Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ


Жаңа туған жас лақтың алғашқы күндеріндегі қорегі



бет10/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.6. Жаңа туған жас лақтың алғашқы күндеріндегі қорегі
Лақтың туғаннан кейін 10—15 минуттың ішінде қалайда ауызданғаны жөн. Әдетте мезгілі жетіп, ширақ туған лақ 10—15 минуттан соң-ақ тұруға талпынады, аяқтана бастайды. Мұндай лақты енесінің бауырына салып ауыздандырады. Ауыздандырудың алдында ешкінің сүттілігін және емшектерінің бүтіндігін тексеру керек. Енелері жарытпайтын немесе енесінің желіні ауру қозыларға белгі салынады.

Егер лақ өздігінен енесінің емшегін таба алмаса, онда оған көмек беріледі. Ол үшін ешкінің мойнын екі тізесінің, арасына қысып тұрып, бір қолымен лақтың басын енесінің емшегіне бағыттай, екінші қолымен лақты бөксе жағынан сүйемелдейді. Тым нашар, әлсіз туған лақтың аяқтануын күтпей-ақ енесі оның, үстін жалап құрғатқаннан кейін ауыздандырады. Мұндай жағдайда қажет болса енесін жығып жатқызып қойып ауыздандырады. Егер лақ еме алмаса оның аузына уыз сауып та қоректендіреді.

Алғашқы 25—30 минуттың ішінде лақты уызбен ауыздандырудың маңызы зор. Себебі 2 сағаттан кейін уыздың лақты әр түрлі індеттен қорғайтын қасиеті 20 процентке дейін кемиді, ал 24 сағаттан кейін уыздың дене бөлшектері лақтың ішегінде сіңірілмейді. Егерде лақ алғашқы бірінші минутта уызданған болса, уыздың дене бөлшектері лақтық қарынында 30 күнге дейін қорытылмай сақталады бұл қажетсіз салдарға жатады.

Ешкі ақсыз-уызсыз лақтауы да мүмкін. Бүл жағдайда уызы мол ешкінің уызын сауып алып тоңазытқышқа сақтап, оны уызсыз туған ешкінің лағына береді. Немесе уызды мына төмендегі қоспалармен ауыстыруға болады; 0,66 л сүтке бір жұмыртқа, бір таблетка глюкоза және аздаған треска балығының майын қосып араластырып жасайды. Осыны лаққа ішкізеді. Уыз қоректігімен қатар, лақтың құрсақтағы кезінде пайда. болған «жынын» шығарып, тазартады.

Ешкі лақтаған кезінде олардың егіз лақтарына баса назар аудару қажет. Егіз лақтар жалқы лаққа қарағанда, әсіресе енелерінің күтімі ойдағыдай болмаса, әлсіздеу туады. Сонымен қатар егіз лақтаған ешкінің күйі төмен болса көбінесе төлдерін жарыта алмайды. Сонда енесінің сүті толық жеткілікті болса ғана, екі лағы да енесінің бауырында қалдырылады. Ешкінің сүті жетімсіз болса, егіздің сыңарын жалқы туған қозы жоғары, сүтті ешкіге теліген дұрыс.

Кейде ешкілер мына себептерге байланысты, яғни тас желін болғанда, ақсыз туғанда лағын жарытпауы мүмкін, ал жеріген кезде ол лағын емізбейді. Бұл жағдайда жетім лақты өсіру өте қиын жұмыс. Басында уызына жарымаған, жастайынан ене сүт;н ембеген лақты жақсы күтіп-бақпаса айтарлықтай жетілмейді. Осы себептен енесі сүтке жарытпайтын лақтарды ерекше күтімге алу керек.

Енді жетім лақты басқа ешкіге телу тәсілдеріне тоқтала кетейік. Телу жұмысын жеңілдетуің бірнеше әдістері бар. Бір мезгілде туған лақтарды телуді оңайлату үшін, телитін лақты жылы сумен жақсылап жуып, үстіне сол ешкінің лағының шаранасын жағып, алдымен телитін лақты жалатқаннан кейін ешкіні лағымен бірге жеке клеткаға не болмаса үйшікке ұстайды. Осылай еткенде ешкі телінген лақты иемденіп, жатырқамай емізеді.

Әр мезгілде туған лақтарды немесе сәл ересек лақтарды телігенде де оларды жылы сумен жақсылап жуып, үстіне ешкінің сүтін бүркіп, ауық-ауық ешкіні ұстап тұрып емізіп, телінген лақпен жеке клеткаға қою керек. Жас төл аяқтанып, ауызданғаннан кейін енесімен бірге жеке клеткаға орналастырады. Лағы бар ешкінің жеке клеткада не болмаса қоршауда тұру мезгілі оның лағына бауыр басуына, төлінің жетілу дәрежесіне байланысты.

Жаңа туған жас лақтың алғашқы күндеріндегі қорегі — енесінің уызы мен сүті. Сондықтан жас телдің өсуі, жетілуі енесінің күтіміне қарай байланысты. Міне осыған байланысты ешкі есіруді адам жаңа лақтаған ешкіні бағып-күту ерекшеліктерін, азықтандыру мен суару тәртібін алдын-ала білуі қажет.

Ешкі төлдеген кезде қатты шөлдейді. Бірақ ешкіні төлдей салысымен бірден қандыра суаруға болмайды. Оған суды аз-аздан берген дұрыс. Әдетте бірінші рет лақтаған ешкіге бір-бір жарым сағаттан кейін 1—1,5 литр су береді де, шөлі қанғанша қайталап суарып түру керек. Мұндағы есте болатын бір жай — лақтаған ешкіні, әсіресе алғашқы күні суық сумен суаруға болмайды. Ешкіні жеке клеткада тұрған уақытында күніне кем дегенде екі рет суару қажет.

Ешкіні төлдеген орында азықтандыруға болмайды. Азық лақты ешкі жеке клеткаға көшірілгеннен кейін беріледі. Алғашқы күндері азық ретінде сапалы ұнтақ пішен берілуі керек. Алғашқы күндері ешкіге әр түрлі азықтан кеп берудің, әсіресе құнарлы жем, берудің пайдасы шамалы. Себебі сапалы әрі мол азық сүт бездерін бірден қоздырады, ал жаңа туған төл бүл уақытта уызды сарқа еме алмайды да, ешкінің желіні ісіп, желінсау ауруына ұшырайды. Сондықтан да тәжірибелі ешкіші қоңы жоғары ешкілерге үш-төрт күннен кейін ғана толық рацион береді. Егер ешкінің қоңы төмен болса, жеммен сүрлемді қоздағаннан кейін екінші күннен бастап беруге болады. Бірақ алғашқы күндері ешкіге тәулігіне 0,5 кг сапалы пішен, 1,0 кг сүрлем, 0,5 кг жем беру керек. Жемді әдетте ешкіні суарғаннан кейін береді.

Ешкіші лақтардың әр 1,5—2 сағат сайын енелерін емуін қадағалап, лақтардың сыз жерде жатып қалмауын бақылап, ешкімен лақтарды азықтандыру, суару және олардың орнын тазалауға тиянақты көңіл бөліп, оны өз қолымен істеуі керек.

Жеке шаруашылықта қыс кезінде төлді өсіруде тиімді тәсілдерін қолданған жөн. Ол үшін лақтарды 15 күннен бастап үйретуге болады. Лақтарды қораға бөліп қалады да, енелері ашық аулаға шығарылады, сонда азықтандырады. Сөйтіп, алғашында түске дейін және түстен кейін бір жарым сағаттан далада бағылады. Содан ашық шарбақта бағу уақытын бірте-бірте ұзарта түсіп, төл 20 күнге толғаннан кейін күні бойы ашықта ұсталады.

Сүтті ешкілердің лақтарын алғашқы күндері үш рет, кейін екі рет сауар алдында жамыратады, біраз емізгеннен кейін сүтін сауып алады. Түнде лақтар енесінен бөлек болады. Сүтті емес ешкілердің лақтары түнде енесімен бірге болады. Міне осыған байланысты лақты шөп, жем және минералдық заттарды жеуге ерте бастан үйретеді. Әдетте тел 8 күндігінде шөп, 10 күндігінде жеммен, сүрлеммен қоректене бастауы керек. Ол үшін енелерін бөліп шығарғаннан кейін, төл қалған жерге жем салынған шағын астауша (оттықтар) қойылады, әр жерге шоқ-шоқ етіп буылған сапалы уақ пішен ілінеді. Лақты қорада бағуды көктемде ешкі төлдеткенде кең қолдануға болады. Лақтар 20 күнге дейін қорада күтіледі де, енелері жайылымға шығарылады, бау-бақша арасы, арық, өзен жағасындағы көк шалғын жайылымдарға арқандап бағады. Ешкі малы арқандап жайғанда жайылымды түгел және жақсы пайдаланады. Жылы күндері лақтарды қора маңындағы өріске жаяды да, кекке ерте үйреніп, жақсы тойып, енесінен ажыратқанға дейін өрісте жеке жайылуға дағдыланады. Жаз айларында лақ 20 күндігіне дейін күндіз кем дегенде екі рет жамыратылады.

Қоректік зат буаз ешкілерге қарағанда лақты ешкіге анағұрлым көп керек. Ешкіге берілетін азық мөлшері оның қоңын қалыпты жағдайда сақтап, лақтың өсіп-дамуына, сүттің молаюына байланысты көбейтіліп отырады. Осыған орай нақтылы бір ешкіге берілетін азық мөлшері бағу жүйесіне, малдың тұқымына, өнімділігіне және салмағына, қоңы мен лағының санына байланысты болады.

Орта есеппен алғанда лақтың 1 кг қосқан салмағына 5 кг сүт жұмсалады, ал майлылығы 4—4,5% 1 кг сүтті өндіру үшін ешкіге тәулігіне рационына қосымша 0,35— 0,4 азық өлшемі және 50—60 г қорытылатын протеин қажет етеді. Лақтың денсаулығын жақсарту үшін және төл басын аман сақтаудың тиімді резервтерінің бірі, лақты күлгін қызыл сәуле шашатын арнайы ЗС 3 маркалы шамның астында ұстаудың пайдасы зор. Бұл сәуле лақтың терісін тез жетілдіріп, қан айналымын жақсартып, организмдегі зат алмасу процесін күшейтеді.

Шам еденнен 110 см биіктікте ілінеді, оның қызу радиусы 1,5 м жерге әсер етеді. Алғашқы 10 күндікте лақтар осындай әрі жарық, әрі жылы жерге топталып дем алады. Сонымен лаққа қажетті жайлы микроклимат жасалынады. Бұл шамның қызуы сондай-ақ төсенішті тез құрғатады және жалпы қорадағы ауаның ылғалдылығын азайтуға көп септігін тигізеді.

Лақты жақсы өсіру ісін үй семьясы ішінен бұл жұмысты жақсы меңгере алатын тәжірибесі бар адамға жүктеу керек. Түбітті және жүнді бағыттағы ешкілердің лақтарын анасымен бірге өсіреді. Ал соңғы жылдары сүтті бағыттағы ешкілерді өсіруге кеп көңіл бөлінеді, ал олардың лақтарын енелерінен бөлек өсіреді. Енесімен бірге жүріп өскен лақтар көп күтім қажет етпейді. Лақтар енесінің сүтін еміп жақсы жетіледі. Бірақта бүл жағдайда біраз кемшіліктер кездеседі. Ол лақтар анасының жанында жүргенде жиі-жиі еміп мазасын алып, толық жайылуына мүмкіншілік бермейді және ересек 3—4 айлық лақтар емген мезгілдерінде емшекті жаралап ауыртады.

Жүргізген тәжірибеге қарағанда енесінен бөлек өсірген лақтың өсіп жетілуі, енесімен бірге өскен лақтан айырмашылығы жоқ. Лақты қолдан сүт беріп өсіргенде іш ауруларына шалдықпау үшін барлық санитарлық-гигиена тәртібін сақтайды.

Осыған орай лаққа сүт беретін ыдыстар екі данадан болу керек бірімен бергенде екіншісі жуылып кептіріліп тұруы керек. Сүтті лаққа берердің алдында жылытып температурасын 38°С жеткізіп береді. Сүт берудің алдында лақтарды біраз жүгіртіп алады.

Бірінші айда лаққа алғашқы 3 күнде 240 г (20 г әр бергенде), 4—8 күнге.дейін сүттің мөлшері 450 г көбейтіледі (75 г әр бергенде), 14—30 күнге дейін сүттің мөлшері—1 л жеткізіледі (250 г әр бергенде). Бір айдан кейін 2—3 жұма аралығында лаққа күніне үш мезгіл жартылай су араластырған сүтке, арпа мен бидайдың ұнын қосқан сұйық қоспа ішкізеді. Лақтар есейген мезгілде сүттің орнына суға араластырған бидайдың ұнтағының ботқасымен қоректендіруге болады.

Лақты ыдыстан сүт ішкізу үшін оны алдын-ала үйрету керек. Ол үшін лақтың алдыңғы екі аяғын иіп, ыдыстағы сүтке аузын батырып, сүттің дәмін сездіреді. Егерде бүл жағдайда лақ өзі сүтті ішпесе, сүтке саусақты батырып, лақтың аузына салып емізіп үйретеді. Лақ өз бетімен еміп және сүтті жұта бастаса, саусақты аузынан алады. Осындай әдісті лақ үйренгенше бірнеше рет қайталаса лақ тез үйреніп кетеді.

Лақты жақсы көк пішенге 14—20 күннен бастап үйрету керек. Сол себептен олардың алдында пішен үзілмеу керек. Ең жақсысы лақтың бойының биіктігіндей деңгейге пішенді байлап, не болмаса науаға салып қойған тіпті тиімді болады. 30 күнге толған лаққа қоспа жем беруге болады, қоспа жемді дәнді дақылдардың ұнтағынан, жармалаған сұлы мен мақта шроты қоспасына бор (5 г бір басқа) қосып дайындайды.

Лақты таза сүтпен қоректендіру мерзімі көп жағдайда лақтың денсаулығы мен дұрыс өсуіне байланысты.

Көпшілік лақтар 3 айдың ішінде сүтпен қоректеніп жақсы өсіп жетіледі, тіпті енесін қажет етпей отығып кетеді, ез бетімен шөпке жайыла бастайды. Лақты туғаннан кейін 3 күннен соң күн ашық болса, далаға шығаруға болады. Таза ауада көп болып және үнемі қимылдаған лақ ширақ болады. Лақты енесімен бірге өсіру онша қиындыққа соқпайды.

Лақты 4 айлығында енесінен ажыратады. Бұл жасында лақтар жақсы өсіп, өз бетімен жайылып жем жей алады.

Енесінен бөліп алынған лақтар алғашқы 1—2 күннің ішінде өздерін ауыртпалы сезінеді. Міне осыған орай лақты енесінен 1 күнде ажырата салмай, 7—10 күннің ішінде бөлу керек. Күннен күнге лақтарды енесінен ұзақ уақыт бөлек ұстауға үйрете береді.

Лақты енесінен ажырату кезінде әр лаққа — 0,2— 0,4 кг мөлшерінде қоспа жем берген жақсы, оның құрамында мынандай азықтар болу керек: жармаланған сұлы мен дәнді дақылдардың ұнтағы, не болмаса сұлы мен жүгерінің ұнын ботқа жасап беруге болады. Лақты енесінен ажыратқаннан кейін, 15—20 күннің аралығында құрама жемді үзбей беріп тұрады. Лақты енесінен бөлек жайылымда баққан дұрыс.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет