Тппж20-25 топ студенті Орындаған: Мұхтарқызы З. Жетекшісі: Джетписбаева Б. Ш. Алматы 2022ж мазмұНЫ



бет11/12
Дата09.05.2022
өлшемі50,27 Kb.
#33244
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қазіргі уақытта Қазақ қой шаруашылық ғылыми-зерттеу институтының ешкі өсіру және асылдандыру бөлімінің ғалымдары жергілікті ешкілердің өнімділігін арттыру мақсатында оларды сүттілігі 2000 – 2300 кг-ға жететін заанен ешкілерінің текелерімен будандастыру жұмыстары қолға алынды.

Ешкілер – талғампаз жануар емес, сондықтан оларды кез-келген орында асырауға болады. Ең бастысы орны құрғақ, өкпек жел болмаса болғаны. Қораның температурасы +5-10 гра­дустан төмен болмасын. Қора ылғалды болатын болса, онда ешкі сүтінің майлылығы азаяды. Шөп салатын оттық жасалады. Суды екі күнде бір рет ауыстырып отырады. Төсеніш ретінде ағаш үгінділерін, құрғақ шымтезек-көң немесе құрғақ жапырақтарды да қолдануға болалы.

Ешкілердің басты азығы шабынды шөп. 45кг салмаққа дейінгі ешкілер тәулігіне 2 келіге жуық шөп жейді. Шөп құнарсыз болса сүттің майлылығы жылдам төмендейді. Ол үшін ұнтақталған кебек немесе құрама жемді бұқтырылған түрде беруге болады. Жаз мезгілінде ең басты азық табиғи жасыл шөп. Оларды тек шық кепкеннен кейін ғана өріске шығарады. Жаз мезгілінде екі рет суарады.

Ешкі - өсімқор жануар. Құрсақтану ұзақтығы шамамен 150 күн. Кез келген үй жануарымен бірге бір орында ұстауға болады. Дұрыс қоректендіріп, дұрыс қараған жағдайда ешкілер мүлдем ауырмайды.

Сүтті ешкілер, негізінен сүт өндіру мақсатында өсіріледі. Сүтті ешкілерге заанен, горький, мегрел, тоггенбург, мальта, нубия, т.б. тұқымдар жатады. ТМД аймағында кездесетін сүт бағытындағы ешкілер шартты түрде екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Ресейдің еуропалық бөлігі мен Украинада, екінші топқа Қазақстан мен Орта Азияда таралған ешкілер жатады.

Алғашқы топтағылар негізінен ақ түсті, ірі денелі, берік бітімді, тоқал болып келеді. Азықтандыру-бағылу жағдайларына байланысты ешкілердің салмақтары 40 – 55 кг-ға, текелері 60 – 75 кг-ға, ешкілерінің маусымдағы (10 – 11 ай) сүттілігі 450 – 1000 кг-ға, майлығы 3,7 – 4,2%-ға жетеді. Төлшеңдігі мен төлдерінің өсіп-жетілу қарқыны жоғары.

Екінші топтағы ешкілер түр-түсі, дене бітімі бойынша бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленеді. Ересек ешкілер 38 – 45 кг, текелер 50 – 60 кг салмақ тартады, мүйізділері де, тоқалдары да кездеседі. Қылшық ұзындықтары түрліше, түбіт өнімділігі 100 – 200 г аралығында болады. Ешкілердің төлшеңдігі 150 – 180%-ға, суалғанға дейінгі (6 – 8 ай) сүттілігі 250 – 400 кг-ға, майл. 4,0 – 5,6%-ға жетеді.

Ешкіден алынған өнімдерді (сүт, түбіт, қылшық) сататын шағын бизнес ұйымдарымен келісім шарт жасасу арқылы немесе жарнама беру арқылы сатуға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет