергілікті  колледждердегі  бағдарламалар 
мазмұнына  қалай  ықпалын  тигізе  алатыны  да  белгісіз.  Бірақ  егер  жұмыс  берушілер  және
колледждер  мемлекеттік  стандарттардың  қатаң  ұйғарымынан  өзара  пайдасы  үшін 
курстарды  бейімдеу  бойынша  ынтымақтаса  алмаса,  онда  жұмыс  берушілерде 
бағдарламаларды  әзірлеу  және  алғашқы  КББО-ны  жүзеге  асыру  бойынша  жергілікті 
колледждерімен  жұмыс  істеу  үшін  қандай  ынта  болады?  «Кәсіпқордың»  жетістігі  КББО-
ға  жаңа,  тәжірибеден  өткізілген  тәсілдерді  барлық  колледждерде  енгізу  бойынша
маңызды  міндетінде,  бизнес  пен  ұлттық  және  халықаралық  деңгейлі  ұйымдарымен 
6 ТАРАУ. КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕН ОҚЫТУ

ҰЛТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫНА ШОЛУ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ
44 - 
МАЗМҰНЫ
2.  Жастардың  жұмыспен  қамтылуы  және  жұмыссыздық  деңгейі  бойынша  статистикалық
 мәліметтер;
3.  Үштік  білім  беру  жүйесінде  оқу  үшін  орта  білім  берудегі  оқу  бағдарламаларының
  маңыздылығын бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет